Ғылыми-педагогикалық зерттеу және оның әдіснамалық принциптері.

0

Жоспары:

 

      1.Ғылыми педагогикалық әдіснамасы.

  2.Әдіснамалық білімнің деңгейлері: философиялық, жалпы ғылыми, нақты ғылыми, технологиялық мұғалімнің әдіснамалық негізі.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.Пошаев Д.Қ. Ғылыми – педагогикалық зерттеу негіздері Шымкент, 2003.

2.Асқаров Е., Балапанов Е., Қойшыбаев Б. Ғылыми зерттеулердің негіздері.Оқу-әдістемелік құрал. А., 2004.

3.Введение в научные исследование (Под. Ред. В.И.Журавлева).М,1998.

4.Герасимов И.Г. Структура научного исследование.- М,1995.

5.С.Мақпырұлы. Курстық және дипломдық жұмыстар. Қазақстан жоғары мектебі. 2005.№4.

6.Загвянский В.И. Учитель как исследователь.- М,1980.

7.Квиткина Л.Г.Научное творчество студентов.-М,1980

8.Е.С.Асқаров,Е.А.Қойшыбаева. Ғылыми зерттеулердің негіздері.А,2004.

     9.Соколов В.Н. Педагогическая эвристика. М., 1995. С.110-206.

     10.Эвристика. Разработано О.Е.Столяровой.

 

Қосымша:

1.Роках А.Г. Логика и эвристика научно-технических решений. Саратов, 1991, С.39-87.

2.Гурова Л.Л. Психологический анализ решений задач. Воронеж, 1976.С.32-52, 898-177, 236-304.

3.Шумилин А.Т. Проблемы теорий творчества. М., 1989. С.13-32,54-71.

4.Пушкин В.Н. Эвристика-наука о творческом мышлении. М., 1967.

5.Серебрянников О.Ф. Эвристические принципы и логические исчисления. М., 1970.

  1. Альтшуллер Г.С.   Найти  идею.   Введение  в  теорию  решения и:изобретательских задач. 2 изд. -Новосибирск: Наука. 1991, 224 с.

Лекция мәтіні :

1.“Методология” грек тілінен аударғанда  “әдіс туралы ғылым” деген мағынаны білдіреді. “Метод”  — “әдіс” термині тікелей нақты бір нәрсеге деген жол ретінде  анықталды, яғни методология мағынасы жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым болады. Сондықтан методология- зеттеу процесі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі. Бұл ілім жалпы методология, ғылыми ұғымның, теориялық негізі, ретінде дамуы мүмкін.Сонда бұл нақтылы философиялық жүйемен байланысты. Ғылыми методологияны жетілдірудің бастамасын және негізін Гегель салды, ол өз назарын бірінші болып философиялық әдістің ерекшелік сипатына, оның нақтылы ғылымдар әдістерінен айырмашылығына және методологияның олармен үйлесімсіздігі назар аударды. Гегель әдіс дегеніміз мазмұнның қозғалысы, құбылыстың мәнін ашып көрсету және оның мазмұнынан тыс жасалмайтындығын баса көрсетті.

             Материалистік диалектика обьективті шындықты тану әдістері негізінде табиғат, қоғам және адам ойлаудың заңдары жатқанын негізге алады.Таным әдісі табиғат пен қоғамның обьективті заңдарын көрсеткенде ғана ғылыми бола алады. Сондықтан ғылыми танымның принциптері, оның категориялыры мен ұғымдары адамның ақылымен жасалған кездейсоқ ережелерінің қосындысы емес, ол табиғат, адам және қоғам заңдылықтарының бейнесі болып табылады.

             Ғылыми білімнің жалпы моделі философиялық алғы шарттар негізінде жасалады, ал ол теориялық негізгі салалармен байланысты- табиғат, қоғам және ойлау ғалымдарына қатысты үшбұрыш.

              Педагогикалық методологияның мәні әртүрлі түсіндіріледі: әдіс туралы ғылым, философиялық қағидаларды тікелей ғылыми зерттеулерде қолдану ретінде; арнайлы зерттеу әдістерін жасауға арналған ғылыми пән ретінде.Бұл айтылған үш көзқарас педагогика методологиясының шекарасын мөлшерсіз кеңейтеді немесе тартылады. Қазіргі педагогика методологиясының пәні болып педагогикалық құбылыстармен оның нәтижесі-педагогикалық білімдер жүйесін зерттеу процесі екендігі анықталған.

            Педагогика жеткілікті дәрежеде оның методологиялық қызметін атқаратын методологиялық және жалпы теориялық білімдер шекарасы айқындалуда. Методологиялық білімдер жүйесіне: педагогика пәні, педагогиканың категориялары, педагогиканың ғылыми білімдер жүйесіндегі ролі, педагогиканың басқа ғылымдармен өзара байланыстығы, педагогика ғылымдарының жүйесі: педагогикалық пәндердің жалпы және ерекшелік міндеттері, педагогиканың анықтамалығы-терминдік жүйесі жатады.

             Әрине, қазіргі педагогиканың кең көлемдегі сұрақтары пәнаралық және ғылым аралық байланыстарын диференцияландыру мен интеграцияландыру негізінде педагог- зерттеушілер мен практиканттардаң зерттеу процесін ұйымдастырудағы дайындығына байланысты тиімді жасалуы мүмкін.

            2.Қандай да салада болмасын ғылыми таным, таным субъектісі (зерттеуші) зерттеу процесінің барлық элементтерін білуін талап етеді:

 -тақырыпты үйлестіре (дифференцировать) және оның көкейтестілігін дәлелдей білді;

-ғылымдағы тақырыптың зерттелу жағдайын және пайда болған қайшылықтарын анықтай білуде оларды тәжірибеде піскен сұрақтардың,жасалған теориялардың  (разработкалардың сәйкес келмеуі);

-зерттеу нысанасын талдамалардың, үйлестіре білді(яғни жауап іздейтін, сұрақ);

-мақсат(қандай нәтиже алуға болатындығын)нысана және зерттеу пәнін анықтай алады.

             Ғылыми зерттеуге тән нәрсе, сол проблемада үйлестірілген сұрақ және болжамды белгілі бір жобаланған жауап ретінде, үлгі түрінде көрсетілді. Осыдан зерттеудің міндеттердің шығады; зерттеу пәнінің теориясын негіздеу және зерттеудің теориялық моделін жасау, эмпирикалық практиканы зерттеу әркетттерімен және педагогикалық шындықты қайта қарау.

              Қойылған міндеттерді шешу зерттеушінің соған сай ғылыми әдістерді қолдануын талап етеді. Теориялық және теориялық қолданбалы міндеттерді шешу үшін – теориялық деңгейдегі әдістер қолданады. Теориялық қолданбалы және қолданбалы сипаттағы міндеттерді шешу үшін: бақылау, әңгімелесу, анкеталық педагогикалық құжаттарды оқып танысу, эксперимент қолданады.

             Ғылыми зерттеулердіңі басты белгісі қолданатын терминдердің біртектілігі болып табылады,себебі басынан бастап,басты ұғымға қандай мағына мән беретіндігі,не туралы екендігі айқын болуы керек.

              Бір терминді сөзді бірнеше мағынады қолдануға болмайды. Бұның маңыздылығы сонда, зерттеу пәніне ұғымдық сипаттама беру зерттейтін құбылыстың мәнін мазмұнды ашып көрсетудің кепілі болады, оның теориялық моделін жасауға негіз болады. Соңғысы арқылы зерттеу құбылыстарның нақтылы педагогикалық шындықтағы жағдайын және практикалық іс-әрекеттер үшін берілетін нұсқаулардың тиімділігі бағаланады, олар болашақ педагогикалық іс-әрекеттер жобасына салынып, практика үшін қажетті әдістемелік материалдар мен нұсқаулар макеті ретінде болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ