Атом-молекула теориясының даму тарихы

0

Жоспар:

  1. Грецияда атом-молекулалық теориясының дамуы
  2. М.В. Ломоносовтың атом-молекула теориясына қосқан үлесі

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Негізгі және қосымша әдебиет

  1. Петров А.А., Бальян Х.В., Трощенко А.Т. Органикалық химия. М. ВШ., 1981ж.
  2. Грандберг И.И. Органическая химия. М.,1974г.
  3. Бірімжанов Б. Жалпы химия. Алматы: ҚазҰУ, 2001ж.
  4. Бірімжанов Б., Нұрахметов Н. Жалпы химия. Алматы: Ана тілі-1992ж.
  5. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. М.ВШ., 1988г.
  6. Усанович М.И. Из истории химии. Алматы: «Қазақ университеті»-2004ж
  7. Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия. Алматы: «Білім», 2003ж.

Лекция мәтіні:

Бұдан 2500 жылдай уақыт бұрын өмір сүрген ертедегі Грецияның Левкипп, Демокрит, Лукреций сияқты философтары күллі зат өте ұсақ, бөлінбейтін бөлшектер-атомдардан тұрады деген. Олардың айтуынша, бір заттың екінші заттан айырмашылығы оларды түзетін атомдардың санына, түріне және орналасуына байланысты. Дүниеде болатын өзгерістің барлығы осы атомдардың қосылуы және айырылуы деп түсінді.  Мұндай материалистік оқу дін жолына қайшы келгендіктен шіркеудің қуғынына ұшырап, ақырында ұмыт болды.

ХVІ ғасырдың басында француз священнигі П. Гассенди атомды құдай жаратқан деп, атом ілімі мен шіркеу арасын жақындастыруға тырысты. 1626жылы Париж парламенті атомдық ілімді таратқан адам жазаға тартылып, басы кесілетіндігі туралы заң қабылдады.

Бірақ ғылымның дамуы, шіркеудің де, шіркеуді қолдаушы үкіметтердің де қатаң тыйым салуына қарамай, ерте заман атомистикасын, атом-молекула теориясына айналдырды. Бұл жөнінде орыстың ұлы ғалымы М. В. Ломоносов еңбектерінің ерекше маңызы бар.

М.В. Ломоносов 1741жылы шыққан алғашқы жұмысының бірі «Математикалық химияның элементтері» деген еңбегінде атом, молекула жайында пікірін ғылыми жұйе түрінде ұсынды. Ломоносовтың негізгі идеясы-барлық зат ұсақ бөлшектерден тұрады, олардың өзара ілесетіндіктен қабілеттігі бар, заттың қасиеті негізінде осы ұсақ бөлшектердің қасиетіне байланысты.

Ломоносов бөлшектердің кішісі- атомды- «элемент» деп, ірісі- молекуланы-«корпускула» деп атады. М.В. Ломоносов «Элемент-заттың өзінен айырмашылығы және ұсағырақ түрі жоқ бөлшегі… Корпускула-бір кішкене масса түзген элементтердің жинағы» деген. Молекулалардың (корпускулалардың) қасиеті оның құрамына кіретін атомдардың (элементтердің) қасиеттеріне және орналасу тәртібіне тәуелді. Әрбір заттың құрамы оны түзушы корпускуланың құрамына сәйкес.  Әртүрлі заттардың корпускулаларының құрамы әр түрлі.  Корпускулалар үнемі қозғалыста болады, ол қозғалыс механиканың заңдарына бағынады. Заттың жылынуы, сууы корпускуалар қозғалысына байланысты деді.

Ломоносовтың айтқандары өз заманында озық пікір болды, оны экспериментпен дәлелдеуге ол кездегі ғылымның даму сатысы мүмкіндік бермеді. Осыдан 60 жыл кейін тәжірибеден жиналған материал көбейіп, зерттеудің жаңа әдістері табылу нәтижесінде, Ломоностың пікіріне ұқсас пікірлер қайта туды, оларға экспериментік дәлелдер де табылды.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ