Зерттеудің негізгі тәсілдері.

0

Жоспары:

      1.Алдын- ала танысудың тәсілдері мен әдістері.

      2.Бақылау мен оқушыларды зерттеудің әдісі.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.Пошаев Д.Қ. Ғылыми – педагогикалық зерттеу негіздері Шымкент, 2003.

2.Асқаров Е., Балапанов Е., Қойшыбаев Б. Ғылыми зерттеулердің негіздері.Оқу-әдістемелік құрал. А., 2004.

3.Введение в научные исследование (Под. Ред. В.И.Журавлева).М,1998.

4.Герасимов И.Г. Структура научного исследование.- М,1995.

5.С.Мақпырұлы. Курстық және дипломдық жұмыстар. Қазақстан жоғары мектебі. 2005.№4.

6.Загвянский В.И. Учитель как исследователь.- М,1980.

7.Квиткина Л.Г.Научное творчество студентов.-М,1980

8.Е.С.Асқаров,Е.А.Қойшыбаева. Ғылыми зерттеулердің негіздері.А,2004.

     9.Соколов В.Н. Педагогическая эвристика. М., 1995. С.110-206.

     10.Эвристика. Разработано О.Е.Столяровой.

Қосымша:

1.Роках А.Г. Логика и эвристика научно-технических решений. Саратов, 1991, С.39-87.

2.Гурова Л.Л. Психологический анализ решений задач. Воронеж, 1976.С.32-52, 898-177, 236-304.

3.Шумилин А.Т. Проблемы теорий творчества. М., 1989. С.13-32,54-71.

4.Пушкин В.Н. Эвристика-наука о творческом мышлении. М., 1967.

5.Серебрянников О.Ф. Эвристические принципы и логические исчисления. М., 1970.

Лекция мәтіні :

              1.Тәрбие жұмысының неғұрлым тиімді үлгілері мен тәсілдерін шығармашылықпен таңдап алу, оның  нәтижелерін есептеп ,бағалау, оқушыларға жеке- жеке қарау үшін оқушыларды жан- жақты зерттеу, жан дүниесіне үңілу қажет.Оқушылардың білімі туралы деректердің ман алуан екендігін есте ұстаған жөн. Бұл, ең алдымен, оқушылардың өз әрекеті.Онымен оқушының мінез-құлқын түрлі жағдайда бақылау үрдісінде танысуға болады.Оқушы араласатын адамдар( ата- аналар, мұғалімдер, құрдастар, көршілер, т. б. )хабарының маңызы аз емес.Кейбір материалдарды түрлі құжаттардан (жеке іс, сынып журналы, кітапхананың тіркеу қағазы және т. б.)алуға болады.

               1.Алдын- ала танысудың тәсілдері мен әдістері.Тәжірибелі тәрбиешілер жаңа сыныпта жұмысқа кірісе отырып, ең алдымен, сыныппен және әрбір оқушымен алдын-ала жеке-жеке танысуға ұмтылады.Мұның өзі алғашқы оқу тоқсанындағы тәрбие жұмысының нақты жоспарын жасауға көмектеседі. Сонымен бірге алғашқы танысу оқушылар ұжымының өмірі мен қызметін ұйымдастыруды, жекеленген оқушыларға педагогикалық ықпал жасау тәсілдерін таңдауды жеңілдетеді.

             Алдын- ала зерттеу, ең алдымен, оқушылардың жеке іс-қағаздарымен танысуды көздейді.Мұның өзі өткен оқу жылыгдағы үлгерім мен сабаққа қатысу туралы, денсаулық жағдайы туралы, тәрбиелік дәрежесі туралы түсінік береді.Жеке іс-қағаздарынан оқушылардың қандай қоғамдық міндеттерге қалай қарайтынын білуге болады.

            Оқушылармен және сынып ұжымымен алдын ала танысу тәсілдерінің бірі -өткен жылдардағы сынып журналдарын қарап көру. Сыгып журналы- сынып айнасы. Ол жалпы сыныптың және әрбір оқушының үлгерімі мен тәртібі жағдайын көрсетеді.

                Сынып пен жекеленген оқушылар туралы оқушылармен, олардың ата-аналарымен,мұғалімдермен және бұрынғы сынып жетекшісімен, мектеп әкімшілігіндегі адамдармен алдын ала кездесу арқылы көптеген құнды материал алуға болады. Сынп белсенділері туралы, сондай- ақ ерекше көңіл аударуды қажет ететін тәртіпті және болбыр балалар туралы деректер жмнау керек.

             2.Алдын ала танысу кейіннен тәрбиені неғұрлым тиімді ұйымдастыруға, оқушылар ұжымын ынтымақтастырудың барынша ұтымды жолдарын табуға мүмкіндік береді.

  2.Бақылау- оқушыларды зерттеу әдісі. Оқу жылы басталды. Мұғалімдер, әсіресі, сынып жетекшілері оқушыларды күнделікті, ағымдағы зерттеуді ұйымдастыруы қажет.Мұндай зерттеудің ең көп тараған және тиімді тәсілдерінің бірі-бақылау. Ол оқушының мінез-құлқын табтғи жағдайда сипаттайтын түрлі құбылыстар мен фактілерді ұйымдасқан түрде қабылдауды көздейді.

               Жеке адам өзін әрекетбарысында көрсететіні белгілі. Сондықтан оқушы зерттеу олардың қызметін ұйымдастыруды және оны бақылауды көздейді. Осы қызмет белсенді болған сайын оқушының ерекшеліктері нақты ашыла түседі.Егер мұғалім немесе сынып жетекшісі ұжымжы, жеке оқушыны Бақылай отырып, фактілерді жай ғана тізе бермей, ашылған құбылыстың түп тамыры мен себептерін ашуға, мұны талдап түсінуге ұмтылса, бала дамуының өзгерістерін, қадағаласа, бақылау зерттеудің тиімді тәіліне айналады.

3.Оқушы әрекетінің нәтижелерін талдау. Бұл тәсіл оқушылар туралы айтылған пікірге қарап емес, олардың мектептегі және үйдегі іс-әрекеттері, қызмет нәтижелері(үлгерім, техникалық, шығармашылық, қоғамдық пайдалы еңбек және өзіне -өзі қызмет теуге қатысуы, спортпен айналысуы)бойынша түсінік алуға мүмкіндік береді.

             Ең алдымен, олардың  еңбек әрекетінің нәтижелерімен танысу қажет.Оған түрлі модельдер, көрнекі құралдар, техникалық құрастырмалар, мектеп шеберханасындажасалған бұйымдар жатады.Кейде сынып жетекшісі оқушылардың зор сеніміне, құрметіне ие болса, онда олардың жеке күнделіктерімен де таныса алады.

               Мұның бәрі оқушының шығармашылық әрекеттерінің бағытын, оның дарындылығын анықтап, ішкі жан дүниесін жақсы тануға көмектеседі.

              4.Оқушыны зерттеу үрдісінде сауалнаманы қолдану.

Сауалнамада ұғымдар мен түсініктерді, айналадағы адамдарға көмектеседі. Ол, әсіресе түрлі моральдық қасиеттер туралы түсінігін анықтау үшін кеңінен қолданылады.Мысалы, мынадай сұрақтарға  жауап беруді ұсынуға болады:тәртіп деген не және ол не үшін қажет? Нағыз достақ дегеніміз не? Осы және басқа сұрақтар оқылғанан кейін жауапты әркім өз бетінше беруі тиіс екенін түсіндіру керек. Егер біреу сұраққа жауап бере алмаса, онда ол “Білмеймін”деп жазады.

             Негізгі адамгершілік қасиеттерді түсінудегі елеулі алшақтықтықты және оның үстіне, дәл емес жауаптарды анықтағаннан кейін, сынып жетекшісі сауалнамадағы сұрақтардың мән- мағынасы бойынша этикалық әңгіме өткізеді. Мәселен, сауалдаманың көмегімен зерттеу тәрбиемен, адамгершілік тұрғыдан білім берумен ұштастырылады.

            5.Оқушылардың өзара жеке қатынасын зерттеуде социометрикалық әдістерді қолдану.Бұл әдістер жанама сұрақтар қою жолымен өзара ұнатуды, жақтырмауды немесе бір- біріне деген немқұрайлықты анықтауға, сыныпта кімнің беделі жоғары, ал кімнің беделі төмен екенін білуге мүмкіндік береді.Мұны, әсіресі, сынып жетекшісінің білгені өте маңызды.

           Мұндай тәсілдің педагогикалық құндылығы сол, олар сынып ішіндегі қарым- қатынастың сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Неғұрлым сыйлы, сүйікті және белгілі оқушыларды анықтап, сынып жетекшісі кейін қоғамдық жұмыстардың ұйымдастыру кезінде, өзін- өзі басқару ұйымдарын сайлау барысында және басқа жұмыстарды оларға сүйене алады.

            6.Дербес мінездемелерді жинақтау әдісі.Бұл- оқушылар туралы әр түрлі адамдардан (мұғалімдерден, ата- аналардан, оқкшылардың жолдастарынан) алынған деректерді жинақтауды және олардысалыстыруды көздейді.

            Бұл тәсіл оқушыға неғұрлым нақты мінездеме беруге мүмкіндік туғызады. Оның үстіне бұл мәліметтер оқушының өмірі мен қызметінің сан алуан жағдайындағы, дамудың әр түрлі кезеңдердегі мінез-құлқын сипаттайда. Оқушы туралы материалдар неғұрлым көбірек жиналса,оған, соғұрлым толығырақ мінездеме беруге болады.

7.Оқушының тұрмыс және тәрбие жағдайын зерттеу.Бұл тәсіл әдетте қиын, болбыр, үлгермейтін, тәртіпсіз оқушыларды зерттеу кезінде қолданылады.Тұрмыс және ттәрбие бағдайын білмейінше, ықпал жасаудың нақты және тиімді тәсілдерін белгілеу мүмкін емес. Әбден,барлық оқушылардың үйдегі тұрмыс және тәрбие жағдайын зерттеу қиын, тіпті мүмкін емес.Ьірақ осы жағдаймен жекелеген отбасыларда, әсіресі берекесіз оқушының немесе жаңа оқушынының отбасында танысуға әбден болады.

 Сонымен, тәрбие жұмысын ұйымдастыру нәтижелерін ұйымдастыру нәтижелерін есептеу және бағалау оқушыларды жан- жақты зерттеуді, олардың тәрбиелік дәрежесін анықьауды талап етеді. Оқытудың тиімділігі туралы оқушылардың үлгерімі мен білімділіг дәрежесі бойынша пікір айтылған болса , ал тәрбие тиімділігінң көрсеткіші оқушылардың тәрбиелілік дәрежесі болып табылады. Сондықтан тәрбиелік дәрежесін дұрыс анықтау-тәрбиежұмысының арттырудың пәрменді құралын табу деген сөз.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ