Индукция – ой қорыту және зерттеу әдісі

0

Жоспары:

  1. Индукция.
  2. Толық индкуция.
  3. Толық емес индукция.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.Пошаев Д.Қ. Ғылыми – педагогикалық зерттеу негіздері Шымкент, 2003.

2.Асқаров Е., Балапанов Е., Қойшыбаев Б. Ғылыми зерттеулердің негіздері.Оқу-әдістемелік құрал. А., 2004.

3.Введение в научные исследование (Под. Ред. В.И.Журавлева).М,1998.

4.Герасимов И.Г. Структура научного исследование.- М,1995.

5.С.Мақпырұлы. Курстық және дипломдық жұмыстар. Қазақстан жоғары мектебі. 2005.№4.

6.Загвянский В.И. Учитель как исследователь.- М,1980.

7.Квиткина Л.Г.Научное творчество студентов.-М,1980

8.Е.С.Асқаров,Е.А.Қойшыбаева. Ғылыми зерттеулердің негіздері.А,2004.

     9.Соколов В.Н. Педагогическая эвристика. М., 1995. С.110-206.

     10.Эвристика. Разработано О.Е.Столяровой.

Қосымша:

1.Роках А.Г. Логика и эвристика научно-технических решений. Саратов, 1991, С.39-87.

2.Гурова Л.Л. Психологический анализ решений задач. Воронеж, 1976.С.32-52, 898-177, 236-304.

3.Шумилин А.Т. Проблемы теорий творчества. М., 1989. С.13-32,54-71.

4.Пушкин В.Н. Эвристика-наука о творческом мышлении. М., 1967.

5.Серебрянников О.Ф. Эвристические принципы и логические исчисления. М., 1970.

Лекция мәтіні:

 

1.Индукция (лат-бағыттау) – ой қорыту және зерттеу әдісінің бір түрі, онда жекелеген факттерден жалпылама қорытынды жасауға өтіледі.

            Индукцияның жекелеген факттерінің негізінде эврикалық қорытынды жасауға алып баратын, біріктіруші функция атқаратын гипотеза дүниеге келеді. Осылайша эвристикада индукция эвристикалық операцияның бір типі (түрі) ретінде көрінеді, бірақ кейбір жағдайларда ол эвристикалық ізденудің негізгі стратегиясы болуы мүмкін.

            Бұл мәселе жөнінде алғаш рет ағылшынның жаңа заманғы ғалымы және философы Ф.Бекон айтты. Ол реальды нақты барлықты түсіну үшін «Аристотельше» қорытынды жасау аздық қылатынын, яғни жекелеген ойларды жалпы түсініктен алғаннан гөрі керісінше жекелеген ойлардан жалпы түсінік қалыптастыру маңыздырақ деді. Бұлай ойлауға тәжірибелер мен эксперименттер негіз болды, яғни индуктивтік білім процедурасы. Ол классикалық ережелер мен операцияларға мыналарды қосты.

            -Эмпирикалық бақылау

            -Факттерді тиянақты жинау

            -Мәселені эмпирикалық үйрену

            -Экспериментальді әдістерді қолдану

            -Факттерді корреляциялау

            -Шешуші эксперименттерді енгізу.

            Нақты барлықтың құбылыстарын зерттеп, оның жеке обьектілері мен өзгерістерін бақылып және үйреніп адамдар олар жөнінде жалпылама білім жинады. Ойда бұл үйрену процесі индуктивті жүрді. Адам жекелеген ой түйулерден жалпы заңдылықтары көрінген жалпы ой түйулерге келді. Ой қорытудың индуктивті формасы адамның алғашқы еңбек етуді үйренуінен туындады.

            Индукцияның жалпы түсінігін оның бірнеше түрін қарастырумен нақтылаймыз.

            2.Толық индукция: Бұл бір топтағы (кластағы) барлық обьектілерді жеке-жеке білгеннен кейін сол топ (класс) үшін жалпы жасалынатын ой қорыту.

            Мысал:

            Натрий селитрасы суда жақсы ериді.

            Калий селитрасы суда жақсы ериді.

            Аммиак селитрасы суда жақсы ериді.

            Кальций селитрасы суда жақсы ериді.

Бұл барлық белгілі селитралар.

            Қорытынды: барлық селитралар суда жақсы ериді. Шындық негізінде толық индукция нәтижесінде алынған білім ақиқат. Бірақ толық индукция бізге қаралмаған обьектілер жөнінде білім бере алмайды. Осыған қарамай толық индукция өзіндік маңызға ие.

            Толық индукцияның маңызы:

            Бізге белгісіз заттар туралы білімімізді толықтырмаса да ол қарастырылған заттары бізге жаңа қырынан көрсетеді.

3.Толым емес индукция деп – бұл сан жағынан көп обьектілер туралы олардың тек бірнешеуін ғана білу нәтижесінде ой қорыту түрін айтады.

Мысалы:

Гелийдің валенттіліг нольге тең.

Неонның валенттіліг нольге тең.

Аргонның валенттіліг нольге тең.

Қорытынды: Барлық инертті газдардың валенттілігі нольге тең.

            Толымсыз индукцияны кеңеюші индукция деп те атайды. Өйткені толық емес индукцияның фунуциясына қарастырулы обьект жөніндегі білімді кеңейту, ақпарат көлемін көбейту жатады. Сондықтан жаңалық ашу (тапқырлық) жөнінен толық емес индукция толық индукцияға қарағанда қолайлы. Өйткені онда белгілі азғантай фактіні зерделеу арқылы белгісіз көп заттар туралы ой қорыту негізінде ізденушілік-тапқырлық мәні бар. Өйткені мұнда қандай да бір заңдылықты, қандай да бір фактіні іздеу бар. Сонда да ақтық ақиқат ғылымның әрбір саласында өзінің спецификалық әдістері жәрдемінде дәлелденеді.

            Қайшылықты жағдайда кездеспейтін қарапайым атамалы толымсыз индукция – танымал индукция деп те аталады. Бақылауымыздағы бірнеше обьектілердің барлығына тән белгілердің барлығын негізге алып, осы кластағы (топтағы) барлық обьектілерге қатысты қорытынды жасаймыз.

                        Мысалы:

            Темір – қатты дене

            Мыс – қатты дене

            Мырыш – қатты дене

            Алтын – қатты дене

            Алюминий – қатты дене

Қорытынды: барлық металдар қатты денелер. Нәтижесінде бұрыс қорытынды жасалынды, өйткені сынап – металл, бірақ ол сұйық зат. Сондықтан қарапайым атамалы индукция кейде танымал индукция деп аталады және ол толымсыз индукцияның ең сенімсіз түрі болып есептеледі. Мұндай индукцияның жәрдемімен жалпылама алынған қорытындыларда қателесу қаупі басым.

            Шығармашылық ойды мына схема бойынша жүреді деп елестетуге болады.

1.Мәселені түсіну. Көбінесе сезімталдық реакциясымен байланысты (таңдану, қиындық) кейіннен де жағдайды мұқият қарастыруға себепші болады. Бұл сұрақты анықтаумен аяқталады.

2.Гипотеза. Туындау. Бұл белгісізден белгіліге өту процесінің орталық буыны. Мұнда да алдыңғы бірінші этаптағыдай жиналған тәжірибенің маңызы зор. Бұл этап кәсіби түсінікті қалыптастырумен аяқталады.

3.Шешімді тексеру. Кейбір сәтті болған жағдайларда гипотеза шындыққа, ал жекелеген пайымдаулар техникалық шешімге айналады.

Кез келген ғылыми таным үш сатыдан өтеді:

Жекелеген (Е)-ден басталады, айрықша (О)-ға көтеріледі және жалпы (В) мен аяқталады.

Мұны схемада көрсетуге болады. Осылай тәжірибелік жеке фактілерден (Е) басталған ой онан соң алғашқы систематизациялауға (О) келеді де, онан соң бұрынғы белгілі жәйттермен ортақтығы белгіленіп жалпыға ортақ (В) заңға айналуымен аяқталады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ