Есепті шешу әдістері.

0

Жоспары:

 

  1. Каталог әдісі. Фокальды объектілер әдісі. «Мозговой штурм» әдісі.
  2. Синектикалық процестер және оларды пайдалану әдістері. Морфологиялық анализ

және синтез әдісі.

 

Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.Пошаев Д.Қ. Ғылыми – педагогикалық зерттеу негіздері Шымкент, 2003.

2.Асқаров Е., Балапанов Е., Қойшыбаев Б. Ғылыми зерттеулердің негіздері.Оқу-әдістемелік құрал. А., 2004.

3.Введение в научные исследование (Под. Ред. В.И.Журавлева).М,1998.

4.Герасимов И.Г. Структура научного исследование.- М,1995.

5.С.Мақпырұлы. Курстық және дипломдық жұмыстар. Қазақстан жоғары мектебі. 2005.№4.

6.Загвянский В.И. Учитель как исследователь.- М,1980.

7.Квиткина Л.Г.Научное творчество студентов.-М,1980

8.Е.С.Асқаров,Е.А.Қойшыбаева. Ғылыми зерттеулердің негіздері.А,2004.

9.Соколов В.Н. Педагогическая эвристика. М., 1995. С.110-206.

10.Эвристика. Разработано О.Е.Столяровой.

Қосымша:

1.Роках А.Г. Логика и эвристика научно-технических решений. Саратов, 1991, С.39-87.

2.Гурова Л.Л. Психологический анализ решений задач. Воронеж, 1976.С.32-52, 898-177, 236-304.

3.Шумилин А.Т. Проблемы теорий творчества. М., 1989. С.13-32,54-71.

4.Пушкин В.Н. Эвристика-наука о творческом мышлении. М., 1967.

5.Серебрянников О.Ф. Эвристические принципы и логические исчисления. М., 1970.

 

Лекция мәтіні:

 

            1.Каталог әдісі ұқсастықтарды іздеуге, обьект туралы білімді бір облыстан екінші облысқа өткізуге негізделген. Бұл кезде түрлі обьектілердің белгілері, қасиеттері және сипаттамалары қолданылады. Жаңа обьект құру немесе жетілдіру мәселесінің шешімінің күтпеген варианттар саны елеулі көп болады, егер оған кездейсоқ таңдалған обьектілердің белгілерін өткізсе.

Фокальды обьектілер әдісі тасымалдау (перенос) фокусында тұруы қажет жетілдірілуші обьектке кездейсоқ таңдалған обьекттің белгілерін тасымалдаумен (орнын ауыстырумен, өткізумен – в переносе) сипатталады. Әдісті төмендегі ретте жүзеге асырады:

  • фокальды обьектті таңдау;
  • кездейсоқ обьектілерді таңдау;
  • кездейсоқ обьектілердің ерекше белгілерін сипаттау;
  • фокальды обьектіге кездейсоқ таңдалған обьектілердің белгілерін біріктіру арқылы гипотезаны (болжамды) генерациялау (өндіру, алу);
  • еркін ассоциация негізінде ұсынылған гипотезаны дамыту;
  • эксперттік бағалау, гипотезаларды және оларды жүзеге асыру стратегияларын іріктеу.

Бұл әдіс түрлі құрылғылардың жаңа модификациясын (өзгерген түрін) іздеу практикасында кең тараған. Оқу мақсатында елестетудің (воображения) инерциясын жаттықтыру және алып тастау үшін қолданылады.

Бақылау сұрақтары әдісі. Бұл әдіс жауаптары шешімге алып келуі керек болатын сұрақтар жүйесі арқылы ойлау процесін белсенді ететін әдістердің бірі. Сұрақтар белгілі бір ретте орналасады. Жаңалық ашушы адам (изобретатель) бұл сұрақтарға жауапты өзінің есебіне байланысты басқа жаңалық ашушы адам мен монолог немесе диалог түрінде қалыптастырады.

Бұл әдіс басқа әдістердің құраушы элементі ретінде қолданылуы мүмкін, мысалы «ой шабуылы» (мозговой штурм).

Практикада бақылау сұрақтарының түрлі тізімдері қолданылады. Г.Я.Буштың тізімі универсал деп танылған. Ағылшын Т.Эйлоарт құрған сұрақтар тізімі ең жақсылардың бірі болып есептеледі. Ақш-та А.Осборнның сұрақтар тізімі кең таралған.

«Ой шабуылы» (мозговой штурм) әдісі – ұжымдық шығармашылық әрекетті (белсендірудің) күшейтудің тиімді әдістерінің бірі. әдіс идеясы мынаған негізделген: сын және қорқыныш ойлауды бәсеңдетеді, шығармашылық процестерді жасырады. Осыны ескеріп гипотезаны және оның сын бағаларын ұсынуды уақыт бойынша бөлу ұсынылды. Бұл екі процесті түрлі адамдар жүргізуі керек.

 

Бұл әдісті қолданып есепті шешу барысын бастық басқарады. Ол «ой шабуылының» барлық ережелері мен процедураларының орындалуын қамтамасыз ету керек, атап айтқанда:

  1. Есеп шарты «шабуылдан» алдын жалпы негізде құрылады.
  2. «Идеялар генераторы» тобы ажыратылған уақыт ішінде барынша көп гипотезалар қалыптастыруға тырысады. Идеялар (кез-келген фантастикалық, аралас, қате) бірінен кейін бірі үздіксіз, бір-бірін толықтыра және дамыта келуі керек. Әрбір идеяға берілетін регламент 2 минут көлемінде. Дәлелдеулер талап етілмейді. Барлық идеялар хатталады. Бұл кезеңде кез келген сынға рұқсат етілген.
  3. Эксперттер тобы ұсынылған гипотезалардың бағалылығы туралы пікірлерін шығарады.
  4. «Шабуыл» процесінде шешілмеген есеп сол ұжымға басқаша түрде тағы беріледі.
  5. гипотезаны 10 балдық жүйемен бағалау мүмкін және барлық эксперттердің бағалары бойынша орта балды шығаруға болады.

 

2.Синектикалық процестер және оларды пайдалану әдістері.

Синектика – мәселенің шешімін табу процестерін интенсивті (үдемелі, қарқынды) психологиялық белсенді ету (күшейту) әдістерінің жүйесі. Әдіс «ой шабуылының» логикалық дамуын бейнелейді. Бұд әдістің «ой шабуылы» әдісінен айырмашылығы ол шығармашылық әрекеттің арнайы әдістерінен хабары жоқ адамдармен жүргізіледі. Синектика өзінің әрекет процесінде тәжірибе, түрлі тәсілдер жинақтайтын, яғни өзінің шығармашылық потенциялын (жұмыс істеу қабілетін) үнемі арттырып отыратын тұрақты топ құруды ұсынады. Сондықтан бұл әдісті аналогия (ұқсастық) мен ассоциация кеңінен қолданылатын кәсіби «ой шабуылы» деп те атайды.

Синектикалық топтар түрлі мамандықтағы жастағы адамдардың бірігуін білдіреді. Топтағы адамдар саны 5 немесе 7. 8 немесе 12 ай бойы топты жұмысқа дайындайды. Дайындық жалпы ғылыми, кәсіби және психологиялық бағытта жүреді. Мұндай топтардың әрекетінің мақсаты мәселенің шығармашылық шешімін табуға тырысу.

Морфологиялық анализ және синтез әдісі есептің шешіміне жүйелі түрде келу идеяларын жүзеге асыруды білдіреді. Берілген есептің барлық мүмкін болатын шешімдерін реттелген және жүйеленген шолуға негізделген. Обьектте немесе есепте әрқайсысы бойынша нақты варианттар тізімі құрастырылатын бірнеше типтік морфологиялық белгілерді ерекшелейді. Белгілер мен олардың варианттары морфологиялық матрица түрінде орналасады, ол іздеу өрісін көрнекі етеді.

Әдісті жүзеге асыру мынадай деңгейлерді қарастырады:

  1. Есептің анық қойылуы.
  2. Обьекттің барлық морфологиялық белгілерінің, яғни оның барлық сипаттамаларының және параметрлерінің тізімін құру.
  3. Морфологиялық белгілердің мүмкін варианттарын табу және морфологиялық матрицаны құру.
  4. Берілген критериялар бойынша шешудің алынған гипотезаларының бағалылығын анықтау.
  5. Ең тиімді шешімдерді таңдау.

Морфологиялық анализ әдісі ғылыми зерттеулерде жүйелі тәсілді (подход) анықтайды. әдістің предметі болып жалпы проблема (техникалық ғылыми, әлеуметтік т.б.) табылады. Мәселенің дәл қойылуы өте маңызды параметрлерді автоматты түрде ашады. Шешімдер осыған тәуелді және мұндай әрбір параметр мәндер қатарына бөлінуі мүмкін. Параметр мәндерінің кез келген сәйкестігі мүмкін негізде есептеледі. Әдісті көптеген фирмалар ғылыми-техникалық есепті шешуде қолданды. Осы әдісті қолдану нәтижесінде көптеген оригинальды өнімдер (изобретений), соның ішінде баллистикалық құрылғылар, жарылғыш заттар, т.б. құрылды. Морфологиялық анализ-синтез жүйелі ойлау үшін негіз құрады. Ол мүмкін болатын барлық шешімдерді жүйелі шолуға жетуге мүмкіндік беретін зерттеудің реттелген тәсілі болып табылады. Оны жүзеге асыру кезінде ойлау жаңа ақпарат тудырады, дербес жағдайда жүйесіз іздеу әрекетінде көзден және ойдан тасада қалатын комбинациялар жайлы.

Әдісті жалпы жоспардағы конструкторлық есептерді шешуде қолдану пайдалы.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ