Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және жинақтау.

0

Жоспары:

          1.Мектеп жасындағы оқушыларды тәрбиелеу және оқыту.

          2.Жаңа идеяларды түрлі тұрғыдан қарау және педагогикалық зерттеудің тәсілдері.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.Пошаев Д.Қ. Ғылыми – педагогикалық зерттеу негіздері Шымкент, 2003.

2.Асқаров Е., Балапанов Е., Қойшыбаев Б. Ғылыми зерттеулердің негіздері.Оқу-әдістемелік құрал. А., 2004.

3.Введение в научные исследование (Под. Ред. В.И.Журавлева).М,1998.

4.Герасимов И.Г. Структура научного исследование.- М,1995.

5.С.Мақпырұлы. Курстық және дипломдық жұмыстар. Қазақстан жоғары мектебі. 2005.№4.

6.Загвянский В.И. Учитель как исследователь.- М,1980.

7.Квиткина Л.Г.Научное творчество студентов.-М,1980

8.Е.С.Асқаров,Е.А.Қойшыбаева. Ғылыми зерттеулердің негіздері.А,2004.

     9.Соколов В.Н. Педагогическая эвристика. М., 1995. С.110-206.

     10.Эвристика. Разработано О.Е.Столяровой.

Қосымша:

1.Роках А.Г. Логика и эвристика научно-технических решений. Саратов, 1991, С.39-87.

2.Гурова Л.Л. Психологический анализ решений задач. Воронеж, 1976.С.32-52, 898-177, 236-304.

3.Шумилин А.Т. Проблемы теорий творчества. М., 1989. С.13-32,54-71.

4.Пушкин В.Н. Эвристика-наука о творческом мышлении. М., 1967.

5.Серебрянников О.Ф. Эвристические принципы и логические исчисления. М., 1970.

Лекция мәтіні:

1.Мұғалімдердің, жаңашыл- педагогтардың тәжірибесін зерттеу өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту және тәрбиелеумен байланысты.Тәжірибе дегеніміз педагогтың ұзақ жылдар бойындағы практикалық- педагогикалық іс- әрекет нәтижесінде жинастырған шеберлігі, ол практик-мұғалімнің тәжірибелігі.”Тәжірибе” және “практика” ұғымдар ұқсас емес.Практика ұғымының  мәні кең, өйткені онда мұғалімнің оқу- тәрбие жұмысының озат, мазмұны тар тіпті теріс тәжірибесі жиналуы мүмкін.Басқа адамның педагогикалық тәжірибесін толық зерттеу оңай шаруа емес.Мұғалімнің баяндамалары, ғылыми мақалалары, әдістемелік жұмыстары, көрнекілік құралдары, компьютердегі педагогикалық тәжірибе мағлұматтарын зерттеу,сабақтарға, педагогикалық оқуларға, сыныптан тыс шараларға қатысу, сынып жетекшісімен, ата-анамен әңгіме оны зертеудің көзі бола алады. Мұғалімдердің озат педагогикалық тәжірибесін зерттеу керек, бірақ оны оқушылармен жұмыс кезінде орынсыз қолдануға болмайды.Оман тек мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жүзеге асыратын зертеушінің жеке дара қасиеттерін есепке алаотырып сүйенуге болады.

            Эмпирикалық әдіс ретіндегі дәрігерлік-педагогикалық тексеру медикалық- педагогикалық кестені жаппай дайындаумен байланысты.Ол кестелер оқушыларға қатысты жеке дара қолданылады,оқушылар әртүрлі ғылыми мамандар тексеруінен өтеді. Тексеру барысында оқушылардың өмірбаяны, психологиялық-педагогикалық сипаттамасы, олардың үлгерімі, жеке тұлғалық дамуының генезисі,ауырған аурулардың сипат,олардың туа біткен кемшіліктері, оқушылардың, олардың ата-аналарының денсаулығы, таным процесі барысының ерекшеліутері зерттеледі.

            Зерттеушінің  кестелер мен оқушыларды тексерудің мазмұндық-мағыналық талдауы негізінде оқушылардың оқу іс-әрекетін орындауының және оқу- тәрбие процесі не бейімделуінің даралық ерекше тәсілдері айқындалады. Тексерудің методикалық-педагогикалық кестелерге талдау жасау оқушылардың ішкі даралық және аралық даралық айырмашылықтарын айқындау үшін жүргізіледі. Оларға қорытынды жасай отырып, нақты бір оқушыларды оқытудың, тәрбиелеу мен дамытудың жолдары мен тәсілдерін ойластыруға көшуге болады.Медикалық-педагогикалық кестедегі белгілі бір концептуалды- әдістемелік үдгі бойынша педагогіка және психология жетістіктеріне сүйкніп жеке тұлғаның әлеуметтендіру мәселесінің жеке дара және ұжымдық шешімін табуна болады. Бұл оқушылардың ресми және бейресми қарым-қатынасы кезіндегі конструктивті және іс жүзінде пайдалы іс-әрекетін ұйымдастырудың интеллектуалды- танымдық және коммуникативті-жекелік аспектілерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Зерттеушінің міндеті талдаудың сандық- сапалық тәртіптерін құрастыру.

            Оқушылардың жазбаша, графикалық және шығармашылық жұмыстарын зерттеу зерттеушіге оқушылардың интеллектуалды-даралық ерекшеліктері мен қабілеттері туралы мағлұмат беретін әдістің бір түрі. Оқушылардың жеке дара іс-әрекетінің нәтижелерін зерттеу, олардың жазбаша,графикалық және басқа да жұмыстарына талдау жасау зерттеушігі оқушылардың мотивтері, іс-әрекет стилі мен олардың орындауындағы жетістіктер туралы,сон дай-ақ сол іс-әрекеттің сыныпта,сыныптан тыс және бос уақытта әр түрлі көрініс табуы туралы Жан-жақты мәлімет береді.

            Оқушылардың даралық- психологиялық ерекшеліктеріне, ынта-талаптарына, мақсат- мүдделеріне, бейімдігі мен қабілеттеріне талдау жасау олардың оқыту, тәрбие, дамыту процестеріне деген қатынастың анықтауға мүмкіндік береді, жеке тұлғаның танымдық процестері мен қабілеттерінің қалыптасу деңгейін көрсетеді.Оқушылардың психологиялық- педагогикалық мінездемелерімен, жеке құжаттарымен, оқушылардың медикалық-педагогикалық тексерулерінің, педагогикалық кеңес мәжілісінің, әдістемлік кеңес хаттамаларымен Тансу, сынып журналдары мен есеп беру құжаттарын зерттеу зерттеушігі оқушылардың оқу- танымдық қызметінің даму деңгейі мен ақыл-ой іс- әрекетінің ерекшеліктері, олардың жұмысқа жарамдылығы туралы пайдалы объективті мәлімет береді, оқушылардың жеке тұлғасының дамуының дәрежесі деңгейі мен құрылысындағы сандық және сапалық өзгерістерін көрсетеді.

            2.Педагогикалық құжаттарды зерттеу білім беру жүйесі қызметінің негізгі бағыттарының жағдайы мен даму тенденцияларын көрсетеді. Оқу жоспарлары,Бағдарламалары, оқулықтар, оқу- әдістемелік оқу құралдары, мұғалімдердің сабақжоспарлары, жалпы білім беретін мектептердің , лицейлердің,колледждердің оқу-тәрбие   бағдарламалары мен жоспарлары,сынып журналдары, мұғалімдердің есеп берулеруі, оқушыларды оқыту,тәрбиелеу мен бамытудың мазмұндық компоненттері тікелей басқа да құжаттар зерттеудің ең маңызды негіздері болып табылады.

         Зерттеу- белгілі бір мәселені шешудің ақыл-ой, концептуалды- жекелік және практикалық процесі. Слайда бұл мәселені тек эмпирикалық деңгей әдістерін қолдана отырып шешу мүмкін емес. Зерттеуші нақты ғылыми деректерден олардың теориялық қорытындыларына көшуі қажет. Сонда ғана оларды негід деп санап, зерттеу мәселенің теориясын құрастырудағы дәлел ретінде педагогикалық ғылымға енгізуге болады.

             Бұл әдіс оқыту мен тәрбие жұмыстарын табысты өткізіп жатқан ЗАТ мектептер мен мұғалімдердің тәжірибесін үйрену және ЗАТ мектептер мен мұғалімдердің тәжірибесін үйрену және оны теориялық пайымдауға негізделген. Көп жағдайда мұғалімдер күнделікті сабан тәжірибесімен эмпирикалық түрде маңызды педагогикалық жаңалықтарға жетіп отырады, бірақ олардың бұл пайдалы істері педагогикада танылмай, тиісті зерттеуден тыс, жеке ынталы ұстаздың пайымы ғана болып, көпшілікке жетпей, қалып кете береді.Яғни, жеке мектеп тұрмысындағы педагогикалық практика теориялық ой- пікірі ме, әдістемелік қорытындысына жетпейді.Оқыту- тәрбиелеудің ЗАТ  тәдірибесі теориялық пайымдау мен талдауға түссе ғана педагогикалық ғылым жүйесінде орнығуға мүмкіндік алады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ