Кіріспе. Тілдік афоризмдер эвристикалық (әдіс) ретінде

0

Жоспары:

1.Эвристикалық модель деген не?

2.Тілдік афоризмдер эвристикалық (әдіс) ретінде

Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.Пошаев Д.Қ. Ғылыми – педагогикалық зерттеу негіздері Шымкент, 2003.

2.Асқаров Е., Балапанов Е., Қойшыбаев Б. Ғылыми зерттеулердің негіздері.Оқу-әдістемелік құрал. А., 2004.

3.Введение в научные исследование (Под. Ред. В.И.Журавлева).М,1998.

4.Герасимов И.Г. Структура научного исследование.- М,1995.

5.С.Мақпырұлы. Курстық және дипломдық жұмыстар. Қазақстан жоғары мектебі. 2005.№4.

6.Загвянский В.И. Учитель как исследователь.- М,1980.

7.Квиткина Л.Г.Научное творчество студентов.-М,1980

8.Е.С.Асқаров,Е.А.Қойшыбаева. Ғылыми зерттеулердің негіздері.А,2004.

     9.Соколов В.Н. Педагогическая эвристика. М., 1995. С.110-206.

     10.Эвристика. Разработано О.Е.Столяровой.

Қосымша:

1.Роках А.Г. Логика и эвристика научно-технических решений. Саратов, 1991, С.39-87.

2.Гурова Л.Л. Психологический анализ решений задач. Воронеж, 1976.С.32-52, 898-177, 236-304.

3.Шумилин А.Т. Проблемы теорий творчества. М., 1989. С.13-32,54-71.

4.Пушкин В.Н. Эвристика-наука о творческом мышлении. М., 1967.

5.Серебрянников О.Ф. Эвристические принципы и логические исчисления. М., 1970.

Лекция мәтіні:

1.Қазіргі кезеңде көптеген әлеуметтік-экономикалық процестерді ақпараттандыру проблемасы сол процестерді эвристикалық модельдеу процедурасына келіп тақалады. Өйткені бұл процестерді дифференциал және интеграл теңдеулер арқылы модельдеу мүмкіншілігіне ие бола алмаймыз. Әлеуметтік-экономикалық процестер толығымен үздіксіз процесс болып саналмайды. Сондықтан бұл процестерді үздіксіз функциялар арқылы сипаттау мүмкіншілігі жоқ. Қазіргі жаһандандыру кезеңінде қоғамды ақпараттандыру проблемасын шешуімізге тура келеді. Бұл проблеманы шешу үшін міндетті түрде әлеуметтік-экономикалық  жағдайларды алгоритмдеуімізге тура келеді. Мұндай алгоритмдеу қазіргі кезеңде эвристикалық модельдеу әдістерімен амалға асырылады. Ал эвристикалық модель дегеніміз не? Көп жағдайларда мұндай модельдеу модельденіп жатқан процестердің кездейсоқ шамалармен бақылануы нәтижесінде келіп шығады. Егер эвристика деген сөздің мәнісіне мұқият үңілсек, эвристикалық модельдеу әдісінің қисынын түсіне аламыз.

 

            Ең алғашқы көп тараған эвристикалық әдіс бұл – афоризм. Мағынасы «нақыл сөз». Шығу көздеріне байланысты афоризмдер мақал, мәтел, қанатты сөздер болып бөлінеді.

            Мақал – фольклор жанры. Грамматикалық және логикалық аяқталған мағыналы пікірлер.

            Мәтел — өмірдің қандай да бір құбылысын анықтайтын сөз орамы.

            Қанатты сөздер – ауыз әдебиетіне жататын, дәл айтылатын пікірлер.

            2.Бізді тек қана тілдік афоризмдердің эвристикалық қасиеттері қызықтырады. Төмендегілер сияқты:

  • Іс-әрекеттің сипатын белгілеу.
  • Интеллектуалды әрекет ұйымдастыру бойынша кеңес.
  • Ой әрекетінің қозғаушы сипаты.

Сонымен афоризм интеллекттердің күйін, жүріс-тұрысын, мақал,

мәтел, қанатты сөздер арқылы эвристикалық модельдеп береді. Мысал ретінде: «Киімді жаңа кезінен,  Намысты жас кезіңнен» сияқты мақалын алайық.

            Ол өзіңді жас кезіңде қалай ұстау сипатын белгілеп береді және жастарға ұстаным ретінде қолданылады.

            Мақал адамдардың нақты бір жағдайда өзін қалай ұстауын қарастырмайды. Ол әрбір адамның жеке жағдайдағы ойлау құралы. Бірақ ол жету үшін, адам өзі ұстауы үшін қажет болатын мақсатты анықтайды. Сондықтан бұл мақал адамның өзін ұстауының эвристикалық моделі болып саналады. Егер осылай пікір жүргізетін болсақ, афоризм әдісі тіл жүйесіндегі эвристикалық модельдеу ережесі болып саналады.

            «Сақтанғанды құдай сақтайды». Бұл мақал адамдарға әрқашан сақ және мұқият болуға кеңес береді. Өзіңді ұстаудың белгілі бір түрін белгілейді.

            Кез келген есептің шешімін табатын универсал және қатесі жоқ ережелер жоқ, болмайды да. Бірақта афоризм эвристикалық әдіс болып көп жағдайда өте пайдалы жағдайларда бақылайтын модель болып саналады.

Олардың нақты ережелерден өзгешелігін атап көрсетейік. Мысалы, математикада нақты әдістерді белгілі бір жағдайларда бірден қолдануға болатын болса, ол афоризмдер нақты бір әрекетті орындау үшін алдын ала ой еңбегін керек етеді.

Барлық проблемаларды шешуге болатын ережелерді табу бұл арман, арман күйінше қалады. Сонымен афоризмдер туындайтын көптеген жағдайларда пайдалы болатын ақыл-ой нұсқауы. Соған кейбір мағынады эвристикалық ережелері мен заңдары да болып табылады.

Афоризмдердің кемшілігі – олар дұрыс және жүйелі ғылыми жүйе болып табылмайды.

Есепті шешу кезеңдерін бейнелейтін мақалдар жүйесін қарастырайық:

1).«Дұрыс түсінбеген, дұрыс жауап бермейді». Есепті шешуден алдын оны түсініп, мақсатты анықтап алу керек.

2).«Ақымақ істің басын ойласа,

      Ақылды соңын ойлайды». Егер ақырғы мақсат анық болмаса, мәселені шешуде жаңылысып кету түк емес.

3).«Ықылас бар жерде жол табылады». Есепті шешу үшін ықылас, ынта керек.

4).«Ынта – сәттілік көзі». Есепті шешудің басты факторларының бірі – жақсы идеялар іздеудегі табандылық.

5).«Ақылдылар шешімін өзгертеді, ал ақымақтар өзгертпейді».

6).«Ақылды кездейсоқ жағдайды сәттілікке айналдырады». Алынған нәтижеге қайта оралу жұмыстың маңызды деңгейін қайтадан ойланбаған адам дұрыс ойлай алмайды. Екінші ойлар ең жақсылары.

Келтірілген жүйе есептерді шешудің барлық кезеңдерін анықтай алмайды. Есепті шешудің жүйелігін және нәзік жақтары методикалық деңгейде мәселенің спецификалық ерекшеліктерін есепке алып жасауы мүмкін. Адамдардың өндірісте, жанұяда, кәсіпкерлікте т.б. жерлерде өзін қалай ұстауды реттейтін эвристикалық іздеудің жүйелері жасалған жүйкелердің ішіндегі дұрыстауы, сенімділеуі нақты мысалда қарастырылған, афоризм түрінде құрылған жеке тұлғаның өзін-өзі ұстауының психологиялық заңдылықтары негізінде алынған жүйелер.

Үлкен ғалымдардың, ойшылдардың, жазушылардың, қоғам қайраткерлерінің пікірлері қызығушылық тудырады. Олардың пікірлерінде ғылым, ғылыми қызмет туралы жан-жақты айтылады. Бұл пікірлер түрлі кітаптарда, газеттерде, журналдарда жарияланғандықтан оларды пайдаланушылар жүйелі түрде пайдалана алмайды. Бұл пікірлер адамның іс-әрекетінің ғылыми танымдық және зерттеушілік деген маңызды түрлерін қарастырады. Мысалы: «Ғылым дегеніміз жүйелі білім» (Л.С.Берг)

«Білім болжамнан әрқашанда жоғары тұрады». (А.Гумбольд).

Мұндай пікірлер ғылыми және техникалық есептерді шешуде ойлау процесін ұйымдастыруда көмектесетін эвристикалық іздеудің нақты әдістерін құруда өте қажет.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ