Болжаудың формальды схемасы

0

Жоспары:

  1. Мүмкін негізді зерттеу.
  2. Қарама-қайшы болжамдарды зерттеу.
  3. Қорытынды кесте.
  4. Аналогия бойынша ойқорыту.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.Пошаев Д.Қ. Ғылыми – педагогикалық зерттеу негіздері Шымкент, 2003.

2.Асқаров Е., Балапанов Е., Қойшыбаев Б. Ғылыми зерттеулердің негіздері.Оқу-әдістемелік құрал. А., 2004.

3.Введение в научные исследование (Под. Ред. В.И.Журавлева).М,1998.

4.Герасимов И.Г. Структура научного исследование.- М,1995.

5.С.Мақпырұлы. Курстық және дипломдық жұмыстар. Қазақстан жоғары мектебі. 2005.№4.

6.Загвянский В.И. Учитель как исследователь.- М,1980.

7.Квиткина Л.Г.Научное творчество студентов.-М,1980

8.Е.С.Асқаров,Е.А.Қойшыбаева. Ғылыми зерттеулердің негіздері.А,2004.

     9.Соколов В.Н. Педагогическая эвристика. М., 1995. С.110-206.

     10.Эвристика. Разработано О.Е.Столяровой.

Қосымша:

1.Роках А.Г. Логика и эвристика научно-технических решений. Саратов, 1991, С.39-87.

2.Гурова Л.Л. Психологический анализ решений задач. Воронеж, 1976.С.32-52, 898-177, 236-304.

3.Шумилин А.Т. Проблемы теорий творчества. М., 1989. С.13-32,54-71.

4.Пушкин В.Н. Эвристика-наука о творческом мышлении. М., 1967.

5.Серебрянников О.Ф. Эвристические принципы и логические исчисления. М., 1970.

  1. Альтшуллер Г.С.   Найти  идею.   Введение  в  теорию  решения и:изобретательских задач. 2 изд. -Новосибирск: Наука. 1991, 224 с.

Лекция мәтіні:

            1.Мүмкін болатын негізді зерттеу. Берілген А пікірін дәлелдеу немесе теріске шығару қажет болсын. А пікірімен қандай да бір жұмыстарды орындаған соң басқа В болжамы бар екенін анықтаймыз: В-дан А шығады.Бізге В-ның ақиқаттығы белгісіз,бірақ енді В А үшін мүмкін негіз болып табылады. Пікірлеу схемасы оның ақиқаттығына байланысты.                                 Дәлелдеуші схема – бұл логиканың классикалық схемасы(логикалық предмет болып мәнді (смысловых)амалдардың обьектісі есептеледі), ал эвристикалық жағынан өткен тақырыптағы 2-ші фундаментальды индуктивті схемаға ұқсас және сөзбен былай беруге болады: гипотеза үшін мүмкін болатын негіз бұзылса, гипотезалық сенімділігі төмендейді.

            2.Қарама-қайшы болжамдарды зерттеу. А және В қарама-қайшы болжамдар болсын. А В-мен үйлеспецйді, екі болжамның бірінің ақиқаттығынан екіншісінің жалғандығы шығуы керек, егер бұлай болмаса, онда логикалық қате орын алады (логика ережелерінің немесе заңдарының бұзылуы). А және В-ның ақиқаттығына қатысты біз ешнәрсе білмейміз, бірақ екеуінің де ақиқат бола алмайтындығын білеміз, алайда екеуі де жалған болуы мүмкін.

            Қарастырылған жағдай жаратылыстану ғылымдарында орын алуы мүмкін. Бір ғалым қандай да бір құбылысты түсіндіру үшін А болжамын айтады, екінші ғалым сол құбылысты басқаша түсіндіріп В болжамын айтады. Түсіндірулері үйлеспейді. Екі ғалымның да болжамы дұрыс болуы мүмкін емес, бірақ екеуі де қателесуі мүмкін. Мұндай кезде пікірлеудің келесі схемалары болуы мүмкін:

            Үйлесімсіз қарама-қайшы болжамдар құрыса, қалған болжамдарға біздің сенімділігіміз тек артуы мүмкін.

            3.Қорытынды кесте. Қарастырылған барлық мүмкін негізді және қарама-қайшы болжамдарды зерттеу схемаларында зерттелетін элемент ақиқаттықтың ақырғы шектерінде жалғаннан ақиқатқа дейін және кері бағытта үздіксіз өзгеріп отырды. Осы өзгерулерге сәйкес қорытынды да үздіксіз өзгерді. Осы заңдылықты пайдаланып, қарастырылған схемаларды келесі кестеде жүйелендіруге болады:

Зерттеудің

бағыты

Дәлелдеуші

схема

Әлсіз

дәлелдеуші

схема

Әлсіз

индуктивті

схема

Индуктивті схема
Салдарды

зерттеу

А®В

В жалған

А жалған

 

А®В

В шындыққа

сәл жақын

А шындыққа

сәл жақын

А®В

В шындыққа

көп жақын

А шындыққа

бірнеше көп

жақын

А®В

В ақиқат

А шындыққа көп жақын

Мүмкін

негізді

зерттеу

А←В

В ақиқат

А ақиқат

А←В

В шындыққа көп жақын

А шындыққа көп жақын

А←В

В шындыққа сәл жақын

А шындыққа сәл кем жақын

А←В

В жалған

А шындыққа сәл жақын

Қарама-қайшы болжамдарды зерттеу А|В

В ақиқат

А жалған

А|В

В шындыққа

көп жақын

А шындыққа сәл жақын

А|В

В шындыққа

сәл жақын

А шындыққа бірнеше көп жақын

А|В

В жалған

А шындыққа көп жақын

            Қарастырылған схемаларда кестеге барынша қысылған түрде жазу үшін логикалық предметтік облыстың символикасы қолданылды. Олардың көмегі арқылы төмендегі жазуларды алмастырдық:

            А-дан В шығады                              А®В

            А В-дан шығады                              А←В

            А мен В үйлесімсіз                          А½В

            4.Анология бойынша ой қорыту. А пікірі дәлелденген болсын.

            А. ауданы берілген барлық жазық фигуралардың ішінде периметрі ең азы дөңгелек. А пікірінің ақиқаттығын пайдаланып В гипотезасын ұсынамыз.

            В. Ауданы берілген барлық мембраналардың ішінде негізгі жиілігі ең азы дөңгелек.

            Гипотезаны тексеру үшін аудандары тең мембраналардың негізгі жиіліктері өлшенеді. Алынған мәліметтер гипотезаның пайдасына индуктивті дәлелдер береді, бірақ оны дәлелдемейді. Алайда дөңгелектің мәліметтермен индуктивті бекітілген ұқсас физикалық қасиеттері де ақиқат болып табылады. Бұдан шындыққа жақын ой қорытудың маңызды схемасын аламыз.

                        А В-ға ұқсас

                        В ақиқат

                    А шындыққа көп жақын

            Ұқсас болжам ақиқат болған кезде, болжам шындыққа көп жақын болады. ұқсастықты (аналогияны) арттырғанда ұсынылған гипотезаның шындыққа жақындығы артады. Егер қарастырылған геометриялық фигуралар қатарына тағы басқаларын қосса, онда олардың негізгі жиіліктерін бағындыру эвристикалық қорытындыны күшейтеді:

                        А В-ға ұқсас

В шындыққа көп жақын                

                    А шындыққа бірнеше көп жақын

            Осылайша, ұқсас гипотеза шындыққа көп жақын болғанда, гипотеза шындыққа бірнеше көп жақын болады. Қарастырылған схемалар дәлелдеуші схемалар болып есептеледі және күдік келтіруі мүмкін емес. Шындыққа жақын ой қорытулардың схемасы болып табылатын ең даулы шекке дейінгі (допредельный) схемалар «әлсізденудің» тең өлшемді процесі жолымен сәйкес шекті схемалардан туындайды.

Шекке дейінгі

(допредельно)

А®В

В ақиқат

А шындыққа көп жақын

А®В

В шындыққа көп жақын

А шындыққа бірнеше көп жақын

А←В

В жалған

А шындыққа көп жақын

А←В

В шындыққа сәл жақын

А шындыққа бірнеше көп жақын

Шекті

(предельный)

А«В

В ақиқат

А ақиқат

А«В

В шындыққа көп жақын

А шындыққа көп жақын

А«В

В жалған

А ақиқат

А«В

В шындыққа сәл жақын

А шындыққа  көп жақын

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ