12-жылдық мектеп мұғалімінің кәсіби деңгейінің өсуін ғылыми-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету жолдары

0

Жоспары:

1.ҚР  білім берудің дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік  бағдарламасы.

2.12-жылдық мектеп педагогінің кәсіби құзіреттілігі: арнайы құзіреттілік; әлеуметтік құзіреттілік; білім беру құзіреттілігі.

3.12-жылдық мектеп педагогінің кәсіби деңгейінің өсуін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді сапасын арттыру жолдары

Лекция мақсаты: студенттерге 12-жылдық мектеп мұғалімінің кәсіби деңгейінің өсуін ғылыми-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету жолдарын үйрету

Лекция мәтіні (қысқаша):
1.ҚР  білім берудің дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік  бағдарламасы.

          Тәуелсіз Қазақстанның жаһандық даму мақсаты — бәсекеге қабілетті отандық білім беру жүйесін қалыптастыру болып табылады. Бұл басты мақсатқа жетуге 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және ТМД мемлекеттерінің мұғалімдері мен білім беру қызметкерлерінің I съезінің шешімдері ықпал етуде.

Бүгінгі танда білім берудің жаңа үлгісі ҚР білім берудің дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында анықталған. Қазақстан Республикасының Президенті Нурсултан Назарбаевтың «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өркендеу — Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Адам -мемлекеттің басты байлығы» деп атап көрсеткен. Мемлекеттің стратегиялық жаңаруын іске асыру қазақстандықтардың білім деңгейіне, әлеуметтік және салауаттылық көніл-күйіне байланысты. Бұл міндеттерді тек кәсіби құзыреттілігі жоғары педагогтар ғана шеше алады. Сондықтан да 12-жылдық білім беру моделіне көшу мұғалімдерден инновациялық шығармашылық тарапынан ойлауды, алға қойған міндеттерді өз бетінше шеше алуды талап етеді,  оларға  кәсіби  іс-әрекетінің қоғамдық кажеттілігін  сезіне отырып, нәтижеге жету жауапкершілігін жүктейді.

2.12-жылдық мектеп педагогінің кәсіби құзіреттілігі: арнайы құзіреттілік; әлеуметтік құзіреттілік; білім беру құзіреттілігі.

12-жылдық мектеп педагогінің кәсіби құзыреттлігін жоғары деңгейде қалыптастыру үшін
ол бірнеше құзыреттілікті игеруге міндетті: арнайы құзыреттілік; әлеуметтік құзыретілік;
білім беру құзыретгілігі.

Арнайы құзыреттілік: өзінің кәсіби қызметін жоғары денгейде
айналысатан және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қабылет;

Әлеуметтік құзыреттілік: бірлескен кәсіптік қызметпен айналысу қабылеті (ұжыммен топпен), қызмет ету, басқару кәсібінде қабылданған кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін қолдана білу;

Білім беру құзыреттілігі: білім беру қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде субъектілік пен креативтіліктің дамуына ынталылық, педагогикалық және         әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті.

В.А.   Сластенин   «тұлғанын   кәсіби   педагогикалық   бағыттылығын   —   мұғалімнің құзыреттілігінің белгісі» деп санаған. Оның ойынша, құзыреттілікке мыналар жатады:

  • тұлғаның танымдық кәсіби-педагогикалық бағытын анықтайтын қасиеттері;
  • оның психологиялық дайындығын талап ету;
  • арнайы дайындығының көлемі мен құрамы;
  • мамандығы бойынша әдістемелік деңгейінің мазмұны

Ал А.К. Маркова мұғалімнің технологиялық құзыреттілігіне мыналарды жатқызады:

  • кәсіби-педагогикалық білім;
  • кәсіби-педагогикалық шеберлік;
  • кәсіби-негізгі қасиеттер, танымдық, мотивациялық сферасы;
  • кәсіби-педагогикалық позициялары (тұрақты қатынас жүйесі, оқушыға, өзіне, әріптестеріне оның әрекетін анықтайтындай болуы).

Сондықтан да біз технологиялық құзыреттілікті жан-жақты және өзара бір-бірімен байланысты үш компоненттен құралғандығын айтуымыз керек. Олар: а) кәсіби білім; ә) кәсіби шеберлік; б) педагогикалық әрекеттегі кәсіби ерекше қасиеттер. Осы аталған үш компонент маман тұлғасын дамытуда бір тұтас жүйе ретінде қолданылады. Сонымен қатар олар бір-бірін қайталамайды, күрделі диалектикалық қатынасқа түседі, сол арқылы әр компонент педагогикалық әрекет кезінде не құрал, не сілтеме немесе даму нәтижесі ретінде қолданылады.

Қазіргі заман мектебіндегі әдістемелік жұмыс — ғылымның жетістіктеріне және алдыңғы педагогикалық іс-тәжірибеге негізделген бәсекеге қабілетті сапалы білім бере алатын мұғалімнің жан-жақты кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған кешен.

Педагогтардың кәсіби кұзыреттіліктерінің жалпы диагностикасы мұғалімдердің келесі салалар бойынша жұмыста қиналу нәтижені көрсетеді:

  • Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуі;
  • педагогика мен психологияны білуі;
  • оқытудың әдісі мен технологияларын білуі;

Диагностика жүргізу нәтижесінде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетін жүргізуде келесі психологиялық кедергі белгіленді: өз-өзін төмен бағалау; өз жұмысының нәтижесін дұрыс талдамау және жүйелей білмеу; жаңалықтан қорқу. Осы диагностика негізінде 12-жылдық мектеп мұғалімінің кәсіби деңгейінің өсуін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етудің сапасын арттыру мақсатында келесі жұмыс бағыттары анықталып, жұмыс жүргізілуде: мектептің кадрлық педагогикалық ахуалын нығайту және біліктіліктерін көтеруге жағдай жасау, мұғалімді кәсіптік іс-әрекетінің, әлеуметтік өмірдің субьектісі ретінде дайындау.

3.12-жылдық мектеп педагогінің кәсіби деңгейінің өсуін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді сапасын арттыру жолдары.

12 жылдық мектеп мұғалімінің кәсіби деңгейінің өсуін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етудің сапасын арттыруының негізгі жолдары:

  • әдістемелік жұмысты жетілдіру, мектеп жағдайында педагогикалық кадрлардың біліктіліктерін көтеруге мүмкіндіктерді ұжымды пайдалану;
  • педагогтарға өз ісінің нәтижелілігін дәлелдеу, өйткені бұл еңбек әрекетінің нәтижесіне түбегейлі әсерін тигізеді;
  • өз біліктіліктерін көтеріп, оқушылардың білім сапасы мен жетістіктерінің өсуін мақсат тұтатын педагогтарға материалдық қолдау көрсету мәселесін шешу;
  • ұжым мүмкіндіктерін зерттеу, бағалау;
  • мұғалімдердің біліктілік деңгейлерін көтеру тәсілі ретінде аттестаттау шараларын жетілдіру;
  • ұстаздардың жаңаша педагогикалық ойы мен инновациялық іс-әрекетін дамьпу;
  • педагогтардың ғылыми-зерттеу және әдістемелік мәдениетін көтеру және дамыту;
  • психологиялық-педагогикалық зерттеу нәтижесінде педагогтардың кәсіби іс-әрекетінің нұсқасын жасау, жұмыс нәтижесі негізінде уақтылы түзету шараларын жүргізу, сараптама жасау;
  • бақылау жүйесін жетілдіру, педагогтар іс-әрекеті нәтижесі негізінде тиімді басқару механизмін қалыптастыру;
  • педагогикалық қызметкерлердің еңбектерін дұрыс бағалауға бағытталған мониторингтін және диагностикалық бағдарламалар жасау;

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін көтеру жұмысының негізгі бағыттары ұстаздардың біліктілігіне және өз білімдерін жетілдіруіне қарай келесі топтар бойынша ұйымдастырылады: 1 — жас мұғалімдер; 2 — санатсыз ұстаздар; 3-2 санатты ұстаздар; 4 — 1 және жоғары санатты ұстаздар.

Сонымен, күрделі ұстаздық мәселені саралау, оны шешу үшін қажетті білім мен тәжірибені пайдалану, оқу-тәрбие мәселесінде мақсатына жетудің жолдары мен тәсілдерін анықтау, өз қызметінің барысын зерттеу, соған орай, өз тәжірибесін жинақтай білу — міне, мұғалім шығармашылығының негізгі буыны осында. Өйткені өзінің кәсіби-шығармашылығын жүзеге асыру жолында шеберлікке отандық және озат шетелдік тәжірибелерді өз тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білетін маман — жаңашыл ұстаздар қауымын толықтыратыны сөзсіз.

Бақылау сұрақтары:

1.ҚР  білім берудің дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік  бағдарламасы.

2.12-жылдық мектеп педагогінің кәсіби құзіреттілігі: арнайы құзіреттілік; әлеуметтік құзіреттілік; білім беру құзіреттілігі.

3.12-жылдық мектеп педагогінің кәсіби деңгейінің өсуін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді сапасын арттыру жолдары

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ