Атомистиканың қайта тууы

0

Жоспар:

  1. Атомистиканың қайта тууы
  2. Джон Дальтонның еңбектері

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Негізгі және қосымша әдебиет

  1. Петров А.А., Бальян Х.В., Трощенко А.Т. Органикалық химия. М. ВШ., 1981ж.
  2. Грандберг И.И. Органическая химия. М.,1974г.
  3. Бірімжанов Б. Жалпы химия. Алматы: ҚазҰУ, 2001ж.
  4. Бірімжанов Б., Нұрахметов Н. Жалпы химия. Алматы: Ана тілі-1992ж.
  5. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. М.ВШ., 1988г.
  6. Усанович М.И. Из истории химии. Алматы: «Қазақ университеті»-2004ж
  7. Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия. Алматы: «Білім», 2003ж.

Лекция мәтіні:

Осы айтылған үш заң элементтердің қосылуының ретін көрсетеді. Осы заңдарда ашылып отырған қағидаларының дұрыстығын түсіндіру үшін Дальтон (1808ж) атом жөніндегі түсінікке қайта оралып, өзінің пікірін былайша тұжырымдады:

  1. Барлық зат өте кішкене бөлшектерден-атомдардан тұрады.
  2. Жай заттар одан әрі бөлінбейтін, біріне-бірі ұқсас, басқалардан айырмашылығы бар, жай атомдардан, ал күрделі заттар “күрделі атомдардан” тұрады. Күрделі атомдар реакция кезінде жай заттардың атомдарына ажырайды.
  3. Күрделі заттың “күрделі атомдары” әр түрлі жай атомдардың азғана санынан құралады. Мысалы, екі жай заттың (А және В) атомдары қосылып күрделі зат бере алады, ол “күрделі атомдардың” құрамы: АВ, А2В, АВ2 болуы мүмкін, демек, екі элемент арасында бірнеше қосылыс түзіледі.
  4. “Күрделі атомның” салмағы оны құраушы жай атомдардың массаларының қосындысына тең. Атомдардың массасы оларды сипаттаушы қасиеттерінің бірі, атомдардың салыстырмалы массасын білу өте қажет.

Дальтонның атомистикасының негізінде Ломоносовтың пікіріне ұқсас, бірақ өзгешелігі де бар. Дальтонның “күрделі атомдар” (молекулалар) дейтіндерінде, бірдей жай атомдардан тұратын осы кездегі түсінікке қарағанда жай заттың молекулалары жоқ. Ломоносов қағидасында ондай корпускулалар бар еді.  Дальтон пікірінше жай заттың молекулаларының болмауы атом молекула теориясының қабылдануына көп уақыт (Авогадро заңы кіргенше) бөгет болды. Дальтонның атомистикасының екінші ерекшелігі-мұнда сапалық сипаттан басқа, сан-салмақтық сипат та бар (еселі қатынас заңы). Ал, Дальтонның атомдық массаны анықтауы тамаша табыс еді.

 Джон Дальтон (1766-1844).  Дальтонның әкесі деревняда мата тоқу қолөнерін кәсіп еткен кедей шаруа болған. Мектепте оқып көп білім ала алмаған, өйткені 12 жасынан бастап жұмыс істей бастады- әуелі өзінің мұғалімінің орнын басты. Содан бастап математика, физика, натурфилософия (жаратылыстану) оның мамандығы болды. Бос уақытын өз бетінше білім толықтыруға, метеорологиялық бақылауларға жұмсады.

Дальтон 1793 жылы Манчестерге, колледжға мұғалімдік қызметке шақырылды. Осы қалада ол философиялық қоғамның әуелі хатшысы, соңынан президенті болып сайланды. Осы кезде сұйықтықтың булану серпімділігінің, газдардың ерігіштігінің заңын табады. 21 жасынан бастап үзбей метеорологиямен айналасады, 78 жасында метеорологиялық 200000 бақылау жұмысын аяқтағаннан кейін, көп ұзамай қайтыс болады. Дальтон дүние жүзіне атағы жайылған ғалым болғанымен, өмірінің аяғына дейін жоқшылық көрген.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ