Техникалық есеп эвристикалық әрекет предметі (пәні, тақырыбы) ретінде.

0

Жоспары:

1.Техникалық есеп эвристикалық әрекет

      2.Шешілмеген техникалық есептің деңгейлері

Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.Пошаев Д.Қ. Ғылыми – педагогикалық зерттеу негіздері Шымкент, 2003.

2.Асқаров Е., Балапанов Е., Қойшыбаев Б. Ғылыми зерттеулердің негіздері.Оқу-әдістемелік құрал. А., 2004.

3..Введение в научные исследование (Под. Ред. В.И.Журавлева).М,1998.

4..Герасимов И.Г. Структура научного исследование.- М,1995.

5.С.Мақпырұлы. Курстық және дипломдық жұмыстар. Қазақстан жоғары мектебі. 2005.№4.

6.Загвянский В.И. Учитель как исследователь.- М,1980.

7.Квиткина Л.Г.Научное творчество студентов.-М,1980

8.Е.С.Асқаров,Е.А.Қойшыбаева. Ғылыми зерттеулердің негіздері.А,2004.

     9.Соколов В.Н. Педагогическая эвристика. М., 1995. С.110-206.

     10.Эвристика. Разработано О.Е.Столяровой.

Қосымша:

1.Роках А.Г. Логика и эвристика научно-технических решений. Саратов, 1991, С.39-87.

2.Гурова Л.Л. Психологический анализ решений задач. Воронеж, 1976.С.32-52, 898-177, 236-304.

3.Шумилин А.Т. Проблемы теорий творчества. М., 1989. С.13-32,54-71.

4.Пушкин В.Н. Эвристика-наука о творческом мышлении. М., 1967.

5.Серебрянников О.Ф. Эвристические принципы и логические исчисления. М., 1970.

Лекция мәтіні:

            1.Жоғарыда қарастырылған эвристикалық әрекеттің элементтері – ережелер, амалдар, стратегиялар және шындыққа ұқсас пікірлеулер – есептің шешімін іздеуді ұйымдастыру аппаратының негізін құрайды. Эвристикалық әрекеттің элементтерін жүйелі қолдану шарттарды логикалық-эвристикалық зерттеу методикасында және кері байланыстар негізінде жүзеге асырылады. Болашақ мамандар негізгі жүйелік әдістердің идеяларын және олардың қолданбалы мүмкіншіліктерін білуі қажет.

            Түрлі сипаттағы есептердің принципті және тиімді жаңа шешімдерін эвристикалық іздеудің жүйелі әдістері біздің ғасырымыздың 40-60 жылдарында қарқынды құрастырылып қолданыла бастады. Мұны іс-тәжірибенің сұраныстары талап етті. Көптеген әдістер мен олардың түрлері жасалды. 70-ші жылдары практикалық өмірдің кең адымдап бара жатқан мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін жүйелі эвристикалық әдістерді кеңінен қолдану үшін теориялық зерттеулерге және тиімділігі мен қолжетерлігін талдауға бағытталған жұмыстар басталды.

            Техникалық есептерді ғылыми білімдер жүйесінен бөліп алу инженерлік-техникалық еңбектің өзіндік ерекшелігі ойлаудың белгілі бір жақтарын дамытуды шақырумен байланысты. Ол өзінің келіп шығу көздерінде және негізінде болмысты танудың жалпылығы болып есептеледі және проблемалық есептерді шешу арқылы жүзеге асырылады. Техникалық есептерді шешу, яғни конструкциялар (құрылғылар, техникалық жүйенің бөліктерінің өзара орналасуы), жобалар (техникалық обьектілерді құру үшін қажет құжаттар мен технологиялық ақпараттар жиыны), механизмдер (бір түрдегі қозғалысты басқа түрге түрлендіруге арналған жүйелер), автоматтар (берілген программамен белгілі бір амалдарды орындайтын техникалық құрылғылар), немесе «адам – машина» сияқты күрделі жүйелерді құру. Мұнда оператор түрлі деңгейдегі эвристикалық әрекеттер мен байланысты материалдық және ақпараттық өнімдерді өндіру процесінде техникалық құрылғылармен өзара әрекеттеседі. Бұл оның обьективті сипаттамасында алынған шешімнің жаңалығы дәрежесі бейнеленеді. Мұндай сипаттама төмендегілермен негізделеді:

  • таным деңгейіне түбірлі өзгерістер енгізетін материалдық әлемнің алдын белгілі болмаған обьективті бар болатын заңдылықтары, қасиеттері мен құбылыстарын орнату сияқты ғылыми жаңалықтарда;
  • тексеруден соң (испытание – жұмысшы сипаттамаларын анықтау мақсатында техникалық құрылғыны тексеру) техникалық обьектілерді ендіру мен немесе эксплуатацияға енгізумен (эксплуатация – техникалық обьектілерде белгілі мақсатта пайдалану) аяқталатын шаруашылықтың және мәдениеттің кез келген саласында жаңа өнімдерде (изобретение) техникалық есеп шешімі ретінде, жаңа өнім (изобретение) әрдайым жақсы эффект береді.
  • Технологияны жаңалауды қарастыратын рационализаторлық ұсыныстарда техникалық шешімдер жобасы ретінде.

Әдетте техникалық есеп инженерлік-конструкторлық есеп ретінде белгілі стандартты әдістер мен алгоритмдер арқылы шешіледі. Шешілмеген техникалық есеп бес деңгейге бөлінетін жаңалық ашушы (изобретательский) класқа өткізіледі. Ал оларды шешу процесі негізгі бірнеше кезеңдерге: есепті таңдау, іздеу концепциясын таңдау, ақпарат жинау, шешу идеяларын іздеу, конструкциялардағы идеяларды дамыту, техникалық анализ, ендіру кезеңдеріне бөлінеді.

2.Әрбір кезең бес деңгейдің бірінен өтуі мүмкін.

Бірінші деңгей. Шешу үшін дайын обьект (есеп) пайдаланылады. Бұл кезде обьект өзгермейді, бірақ шешу кезінде оның қандай да бір сипаттамалары күшеюі мүмкін. Шешу дайын гипотезаға негізделеді, дайын шешімдер мен конструкциялар қолданылуы мүмкін.Есеп және оны шешу құралдары бір бағыттағы мамандықтар шеңберінен шығып кетпейді.

Екінші деңгей . Шешу үшін қайсыбір жиыннан бір есепті таңдау керек. Бұл кезде обьект (есеп) оншалықты өзгермейді. Шешу бірнеше гипотезаның ішінен бірін таңдауға негізделген. Есеп және оны шешу құралдары бір саланың шеңберінен шықпайды.                         Үшінші деңгей. Шешу үшін бастапқы обьекті (есепті) өзгерту керек. Өзгеріс принциптік сипатта болады. Шешу мәні өзгерген гипотезаларға негізделеді.Есеп және оны шешу құралдары бірнеше саланың жетістіктерін пайдаланады, бірақ ғылыми аймақтан (облыстан) шығып кетпейді.

Төртінші деңгей. Шешу үшін жаңа обьект  құру талап етіледі. Шешу жай емес конструкциялар құруға мүмкіндік беретін белгісіз гипотезаларға негізделеді. Есеп және шешу құралдары бір ғылыми облыстық шекарасынан шығады, белгілі физикалық эффектілер мен құбылыстарды, сондай-ақ жаңа материалдарды пайдаланады.                                Бесінші кезең. Шешу үшін таныс емес проблеманың мәнін бейнелейтін жаңа обьектілер комплексін құру қажет. Шешу принціптік жаңа гипотезаларға негізделген. Есеп және оны шешу құралдары ғылым мен техниканың алдыннан белгілі жетістіктерінің шекарасынан толық шығып кетеді.

Өнертапқыштық есебінің шарттары белгілі үш элементтерден тұруы керек: нақты техникалық жүйелердің қысқаша сипаттамасы және олардың кемшілігі, идеальды соңғы нәтиже және соңғы екі элементті салыстыру нәтижесінде анықталған техникалық қайшылықтар.

Идеальды соңғы нәтиже тиімді техникалық шешім алу үшін ориентир (бағдар) болып есептеледі. Ол идеальды машина, идеальды заттар, идеальды әдіс және б.б. ұғымдарға негізделген.

Техникалық есептерді шешуде туындайтын қайшылықтар үш түрге бөлінеді: әкімшілік, техникалық және физикалық.

Әкімшілік қайшылықтар деп өнертапқыштық есептердің туындауы фактісінде бастапқыда бар болған қайшылықтар айтылады. Мысалы оператордағы қайшылық, бірер нәрсені дайындау керек болып, бірақ оны қалай істеу керектігі белгісіз болғанда пайда болады. Бұл қайшылықтар эвристикалық күшке ие емес, бірақ дәл осылар шығармашылыққа үндейді.

Техникалық қайшылықтар жүйенің бөліктері мен параметрлері арасында қалаған бағытта өзгертуге әрекет жасағанда пайда болады, мысалы техникалық кибернетикадағы қайшылықтар.

Физикалық қайшылықтар деп жүйенің бір және сол бір бөлігінің өзара қарама-қарсы талаптарды талап етуі айтылады.

Техникалық қайшылықтар физикалық себептермен шартталған және әрқандай механика өзара байланысқан масса, қуат, т.б. параметрлер комплексімен сипатталады дегенге негізделген.

Белгілі әдіспен есепті шешу кезінде бір параметрді жақсартуға әрекет жасау басқа параметрді төмендетуге алып келеді. Конструкцияның беріктігін арттыру массаның артуымен байланысты. Бір сипаттамаларды жақсарту екіншілерін төмендету арқылы болатын мұндай үйлестіру техникалық қайшылық деп аталған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ