Ой қорытудың эвристикалық және дәлелдік қасиеттері (схемалары).

0

Жоспары:

  1. Ойқорытудың эвристикалық және дәлелдік (доказательные) қасиеттері.
  2. Қайшы ойлар.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.Пошаев Д.Қ. Ғылыми – педагогикалық зерттеу негіздері Шымкент, 2003.

2.Асқаров Е., Балапанов Е., Қойшыбаев Б. Ғылыми зерттеулердің негіздері.Оқу-әдістемелік құрал. А., 2004.

3.Введение в научные исследование (Под. Ред. В.И.Журавлева).М,1998.

4.Герасимов И.Г. Структура научного исследование.- М,1995.

5.С.Мақпырұлы. Курстық және дипломдық жұмыстар. Қазақстан жоғары мектебі. 2005.№4.

6.Загвянский В.И. Учитель как исследователь.- М,1980.

7.Квиткина Л.Г.Научное творчество студентов.-М,1980

8.Е.С.Асқаров,Е.А.Қойшыбаева. Ғылыми зерттеулердің негіздері.А,2004.

9.Соколов В.Н. Педагогическая эвристика. М., 1995. С.110-206.

10.Эвристика. Разработано О.Е.Столяровой.

Қосымша:

1.Роках А.Г. Логика и эвристика научно-технических решений. Саратов, 1991, С.39-87.

2.Гурова Л.Л. Психологический анализ решений задач. Воронеж, 1976.С.32-52, 898-177, 236-304.

3.Шумилин А.Т. Проблемы теорий творчества. М., 1989. С.13-32,54-71.

4.Пушкин В.Н. Эвристика-наука о творческом мышлении. М., 1967.

5.Серебрянников О.Ф. Эвристические принципы и логические исчисления. М., 1970.

Лекция мәтіні:

1.Барлық эвристикалық әрекет шешу стратегияларын дайындауда фундамент болып табылатын эвристикалық ережелер мен амалдарға негізделген. Ол шындыққа жақын пікірлермен өзара байланысқан эвристикалық әрекеттің элементтерінің жиынын білдіреді және шындыққа жақын жоспарды қалыптастыруға бағытталады. Индукцияға, аналогияға және басқа да ойлау процестеріне негізделген эвристикалық амалдар шындыққа жақын пікірлердің (ойлардың) дербес жағдайлары болып табылады. Мұндай біріккен әрекеттерде дәлелдеуші ой қорытуларда қолданыс табады. Бұл ой қорытуда қандай да бір пікірдің салдары дәлелденеді. Олар салдар дәлелденгенде бастапқы пікір шындыққа жақындау болатын эвристикалық ой қорытумен тығыс байланысты. Бұл ой қорытулар ақпараттық қамтамасыз етуге тәуелді түрде бір түрден екінші түрге өтуде бір-бірін толықтырады. Бұл байланысты логика схемаларына ұқсас схемаларда қарастырайық.

Салдарды (нәтижелі) дәлелдеу. А-қандай да пікір болсын, ал В-А-ның қандай да бір салдары. Алғашқы кезде А және В пікірлерінің ақиқаттығы туралы ешнәрсе белгісіз. Сонымен, бізде А-дан В шығады деген ақпарат қана бар. Егер В-ның жалғандығын дәлелдей алсақ, онда А-ны да жалған деп айтуымыз мүмкін. Дәлелдеуші ой қорыту аламыз.

А-дан В шығады

В жалған

(1)

А жалған

 

Схема сөзбен былай беріледі: егер А-дан В пікірі шығатыны және В пікірінің жалған екендігі белгілі болса, онда А-ның жалғандығы шығады.

Енді В-ның ақиқат болуы мүмкін жағдайын қарастырайық. Онда қорытынды дәлелдеуші күшін жояды. Шамамен айтқанда А пікірінің қайсыбір В пікірін дәлелдеу А-ны дәлелдемейді, бірақ оны шындыққа жақындау етеді. Алынған схема эвристикалық ой қорытудың фундаментальді индуктивті схемасын береді.

 

А-дан В шығады

В ақиқат

(2)

А шындыққа жақындау

 

Осылайша, салдарды дәлелдеу болжамды шындыққа жақындау етеді.

Бірнеше салдарды тізбектей дәлелдеу. Алдымен қиық конустың бүйір бетінің ауданын табу есебін қарастырайық.

А. қиық конустың бүйір бетінің ауданы.

формуласымен есептеледі. Эвристикалық әрекеттің идеясы негізінде белгілі дербес жағдайларда формуланың алдыңғы білімдерімізбен үйлесімділігін тексереміз. R=r болғанда қиық конус цилиндрге айналады және есеп былай қалыптасады:

В1. Цилиндрдің бүйір бетінің ауданы  формуласымен анықталады. h – цилиндр биіктігі, r – табан радиусы.

Бұл салдар алғашқы есеппен үйлесімді. r=0 деп А есебінің басқа дербес жағдайын аламыз. Қиық конус конусқа айналады.

В2Конустың бүйір бетінің ауданы  формуласымен есептеледі. Һ-конус биіктігі, R – табан радиусы.

А есебінің осы В2 салдары А-ны әрі қарай дәлелдеуге қызмет етеді.

Келесі дербес жағдайда һ=0 болып, қиық конус сақинаға айналады.

В3. Радиустары R және r екі концентрлі шеңберлер арасындағы сақина ауданы  формуласы арқылы анықталады.

В3 салдары қиық конустың бүйір бетінің ауданын табуда ұсынылған гипопезаның жаңа дәлелдеулерін береді.

r=h=0 болғанда дөңгелек аламыз.

В4. Радиусы R дөңгелектің ауданы  формуласымен есептеледі.

Төрт дене – цилиндр, конус, сақина және дөңгелек, әр түрлі, алайда жалпы формуланың дербес жағдайлары болып, онымен үйлеседі.

Формуланың дұрыстығы туралы эвристикалық тексеруді төмендегі индуктивті схема негізінде жүргіздік.

 

А-дан Вn+1 шығады

Bn+1 A есебінің алдыңғы дәлелденген

В1, В2, …Вn салдарынан қатты ерекшеленеді

Вn+1 ақиқат

(3)

А ерекше шындыққа жақын

 

Қарастырылған мысалдан жаңа салдарды дәлелдеудің үлкен мәнге не өз мәніне ие болуы осы жаңа салдардың алдыңғы дәлелденген салдардан қаншалықты айырмашылығы барына тәуелді. Бір қарағанда өзара үйлеспейтін және оның түсінілген бірнеше фактілер негізінде қорытынды жасалатын, заңдылық табылатын мұндай салдарлар жүйесінде үлкен эвристикалық күшті белгілеу мүмкін. Мұндай эвристикалық амал (2)-ші индуктивті схеманы былайша жетілдіреді.

 

А-дан В шығады

В өте сенімсіз

В ақиқат

(4)

А шындыққа өте жақын

Осы схема мына түрде болуы мүмкін:

 

 

А-дан В шығады

В өте сенімді

В ақиқат

 

А шындыққа сәл жақын

 

Осылайша, салдарды дәлелдеудің қаншалықты мәнге ие болуы осы салдардың қаншалықты сенімділігіне тәуелді. Басқаша айтқанда, А-ның шындыққа жақындығы дәлелденген шындыққа жақын салдардың санына тәуелді.

2.Қарама-қайшы болжамдар. А және В болжамдарын бір құбылысты түсіндірсін. Оларды бір-біріне қарсы тұрады деп қарастырайық. Бұл болжамдар өзара бірлескен не бірлеспеген болуы мүмкін. Мұндай шарттар А және В қарама-қайшы болжамдар ретінде айтуға мүмкіндік береді. Қарама-қайшы болжамдар арасындағы қатынасты жарыстағы қарсыластар арасындағы қатынастар ретінде қарастырған жақсы. Қарсыластарыңыздың кез келгенінің позициясының әлсіреуі сіздің позицияңыздың күшейгенін білдіреді.          

 

 

 

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ