Бесінші негізгі топша элементтерінің ашылу тарихы

0

Жоспар:

  1. Азоттың ашылу тарихынан.
  2. Фосфордың ашылу тарихынан.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Негізгі және қосымша әдебиет

  1. Петров А.А., Бальян Х.В., Трощенко А.Т. Органикалық химия. М. ВШ., 1981ж.
  2. Грандберг И.И. Органическая химия. М.,1974г.
  3. Бірімжанов Б. Жалпы химия. Алматы: ҚазҰУ, 2001ж.
  4. Бірімжанов Б., Нұрахметов Н. Жалпы химия. Алматы: Ана тілі-1992ж.
  5. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. М.ВШ., 1988г.
  6. Усанович М.И. Из истории химии. Алматы: «Қазақ университеті»-2004ж
  7. Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия. Алматы: «Білім», 2003ж.

Лекция мәтіні:

  1. Азоттың ашылу тарихынан.

Ауада азот бар екендігі Қытайда 8 ғасырда Мао-Хоаның жұмыстарында жазылған. Европада азоттың ашылуы ауаның күрделі қоспа екендігін білумен қабат жүрді. Осы бағытта азотты алғаш 1772 жылы жәрдемсіз екендігін анықтап, Резерфорд оның дем алуға, жануға жәрдемсіз екендігін анықтап «улы ауа» деп атаған; сол жылы, ағылшынның екінші ғалымы Пристли азотты басқа жолмен алып «флогистонданған ауа» деп ат қойған. 1773 жылы Карл Вильгелм Шееле ауаның екі газдан тұратындығын, оның бірі «бұзылған ауа» екендігін анықтайды. Сол уақытта Кавендиш те сондай қорытындыға келеді. 1776 жылы Антуан Лоран Лавуазье осы айтылған «улы», «флогистонданған», «бұзылған ауаны» тексеріп соның барлығы бір зат екендігіне көзі жетіп ауаның бұл бөлігін азот (грекше «а» өзінен кейінгі сөзді теріс мағынаға аударатын бөлшек «зоэ»-тіршілік) тіршіліксіз деп, азотсыз тіршіліктің жоқ екендігін білмегендіктен, Лавуазье азотқа қате атқойған. Азотты, англо-саксон тілінде сөйлейтін елдерде  Nitrogen «селитра туғызушы», неміс тілінде Stickstoff – «тұншықтырғыш материя» деп атайды.

Лавуазье атын теріс қойғанмен, азот тіршілікке өте керек элемент. Азот белок құрамына кіретіндіктен, бүкіл өсімдіктер мен жануарлардың дене құрамында болады. Клеткаларда болатын белоктардың түрлі өзгерістері тіршілік процестерінің негізі, сондықтан белоксыз, демек азотсыз тіршілік жоқ.

2.Фосфордың ашылу тарихынан.  17-ғасырдың алхимигі Геннинг Бранд (Германия, Гамбург 1669ж) жастық эликсирін іздеу талабында адам несебін көп етіп жинап, қайнатып суалтып, құрғатып құм және ағаш көмірін араластырып, ауа қатынастырмай өте қатты қыздырып, ақтығында бір қызық зат алады, онысы тұтанып кетеді. Бұл жаңа зат көп жұртты қызықтырды. Бранд өзінің бұрынғы саудагер купецтігіне  тартып осындай тәжірибелер көрсеткені үшін ақы алды, жаңа заттың болмашы мөлшерін көп алтынға сатты. Біраз уақыт өткен соң Бранд фосфорды жасау құпиясын Дрезден химигі Крафтқа сатады, ол да қала-қаланы аралап Брандтың кәсібімен көп ақша табады.

 Мұнан 11 жыл кейін Бойль фосфор алудың әдісін табады, ол да онда пайда шығармақ болыпты, бірақ мақсатына жете алмай қайтыс болады. Бойльдың ассистенті Гауаквиц жеке ғалымдарға, ғылыми мекемелерге фосфорды сатып көп байлық жинап алады.

1743 жылы химик А. Марграф фосфор алудың оңай әдісін тауып, оны жариялайды, содан бастап «фосфор саудасы» тыйылады «фос» грек тілінде- жарық,  «феро»-әкелем деген сөздер. Фосфор қараңғыда жарқырайтындығынан «жарық әкелуші» фосфор деп аталған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ