Редукция.

0

Жоспары:

  1. Редукция.
  2. Көмекші есеп.
  3. Көмекші элементтер.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.Пошаев Д.Қ. Ғылыми – педагогикалық зерттеу негіздері Шымкент, 2003.

2.Асқаров Е., Балапанов Е., Қойшыбаев Б. Ғылыми зерттеулердің негіздері.Оқу-әдістемелік құрал. А., 2004.

3.Введение в научные исследование (Под. Ред. В.И.Журавлева).М,1998.

4.Герасимов И.Г. Структура научного исследование.- М,1995.

5.С.Мақпырұлы. Курстық және дипломдық жұмыстар. Қазақстан жоғары мектебі. 2005.№4.

6.Загвянский В.И. Учитель как исследователь.- М,1980.

7.Квиткина Л.Г.Научное творчество студентов.-М,1980

8.Е.С.Асқаров,Е.А.Қойшыбаева. Ғылыми зерттеулердің негіздері.А,2004.

9.Соколов В.Н. Педагогическая эвристика. М., 1995. С.110-206.

10.Эвристика. Разработано О.Е.Столяровой.

Қосымша:

1.Роках А.Г. Логика и эвристика научно-технических решений. Саратов, 1991, С.39-87.

2.Гурова Л.Л. Психологический анализ решений задач. Воронеж, 1976.С.32-52, 898-177, 236-304.

3.Шумилин А.Т. Проблемы теорий творчества. М., 1989. С.13-32,54-71.

4.Пушкин В.Н. Эвристика-наука о творческом мышлении. М., 1967.

5.Серебрянников О.Ф. Эвристические принципы и логические исчисления. М., 1970.

Лекция мәтіні:

1.Редукция(лат.кері қайтару) – күрделі мәселені талдауға немесе шешуге болатын қарапайым түрге келтіру.

Эвристикалық редукция – берілген есепті шешуі оңай болатын көмекші есепке не олардың жүйесіне келтіру және солардың негізінде берілген есепті шешу жолын іздеуге қайта оралу. Редукция эвристикалық стратегияның бір түрі болып табылады.

2.Көмекші есеп – шешуі оңай және берілген есепті шешуге мүмкіндік беретін есеп. Есеп алғашқы есепке эквивалент болады, егер оның шешімі алғашқы есептің шешімімен сәйкес келсе. Алғашқы есептен эквивалент есепке өтуді екі жақты редукция деп атаймыз. Алғашқы есептен көмекші есепке бұлай өту көмекші есеп құрудың ең дұрыс тәсілі. Алайда мұндай эквивалент өту барлық уақытта мүмкін бола бермейді. Сондықтан бір жақты редукцияны пайдалануға тура келеді.

Бір жақты редукция – нәтижелілігі шамалы есептен нәтижелілігі көп есепке өту. Жалпы түрде бір бағытты редукция келесі амалды сипаттайды:

Бір категорияға тиісті обьектілері бар А және В екі есеп болсын. А шартын В шартына қарағанда (узкий) бір жақты таяз деп, ал В шартын А шартына қарағанда (щирокий) кең деп атайды, егер В есебінің шешімі А есебін де шешетін болса, бірақ керісінше емес. А есебінен В есебіне немесе В есебінен А есебіне өту бір жақты редукция деп аталады. В есебі А есебіне қарағанда нәтижелірек деп аталады. Есептің нәтижелілігі төмендегіше анықталады:

-егер біз В есебін шеше алсақ, онда А есебін толық шеше аламыз.

-егер А есебін шешсек, онда В есебіне қатысты кейбір мәселелерді анықтаймыз. Бірақ есептің толық шешімін алатын жағдайда болмаймыз.

Осылайша эвристикалық редукция алғашқы есепті қандай да бір эвристикалық амалдарды қолдану арқылы көмекші есепке не олардың жүйесіне келтіретін ойлау әрекетін ұйымдастырады. Қандай амал пайдалы екенін эвристикалық іздеу нәтижесі көрсетеді. Көмекші есептің пайдалылығы алғашқы есептің шешіміне қаншалықты жуықтайтынымен анықталады. Жуықтау сипаты төмендегіше болуы мүмкін:

1). Көмекші есепті шешу әдісі оның идеясы пайдаланылуы мүмкін.

2). Негізгі есепті шешуде көмекші есептің нәтижесі пайдаланылуы мүмкін.

3). Негізгі есептің шешімін іздеуде қозғаушы әсер етуі, яғни алғашқы есепті түсінікті етуі мүмкін.

Соңғы жағдай оқушы кездестірмеген идеяларды талап ететін негізгі есепке негізделген. Бұл жағдайда осындай негізгі идеялары оңайлау есептерді шешіп көру керек. Мұндай есеп жанама көмекші есеп болып табылады.

2.Мұғалім арқылы жақсы ойластырылған көмекші есеп психологиялық қозғаушы құрал ретінде әр уақытта пайдалы. Күрделі есеп үлкен ынтаны талап етеді. Егер есепті шешу жоспарын құра алсақ, жұмыс әрі қарай жақсы жүреді. Есепті шығаруға деген қызығушылық есепті шешудің жаңа қадамдарын қарастыру арқылы іске асады. Егер қандай да бір нәтижеге жете алмасақ, есеп шығаруға деген ынта жоғала бастайды, қызығушылық төмендейді, ойымыз шашырайды. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін көмекші есепті пайдалануымыз керек. Осылайша қызығушылықты жоғалтпай, есепті шығару жолын іздеуді жалғастыруымыз мүмкін. Көмекші есеп алғашқы есептің жаңа жақтарын көрсетіп, шешімін табуға жетелейді.

 

Алғашқы есепті бұрын шешілген есепке өткізу құралы ретінде қолданылатын көмекші элементтерде тиімді көмек көрсете алуы мүмкін. Сәйкес көмекші элементтерді енгізе отырып, есепті шешімі белгілі өзімізге таныс түрге өзгертеміз.

Алайда көмекші элементтерді алдын-ала логикалық және эвристикалық сипатта негіздеп алып енгізу керек. Кейбір жағдайларда эквивалент көмекші есептерді басқа кілтті сөздермен қалыптастырған пайдалы болады. Бұл әдіс эквивалентті қайта қалыптастыру деп аталады. Бұл әдісті техникалық есептерде қарастырамыз.

Әрбір сөздің басқа сөзбен тіркесе алу қабілеті бар. Мұндай қабілет сөздің бірлескен мағыналы жиыны деп аталады. Ол өзімен мағынасы бойынша байланысқан сөздерді мобилизациялау (жұмылдыру) деңгейін анықтайды. Егер есептер кілтті сөздері алмасатын эквивалентті қайта қалыптастыру болса, ол көбінесе пайдалы болады. Есеп шығарушының ой-жігері осы сөздерге бағытталады. Өйткені ол шешімді іздеудің мағынасын анықтайды. Ақыл-ой әрекетіне әр түрлі әсер ететін түрлі кілтті сөздер бар. Екі түрлі қалыптасқан бір есептің мысалын алайық. Алғашқы есеп былай қалыптасқан:

Өзеннен трубопроводты мынадай есеппен өткізу керек. Оның астында тіреу болмау керек және майыспаау керек. Мұнда трубопроводтың диаметрін үлкейту мәселесі де қарастырылған. Ол өз кезегінде оның салмағын және майысу дәрежесін арттырады. Есепті бұлай қалыптастырғанда есеп шешілмеді. Трубопровод кілтті сөзін нефтопровод кілтті сөзімен алмастырғанда есеп оңай шешіледі. Өйткені трубаның формасын бірінің үстіне бірі орнатылған және байланған формаға өзгертуге болады.

 

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ