Аналогияның (ұқсастықтың) эвристикалық функциялары.

0

Жоспары:

  1. Аналогия (ұқсастық).
  2. Аналогия бойынша ой қорыту.
  3. Себеп және әрекеттің аналогиясы.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.Пошаев Д.Қ. Ғылыми – педагогикалық зерттеу негіздері Шымкент, 2003.

2.Асқаров Е., Балапанов Е., Қойшыбаев Б. Ғылыми зерттеулердің негіздері.Оқу-әдістемелік құрал. А., 2004.

3.Введение в научные исследование (Под. Ред. В.И.Журавлева).М,1998.

4.Герасимов И.Г. Структура научного исследование.- М,1995.

5.С.Мақпырұлы. Курстық және дипломдық жұмыстар. Қазақстан жоғары мектебі. 2005.№4.

6.Загвянский В.И. Учитель как исследователь.- М,1980.

7.Квиткина Л.Г.Научное творчество студентов.-М,1980

8.Е.С.Асқаров,Е.А.Қойшыбаева. Ғылыми зерттеулердің негіздері.А,2004.

     9.Соколов В.Н. Педагогическая эвристика. М., 1995. С.110-206.

     10.Эвристика. Разработано О.Е.Столяровой.

Қосымша:

1.Роках А.Г. Логика и эвристика научно-технических решений. Саратов, 1991, С.39-87.

2.Гурова Л.Л. Психологический анализ решений задач. Воронеж, 1976.С.32-52, 898-177, 236-304.

3.Шумилин А.Т. Проблемы теорий творчества. М., 1989. С.13-32,54-71.

4.Пушкин В.Н. Эвристика-наука о творческом мышлении. М., 1967.

5.Серебрянников О.Ф. Эвристические принципы и логические исчисления. М., 1970.

Лекция мәтіні:

            1.Өткен тақырыптағы жұп сандарды тақ сандардың қосындысы түрінде бейнелеу болжамын 1742 Х.Гольдбахо қалыптастырды. Гольдбахо мәселесінде үш қатынастың ұқсастығын пайдаландық: олар қандай да бір жағынан ұқсас.

                                   3+7=10

                                   3+17=20

                                   13+17=30

Әрбір қатынас ақпараттық жүйені бейнелей отырып, өз бөліктерімен келісімге келеді (согласуется). Бөліктердің ақпараттық келісімі, яғни аналогия гипотезаны Гольдбах мәселесі түрінде қалыптастыруға мүмкіндік береді.

            Аналогия – теңбе-тең емес пропорция, (теңбе-теңдік – заттардың (предметов) байланысы, белгілері және қатынастары бойынша толық ұқсастығы; пропорция-жүйенің құрылымдық реттелген параметрі. Ол жүйенің бөліктерінің өзара қатынастарын сандық түрде бейнелейді).

            2.Аналогия бойынша ой қорыту – бұл эвристикалық қорытынды, нәтижесінде бұл обьекттің басқа обьектілермен ұқсастығы бар деген білім негізінде бұл обьекттің белгілері туралы ықтимал білімге жетуге болады. Толық ұқсастық – бұл теңбе-теңдік, сонда аналогия бойынша қорытындылау сенімді (анық) болады. Қалған жағдайларда ұқсастық дәрежесі ұқсастығына қарай қорытындылаудың шындыққа жақындығының дәрежесін анықтайды. Аналолгия эвристикада есептің шешімін табуда эвристикалық амал ретінде қолданылуы мүмкін, сондай-ақ эвристикалық стратегия да болуы мүмкін, егер есептің шешімін табудың ыңғайлы тәсілі негізделген болса

            Ұқсастығына қарай ой қорытындылау барлық ғылыми зерттеулерде қолданылады. Ол былай түсіндіріледі:

Ғылымның барлық саласында модельдеу жүргізіледі, өйткені бізді қызықтыратын обьектілердің жай-күйі шартты үлгілерде, схемаларда, физикалық конструкцияларда, ұқсас обьектілерде зерттеледі.

            Екі обьекттің ұқсастық белгілері қаншалықты мәнді болмасын ұқсастығына қарай ой қорытындылауда жалпы жағдайда эвристикалық білім ұсынды. Ұқсастығына қарай қорытындыны пайдалану мүмкін және керек, бірақ ол обьективті өмірді танудағы біліміміздің жалғыз көзі болып қалмауы керек. Ұқсастықтың кез келген нәтижесі, сондай-ақ ең дұрыс нәтижесі де практикаға нақты ғылымның әдістерімен тексерілуі керек.

3.Себеп және әрекет ұқсастықтарының мәні үлкен. Ол себеп не әрекеттің байланыстарын зерттейді және түсіндіреді. Ұқсас құбылыстардан оларды тудырған себептердің ұқсастығы, керісінше ұқсас себептерден олар тудыратын әрекеттердің ұқсастығы жайлы қорытындылауға болады.

            Ұқсастығына қарай ой қорытындылаудың шындыққа жақындық дәрежесін бағалау үшін келесі негізгі шарттарды есепке алу керек:

  • Салыстыратын обьектілердің ортақ қасиеттері неғұрлым көп болса, ұқсастығына қарай ой қорытындылардың ықтималдық дәрежесі соғұрлым жоғары;
  • Салыстырылатын обьектілердің ортақ қасиеттері неғұрлым елеулі, мәнді болса, шындыққа жақындық дәрежесі соғұрлым жоғары;
  • Ұқсастығына қарай ой қорытындылап жатқан обьектімізді қандай да бір қасиет екінші обьектідегі сондай қасиетпен сәйкес келмесе, онда ортақ ұқсастығының еш мәні болмайды.

Көптеген зерттеулерде бұл шарттарды келесі ережелермен анықтаған пайдалы:

  • Салыстырылатын обьектілердегі ортақ қасиет кез келген қасиет болуы керек.
  • Модельде анықталған қасиеттің типі ортақ қасиеттің типімен бірдей болуы керек.
  • Ортақ қасиеттер салыстырылатын обьектілер үшін өзгешелеу, ерекшелеу болуы керек; обьектілердің аз ортасына тиісті.
  • Алынған қасиеттер, керісінше өзгешелігі аздау болуы керек, обьектілердің кең ортасына тиісті.

Аналогия – бізді тапқырлыққа бағыттауымен бағалы. Ол өздігінен болжамның дұрыстығына жауап бере алмайды. Ғылыми есептің шешімін табуға көмектесетін аналогия әдетте кішірек қарастырылатын пәндік, жалпы ғылыми саладан алшақ түрде беріледі.

Осылайша, аналогияның (ұқсастықтың) эвристикалық қасиеттері жаңа құбылыстарды түсіндіруге және күтпеген жаңалықтар ашуға мүмкіндік береді. Аналогия жаңа идеяларды іздеудің өте күшті эвристикалық құралы болып табылады. Аналогия негізінде бірнеше эвристикалық тәсілдер, әдістер құрылған. Тірі организмдер мен техниканың құрылғылар арасындағы ұқсастық бионика негізінде жатыр. Кибернетиканың бұл ғылыми бағыты организмдердің құрылымын және тіршілік әрекетін зерттейді.ашылған заңдылықтар және байқалған қасиеттер сипаттамалары бойынша тірі организмдерге жақын инженерлік есептерді шешуге және техникалық жүйелерді құруға пайдаланылады. Ұқсастығы бойынша шындыққа жақын пікірлердің бұрынғы тарихи оқиғаларды қалпына келтіруде үлкен мәнге ие.

Өнертапқыштың бағытындағы есептерді шешуде кейде инверсиялық ұқсастықты баса айтады және сипаттайды. (инверсия – жаңа алгоритм бойынша элементтер жүйесін қайта өзгерту). Инверсиялы ұқсастықты мысалы:

Ағайынды Монголфелерге әуе шарын құрудағы бірінші ұқсастық ауада булану қасиеті бар бұлт болады. Алайда жеңіл қабықшаға орналастырылған бу тез қоюланып (сұйық түрге айналып) көтерілу қасиетінен айрылады. Сәтсіз әрекеттен кейін өнертапқыштар тікелей ұқсастықтан бас тартып, қабықшаны түтінмен толтырады. Осылайша мәселені шешті.

Шешімдер жорамалын және ойлау әрекетін белсендіруді іздеу әдістерінде ұқсастықты функциональды мақсаттарына байланысты: тура, жеке, символдық және фантастикалық деп бөледі.

Тура ұқсастық обьектті басқа ғылыми саладағы немесе тірі табиғаттағы соған ұқсас обьекпен салыстырып қарайды. Мұнда басқа облыстағы дайын шешімдерді қолдануға әрекет жасалады.

Жеке ұқсастық (эмпатия) зерттеушіні обьекпен теңдестіру мүмкіндігін қарастырады. Есепті шеше отырып, зерттеуші обьектің образына кіруі керек, осылайша ол есепті сезінуге тырысады, осылайша есепті дұрыс түсінуге болады.

Символдық ұқсастық – құбылыстың мәнін бейнелейтін қысқа фраза (сөйлем, сөз) қалыптастыру қажет болғандағы талдап қорыту ұқсастығы.

Фантастикалық ұқсастық – есепке есептің талаптарын орындауға бағытталатын фантастикалық құрылғылар мен кейіпкерлерді енгізуге негізделеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ