ХІХ-ХХ ғасырлардың аралығындағы химиядағы үлкен жаңалықтардың ашылуы…

0

Жоспар:

  1. Электронның ашылу тарихы
  2. Рентген сәулесі мен радиоктивтіліктің анықталуы
  3. Атомның ядролық моделі

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Негізгі және қосымша әдебиет

  1. Петров А.А., Бальян Х.В., Трощенко А.Т. Органикалық химия. М. ВШ., 1981ж.
  2. Грандберг И.И. Органическая химия. М.,1974г.
  3. Бірімжанов Б. Жалпы химия. Алматы: ҚазҰУ, 2001ж.
  4. Бірімжанов Б., Нұрахметов Н. Жалпы химия. Алматы: Ана тілі-1992ж.
  5. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. М.ВШ., 1988г.
  6. Усанович М.И. Из истории химии. Алматы: «Қазақ университеті»-2004ж
  7. Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия. Алматы: «Білім», 2003ж.

Лекция мәтіні:

Электронның ашылуы.  1879 жылы ағылшын ғалымы Курск мынадай тәжірибе жасаған: екі шетіне электрод енгізілген шыны түтіктің ішіндегі ауасының көбін сорып шығарып, кернеуі жоғары ток жібергенде, катодтан сәуле шығатынын байқаған, ол сәулелер түскен жерін жылытып, жолындағы ұсақ, жеңіл заттарды екпінімен ілестіріп, жылжытып, әрі оларды теріс зарядтап, өзі оң полюске тартылып қиыстайтындығы байқалады; бұл сәулелер катод сәулесі деп аталады. Катод сәулелерін зерттеген Дж. Томсон, ол сәулелер теріс зарядты электр атомдарының ағыны екенін дәлелдеген, Стонэйдің ұсынысы бойынша оларды электрон деп атап е таңбасымен белгілейтін болды. 1917 жылы американ ғалымы Милликен тәжірибе арқылы электронның заряды 1,602 *10-19Кл тең текенін тапқан. Бергі кезде оның массасы сутек атомныңы массасының 1/ 1837,5 бөлігі, не 9,10*10-31 кг екендігі анықталды. Нақты мөлшері болмағанмен «радиусы» -1,4 *10-6нм.

Әзір электронннан кіші бөлшек табылған жоқ, бірақ электрон да мәңгі емес, айталық соңғы кезде электронның жарық материясына айналатындығы және онан түзілетіндігі тәжірибе жүзінде байқалған.

Рентген сәулесі мен радиоктивтіліктің анықталуы. 1895 жылы неміс ғалымы Рентген катод сәулелерін зерттей отырып, ол сәулелер түтіктің шынысына, сол араға орнатқан металға түссе, ол шыныдан көрінбейтін ерекше нұр шығатындығы байқаған. Олар рентген сәулесі деп аталады. Бұо рентген сәулесі фотопластинкаға із қалдырады, қағаз, картон, жеңіл металдардың қаңылтырына, дене тканіне тоқтамай өтіп кетеді, электр және магнит өрістерінде бағытын өзгертпей тіке өтеді, газдарды иондандырады басқа да қасиеттері бар. Рентген сәулесі электро- магниттік сәуле екендігі анықталды, бірақ бұлардың толқыны қысқағырақ, мысалы, жарық сәулесінікі 400нм болса, рентген сәулесінікі 0,01=2,0нм.

Радиоактивтік-1896 жылы француз физигі Анри Беккерель рентген сәулелерін зерттегенде уран деген металдың тұздары да рентген сәулесіне ұқсас бір сәуле шығаратындығын байқаған. Бұл құбылысты Мария Складовская-Кюри күйеуі Пьер Кюримен бірге зерттеп, радиоактивтік деп атаған. Қазіргі кезде радиоактивтік ауыр атомдардың ядроларының өздігінен ыдырауы екендігі мәлім.

Атомның ядролық моделі. Атомның эксперимент қорытындысынан шығарылған ең алғаш моделін 1911 жылы ағылшын ғалымы Эрнест Резерфорд ұсынды.

Бұл уақытқа дейінгі эксперимент нәтижесінде зат ішінен, атомнан, электрондар бөлініп шығатындығы анық болды, атомның ішінде оларды нейтралдайтын оң зарядтар болуы мүмкін.

Міне, осы оң зарядтарды, олардың орналасқан жерін, Резерфорд α-бөлшектерімен тәжірибе жасау арқылы тапқан.

Резерфорд өз тәжірибелерінде бір шоқ α-бөлшектерін жұқа металға бағыттап жібергенде, олардың басым көпшілігі жұқа металдан өтіп, түзу бағытта жүретін экраннан көрген. Сонымен қатар α-бөлшектерінің біразы әуелдегі бағытынан ауытқып, әртүрлі бұрыш түзіп бұрылғанын байқаған. Кейбір өте сирек жағдайда жеке α-бөлшектерінің кейін қайтқаны да байқалды. Соңғы айтылған α-бөлшектерінің бұлайша кейін тебілуі, сірә атомның ішінде, оның жолында бір жерге жиналған өте көп онымен аттас, яки оң зарядтардың болуына байланысты.

Осы тәжірибелерге сүйеніп Резерфорд атомның моделін ұсынған. Модел бойынша оң зарядтардың барлығы атомның орталығында ядроға жиналған, оны айналып электрондар жүреді. Ядроның оң заряды мен электронның саны тең, сондықтан атом нейтрал бөлшек. Атқыланған 8-10 мың α-бөлшектерінің біреуі ғана кейін қайтуы, ол ядроның өте кішкене екенін көрсетеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ