Ғылыми интеллектуалды зерттемелер

0

Жоспары:

1.Жаңалық жасалым, пайдалы үлгі, өрдіріс үлгісі мен тауар белгісі туралы түсінік.

2.Патент, патенттеу жүйесі және патент беру тәртібі

Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.Пошаев Д.Қ. Ғылыми – педагогикалық зерттеу негіздері Шымкент, 2003.

2.Асқаров Е., Балапанов Е., Қойшыбаев Б. Ғылыми зерттеулердің негіздері.Оқу-әдістемелік құрал. А., 2004.

3.Введение в научные исследование (Под. Ред. В.И.Журавлева).М,1998.

4.Герасимов И.Г. Структура научного исследование.- М,1995.

5.С.Мақпырұлы. Курстық және дипломдық жұмыстар. Қазақстан жоғары мектебі. 2005.№4.

6.Загвянский В.И. Учитель как исследователь.- М,1980.

7.Квиткина Л.Г.Научное творчество студентов.-М,1980

8.Е.С.Асқаров,Е.А.Қойшыбаева. Ғылыми зерттеулердің негіздері.А,2004.

9.Соколов В.Н. Педагогическая эвристика. М., 1995. С.110-206.

10.Эвристика. Разработано О.Е.Столяровой.

Қосымша:

1.Роках А.Г. Логика и эвристика научно-технических решений. Саратов, 1991, С.39-87.

2.Гурова Л.Л. Психологический анализ решений задач. Воронеж, 1976.С.32-52, 898-177, 236-304.

3.Шумилин А.Т. Проблемы теорий творчества. М., 1989. С.13-32,54-71.

4.Пушкин В.Н. Эвристика-наука о творческом мышлении. М., 1967.

5.Серебрянников О.Ф. Эвристические принципы и логические исчисления. М., 1970.

Лекция мәтіні :

1.Ғылыми идея мен зерттемелер табыс, кіріс беретін өнімге айналған. Осыған байланысты интеллектуалды өнімді жасаушы-ғалымдардың авторлық және мүдделік құқын қорғау міндеті көкейтесті болып табылады. Қайсыбір ғылыми немесе техникалық идеяның интеллектуалды өнімді жасаушының авторлық және мүдделік құқын растайтын мемлекеттік қорғау құжаттарын беру жүйесі бар.

Егер азамат өзінің жаңа ғылыми жетістіктерін сауатты қорғамаса, оларға патент алмаса, онда осы жасаманың авторы екенін, осы техникалық мәселенің шешімін тапқанын ол еш дәлелдей алмайды. Моральдық қанағаттанудан басқа, ғылыми өнертапқыштық жетістігі материалдық көтермелеумен құпталу керек. Қаржы — қаражат ғалымның өмір сүруіне, тұрмыс мәселелерін шешуге, толық демалуына, баска ел мен қаладағы әріптестермен байланыс жасауға, жақсы ғылыми аппаратураны алуға, т.б. сұраныстарды қанағаттандыруы қажет.

Осы орайда Швецияның талантты өнертапқышы, өндірісші ғалым Альфред Нобельдің (1833 — 1886ж.) өмірін үлгі ретінде айтуға болады. Ол   1862  жылы  қопарғыш — динамит пен шатырлауық сынап капсулін ойлап тауып, оған Ұлы Британияда патент жасады. Нобельдің жасамасы дер кезінде ойластырылып, тұтынушылардың сұранысына ие болды. XIX ғасырдың ортасында топырақ массасын аударып, көптеген ірі құрылыс жүргізіліп отырды, ондай жұмыстар қопарғыштың көп жұмсалуын қажет ететін. Осыған дейін қолданыста жүрген нитроглицерин өте қауіпті болатын. Динамит қопарғыш көмегімен Суэц, Панама каналдары, Швейцариядағы  Сен-Годар төннелі,  Трансамерикан темір жолы және көптеген басқа объекттер құрылды. Өз жасамасынан және динамитті өндеуге лицензия сатудан Нобель өте үлкен табыс тапты, өмірінің соңында оның байлығы 35 млн. швед кронымен, қазіргі курс бойынша АҚШ-тың 1 млрд. долларына жуық бағаланды. А. Нобель атындағы сыйлықтың құрушысы ретінде белгілі, ол сыйлық 1901 жылдан бері адам іс-әрекетінің 6 саласында-физика, химия, медицина, әдебиет, бейбітшілікті нығайту және экономика —  ірі табыстары үшін беріледі. Қазіргі уақытта сыйлыққа шамасымен 1 млн. доллар белгіленген. Сыйлықты тапсыру рәсімі 10 желтоқсанда, Нобельдің қайтыс болған күні, Стокгольм мен Осло (Ослода бейбітшілікті нығайту үшін сыйлық беріледі) қалаларында өтеді.  1957 ж. Д.И. Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық жүйесінің 102 элементіне Нобелий деген ат қойылды.

Өз жасалымын патенттеудің мәнін жете бағаламаудың мысалы ретінде радионы ойлап табу тарихын айтуға болады.

1895ж. 25 сәуірде (7 мамыр) орыс инженері А.С. Попов Кронштадта радиосигналды беретін аспапты көрсетті. Ол кезде Попов   өз   жасалымының   мәнін   түсінбей,   оған   патент жасамады.Одан кейін бүкіл жаз бойы Нижний Новгородтағы жәрмеңкеге кетіп, онда электрик болып жұмыс жасады. Тек 1896 ж. қаңтар айында орыс физика  —  химия қоғамының журналында «Электр тербелісті аңғаратын және тіркейтін аспап» деген мақаланы жариялады. Дәл сол уақытта италиядағы жас студент Т. Маркони Поповтың тәжірибесі туралы ешнәрсе білмей отырып, 1895 жылдың жазында ұқсас сынамаларды өткізіп, 1896 жылдың маусым айында сигналды радио арқылы жіберу идеясына Англияда патент жасады.  Ағылшын  патент сарапшылары  А.С.  ІІоповтың жарияланымын байқамаған. Патент алысымен Т. Маркони қаржы көзін тауып радионы өндіріске енгізуді ұйымдастырды. Ал А.С.Поповтың радиоға жасаған патенті жоқ болғандықтан радио өнертапқышы ретінде тек ТМД елдерінде танылды, басқа шет  елдерде радионы ойлап тапқан болып Т. Маркони саналады. Айта кететін жай, А.С Попов Т. Марконимен радио патенті үшін ешқашан таласқан емес. Олардың өзара қатынастары сыйластықта болған. 1901 жылы А.С. Попов радиосигналдарды телефон арқылы қабылдау аспабын ойлап тауып, бірден оған патент алды.

Көптеген ірі жасамалар өз жасаушыларының аттарын мәңгі тарихта қалдырған. Олардың басым көпшілігі адамның күнделікті тұрмысында қолданылатын құрылғылар. 1905 жылы американдық Жиллет қауіпсіз ұстараны ойлап тауып, патенті АҚШ-та алды. Ол екі жағынан да қайралып, ұстайтын таяқшасын перпендикуляр орналастырған ауыспалы  жүзін қоюды ұсынды.  Мұндай конструкциядағы ұстараны казірде әлемдегі миллиондаған ер кісілер пайдаланады. Жиллет «Жиллет Индастриз Лимитед» фирмасын құрып, осы күнге дейін әлемдегі ұстара жасаушылардың  ең ірі өндірушісі болып саналады. 1974 жылы фирма мамандары жүздері бірінің астына бірі орналасқан және бір жаққа қараған екі жүзді, жаңа ұстарыны ойлап тауып, патент алды. Қазіргі кезде  ұстараның осындай конструкциясы барлық жерге таралған.

Өз құқығының саласын түсіну мен қамту үшін, зерттеуші  техникалық идеяның мәнін патент арқылы қорғайтын патент құқығының және шығарманың мәтінін қорғап, бірақ сол шығарманың идеясын, мәнін қорғамайтын автор құқығының саласын анық ажырата білуі керек.

Авторлық құкық шығармашылық іс-әрекеттің нәтижесінде туындаған ғылым, әдебиет және өнер шығармашылығына қатысты болып, ол шығарманың құндылығына, оны көрсету тәсіліне байланысты емес. Авторлық құқықпен байланысты іс-қимылдар «Авторлық және шектестік құқық туралы заңмен» реттеледі. Бұл заң жарияланған әртүрлі формада өмірде бар бірақ жарияланбаған да шығармаларды қорғайды.

Авторлық құқықтың объектілері:

  1. Әдебиет және өнер шығармалары:

— барлық жанрдағы әдеби шығармалар;

— драмалық және музыка-драмалық шығармалар, сценарийлер;

— ғылыми мақалалар мен монографиялар;

— хорюграфиялық шығармалар мен пантомималар;

— сурет, мүсіндеу, графика шығармалары;

— графикалық әңгімелер, комикстер;

— қолданбалы   және   сценографиялық   өнердің шығармалары;

— архитектура қала құрылысы мен бақша салу өнер шығармашылығы;

— фотографиялық шығармалар мен фотографияға ұксас тәсілдер мен жасалған шығармалар;

— география, геология және басқа карталар, жоспарлар, нобайлар, география, топография және    басқа ғылымдарға жататын пластикалық шығармалар;

— авторлық аудиовизуалды шығармалар (кино, — теле-, видеофильмдер, слайдтар, диафильмдер және басқа кино — телешығармалар).

  1. ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар және кез-келген тілдер мен формадағы мәліметтер базалары.

3.Интегралды микросхемалардың топологиясы;

Авторлық құқық ережелерімен қорғалатын шығарманың міндетті белгісі ретінде, оның шығармашылық сипаты мен объективті формада өрнектелуі болып табылады, Туындының шығармашылық сипатының көрсеткіші — оның бірегейлігі, жаңалығы, — жаңа идеяда, жаңа ғылыми тұжырымдамада, жаңа мазмұнында, жаңа формада айқындалады. Демек, шығармашылық туындама өзінің бірегейлігі мен біртумалығымен сипатталады.

Авторлық құкық шығарманың мазмұнын емес, формасын ғана қорғайды. Мысалға, көптеген авторлар өздерінің авторлық әңгімелерінде криминалды сюжетті пайдаланады — кісі өлтіру, оның мәтінін табу, ақылды тыңшы, сүйкімсіз персонажға күмәндану, кісі өлтірушіні ұзақ іздеу және ең соңында ол алдымен ешқандай күдікті шақырмайтын кісі болып шығады. Бұл белгілі жазушылар А. Конан — Дойл, Агата Кристи, Эдгар По және көптеген басқа аты шықпаған жазушылар. Бірақ олардың шығармалары өнер шығармашылығының туындысы болып есептелінеді де авторлық құқықпен қорғалады.

Авторлық шығарманың мазмұнын қолдану мысалы ретінде, оқулықтарды жазу болып есептеледі. Бір пәннен жазылған оқулықтардың мазмұны бір болып келеді, мысалға «Физика, Механика», бірақ әрбір автор оны өзінше баяндайды, өз сөзімен, материалды баяндау тәртібін өзгертеді, езінің мысалы мен есептерін береді. Авторлық құқық оқулықтың материалды баяндау формасын қорғағанымен, оның мазмұнын қорғамайды.

Авторлық құқықтың әсер ету мерзімі автордың өмір бойы және ол дүниеден қайтқан соң 50 жыл бойы сақталады. Авторлықтың моральдық мүдделік емес құқығы мерзімсіз сақталады.

ЭЕМ- ге арналған бағдармалар мен мәліметтер базасына құқықтық қорғау авторлық құқықтың жаңа бағыты. Бұл мәселе соңғы уақытта көп елдердің мамандарымен қаралып, талқылануда. ЭЕМ — ге арналған бағдарламалар авторлық қорғауға ие болғанымен, мәселе шешілмей отыр. Себебі мұндай қорғау бағдарламаның сыртқы формасын қорғағанымен, оның құрылымын, ұстанымдарын қорғамайды. Кейбір елдерде, мысалы АҚШ-та, компьютерлік бағдарламаларға патент беріледі. Мұндай патент алудың шығыны өте көп. Мысалға, жаңалығын тексеру  сарапшысына 2000 долларға жуық, өтінішті беру және оны карауға

10000-25000 доллар көлемінде төлеу керек. Бағдарламаның өнімдер жайындағы патент құқы қалыптасу және даму кезеңінде табылып отыр.

Қазақстан мен Ресейде ЭЕМ бағдарламалары авторлық кұқық объектісі, оларға патент берілмейді.

Интегралды электрон микросхемалары немес чиптер авторлық құқықтың объектілері болып есептелінеді. Қорғау объектісі — пәрменді және пәрменсіз элементтердің геометриялық орналасуымен, оның арасындағы немесе жартылай өткізуші материалда компонентаралық орналасуын белгілейтін схема топологиясы.

Авторлық қорғауға ие болу үшін топология бірегейлі болып, қалыпты немесе белгілі конструкциялардан құрылмау керек.

Микросхема топологиясына авторлық құкық алу үшін автор интеллектуалды меншікті қорғау комитетіне арнайы өтініш өткізеді.

Жаңалығы мен бірегейлігі тексерілгеннен кейін топология Ресейге тіркеліп, авторға арнайы куәлік беріледі. Чип күрделі құрылымы мен конфигурациясы бар материалды объект болып табылады. Сондықтан көптеген жасаушылар куәлікті алумен қатар өзінің жасалымдарын техникалық шаралармен қорғайды (Ноу-Хау ұстанымы), мысалға, чипті бөлшектегенде өзінен- өзі бұзылу әрекетін, жасау технологиясын жасырады, т.б.

Шектестік құқық — авторлық құқықты жүзеге асыратын орындаушы, фонограмма жасаушы, радио мен телевизия ұйымдарының азаматтарының құқы. Бұл құқықтар екі жақты келісім негізінде іске асады. Авторлық құқық объектілерді жүзеге асыру ісі өзінен-өзі бірегейлі авторлық іс болып табылғамдықтан, авторлық құқықтың аясына кіруі мүмкін. Мысалға, әнші жаңа әнді орындау барысында, композитор мен ақын сияқты, осы әнді орындауға авторлық құқыққа ие болады, бірақ тек өз орындауында ғана.   Ешкім   келісімсіз   оның  орындауындағы   осы   әнді коммерциялық тыңдау үшін мысалы, радиода жаңғыртуға құқы жоқ. Мұндай шектестік авторлық құқық алғашқы орындаудан немесе авторлық құқық объектісін жаңғыртудан кейін елу жыл бойында сақталады.

 

Жаңалық жасалым, пайдалы үлгі, өндіріс үлгісі мен тауар белгісі туралы түсінік

Жаңалық   деп   материалды   дүниенің   обективті   бар заңдылықтарын, қасиеттер мен құбылыстарьш анықтау болып есептелінеді. Әрбір жаңалық материалды дүниені тануды кеңейтеді және тереңдетеді. Ол осы уақытқа дейін ғылымның шешімін таппаған белгілі мәселеге жауап береді. Ғылыми мәселенің кез-келген шешімі жаңалық болып саналмайды,   ол бүкіл әлемдегі ғылым үшін шынымен жаңа болуы керек. Мұндай жаңалық абсолютті деп аталды. Жаңалықтың заты болып табиғатта бар, бірақ бұрын анықталмаған құбылыстар ғана емес, сонымен қатар табиғатта табылмаған, адам қолымен жасалған жаңа нәрселерді мысалға, жаңа химия элементтері болып табылады.

Жаңалықтар әдетте патент ведомствосында тіркеліп, авторлық диплом беріледі. Жаңалық туралы дипломдар география, археология және палеонтология ашылымына, пайдалы қазба көздеріне және қоғам ғылымдарының саласындағы жаңалықтарына  берілмейді. ССРО кезінде 310 жаңалық тіркелген. Мысалға, аса өткізгіш құбылысын ашу — авторы академик П. Капица немесе магнитті өрісті плазманы ұстау тәсілін ашу   авторы академик Т.Н. Будкер. Бұл жаңалықтар ғылымның және адамзат дамуының жаңа мүмкіндігін туындатады.

Аса өткізгіш құбылысы, электроэнергияны пайдаланбайтын электр қозғаушыларды жасау мүмкіндігін туындатты. Ал, магнитті өрісте плазманы ұстау тәсілі аса зор көлемдегі энергияны алуда басқарылатын термоядерлік синтез құрылғыларын жасауға мүмкіндік берді. Осы жаңалықтың негізінде ССРО-да ТОКАМАК атты сынама құрылғылар жасалынды. Онда термоядерлік синтез реакцияларын бағындыруға болатынын дәлелді.

Интеллектуалды меншікті халықаралық ұйымның (ВОИС) конвенциясында «Жаңалықтар» құқықтың ерекше объектісі ретінде айқындалған, онымен авторларға белгілі құқық жеңілдіктері беріледі. Өкінішке орай, қазіргі күнде Қазақстанда тіркелмейді, бірақ бұл жағдай, біздің ойымызша уақытша ғана болар.

Жасалым деп халық шаруашылығы, мәдениет, денсаулық, қорғаныс саласында ерекше жаңалықпен көрінген, оң нәтиже беретін техникалық есептің шешімі саналады. Ұсыныс жасалым деп, келесі шарттарға сәйкес болғандар есептелінеді:

1)   техникалық есептің шешімін ұсынады;

2)   бүкіл дүниежүзілік жаңалығы бар;

3)   оң нәтиже беруге қабілеті бар;

Техникалық есеп деп, практикалық іс-әрекет аясында белгілі қоғам сұранысы шартталған есепті түсінеді. Ол сұраныс техника құралын конструкция, тәсіл, зат қолдану жолымен қанағаттандырады. Қайсыбір машина немесе технологиялық үрдісті қолдануда, олардың әлсіз жақтары техника дамуын, өнімділік өсуін тежейтін конструктивті, басқа кемшіліктері айқындалады.

Кез-келген ең тиімді деген машина немесе үрдіс уақыт өте жылдам дамып келе жатқан өндіріс сұранысын қанағаттандыра алмайды. Олардың көрсеткішін жақсарту, бар кемшіліктерін жою қажеттілігі пайда болады. Нарық экономикасы жағдайында тауар өндірушілер арасында қатты бәсекестік негізінде өндірілген бұйымдарды үнемі жетілдіруге итермелейді, сатып алушы үшін күрес жүріп отырады. Егер өндіруші өз бұйымдарын жетілдірумен айналыспаса, ол сөзсіз өнімін пайланушыларды жоғалтады.

Техникалық есепті шешуде берілген шарттарды ескеріп, ойластырылған техникалық құрал көмегімен нәтижеге жету көзделеді. Жасалым — белгілі техникалық есепті шешуге бағытталған шығармашылық жұмыстың қорытындысы.

Жасалымдар патент ведомствосында тіркеледі. Авторларға және патент иегерлеріне приоритеті мен авторлығын растайтын қорғау құжаттары — патент беріледі. Ол белгілі мерзімге 5 жылдан 20 жылға дейін меншік құқығын заңды түрде бекітеді. ССРО кезінде 2 млн. жуық жасалым тіркелді, АҚШ — та 6 млн. жуық, қазіргі кезде Қазақстанда 12 мыңға жуық жасалым тіркелген. Елде тіркелген жасалымның көптеген саны экономика мен интеллектуалдық қуаттың маңызды көрсеткішінің бірі, ол баска елдердің өзінің мүддесімен есептесуге және осы елдің пікіріне құлақ салуды талап етеді.

Келесі үш түсінік — пайдалы модель, өндіріс үлгісі және тауар белгісі өз мәні бойынша ірі ғылыми жетістік қатарына жатпайды. Олар негізінде өндіріс — коммерциялық сипатындағы жасаулар болып есептелінеді, бірақ бұл объектілер патент қорғауына ие болғандықтан, олармен танысу артық болмас.

Пайдалы модель — Бұл жаңа өндіріс тәсілімен өмірде жүзеге асуға жарамды өндіріс құралдарының, тұтыну заттарды жасаудағы конструктивті шешімі. Ұсынысты пайдалы модель деп есептеу үшін, ол келесі талаптарға сай болу керек.

1)  Қорғау құжатын беретін елде ол жаңа болу керек;

2)  Өндіріс тәсілімен, яғни үлкен көлемде жасалуға ыңғайлы болу керек. Пайдалы модель, жасалым сияқты шығармашылықтың нәтижесі, белгілі сұранысты қанағаттандыру мақсатына қызмет етеді, өндіріске енгізуге дайын болады, бірақ жасалымнан кейбір қасиеттерімен бөлектенеді:

1)  Пайдалы модель әрқашанда материалды түрде болады, ал жасалым тек тәсіл ретінде ғана бар;

2) Пайдалы модель осы елдің шегінде ғана жаңалыққа ие;

3) Пайдалы модель көптеген сан түрде өңдеуге, өндірісте енгізілу үшін дайындалады.

Өндіріс үлгісі — бұйымның сырт пішінімен ғана айқындалатын көркем — конструкторлық шешім. Оның пайдалы модельден айырмашылығы ол бұйымның сырт пішінін көрсетіп, оның техникалық мәнін айқындамауында. Көп жағдайда, үлгісінде техникалық мән болмайды, себебі ол құрылғы, мехнизм болмай, мысалға көйлектің немесе костюмнің моделі, кілем немесе орындық үлгісі болады. Өндіріс үлгісі  әрқашанда көпшілікке арналған, өндіріске енгізу үшін жасалады.

Тауар белгісі — бұл фирма — өндірушіні бәсекелестер қатарынан бөліп көрсететін, тауарға ерекшелену мақсатында қойылатын бірегейлі безендірілген айыру белгісі. Ол жарнама компаниясын өткізуге, тауардың белгілі атаққа ие болуына, сатып алушыларды өзіне тартуға, сапасыз өнімді шығаратын заңсыз «пират» тауар өндірушілермен күрес жүргізуде пайдаланады.

 

1)   Құрылғы — бұл конструкциялар мен бұйымдар   машиналар, аспаптар, әбзелдер, механизмдер, т.б. құрылғы келесі қасиеттермен сипатталады: 1) конструктивті элементтер болуы; 2) элементтер арасында байланыс болуы; 3) элементтердің өзара орналасуы; 4) элементті орындау формасымен; 5) элементтер арасындағы байланысты орындау формасымен; 6) элементтердің параметрлері басқа сипаттамалармен және олардың өзара байланысымен; 7) элементтерді орындау материалы.

2)   Тәсіл — бұл материалды объектілермен әрекет жасау үрдісі. Тәсілдің құрылғыға қарағанда көлемді көрсеткіштері жоқ, ол әрекеттің жаңа амалдарын қоюға, олардың қолдану тәртібін айқындауға, белгілі әрекеттердің жаңа мөлшерін орнатуға көмектеседі. Тәсілдің қасиеттері: 1) Әрекеттің немесе  әрекет  жиынтығының  болуы;   2)  Осындай әрекеттердің орындалу тәртібі (бірінен соң бірі, бір уақытта, түрлі тіркесте) 3) Әрекетті орындау шарты, режимі, құрылғы, заттарды қолдану және т.б.

3)   Зат — бұл даралық косылымдар, бұған шартты түрде жоғары молекулярлы құрамалар және гендік инженерия объектілері жатады, мысалы, нуклеин қышқылдары, композициялар, құрамдар, ядерлік айналдыру өнімдері. Заттың қасиеттері: 1) Сапалы және санды құрамы;  2) атом аралық байланыс пен олардың өзара орналасуы, жаңа химиялық формуласы; 3) физика-химия және басқа сипаттары, оның ішінде затты алу тәсілдерінің белгісі; 4) заттың молекулярлық құрылысы.

4)   Микроағзалар штаммдары — бұл дара микроағзалар, өсімдік пен жануарлар жасуша дақылдары. Штаммдарға — вирус, микроскопиялық саңырауқұлақтар, ашытқы, қыналар, микроскопиялық омыртқасыз жануарлар, т.б. жатады.

5)   Қолданыс — бұрыннан белгілі құрылғы, тәсіл, зат, штаммдарды жаңа тәсілдермен қолдану. Жасалым деп есептелінбейтін ұсыныстар:  1) Жаңалықтар, ғылыми теориялар мен математикалық әдістер; 2) Шаруашылықты ұйымдастыру мен басқару әдістері; 3) шартты белгілеулер, кестелер, ережелер; 4) Ойлау операцияларын орындау әдістері мен ережелері; 5) ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар мен алгоритмдер; 6) Құрылыс, ғимарат, жер жобалары мен жоспарлау схемалары; 7) Бұйым сырт пішініне қатысты ұсыныстар; 8) Интегралды микросхемалар; 9) Өсімдік сорттары мен жануарлар тұқымы; 10) Қоғамдық мүддеге, адамгершілік пен моральдық ұстамымдарға қайшы келетін ұстанымдар.

 

2.Қазіргі уақытта әлемдегі патент қорларында он миллионнан астам жасалым патенттері жинақталған. Оларды сыныптамай және жүйелемей зор ақпарат материалды игеру мүмкін емес. Барлық жасалымдар тақырыптар бойынша қатая құрылатын, Халықаралық сыныптау (МКИ) бойынша реттеледі. Тақырып сыныпталуы техникалық іс-әрекеттін негізгі салаларынан басталады, барлығы 8 бөлімі әрқайсысы латын алфавитінің әріптерімен белгіленеді:

А — адамның өмірлік мұқтаждығын қанағаттандыру

В — түрлі технологиялық үрдіс, транспорттау

С — химия және металлургия

D — текстиль мен қағаз

Е — құрылыс

Ғ  —  колданбалы   механика,  жарық  пен   жылыту, козғалтқыштар, насос, қару мен оқ-дәрі,  жарық жұмыстары

G — техникалық физика

Н — электр

Әрбір бөлім 99 сыныпқа бөлінген. Әрбір сыныпқа жасалымның қолдану аясын нақты айқындайды. Мысалға, А бөлімдегі 63 сынып спорт, ойын, жаппай көңіл көтеру саласындағы жасалымдарды қамтиды. В бөліміндегі 23 сынып металл кесу станоктары, металды өңдеу тәсілдері мен құрылғылар бойынша жасалымдарды жинақтаған. Әрбір сыныпта латын алфавиті әріптерімен белгіленген сыныпшалар бар. Сыныпшаларда жасалым тақырыптары одан сайын тарылады. Мысалға, А бөлімінің 63 сыныптың сыныпшасында (А63С) коньки, роликті коньки, шаңғы бойынша жасалымдар жинақталған; В бөлімінің 23 сыныптың В  сыныпшасында токарь және бұрғылау өңдеу бойынша жасалымдар тіркелген.

Әрбір сыныпшада тақсыз сандармен 1 ден 99 дейін белгіленген топтар бар. Топтар өз кезегінде топшаларға бөлінген, олар 2 ден 98 дейін тақ сандармен белгіленеді. Сыныптаудың соңғы редакциясында кейбір топтар 900 дейінгі тақ сандармен белгіленеді, мысалға, жоғары молекулярлы химиялық қосындылар. Мұнда жасалым тақырыптарының одан сайынуы тарылу жүргізіледі. А бөлімінің 63 сыныпта С сыныпшасының 11 тобында шаңғы туралы барша мәліметтер, ал осы топтың 22 топшасында шаңғы таяқтары туралы барлық жасалымдар жинақталған. В бөлімінің 23 сыныбының 3 тобында токарь станоктары туралы барлық мәліметтер, ал осы топтың 16 топшасында токарь — револьверлы станоктар туралы барлық мәліметтер жиналған. Егер зерттеуші немесе конструктор шаңғы таяқтары саласында белгілі жасалымдар бойынша патент ақпаратын алғысы келсе, онда МКИ А63С11/22 индексі бойынша патенттерді іздеуі керек, ал токарь — револьверлы станоктар туралы МКИ В23В 03/16 индексі бойынша ақпарат алады. МКИ-дің ұсынылған жүйесі, сыныптардың 50млн. жуық сыныптау ұяшықтары бар. Ол бір тақырып бойынша жинақталған жасалым топтарына, техникалық зерттеме тақырыптарын нақты үлестіруіне мүмкіндік береді. Пайдаланушыға патенттің мұндай топтарымен жұмыс жасау өте ыңғайлы, себебі оны тақырыпқа қатысы жоқ қызықтыратын ақпаратты қараудан сақтайды.

Сыныптаудың ұяшықтарының көп саны техника және ғылым даму барысында, жаңа ғылыми зерттемелердің, идеялардың, техника дамуының жаңа бағыттары пайда болғанда МКИ жүйесін толықтыруға, жақсартуға мүмкіндік береді.

МКИ сыныптардың нақты индексін анықтау үшін, МКИ-ді үнемі толықтырып, жетілдіріп отырған арнайы сыныптаушысы болады. Қазіргі уақытта МКИ сыныптаушысының соңғы 2001 жылдың 1 каңтарында бекітілген 7 редакциясының күші бар. Қазіргі күнде МКИ жүйесі жасалым патенттерін тіркейтін барлық елдерде қабылданған. МКИ жүйесі қабылдауғанға дейін, әрбір мемлекет сыныптауда өзінің ұлттық жүйесі болып, көптеген ыңғайсыз мәселелерді тудыратын. МКИ жүйесі қабылдауына дейін ССРО-да сыныптаудың неміс жүйесі болған. Онда 89 сынып, 20000 жуық топ пен топшалар болып, 4 санатында — сынып, сыныпша, топ, тоншаны қамтып, әріпті-цифрлі белгілеу қолданған. МКИ жүйесі 1951 жылы ағылшын жүйесі негізінде жасалынды, ССРО да 1961 жылы қабылданды.

Кез-келген дамыған елдер патент қорының сан алуан жасалым суреттеуін жинақтаған. Бұл қорлар зерттеушілер, ғалымдар, инженерлер үшін маңызды зор ақпарат көзі болып табылады.

Ақпарат пайдаланушыларға жеткізу үшін жасалымдарды сыныптау ғана жеткіліксіз, оған жеңіл жету жолдары болу керек. Ол үшін патент ведомствосы бар және жасалымдарды тіркейтін барлық елдерде жаңа жасалымдар хабардар ететін арнайы басылымдар бар.

1924 жылдан бері шығатын ССРО-да «Жаңалық, жасалым, өндіріс үлгі және тауар белгілері» атты бюллетенде ғылым мен техника мемлекет комитеті жанындағы жасалым мен жаңалық істері комитетінде тіркелген жасалым, жаңалық т.б. бойынша қысқаша ақпарат берілетін: авторлық куәліктің нөмірі, автордың аты-жөні, өтініш беру күні, МКИ индексі, жасалымның аты, формуласы. Мәліметтер авторлық куәліктерінің нөмір өсуінің тәртібімен тақырып бөлінбей берілетін. Бұл бюллетень айына 4 рет шығатын. 1972 жылдан бастап ССРО-да «Шет елдегі жасалымдар» атты бюллетенді шығаратын, онда 5 ірі дамыған елдердегі — АҚШ, ФРГ, Франция, Ұлыбритания, Жапония — мәліметтері басылатын.

1976 жылдан бері ол «ССРО және шет елдегі жасалымдар» деп аталып, онда советтік жасалымдар туралы қосымша мәлімет беретін болды. Тақырыптық жинаққа шет елдегі мен советтік  жасалымдар туралы мәліметтер арнайы топталатын, мысалға «Тасу машиналары», «Ішкі жану қозғалқыштары» т.б. жинақтар болған. Мәлімет авторлық куәлік немесе патент нөмірін, МКИ индексін, автордың аты-жөнін, приоритет датасын, жасалым атын, оның мәні  туралы қысқаша рефератын, түсіндірме схемаларын және  сызбаларын қамтитын.

Бюллетень ақпараты орыс тілінде берілетін, тек Жапония рефераттары өз тілінде басылатын.

Қазіргі кезде ТМД елдерінде патент ақпараты туралы бюллетендерді шығарып жалғастыруда. Ресейде айына 3 рет шығатын «Жасалым, пайдалы модель, өндіріс үлгі мен тауар белгілері» атты бюллетень бар. Жасалымды нөмірлеу советтік авторлық куәліктермен жалғасады, сондықтан алғашқы ресей патенттерінің нөмірлері 2 миллионнан асып басталатын. ТМД-ның басқа елдері өз жасалымдар нумерациясын бірден бастады. Сонымен қатар Ресей «Әлем елдері жасалымдары» атты тақырыптық бюллетень шығарып, онда АҚШ, Германия, Франция, Ұлы Британия, Жапония, Еуропа патент ведомствосы (ЕПВ), әлемдік патент (РСІ) кейбір тақырыптарға Швейцария, Австрия және осындай зерттемелері бар басқа елдердің патент туралы мәліметтері беріледі. Бюллетень 112 тақырыпты қамтиды, 87 тақырып бойынша айына 1 рет, 25 тақырып бойынша айына 2 рет шығады. Қазақстанда ¥лттық патент ведомствосы құрылғалы бері, 1993 жылдан бастап «Өндірістік меншік. Жасалым, пайдалы модель, өндіріс үлгісі» атты бюллетень шығады. Одан кейінірек «Өндірістік меншік. Тауар белгілері» атты бюллетень қосылды. Мұнда біздің елде патенттелетін өндіріс және интеллектуалды меншік объектілері туралы ақпарат беріледі.

Кезінде ССРО-ға шет елдік бірегейлі патент басылымдары түсетін. 1965 жылдан бері 19 — ғасырдың 80 — жылдарынан бері ¥лы Британия шығаратын «Раtents for Inventions Abridgents of Siciffications» бюллетень қолданыста болатын. Совет патент кітапханасында 1963 жылдан бері 1872 жылдан бастап АҚШ-та шығатын «Officiall Gazette of the United States Patents Office » американдық патент бюллетені болатын.

1966 жылдан бастап ССРО-ға «Bulleten officiall de La propriete Industrielte » француз патент бюллетші келетін. 1964 жылдан бастап «Auszuge aus den offenguns schriften» неміс патент бюллетень басылымдары түсетін. Патент қорларда «Токке Коха»жаңадан патемт бюллетені сақталған.

1929 жылдан бері ССРО-да өнертапқыштар мен      Рационализаторлар Бүкіл Кеңестік Қоғамы шығаратын»Өнертапқыш және рационализатор»атты ғылыми-әйгілі басылым

шығатын. Онда ССРО мен шет елдегі ең жақсы техникалық зерттемелерді насихаттау жұмысы жүргізілетін. Қазіргі кезде Ресей Федерациясында «Патент және лицензия» атты ай сайын шығатын журнал бар. 1965 жылдап бастап «Өнертапқыш мәселелері» (қазір «Интелектуалдық меншік») деген журнал шығады.

Соңғы кезде әлемдегі көптеген елдердің патент ведомствосы мен ақпарат орталықтары қазіргі заманға патент әдебиеті мен құжаттарды өңдеу мен жариялау технологиясына көшкен. Ол лазерлі дисктер СD-RОМ, DVD-RОМ, мәліметтердің автоматты базалары.

Қазір бір қатар елдер Ресей, Қазақстанмен лазерлі дискідегі құжаттармен алмасады. Лазерлі диск қоры патент кітапханасында 90-жылдардың ортасынан қалыптаса бастады, дискіде сақталатын ақпарат үлесі жылдан-жылға өсіп келеді,ал қағаздағы үлес азайып барады. Көп елдерде қағаз түріндегі патент көздері кітапханаларға түспейді, ал түскен күнде тек қана қызмет бабымен пайдалануға беріледі. Соңғы кезде әлемдегі көптеген елдердің патент ведомствосы мен ақпарат орталықтары казіргі заманға патент әдебиеті мен құжаттарды өңдеу мен жариялау технологиясына көшкен. Ол лазерлі дисктер СD-RОМ, DVD-RОМ, мәліметтердің автоматты базалары.

Дискідегі мәлімет базасындағы сілтемелер нұсқаушылар ролін, іздеу өрістері құрамы бағдарламасымен қамтуға байланысты іздеу өрістерін орындайды.

Барлық мәліметтер барысында орын табатын қалыпты іздеу өрістері болады. Оларды іздеу өтініштің тіркеу нөмірі мен беру күнімен, қорғау құжатының жариялану нөмірі мен жариялану күнімен, өнертапқыштың аты – жөні мен өтініш берушінің атымен, приоритетті мәліметтер бойынша, МКИ негізгі және жанама индексі бойынша, жасалым аты мен рефератының немесе оның формуласының кілтті сөздері бойынша жүргізіледі.

Кейбір елдерде іздеу өрістері минимумға келтірілген. Мысалға, АҚШ-тың жасалым база мәліметтері тек кана қорғау құжатының (патанттің) нөмірін сұрайды.

2000 жылдан бастап Ресейдегі Патент меншігінің Федералды институты өзінің мәліметтер базасын Интернет арқылы пайдалануды ұсынады. Оған кіру шартымен һttр // www.fips.ru сайты, «Услуги» бөлімінде танысуға болады.

Интернет торы дамуымен, ол интеллектуалды меншік объекттер туралы керемет ақпарат көзіне айналды. Ақпарат іздеуде Интернеттің зор ролін әлемдегі (АҚШ, Жапония, ЕПВ) ірі патент ведомстволары мойындаған. Сарапшылар бұл торды патентті емес әдебиет, соның ішінде ғылыми есептер патентін іздеуінде пайдаланады. Жасаушыға зерттелетін тақырып бойынша мәселені шешуге ықпал жасайтын кез-келген ақпарат қажетті болуы мүмкін.

Сан алуан патент әдебиетті шығару мақсаты — мүдделі тұлғалар мен ұйымдарды тез арада ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерімен таныстыру. Патент ақпаратының негізгі бөлігі елдің  Ұлттық патент қорында жиналып, жүйеленіп, пайдаланушыларна танысу үшін ұсынылады. Мысалға, ҚР патент қоры 1996 жылдың басында әлемнің 46 мемлекетінің патент құжаттарын қамтиды, оның ішінде 50 жылдық тереңдігіндегі 21 миллион сақтау бірлігі бар. Қор жанында арнайы патент кітапханасы бар. Онда әрбір азамат кез келген елдің жасалым мен патент нормативті құжаттары туралы қажетті мәліметтерді ала алады. Бұған қосатынымыз, ҚР патент қоры толық деп есептелінбейді, себебі онда зерттелетін тақырып бойынша әлемдегі барлық патент көздерін қамтитын патент іздеуін жүргізуге мүмкіндік жоқ. Әлем елдері мен ТМД елдері арасында ең толық патент қоры Ресей Федерациясында орналасқан. Ресей Федерациясының патент қоры ең жақсы деп есептелінеді. Белгілі бір уақыт ішінде берілген тақырып бойынша патент ақпарат көздері бойынша іздеу салынады. Бұл іздеу мынадай мақсат көздеуі мүмкін:

1) Жасалым туралы өтініш жаңалығын сараптауын жүргізу үшін. Ол өтініш беруші мен патент сараптаушымен жасалымның әлем жаңалығын дәлелдеу мақсатында жүргізіледі. Ол ССРО және 5 ірі дамыған елдерде — Ұлы Британия, АҚШ, Франция, Жапония- тереңдегі 20-25 жыл бойында тіркелген жасалымдар бойынша жүргізіледі. Бұл іздеудің кері мақсаты — патент жаңалығын тексеруде оны жою мақсатымен жүргізеді, яғни оның дұрыс берілмеуі дәлелденеді.

2)   Техника шешімінін деңгейін айқындау ғылыми-зерттеу және жобалау      конструкторлы жұмыстар бойынша тапсырмалар жасау барысында осы саладағы техника дамуының деңгейін анықтау, машина жаңа үлгісін немесе технологиялық үрдісті жасаудың бағытын анықтау, жаңа идеялардың дамуының жалпы бағытын анықтау, әлемдік үлгіде немесе одан жоғары деңгейде параметрлері бар шешімдерді жасау мақсатында жүргізеді.

3)   Патент   тазалығын   сараптап   өткізуде.   Экспортқа дайындалған өнім патент құқықтарының деңгейін анықтау үшін жүргізіледі. Іздеу өнім апарылатын және сатылатын елдердің патент қоры бойынша жүргізіледі. Осы өнімді шығаруда пайдаланатын техникалық шешімдерге патент бары анықталады. Егер мұндай патент бар болса, осы патентті пайдалануға лицензия сатып алу немесе бұл елге өнімнің сатылуынан бас тарту туралы шешім қабылданады.

4)   Өз өндірісінде қолданатын шешімдердің тиімділігін табу. Техниканың осы саласында соңғы зерттемелер туралы ақпаратты беруде ең жылдам болып патент әдебиеті табылады. Жасаушының жаңа идеяларды танып білуі өз өндірісінде жаңа зерттемелерді енгізуге, патент иегерлерінен жасалым лицензиясын өзінің бәсекелестерінен бұрын сатып алуға мүмкіндік береді. Жаңа зерттемелерді өндіріске жылдам енгізуге бұйым бәсекелестігін арттыруға, алынатын табыстың көлемін ұлғайтуға ықпал жасайды.

 

Жасалым құқық қорғауға ие болады, егер оның жаңалығы, өнер табу деңгейі бар және өндірісте қолдануға мүмкіндігі болса. Жаңалық пен техника деңгейі келесі түрде берілген, жарияланған немесе басқа ақпарат мәлімет бойынша анықталады:

1)   Жасалымға берілген суреттердің жарияланымы;

2)   Ресми түрде бекітілген және тиісті мемлекеттік мекемелерде тіркелген   басылымдар,   монографиялар,   кітаптар, оқулықтар, журналдар, ғылыми жинақтар. Бұл жағдай өз бетінше шығарылған басылымдарды қамтымайды;

3)   Депотталған ғылыми мақалалар;

4)   Мемлекеттік тіркеудің ресми нөмірі бар және елдің орталық кітапханасында өткізілген ғылыми-зерттеу және тәжірибелік — конструкторлық жұмыстарының есептері;

5)   Ғылым кандидаты және докторы ғылыми дәрежені алуға ұсынылған диссертациялар мен олардың авторефераттары;

6)   Ресми тіркелген көрмелер мен тұсаукесерлерде шығарылған плакаттар, көрме стенділері, фотосуреттер, модельдер;

7)   Ресми тіркелген кеңестер, семинар, конференцияда аппаратураға жазылған ауызша баяндамалар, лекциялар;

8)   Өндірісте пайдаланылған, белгілі болған нәтижелері туралы техникалық құралдар туралы мәліметтер;

Жасалым жаңалығы оның мәнді қасиеттерін соған ұқсас техникалық шешімнің қасиеттерімен салыстыра отырып аныктайды. Ұсынылған жасалымға ұқсас техникалық шешімінің прототипі табылуы шарт. Аналог пен прототипте жоқ қасиеттер жасалымда табылса, оның жаңалығы дәлелденді деп айтуға болады. Сонымен қатар, аналог пен прототипте бар қасиеттерді пайдаланғанымен, олар басқа оң тиімді эффект беретіндіктен жасалым деп танылады. Мысалға, Р. Дизель ойлап тапқан ішкі жану қозғалтқышы. Ол кәдімгі карбюратор қозғалтқышында пайдаланатын бөлшектер мен бөлімдерді өзгеше орналастырып, басқа жұмыс режимін орнатқан, нәтижесінде арзан жанар май мен жоғары КПД пайдалануға мүмкіндік берді.

Жасалым пайда болған техникалық шешім нәтижесінде келесі талаптарға сай болу керек:

1) Техникалық құрылғыларға немесе оны шешу тәсіліне нұсқау көрсетілу қажет; 2) шешімнің негізгі схемасының маңызды сәттерін ашу қажет; 3) қазіргі уакытта немесе болашақта жүзеге асатын болу керек. Бұған косатынымыз, жасалым жүзеге асушылығы деп оны теориялық тұрғыдан айтады, яғни тәжірибелік дайындауды қажетсінбейді. Ережеге бағынбайтын жағдайлар: 1) кейбір заттарды механикалық жолмен жасағанда, оның оң әсерін тексерусіз білуге болмайды; 2) науқастарды емдеудің жаңа тәсілдері.

Техникалық есептің табылған шешіміне теориялық негіздемені беру кажет емес. Көп жағдайда оң әсер алу себебі түсініксіз және белгісіз болып келеді. Мұндай жасалым пайда болуы ғылым дамуынан озып отырады. Ғылым ұсынылған шешімнің теориялық жағын түсіндіре алмайды, бірақ кейін терең, жан — жақты зерттелгенде, іс жүзінде қолданғанда, сынама өткізілгенде сол шешімнің теориялық негіздемесі пайда болады. Өз кезінде әзірге түсініксіздеу болатын ұстанымды негізделген мәселе мұндай ғылыми-зерттеулер, жаңа жасалымдар пайда болуына түрткі болады.

 

Тасымалды жасалымдарда белгілі конструкциялар, тәсілдер, заттар басқа салада қолданудан туындайды. Бұл жағдайда, жаңалық қолдану саласында болып табылады.

Өтініш құрастырылуы нормативті құжат «Жасалым мен үлгінің патентін беруге өтінішті құрастыру, беру және қарастыру нұсқаулары» талаптарына қатаң сәйкестігінде жасалу қажет.

Өтініш мақсаты: 1) техникалық шешімішң мәнісі анық баяндалады; 2) осы шешімдердің жасалымға қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтайды — мәнді айырмашылығы, жаңалығы және пайдасы.

Өтініш құрамы: 1) Патент беру туралы өтініш. Патент ведомствосында немесе өтініш беруші жұмыс орындағы патент бөлімінде, алған арнайы стандарт бланкте толтырылады.

2) Жасалымның толық, жеткілікті сипаттамасы.

3) Сипаттамада негізделген және оның мәнісін ашатын жасалым формуласы.

4)  Жасалым мәнісін түсінуге қажетті сызбалар және басқа материалдар.

5) Реферат

Барлық материалдар 3 данадан өткізіледі, тек өтініш 4 данадан беріледі. Олар өтініш берушінің қалауынша А4 форматында қазақша-орысша жазылады.

Жасалым сипаттамасы келесі кезекпен жүргізіледі:

1)    Ұсынылып отырған жасалымның қолдану саласындағы МКИ индексі көрсетіледі. Индекс қағаздың оң жақ жоғары бұрышына қойылады.

2)    Жасалым аты. Ол ұсынылған идеяның мағынасына сәйкес жекеше түрде жазылады. Бұл жерде автордың аты-жөні, жасалым объектісінің арнайы атымен толықтырылады.

3)    Жасалым жататын техника саласы. Осы бөлімнен сипаттама мәтіні басталады. Мәтін жазатын машинкада немесе компьютер принтерінде екі интервал арқылы жазылады. Жасалымның қолдану саласы суреттеледі, егер бірнешеу болса, негізгісі алынады.

4)    Техника деңгейі. Аналог пен прототип мәліметтері келтіріледі. Аналог пен прототипті суреттеуде ақпарат көзін жылдам табуға жеткілікті көлемде библиографиялық мәліметтер беріледі. Библиографиялық мәліметтер мәтіннен кейін жүреді, мәтін ішінде домалақ жакшада беріледі.     Сонан    соң    аналог    пен    прототиптің конструкцияларына сыни сипаттама беріледі, яғни олардың кемшіліктері, олардың шығу себебі көрсетіледі. Прототип сипаттауында негізгі қасиеттерді тізіп, олардың өзара әрекеті суреттеледі, себебі бұл мәліметтер жасалым формуласын құрастыруда кажет болады. Аналог бірнеше болуы мүмкін, прототип әрқашанда жалғыз.

5)    Жасалым мәнісі. Бұл бөлімде жасалым бағытталған міндет толық ашылады. Оны пайдаланудан техникалық нәтижелер көрсетіледі. Әдетте прототип сынау бөлімі жалғасы ретінде мақсат қойылады. Мысалға, прототип сынауында оның төмен өнімділігі айтылады, сондықтан міндет былай анықталады: «жасалым міндеті құрылғы өнімділігін жоғарылатуда жатады…», оған жету құралы көрсетіледі: «бөлшектер жинақтаудан тасымалдау жол ұзындығын қысқарту арқылы немесе жинақтауда технологиялық көшуді қабыстыру арқылы…» Осы жерде міндет пайдалы және экономикалық — әлеуметтік эффект әкелетінін көрсетеді. Тек қана техникалық жетістіктерді атауға болмайды. Мысалға, міндет ретінде діріл немесе тежеу күшін  азайтуды   көрсетуге  болмайды,  себебі  Бұл техникалық көрсеткіштер, сондықтан оны былай анықтау қажет: «құрылғының жұмыс уақытын ұлғайту міндеті оны қолданудағы торап дірілін азайту арқылы орындалады.»

Бөлімде тиімді эффект алу үшін жасалымның мәнді қасиеттер тізімі керсетіледі. Әдетте бұл тізім жасалым формуласының мәтіні негізінде беріледі. Бұл жерде прототип пен жаңа шешімге ортақ қасиеттерді сипаттау мен тек қана жаңа шешімге тән қасиеттерді баяндау керек.

6)    Сызба фигуралар тізімі.

7)    Жасалымның жүзеге асу мүмкіндігін дәлелдейтін мәліметтер. Бұл бөлімде кұрылғы саласына жататын жасалымның статикалық күйдегі конструкция сипаттамасы тиісті сызбадағы позицияларды көрсете отырып беріледі. Конструктивті элементтердің цифр нұсқаулары өсу ретінде көрсетіледі. Мысалға: «құрылғы қозғалтқыштан (фигура 1) тұрады. Ол редуктор (2) арқылы білікпен (3) қосылған. Оның бәрі корпуста (4) жинақталған». Конструктивті сипаттауда конструкцияның жалпы схемасын беру қажет, егер құрылғы жұмысын түсіндіру қажет болмаса майда -шүйде торап, бөлшектерді суреттеуді жасау керек емес.

 

Құрылғы конструкциясын сипаттаудан кейін жұмыс істеу тәртібі баяндалады, яғни динамикалық күйде немесе сызба позицияларына сілтеме жасаумен қолдану тәсілі суреттеледі. Позиция кезеңі қатаң реттелмейді, сондықтан кез келген тәртіппен көрсетіледі. Тәсілге жататын жасалым үшін объектіге жасалатын әрекет кезектігі, сонымен қатар әрекет шарттары, нақты тәртіп, қолданатын құрылғылар, заттар және микроағзалар штаммдары көрсетіледі.

8)    Қорытынды бөлім. Бұл бөлімде есептеулер, график, циклограммалар суреттеуі, т.б. прототип пен аналогтар алдында жасалым артықшылығының дәлелдемелері беріледі. Тағы да құрылғының жұмысшы тәжірибелік моделінің сынамасы мен жасалуы туралы мәлімет көрсетіледі.

9)      Қорытынды.   Бұл   жерде   ұсынылған  жасалымның артықшылығы  туралы   соңғы   қорытындылар,  оны пайдаланудағы алынатын экономикалық және басқа әсер туралы нақты мәліметтер жасалым бойынша жүргізілетін жұмыс деңгейі туралы мәліметтер — эскиз жобасы, жұмыс жобасы, нақты өндірісте енгізу туралы, т.б. беріледі.

Жасалым формуласы. Патент беретін құқық қорғауының көлемін анықтайтын және жасалым мәнісін көрсететін сипаттама формулада көрсетіледі. Жасалым туралы өтініштің басты бөлімі болып, формула табылады. Патент игерушінің кұқығы мен жасалым саласын анықтайтын жалғыз құқықты критерийі болып формула саналады. Жасалым сипаттамасы формуланы анықтайды және ешқандай заңды құқы жоқ. Сипаттамада бар, бірақ формулада жок деректерге жасалған сілтемелердің құқықтың күші жоқ, сондықтан жасалымның құқық саласындағы дау назарға алынбайды.

Формула тек қана жасалым шекарасын анықтамай, техника өсу деңгейінің жаңа сатысын сипаттайды. Құрылымы бойынша формула бір және көп буынды болады, сондықтан бір немесе бірнеше бапты қамтиды.

Бір буынды формула бір жасалымды мәнді қасиеттер жиынтығымен сипаттайды. Мұндай формула қарапайым кішігірім жасалымдарда қолданылады.

Көп буынды формулада жасалымның сипаттауында мәнді қасиеттерді дамыта отырып, оны қолданады. Мұндай формула бір тәуелсіз баптан және келесі бір немесе бірнеше тәуелді баптан тұрады. Көп буынды формула бірнеше орындау варианты бар ірі күрделі жасалымдарда колданылады. Бір буынды формулада бір ғана тәуелсіз бап болады.

Құқық қорғаудың сұралған көлемі таратылатын барлық жағдайда тәуелсіз бап техникалық нәтижені алуға жеткілікті мәнді қасиеттер жиынтығын қамтиды.

Ол әдетте прототип қасиетімен сай келетін мәнді қасиеттерді қамтитын, шектейтін бөлім және жасалымды прототиптен айыратын мәнді қасиеттерді қамтитын ерекшелену бөлімнен түрады.

Шектеуші бөлім прототиптің мәнді қасиеттері бойынша  құрастырылу керек, оларды баяндау кезегі жасалымды сипаттауда қалай берілсе, солай көрсетіледі.

Ерекшелену бөлімінде қамтылған қасиеттер өнертапқыш автордың интеллектуалды өнімі болып есептелінеді, себебі дәл осы бөлімінде жаңа тиімді әсердің алынуы дәлелденеді. Формуланың тек ерекшелену бөлімі заң күшіне ие болып, жаңа идеяны пайдалану дәйегі анықталады. Бұл бөлімді жасауда аса назар аударып, болашақта бәсекелестер мен арам ниетті пайдаланушылар формуланы айналып өтіп кетпеу үшін әрбір сөз бен сөйлемді анық, дәл қолдану керек.

Сол себептен бұл бөлімге жасалымның мәнді жаңа қасиеттерін қосу керек. Жасалым пайдаланудың дәйегі ретінде формуланың ерекшелену бөлімінде сипатталған барлық қасиеттерді есептеуге болады. Осы қасиеттердің біреуін ғана сипаттамау пайдаланушыға автор идеясын тежеусіз қолдануға және патент иегерінің құқын бұзуға жол ашады. Көптеген жас өнертапқыштардың қателігі осы ерекшелену бөлімінде жасалымын неғұрлым терең, кең беруге ұмтылу. Олар өздерінің ғылыми, конструкторлық жетістігін керсетуге, өз ғылыми приоритетін нығайтуға тырысады, бірақ олар бір нәрсені ұмытады: патент -ғылыми мақала емес.

Патент — бұл заңды құжат, өнертапқыштың мүдделік құқын көрсетеді, меншік құқын қорғайды, өз идеясын пайдалану құқын сатудан түсетін материалдық сыйдың көлемін анықтайды. Автор мен патент иегерінің құқы мен мүддесін жақсы қорғайтын, формуланың ерекшелену бөлімін, формула әрекетін неғұрлым кең қолдануға мүмкіндік беретіндей құрастыру қажет.

Онда орындау саласын тарылтатын нақты терминдерден аулақ болу керек. Мысалға, бекіту тәсілін нақтылаудың қажеті жоқ, «бұрандамалармен немесе дәнекерлеумен бекіту» деп жазуға болмайды. Тағы да нақты цифр, мөлшер, пропорцияны көрсетудің қажеті жоқ. Формуланың тәуелді баптарында екінші деңгейлі мәнді қасиеттерді көрсетеді, оларды жасауға болады, бірақ оны қолданудан жалпы тиімді әсер ұлғаяды. Айта кететін жай, формулада ең негізгі болып тәуелсіз бап табылады, онда жасалымның негізгі идеясы сипатталып, приоритетті корғауға жататын негізгі мәнді қасиеттер сипатталады. Тәуелді баптың қасиеттерін тәуелсіз баптың белгілерісіз қолдана алмайды. Тәуелсіз баптың белгілерінің жаңалығы жоқ деп табылса, тәуелді баптардың барлығы жойылады. Тәуелді баптың екінші мәнді деңгейлі

белгілерді құрылғыда немесе тәсілде қолданбауы, бірақ тәуелсіз баптың мәнді белгілерін қолданса жасалым пайдалану деңгейін мойындауға жеткілікті деп саналады.

Жасалым формуласын құрастыру бөлімі ереже бойынша жасалады. Формула жасалымының жүзеге асуы барлық кажетті мәнді белгілердің жиынтығының қисынды анықтау түрінде баяндалады.

Формула немесе көпбуынды формуланың әрбір бабы бір сөйлем түрінде жазылады. Формуладағы белгілер әртүрлі адамдар түсінігінде бір мағыналы болып келетіндей анықталу қажет. Белгілер мүмкіндігінше формуланың қамту саласын тарылтпау үшін жалпы терминдермен сипатталу керек. Құрылғының формула белгілері оны статикалық күйінде сипаттайды. Құрылғының конструктивті элементін орындау мінездемесінде оның қозғалмалылығы немесе басқа функция орындау мүмкіндігі көрсетіледі. Формула әрқашанда жасалым атынан басталады. Одан кейін прототиппен ортақ мәнді белгілер суреттеліп, жасалымның , жаңа мәнді белгілер айтылады, Егер жасалым атында автордың аты-жөні болса, оларды формулада көрсету міндет емес. Тәсіл формуласында іс-әрекет етістіктері осы шақтың көпше түрінің үшінші жағында жазылады. Егер формулада тәуелді баптар болса, онда тәуелсіз бапқа нөмір 1 беріледі де, тәуелді баптарға ретпен 2 деген цифрден нөмірленеді. Тәуелді баптарда тек ерекшелену бөлімі болады, яғни екінші деңгейлі жаңа белгілер беріледі. Егер өтініш тәсіл мен оны жүзеге асыратын құрылғыға берілсе, онда формула екі тәуелсіз бапты қамтиды — біреуі тәсілге, екіншісі құрылғыға, әрбір баптың басында жасалымның жалпы ойынан ерекшеленетін ат болу керек. Мысалға, жасалымның жалпы аты былай көрсетілген: «Балқытылған металл бетінен тотығу қабыршағын алып тастау тәсілі және оны жүзеге асыру құрылғы.»

Тәсіл формуласының  бабы келесі сөйлемнен басталу керек «Балқытылған металл бетінен тотығу қабыршағын алу тәсілі… «, ал құрылғы формуласының бабы «Балқытылған металл бетінен тотығу қабыршағын алу құрылғысы…» Бұған қосатынымыз, Бұл формуланың әрбір бабы бір-бірінен жеке қаралады. Егер біреуінің жаңалығын сарапшы анықтамаса, екіншісі де мойындалмайды деп айтуға болмайды. Бұл жағдайда патент не тәсілге, не құрылғыға бөлек беріледі.

«Іштей жанатын қозғалтқыштың газ тарату кезеңін реттейтін механизм құрамында мыналар болады: эксцентрик тәрізді таратушы білік,шатун,блок басындағы домалақ реттеуші сырғыма тиекке қойылған итеруші рычаг, серіппелі табақша клапан және шектеуші.Бұл механизмнің ерекшелігі мынада болады: шатун мен итеруші рычагтың өзара кижматика  байланысы сырғыма тиек арқылы жүзеге асады,тиектің бір шеті шатунге шарнирмен бекітілген және тіремемен камтылған, ал екінші шеті шулдік(ось) бойынша қозғалу мүмкіншілігі бар итеруші рычагпен бекітілген».

«1-ші пукт бойынша механизм ерекшелігі мынада болады: сырғыма тиек итеруші рычагпен екі цилиндрлі стержендер арқылы байланысқан».

Әдіс-амалға бағышталған жасалым формуласын құрастыру үлгісі

« Химия заттарымен өңдеу арқылы құрғақ тұщы және құрғақ тұздалған тері шикізатына ауру жұқтырпау әдіс-амалының ерекшелігі мынада болады: шикізат жабық камерада қосақталған азот тотығымен өңделеді».

Затқа бағышталған жасалым формуласын кұрастыру үлгісі.

« Құрамына Fе, С,Сr, Nі, Мn,Sі кіретін болаттың ерекшелі мынада болады:   оның құрамында қосымша алюминий мен ванадий бар, ал салмағы бойынша(%) ингредиенттер мына арақатынаста болады: С(0,3-0,4), Сr( 10,0-12,5), Ni( 11,5-13,0), Мn(0,6-11,0), Sі(0,1-0,35). А1(3,2-4,3), V( 1,4-2,0). қалғандары-темір».

Микроорганизм штаммына бағышталған жасалым формуласында мыналар міндетті түрде көрсетіледі: микроорганизм ,өсімдік немесе жануар тегінің аты және эпитет түрі,латин транскрипциясы бойынша штамм аты, штамм атқаратын қызмет,коллекция                депозитарийдың                ресми аббревиатурасы, депонированиеден өткен обьектке коллекция арқылы берілген регистрация нөмірі.Формула мысалы:

«Асt.rіmоsis ЛСТ 22 атты штамм (Қазақтың антибиотиктер ғылыми-зерттеу институтының коллекциясы)-протеолит ферменттер кешенінің процуденті(өнімі)».

Қолдануға бағышталған жасалым формуласын құрастырудың өз ерекшелігі бар. Егер жасалым обьекті ретінде белгілі қондырғы, әдіс-амал, зат,штамм пайдалануға берілетін болса,онда формула құрылымы мына түрде болады: «…ретінде(көрсетілген обьектің жаңа қызметі беріледі)пайдалану(белгілі обьектһң аты және сипаттамасы беріледі)».Осындай формула құрастыру мысалы: «Силикат желімді мата, тазалағанда жуушы зат ретінде пайдалану».

Сызба және басқа материалдар. Қажетті жағдайда сипаттамаға сызбалар беріледі. Сызбалар үш данадан А4 форматында беріледі. Бір дана қара тушьпен жасалады, қалғандары ксерокөшірме болуы мүмкін. Сызбалар графикалық материалдарға қойылатын талаптарға сәйкес орындалады. Әрбір парақта бірнеше түр, қима, схема орналасуы мумкін. Әрқайсысы өсу ретімен нөмірленіп, «фиг.1», «фиг.2» деген сөзбен белгіленеді.

Реферат жасалым оның формуласының сипаттау мазмұны мен қысқартылған баяндамасы болып табылады.

Жасалым туралы өтініш берудің тәртібі. Егер зерттеуші құрылғының жаңа түрін, тәсілді, затты, т.б, ойлап таптым деп ойласа және сол идеясына патент алғысы келсе, онда оның әрекетінің реті мынадай:

1)   әдеби және патент іздеуін өткізу керек, яғни оның идеясы жаңа ма, ақиарат коздерімдс ол туралы не айтылады деп анықтау қажет. Егер ондай ескертулер жоқ болса, идея жаңалығы дәлелденеді.

2)   Жасалым аналогы мен прототипі анықталады.

3)    Жасалым сипаттамасы мен формуласы және тиісті құжаттар жасалынады.

4)    Өтініш беруші мен патент иегері анықталады. Өтініш беруші деп заңды немесе жеке тұлғаны атайды. Ол патент ведомствосына өтініш беріп, жасалым сараптауына патент пошлинасын төлейді. Патент иегері деп заңды немесе жеке тұлғаны атайды. Ол мүдделік құқығы бар, яғни жасалымға меншік иегері құқы бар деп есептелінеді. Автор, өтініш беруші және патент иегері бір тұлға болуы мүмкін, сонымен қатар дербес тұлғалар да болуы мүмкін.

5)   Өтініш Патент ведомствосына пошлина төлеумен бірге беріледі.

 

Патент алу Патент туралы заң, берілген ережелер мен тәртіп бойынша орындалады. Қазақстан Республикасында идеяның иесі мен пайдаланушы арасындағы патенттік қарым-қатыныстар баяғыдан бері орын алған, ол қатынастың құқықтық базасы жақсы ойластырылып, көп жылдан бері тексерістен өткен шет елдердің патент заңдарының негізінде жасалған, Патент туралы заң қабылданған. Шет елдерде патент туралы түсінік көп жылдар бойы қалыптасып келеді, мысалға Францияда алғашқы патент туралы заң 1844 жылы қабылданған.

Патент алу үшін ең алдымен барлық қажетті құжаттарды қамтитын өтінішті Патент ведомствосына өткізу керек. Оны өтініш берушінің өзі немесе сенімді адам арқылы жасауға болады. Шет елдік өтініш беруші тек қана сенімді адам арқылы өткізеді. Егер мемлекеттер арасында тиісті келісім сөз бекітілген болмаса, онда өтініш сенімді адамның қатысуынсыз да беріледі. Ресей Федерациясы мен Қазақстан арасында мұндай келісім 1994 жылы 28 наурызда кабылданған, сондықтан екі елдің азаматтары ойлап тапқан идеясына, пайдалы моделіне, т.б. өтініш беруде бірдей құқыққа ие, яғни Қазақстаннан шыққан өтініш беруші Ресей патент ведомствсында Ресейлік өтініш берушімен тең құқылы, керісінше де солай. Бұл келісімнің 5 жылдық мерзімге дейін күші бар, белгіленген уақыттан соң автоматты түрде тағы да 5 жылға созылады, егер екі жақтың бірі келісімді бұзу туралы жазбаша өтініш жасамаса. Қазіргі күнде бұл келісімнің күші бар. Патенттік сенімді адам — бұл заңды тұлға: патентке байланысты іс-әрекетпен айналысуға құқы бар, тиісті білімі және емтихан тапсырып алған лицензиясы бар кісі. Патенттік сенімді адам өтініш беруші мен патент иегерімен келісімге отырып, кұжаттарды өткізуге, сарапшы жасауға, патент алуға қатысты барлық жұмысты өз жауапкершілігіне алады. Ол сонымен қатар патент күші бар мерзім бойы патент иегерінің пагенттік құқын қорғайды, өз клиентінің патенттік құқығының орындалуын бақылайды, сенімді тұлға ретінде патентке байланысты сот немесе келіс сөздерді жүргізеді. Патент ведомствосына түскен өтініш тіркеледі де, оған жеке нөмір тағайындалады. ССРО кезінде өтініш түскен уақытында нөмірлері сан ұлғаю ретімен тіркелетін, ССРО — ның соңғы өтініш нөмірлері 5  млн. асқан. Қазақстанда ВОИС ұсынысы бойынша өтінішті тірекеудің өзгеше нумерациялау жүйесі кабылданған. Өтініш нөмірі 6  цифрдан тұрады 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап 8 цифрден: алғашқы екі цифр өтініш беру жылын белгілейді, ал соңғы төрт цифр осы жыл бойындағы рет санын көрсетеді. Нүктеден кейін өтініштің қызметтік цифрасы қойылады: 1 — ойлап тапқан жасалым, 2 — пайдалы модель; 3 — өндірістік үлгісі, мысалға, өтініш №970458.1. Өтініш бойынша жүргізілетін істер барысында өтініш беруші міндетті түрде оның нөмірін көрсету керек. Пакет туралы заңда ендірістік меншік объектілеріне, яғни жасалу, пайдалы модель, өндірістік үлгісіне өтініш берудің тәртібі қарастырылған. Пакет құқы патенттеуді өтініш берушілік немесе авторлық жүйесін қамтыған. Өтініш берушілік жүйесінде патент өтініште патент иегері ретінде керсетілген кез келген тұлғаға беріледі. Авторлық жүйесінде патент тек қана авторға, яғни патент объектісін шығармашылық еңбегімен ойлап тапқан тұлғаға тапсырылады. Қазақстанда патенттеудің коммерциялық енгізу бағытында сипаты бар өтініш беру жүйесі қабылданған. Бұл жүйе патент құқын жасалымға ешкандай катысы жоқ, бірақ қаражат немесе әкімшілік мүмкіншілігі болып оны өндіріске тез арада енгізуге дайын тұрған тұлғаға тапсырылу карастырылған. Патент құқы мен іс жүргізу тәжірибесінде патент тапсырудың екі жүйесі бар — тікелей қатысу және тексеру. Өтінішті тікелей қатысу жүйесі екі сұрақты шешуде ғана қолданылады: 1) Өтініш берушінің формальды талаптарды орындауы (құжаттарды дұрыс безендіруі, олардың толылығы т.б,); 2) Патенттеуге рұқсат жоқ объектіге патент сұралуы. Өтініш жаңалығын ведомство тексермейді, ал бірақ кең таралған, белгілі шешімдер қабылданбайды. Идея жаңалығы үшін жауапкершілік өтініш беруші мен патент иегеріне артылады. Мұндай жүйенің артықшылығы патент берудің жылдамдығы және өндіріске оларды тез арада енгізу. Өтініш берген күншен бастап 5-6 ай өткен соң патент беріледі. Мұндай патенттің кемшілігі-оның әлсіздігі: кез келген тұлға сотта немесе патент ведомствосында патент жаңалығына күмән келтіретін дәлелдеме берсе, патенттің күші жойылып, тіркеуден, шығарылады. Тікелей қатысу жүйесі көп мемлекеттерде қолданады — Франция, Бельгия, Италия, т.б..

Тексеру жүйесінің сипаты өтініш сарапшыдан өтеді, яғни оның ғылыми жаңалығы, тиімділігі, жұмыс қабілеттілігі, құжаттардың дұрыс безендірілуі т.б. арнайы эксперименттер өтінішге тексеріледі, үсынылған шешімді түрлі ақпарат көзінде, көбінесе патент әдебиетінде жарияланған бүрыңғы ойлармен салыстырылады. Тексеріс осыған дейінгі 20 жыл бойына жүргізіледі. Негізінен бұл ССРО, АҚШ, Германия, Франция, Жапония, Ұлы Британия, Швейцария патенттері мен авторлық куәліктерін сарапшыға өткізу мерзімдері әртүрлі болып келеді, ССРО-да 6-8 айға дейін, басқа елдерде бір жылдан кем емес, кейде одан да көп. Айта кететін жағдай, ең бай, дамыған елдердің өзі аса қымбат және көлемді патент сарапшы қызметін ұстай алмайды. өйткені ол көптеген жоғары білікті сарапшыларды, зор ақпаратты патент қорын, тиісті қызметтерді жүргізуін талап етеді. Қазіргі уақытта Еуропада әлемдік қоғамдастығы мойындаған және тиісті құқықтарды үлесіне алған негізгі екі патент тексеру қызметі бар. Ол әлемдік патентті беру алдында сарапшы жүргізуге құқы бар Щвейцария мен Ресейдің патенттік тексерісі. Тексеріс жүйесі формула мәтіннің сауатты түзету, қажет жағдайда прототипті ауыстыру, МКИ индексін алмастыру т.б. мәселелерді карастырады.Мұндай тексерістен кейін берілген патенттің үлкен абыройы күші бар. Сарапшы кінәсынан жіберілген белгілі, жаңалығы жоқ идеялар саны өте аз, әсіресе осы жүйе бойынша жұмыс жасайтын елдерде. Дегенмен, мұндай жолмен алынған патентте сол арқылы жойылуы мүмкін. Тексеріс жүйесінің кемшілігі патент алуды ұзақ мерзім бойы күтуге тура келеді, өтінішті өткізген соң 5-10жылдан кейін патент берілген фактілер де бар, сонымен қатар мұндай жүйе сарапшы қызметін ұстау ушін үлкен қаражат шығынын талап етеді. Мұндай жүйе Ресей, АҚШ және т.б. елдерде қабылданған.

Кейбір елдерде патент берудің қосарланған жүйе түрін қолданады, солардың ішінде Қазақстан, Германия бар. Өтініш беруші патенттің екі түрін ала алады. Патент ведомтвосына өтініш өткізген соң ол формальді тексеріс етіп, жаңалығын дәлелдемейді. Сарапшының оң қорытындысы шығарылған соң Қазақстандағы иегері алдын ала сипатындағы патент алады. Оның құқы кәдімгі патенттің құқындай, бірақ күшін ақтайтын мерзім 5 жылдан 3 жылға дейін қысқартылып, келесі 3 жылға мерзімін созуға мүмкіндігі бар. Алдын ала сипатағандай патентті қараумен, беру  мерзімі 4 айдан кем болмауы керек. Өтініш беруші мен патент иегерінін қалауы бойынша патент жаңалығын тексерістен өткізуге болады. Қазақстандағы өтініш беруші тексеріс өткізу туралы сұраныс жасайды, бұл жағдайда берілетін құжат патент деп аталады. Өтініш беруші сұранысты алдын ала сипаттағандай патентті алу туралы өтінішті берген күнінен бастап 3 жыл бойында жасай алады. Осындай тексерістен өткен соң алдын ала сипаттағандай патентті кәдімгі патенттке ауыстырады. Жаңалығын айқындау тексерісі Ресей Федерациясының бүкіл ресейлік мемлекеттік патент сарапшысының ғылыми- зерттеу институтында (2000 жылдаи бері Өндіріс Меншігінің Федералды Институты деп аталады) өтеді. Бұл мекемемен Қазақстан Республикасы шартқа отырған. Патенттік күші өтініш беру күнінен бастап 20 жылға дейін созылады, егер тиісті органның кінәсі бойынша патент ұсталып, уақытында берілмесе қосымша 5 жылға тағы да созылады. Тексеріс барысында сарапшы өтініш берушіден қажетті мәліметтерді сұрауға, кажетті жағдайда идеяның практикалық тәжірибесін талап етуге, тәжірибелік үлгінің пайдалану актілерін алуға, т.б. құқы бар. Автор сарапшының сұрақтары тізілген сұрау хатты алған күннен бастап екі ай ішінде оған тиісті жауап қайтару керек. Өтінішті қарастырудың мерзімін қысқарту жағдайында сарапшы өтініш берушіні Москваға ФИПС — қа шақыруды ұсынып тікелей кездеседі. Тексерісті бітірген соң сарапшы өтініш бойынша өз пікірін қорытындылайды, егер оң шешім болса патент беріледі, ал теріс шешім болса патент берілмейді. Теріс шешімді алған күннен бастап екі ай ішінде өтініш беруші өзінің дәлелденген келіспеушілігін танытады. Егер өтініш беруші сарапшыны өзінің дәлелдерімен жеңсе, онда іс жүргізу ары қарай жалғасады.

Даулы жағдай туындағанда — сарапшы да, өтініш беруші де әркім өз пікірін қорғап, ортақ келісімге келмесе — өтініш беруші сарапшы пікірімен келіспейтіні туралы қатаң дәлелденген өтінішін ФИПС — тың жоғары патент палатасына беруге құқы бар. Ондағы ақырғы қабылданған шешім қайта қарастырылмайды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ