Химия тарихы

0
  1. Химияның пайда болуы
  2. Философиялық тас                               

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Негізгі және қосымша әдебиет

  1. Петров А.А., Бальян Х.В., Трощенко А.Т. Органикалық химия. М. ВШ., 1981ж.
  2. Грандберг И.И. Органическая химия. М.,1974г.
  3. Бірімжанов Б. Жалпы химия. Алматы: ҚазҰУ, 2001ж.
  4. Бірімжанов Б., Нұрахметов Н. Жалпы химия. Алматы: Ана тілі-1992ж.
  5. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. М.ВШ., 1988г.
  6. Усанович М.И. Из истории химии. Алматы: «Қазақ университеті»-2004ж
  7. Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия. Алматы: «Білім», 2003ж.

Лекция мәтіні:

Химия өте ертеде пайда болған ғылым. Ол өте күрделі даму жолынан өтуде. Химия негізінен күнделікті өмірге қажеттіліктен туған. Біздің эрамызға дейінгі 3-4мың жыл бұрын да химиялық өндіріс болған. Ертедегі Египетте түрлі кендерден таза металдар (темір. қорғасын, мыс, қалайы) алуды білген, алтын, күміс құймалар, шыны ыдыс-аяқ, түрлі бояулар, иіс су өндіре алған. Сондай-ақ, химиялық өндіріс ертедегі Мессопотамия, Индия және Қытайда дамыған.

 Химия Египет пен гректерден VII-ғасырдың ортасында арабтарға тарады. Олар химияға «ал» деген жалғау жалғап «алхимия» деп атады. Алхимия Испания арқылы Европаға таралды. Химияның осы кездегі дамуын «алхимиялық кезең» деп атайды. Бұл кезеңнің химия ғылымы үшін орасан зор пайдасы болды. Алхимияның мақсаты- кез келген затты аса бағалы затқа- алтын мен күміске- «философиялық тас» деп аталатын затты қосу арқылы айналдыру еді. Көптеген ғалымдар, сондықтан, «философиялық тасты» іздеумен шұғылданды. Әркім өзінің істерін құпияда ұстады. Олардың ойынша «философиялық тас» адам өмірін ұзартуға мүмкіндік береді деп сенді. Осы кезде алхимия үш түрлі бағытта дамыды:

  1. араб алхимиясы (Гебер, тәжік ғалымы Авиценна-Әбу Насыр ибн Сина)
  2. діни бағыт
  3. алхимияны іс жүзінде пайдалану бағыты (Парацелье, Агрикола)-дәрі-дәрмек, тау ісі, металургия үшін пайдалану.

Алхимиктердің жұмысы нәтижесінде заттар алудың, тазартудың жаңа әдістері табылды, көптеген химиялық жабдықтар жасалынды. Дегенмен көптеген алхимиктер өз істерін құпияда ұстағандықтан, олардың тапқан жаңалықтарын ешкім пайдалан алмады, ал кейбірі өтірік, алдау-арбау, діни уағыздармен айналысып кетті.

Орыс жерінде алхимия дамуын таппады. Өйткені ол кезде мұнда ешқандай химиялық өндіріс болмаған. Шыны, металл бұйымдар шетелдерден әкелінетін. Орыс жерінде бірінші аптека 1581 жылы Москвада Иван Грозный уақытында ашылды.

XVII-ғасырда іс жүзіндегі химиядан теория қалып қойды. Енді ғалымдар химияның теориялық жағын жасауға тырысты, яғни сол кездегі белгілі химиялық өзгерістерді түсіндіру керек болды. Алғаш мұндай қадымды жасаған ағылшын Роберт Бойль еді. Оның ойынша химиялық өзгерістер «элементтердің» өзгеруіне байланысты мәселе еді.

1700 жылдары неміс дәрігері және химигі Шталь флогистон теориясын ұсынды. Ол бұл теорияны жану процесін түсіндіру үшін пайдаланды. Бұл теория бойынша әрбір жана алатын заттың құрамында «флогистон» деп аталатын салмағы теріс бөлшек болады. Зат жанғанда флогистон бөлініп массасы артады. Мәселен металл+оксид+ флогистон. Алғашында бұл теория химияның теориясын дамытып, кейіннен кейбір химиялық процестерді түсіндірк алмағандықтан, теория дамуын тежей бастады. Сонымен бұл теория 18-ғасырдың соңында ғылыми құнын жойды.

Жаңа химия орыс ғалымы М.В. Ломоносовтың еңбектерінен басталады. Ол химияның негізгі заңы болып табылатын «зЗат массасының сақталу заңын» ашты, атом-молекулалық ілімінің негізін қалады.

Қазіргі кездегі химия Д.И. Менделеевтің жұмыстарынан нәр алады. Ол 1869 жылы периодтық заңды ашып, элементтердің периодтық жүйесін жасады. Сөйтіп, «Химия негізі» атты кітабында алғаш химияны периодтық заң тұрғысынан түсіндірді. Д.И. Менделеев сонымен қатар, ерітіндінің химиялық теориясының негізін қалады, осыған көптеген ғылыми еңбектер жұмсады.

Химияны дамытуда аса зор роль атқарған тағы бір теория-ол А.М. Бутлеров ашқан органикалық заттардың құрылыс теориясы. Органикалық заттардың орасан көптігін, әртүрлілігін осы теория тұрғысынан жақсы түсіндіруге болады. Химия өнеркәсібінің дамуында Қазақстанның да алатын орны ерекше.

 

 

 

 

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ