Ғылыми зерттеулердің методологиясы

0

Жоспары:

1.Ғылыми  іс-әрекеттің түрлері

2.Жүйелі бап

3.Операцияларды зерттеу

Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.Пошаев Д.Қ. Ғылыми – педагогикалық зерттеу негіздері Шымкент, 2003.

2.Асқаров Е., Балапанов Е., Қойшыбаев Б. Ғылыми зерттеулердің негіздері.Оқу-әдістемелік құрал. А., 2004.

3.Введение в научные исследование (Под. Ред. В.И.Журавлева).М,1998.

4.Герасимов И.Г. Структура научного исследование.- М,1995.

5.С.Мақпырұлы. Курстық және дипломдық жұмыстар. Қазақстан жоғары мектебі. 2005.№4.

6.Загвянский В.И. Учитель как исследователь.- М,1980.

7.Квиткина Л.Г.Научное творчество студентов.-М,1980

8.Е.С.Асқаров,Е.А.Қойшыбаева. Ғылыми зерттеулердің негіздері.А,2004.

     9.Соколов В.Н. Педагогическая эвристика. М., 1995. С.110-206.

     10.Эвристика. Разработано О.Е.Столяровой.

Қосымша:

1.Роках А.Г. Логика и эвристика научно-технических решений. Саратов, 1991, С.39-87.

2.Гурова Л.Л. Психологический анализ решений задач. Воронеж, 1976.С.32-52, 898-177, 236-304.

3.Шумилин А.Т. Проблемы теорий творчества. М., 1989. С.13-32,54-71.

4.Пушкин В.Н. Эвристика-наука о творческом мышлении. М., 1967.

5.Серебрянников О.Ф. Эвристические принципы и логические исчисления. М., 1970.

  1. Альтшуллер Г.С.   Найти  идею.   Введение  в  теорию  решения и:изобретательских задач. 2 изд. -Новосибирск: Наука. 1991, 224 с.

 

Лекция мәтіні :

1.Ғылыми жұмыстың мақсаты — іргелі және қолданбалы міндеттерді шешу. Іргелі ғылым табиғат пен қоршаған әлемнің ғалами мәселелерін қарастырады, оның зерттеу пәні ретінде әлем мен бүкіл жаратылыс құрылымының жалпы заңы мен ортақ заңдылықтары табылады. Бұл ғылымнын маңызы ешқандай экономикалық критерийлермен өлшенбейді, одан алынған нәтижелерді жақын уакытта колдану мәселелері койылмайды.

Қолданбалы ғылым іргелі ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып, өмірге жақын түсінікті міндеттерді қарастырады. Мұнда ғылыми нәтижелерді іс жүзінде пайдалану негізгі міндет болып саналады, сондықтан бұл салаға жататын зерттеулерді бастар алдында «Бұл кімге қажет?» деген сұрақтар қойылады. Іргелі және қолданбалы ғылымның арасында айқын шекара жүргізу мүмкін емес, себебі қолданбалы ғылым өзінің даму барысында және жетістіктерін қорытындылай келе бірте-бірте зерттеудің іргелі түріне айналады. Ал керісінше, іргелі ғылым тапқан жаңалықтарды пайдалана отырып, колданбалы ғылым өндіріс пен шаруашылықтың ірі мәселелерін шешуге көп ықпал жасайды. Жүргізіліп отырған жұмыстың түріне қарай қолданбалы ғылым теориялық немесе эмпирикалық (тәжірибе) сипат алады.

Теория сипатына ие ғылыми жұмыс жүргізу барысында соңғы нәтижеге жету үшін әдебиет көздерінен ақпарат жинақталады, талданып қорытылады, өңделеді, есептеледі, жаңа ой-пікір ұсынылып, болжау жасалады. Ғылыми жұмыстың мұндай сипаты дедуктивті әдіс деп аталады. Бұл әдістің ең белгілі жақтаушысы атақты тыңшы Шерлок Холмс болған. Ол былай айтадыиекен: «Бұл қылмысты ашу үшін маған менің ыңғайлы креслом, темекі салынған бірнеше трубка керек, сонда мен бұл істі бөлмеден шықпай-ақ шешемін».

Негізгі теория қасиетіндегі жұмыс зерттеушінің жеке басында, жазба үстелде, компьютер жанында жүргізіледі. Ғылыми іс-әрекеттің бұл түрінде зерттеушінің шығармашылық қабілеті, оның ақпараттық толықтылығы, ақпараттың зор ағымынан тиісті қажет бөлігін дер кезінде табу қабілеті аса маңызды. Сырттан қарағанда мұндай іс-әрекет көзге көрінбейді. Мұндай ғылыми іс-әрекетпен айналысқан тұлға сырт көзбен қарағанда күні бойы үстел басында отырған пенде немесе тіпті диванда жатқан жалқау кісі секілді. Ал шын мәнісінде зерттеуші болса тура сол кезде басымен, яғни миымен күшті жұмыс жасайды. Мұндай зерттеуші тәуліктің қай мезгілінде, қай жерде болмасын толыққанды жұмыс жүргізіп отырады-автобуста немесе машинада, магазинде, саяжайда, моншадағы Архимедке ұқсап, тіпті ұйықтап жатқанда Д.И. Менделеев сияқты. Дәл осылай ғылымның көптеген негізгі заңдары қалыптасқан, мысалға физикада, математикада, т.б.

Мұндай іс — әрекеттің түрі, нәтиже алуда белгілі қауіп-қатер әкеледі, себебі көп жағдайда, жоғарыда айтқандай, адамның өзіне оның шығармашылық қабілетіне, қиялына күнделікті құбылыстарды түсініксіз, әдеттен тыс фактілерді байқауында, одан жаңа идеяны ойлап табуына байланысты. Сондықтан кейбір жағдайда орасан зор уақыт өткізіп, зерттеуші ешбір қорытындыға келмеуі немесе теріс иәтиже алуы да мүмкін.

Теория ғылымы өз кезегінде аналитика және өнертапқыш түріне бөлінеді.

Аналитикалық ғылым белгілі түсініктер мен заңдарды математикалық өңдеудің есептеу әрекетінен құралады, Мұның мақсаты аталған заңдармен құбылыстардың сандық сипаттамасын беру. Бұл зерттеулердің мақсаты, зерттеу обьектісін жүзеге арсырудың түрлі жағдайында бет алысын болжамдап математикалық байланыстылығын табу.

Теория ғылыми жүзеге асуда арнайы жабдық пен бөлмелер қажетсінбейді, зерттеуші ешкімнің көмегіне зәру емес, керек нәрсені өзі-ақ қамти алады. Сондықтан теория ғылымы көп жағдайда дара тұлғалардың үлесінде болады, ондай ғалым жеке өзі-ақ айтарлықтай нәтижеге жете алады.

Өнертапқыштық іс-әрекет бұған дейін беймәлім, белгі мен қасиеттер ашу арқылы зерттеу объектісіне қажетті сапалы дәреже (индикатор) мен санды деңгейін (параметр) аса зор өлшемге көтеру мүмкіндігін туғызатын жаңашылдық сипатындағы ерекше шешімдер іздеп табудан құралады. Мұндай іс-әрекет жүргізу үшін, тек қана ақпараттық қамсыздандырумен шектелуге болмайды, ол үшін көп білу керек, зор шығармашылық қабілеттерді, қиялды өз бойында қалыптастыру қажет, ерекше ойлау дағдысын тәрбиелеу — қалыпты пікір-шешімге бағынбай, өз көзқарасын байыту кажет. Дәл осындай шешімдер ғылыми ой-өрісті ілгері жылжытады, жаңа көкжиек, бағыт ашады, ескірген идеялар тоқырауынан алып шығады.

Эмпирикалық (тәжірибелік) ғылым жаңа жетістіктер мен идеяларды шығару үшін көлемді практикалық жұмыс өткізуі керек. Ақпараттың негізі ағымын тәжірибе барысында лабораторияларда, арнайы қондырғыларда өткізілген жұмыстардан  алынған нәтижелер құрайды. Ғылыми жұмыстың мұндай түрінде үлкен төзімділік, мақсаттану, сәтсіздікке мойымау қабілеті, жылдар бойы көлемді, бір сарынды жұмыстарды жүргізе беру ниеті аса кажет. Мысалы, ұлы физиктер Пьер және Мария Кюри өз қолымен алты тонна уран рудасының қалдықтарын өңдеп, жаңа химиялық элемент    радийді тапты.

Ғылыми іс- әрекеттің бұл түрінде шығармашылык, киялдану элементтері теориялық іс-әрекетіне қарағанда әлдеқайда қарапайым. Бұл жұмыстарды жүргізу үшін арнайы лабораториялық жабдықтар, тәжірибе өткізетін тиісті жағдайлар жасалу керек. Сол себептен ғылыми іс-әрекеттің бұл түрі көбінесе топтық немесе ұжымдық сипатқа ие болады. Жұмысқа материалдық жабдық керек: арнайы прибор, машина, стенд, реактив, көрсеткіштер, ыдыс, үлгілер т.б. Жұмыстың жетістігі көп жағдайда осындай қамтамасыздандырудың сапасы мен дер кезінде оны жеткізуге байланысты.

Жеке зерттеушінің енші-үлесі мұндай жұмыста аздау болып келеді. Сол себепті бұл жағдайда жеке басты зерттеушілер сирек кездеседі, өйткені қара жұмыстың көлемі аса ауқымды болғандықтан оны бір адам орындай алмайды. Эмпирикалық ғылым қорытынды жасауда қауіп — қатерден сақтанған және болжам жасау ұзақ мерзімді қамтыған. Зерттеушінің міндеті -тәжірибелік жұмыстарды тоқтамай жүргізіп, қойылған параметрлер мен алынған қорытындылар арасындағы қатынасты зерттеу.

Теория және эмпирика ғылымдары бір — бірін толықтырады, байытады. Тек қана практика жұмыстарына негізделген ғылым ұсақ-түйек фактілермен үйіліп, басылып қалады да жалпы бағытты жоғалтып алады. Екінші жағынан қарағанда, тек қана теория ой-түйіндеріне сүйенген ғылыми жұмыстардан жасалған идеялар шындықтан, практикалық қажеттіліктен айырылып калып схоластикаға әкеліп тірейді. Әрбір зерттеушіге ғылыми жұмыстың осы екі түрінің оңтайлы қарым- қатынасын табу кажет.

Зерттеу объектісі бойынша ғылым жаратылыстану және гуманитарлы болып белінеді.

Жаратылыстану ғылымдары өмірде объективті түрде, адам жігерінен тәуелсіз құбылыстарды зерттейді. Бұл құбылыстар өзгертілмеген шарттарды қамтамасыз еткенде көп мәрте қайталана береді және шексіз уақыт бойы дүниеден табылады. Бұған физика, химия, биология, медицина сияқты, т.б. ғылымдар жатады. Ғылыми-зерттеулердің қорытындысы абсолютті объективті, олар зерттеуші тұлғасынан, оның көзқарасына тәуеелсіз болып келеді. Олар табиғаттың абсолютті заңдарына бағынып, әлем өмір сүргенше бұл дүниеден табылады.

Гуманитарлы ғылымдар адамның рухани өміріне байланысты және оның жігеріне, дамуына, уақыт пен кеңістікке тәуелді үрдістерді зерттейді. Бұған тарих, философия, лингвистика, т.б. ғылымдар кіреді. Бұл ғылымдар субъективті, олардың жасаған қорытындылары кісі тұлғасына, зерттеу әдісіне, зерттеу орны мен уакытына байланысты. Бұл салада жүргізілген жұмыс ғалымнан зор азаматтық пен шыншылдықты талап етеді. Мұның себебі зерттеулер адамның рухани өмірімен байланысты болғандықтан, қорытындылары түрлі тұрғыдан талқылануы мүмкін, нәтижесінде белгілі саяси, ұлт, экономика мүдделерін қорғауда пайдаланылады. Мысалға, тарих ғылымында қазіргі саяси көзқарасы мен жалпы саяси жағдайды ескере отырып, өткен тарихтың белгілі қайраткеріне әртүрлі баға мен түсінік берілуі мүмкін.

2.Ғылым мен техниканың қазіргі даму кезеңіне тән ғылыми-техникалық міндеттердің күрделенуі және адам іс-әрекеттің көлемінің өсуіне байланысты зерттеу мәселелердің шешу сапалы өзгерістерге әкелді. Ірі энергетика, радиотехника, ақпараттық, есептегіш және басқа күрделі кешендерді жасау барысында тек қана жеке құрылғылардың кызмет ету ерекшелеріне емес, жалпы жүйеге катысты мәселелерді шешуге тура келеді.

Үлкен күрделі жүйенің ерекшелігі көптеген өзара байланысты элементтер мен ішінара қатынастағы компоненттердің бар болуы. Сондықтан технологиялық үрдістері, әсіресе көлемді жүмыстары механизация құралдарымен жабдықталған және өндіріс циклдарын меңгеру автоматизацияланған күрделі жүйе ретінде қарау керек.

Кешендік мағынаға ерекше назар салып, зерттеуде өзара байланыс пен нақты ұйымдастыруды кең ауқымда қамтитын, бағдарлама іздеу, жоспар таңдау мен жоба қолдау ұстанымы жүйелі бап деп атанған. Бұл зерттеу бабы кез келген техника объектісі, құрылғы, тірі организм іс-әрекеті мен қоғамдық көріністің дамуына ықпал ететін көптеген факторлар санын ескеріп отырады. Бұл баптың ұйғаруынша өндіріс жүйесі техника — эксплуатация параметрлерімен қатар экономика, саяси-әлеуметтану, экология, биология, адам және т.б. факторларды ескеруі қажет.

Жалпы алғанда жүйелі бап мәнді ішкі байланыс пен маңызды сыртқы қатынастарды назардан еш шығарып алмау үшін жәй-жағдайды қадағалап, олардың әсерін бағалауды талап етеді. Түбінде маңызды қозғаушы күш-себептер(факторлар) барлығы ескерілуі керек: себебі оларға құрылғы жұмысы да, технологияның үрдісі де тәуелді. Әсер ететін факторлардың барлығы есепке алынды деп ешқашанда сеніммен айтуға болмайды, сондықтан мейлінше көптеген түрі қамтылды деп болжауға болады.

Барлық факторлар (есепке алынғаны да, алынбағаны да) бір сәтте әсер ықпал жасайтындықтан, олар өзара тығыз байланыста, өзара жарасымды қарым-қатынаста, өзара бір-біріне тәуелді болып келеді. Сондықтан жеке алынған бір фактордың өзгеруі әсерлі болып көрінбегенімен, уакыт өте келе басқа көптеген маңызды факторлардың өзгеруіне тікелей себепші болып табылады. Нәтижесінде техникалық қүрылғының жұмысы, аталған құбылыстың барысы, ағзаның іс-әрекеті т.б., бүкіл жүйенің қызметі бұзылып, күтпеген сценарий бойынша дами бастайды.

Жүйе анықтамасы екі түрлі карама-қайшы амалмен беріледі:

1) тікелей немесе конструктивті түрінде, яғни тиісті объектінің құрылымын нақты бейнелеу;

2) жанама немесе суреттеу жолымен.

Күнделікті өмірде және ғылыми-зерттеулерде, әсіресе жұмыстың бастапқы кезеңінде, суреттеу анықтамасы жиі қолданылады. Бірақ келесі кезеңде суреттеу анықтамасын нақты бейнелеуге айналдыру міндеті тұрады, себебі ол жүйенің нақты тіршілік еткенін дәлелдейді, ал жанама анықтама өмірде жоқ объект келбетін ой-қиялмен елестетуі мумкін, мысалға, мәңгілік қозғалтқыш, атом мен әлем дүниесінің құрылымы,т.б.

Өндіріс жүйенің конструктивті анықтамасы жүйе құру касиетіне сүйеніп, қоршаған ортадан жүйені белгілемейді. Ондай қасиет болып жүйе мақсаты алынады. Сонымен, жүйе анықтамасы былай айкындалады:»Шексіз ортадан белгіленген жүйеге қойылған мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін іс-әрекетке қажетті де әрі жеткілікті, сол және тек қана сол элементтер кіреді.»

Демек, жүйе құрамынан сыртқы жанама компоненттермен қатар техникалық кұрылғының немесе биологиялық ағзаның құрылымына кіретін, бірақ нақты қойылған мақсатқа жету үшін қажетгілігі жоқ элементтер де шығарылады.Нені жүйе құрамына қосу немесе коспау мәселесі зерттеу түрінде анықталады. Жүйенің мақсатын дәл анықтау кез- келген жүйені қарастырудың қисын негізі (логическая основа) болып келеді. Мақсатты қызмет жүйелі бапта өте маңызды, себебі ол жаңа өндірісті жоспарлауды, жаңа машина, дәрі-дәрмек пен технологияны, т.б. жасауды анықтайды. Құрастырудың «дұрыс» мақсатын таңдау шын жүйені жасаудан маңыздырақ. Себебі «дұрыс емес» жүйе — жақсы да тиімді де жүйе емес, дегенмен ол қойылған мақсатқа мейлі күдікті жолмен болса да апарады. Егер де дұрыс емес мақсат таңдалса, онда жүйе тіпті басқаша болады: жүйе конструкциясы қандай жетілген түрде болса да, ол қойылған талаптарға сай келмейді, сол себептен мақсатқа да қол жеткізу қиынға соғады.

Мақсат қою — қиын да бір мағыналы емес үрдіс. Мақсатты сөзбен айқындау қиындығы, біріншіден, оның қоғамдық-тарихи және әлеуметтік экономикалық категория болғандықтан, қоғамның даму кезеңіне, мүмкіндігіне және тұтынудың өзгеруіне байланысты құбылып тұрады. Мұндай жағдайдың туу себебі мақсатқа жету үшін қондырғылар, материал, көлік, білікті жұмысшылар, т.б. керек; қорлар қажет, ал олардың мөлшер-шамасы әрқашанда шектеулі. Сондықтан мақсаттар дәл қажетті сол уақытқа және орындалу мүмкіндігі бар жерде қойылуы керек. Жүзеге асырылмайтын, мейлінше сұлу да қызықты, мақсаттарды қоюға болмайтынын және олардың зиян әкелетінін айтпаса да   түсінікті.

Мақсатты таңдау үшін ғылыми тұрғыдан негізделген, анықтауға көмектесетін, нақты тұжырымдауды пайдаланатын, ең қажеттісін басқаларының ішінен іріктейтін әдістер бар. Бұл әдістер негізінде математика үлгісін(моделін) талдау ман пайдалану жатыр.

Математика моделі көмегімен әр түрлі жағдайларды үлгі арқылы ойнатып шығып талдағанда, мақсатқа жеткізетін қажетті ресурстар мөлшерін анықтауға, үрдіс барысында қолданатын түрлі әдістерді зерттеуге, толық акпаратты жинауға мүмкіндік туғызады. Нәтижесінде іске аспайтын мақсаттарды шығарып тастап, негізделген таңдау жасап, мақсаттарды өзара сатылап тізуге жол бсреді.

Жүйелі талдау — ғылыми әдістер мен күрделі мәселелерді шешетін практикалық тәсілдер жиынтығы. Жүйелі талдауға тән нәрсе — мәселені шешуде реттелген, кисын тұрғысынан негізделген  тәсілдерді қолдану. Мұнда жаңа физикалық құбылыс немесе ерекше математика аппараты пайдаланбайды. Туындаған мәселелер шешімін кабылдау мен мақсат қоюда мамандар білімін, тәжірибесін керек десеңіз қиялын тиімді пайдаланып, реттеу тәсілі ретінде қызмет етеді. Үрдіс мақсаты көп жағдайда бұлдырыңқы болып аталады. Интуитивті түрде мақсат анық, себебі ол қалыптасқан жағдайды жақсарту, жаңа бұйымдарды жасау,  технологияны жетілдіру ниетімен байланысқан, бірақ нақты, сан өлшемдерімен айту қиынға соғады. Көп факторлар, әсіресе эстетика, репутация, престиж, квалификация түсініктермен байланысқан, табиғи өлшемдері жок сондықтан олардың бағалауы субъективті де бір мағыналы емес. Бірақ дәл осы түсініктер мақсат коюда мотивациялық факторы ретінде жиі кездеседі. Көп факторлар табиғи өлшеу шкаласы түгіл, бір бірімен өлшем қатынасында бола алмайды. Мысалға, өлшем катынасында қатар тұрмайтын факторлар қауіпсіздік пен баға, мұндай параметрлер арасында қалыпты арифметикалық операция жасалуы мүмкін емес.

3.Қазіргі уақытта ғылым мен техниканың дамуы жоғары деңгейге жетті, өндіріс көлемі жылдан жылға өсіп келеді, адам іс-әрекеті қоршаған ортаға зор ықпал жасауда, сондықтан оның қабылдаған шешіміне болашақ өмір тәуелді болуын мойындау керек. Әрбір техника жаңашылдығын іске асыру барысында көптеген халыққа әсері тиіп, адам тағдырын өзгертуге әкеліп соғады. Мұндай жағдайда шешім қабылдауда дұрыс, ғылыми негізделген ұсыныстарға сүйену аса қажет болып саналады. Мысалға, жиі кездесетін жағдай: бір іс ұйымдастырылып жатыр делік, ол түрлі әдіс — тәсілмен орындалуы мүмкін, бірнеше шешімнің ішінен тек біреуін ғана таңдау қажет. Қай вариантты таңдау керек? Әрбір варианттың өзіндік артықшылығы да кемшілігі де бар, оның қайсысы дұрысырақ деп жағдайдың беймәлім күрделілігінен кесіп айту қиын. Сол үшін математика есептерінің теориясы өткізіледі. Оның міндеті — шешім қабылдайтын зерттеушілерге дұрыс вариантты таңдауға көмек беру. Ең жақсы дұрыс вариантты ұсынатын мұндай әдіс операция зерттеулері деп аталады.

Операция зерттеулері үлкен объекті меңгеруде және басқаруда мақсатқа жетудің ең оңтайлы жолын табуда қолданылады. Мысалға, мақсат үлкен көлемді технология үдерісін іске қосу делік. Операция деп, ортақ оймен бірлескен және қойылған мақсатқа жетуге бағытталған шешімдер кешенін атайды. Операция басқарылатын шешім боп табылады. Шешім қабылдайтын зерттеушінің ақпараттық жетілуіне қарай шешім кабылдаудың шарттары өзгеріп, ұсыныс жасауға қолданатын бағдарламалар, жобалар мен жоспарлар алмастырылады. Егер жүйеде ықпал жасайтын барлық факторлар белгілі болса, яғни кездейсоқ ықпал жоқ болса, онда шешім толық анықтылық жағдайда қабылданады. Ал шешім толық емес жартылай анықталған жағдайда қабылданса, онда зерттеуші күтпеген қорытындыға немесе нәтижеге келу қауіпі бар.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ