12-жылдық білім берудегі құзіреттілік амалының әдістемелік ерекшеліктері мен құрылымдылық үлгісі

0

Жоспары:

1.12-жылдық оқытудың әдістемелік негізі.

2.12-жылдық білім беру жүйесі оқушыны бейіндеп оқыту.

  1. 12-жылдық орта білім берудің құрылымдық-мазмұндық моделі.

4.12-жылдық мектепте білім берудің мазмұндық жағын жаңартудың аса маңызды бағыттары

Лекция мақсаты: студенттерге 12-жылдық білім берудегі құзіреттілік амалының әдістемелік ерекшеліктерін түсіндіру

Лекция мәтіні (қысқаша):

  1. 12-жылдық оқытудың әдістемелік негізі.

          Еліміздің 12-жылдық білім беруге көшуге даярлық барысында Отандық оқыту теориясындағы, педагогика мен психологиядағы ізгілікті дәстүрлер мен ой-пікірлерді зерделеп, саралай отырып, келешекке бағытталған әлеуметтік — психологиялық танымды дамытудың маңызы зор. Білім берудің адамға, тұлғаға бағытталуы, білім мазмұнының демократиялылығын, замана талабына сай білім беру мен ұлттық тәрбие үрдісінің ізгілендіру сипаты — 12-жылдық оқытудың әдістемелік негізі ретінде қызмет ете алады. Оқьпудың оқушыға бағытталған мазмұнын, өзіндік ерекшеліктерін, одан туындайтын ұстанымдары мен шарттарын жүйелеу арқылы қазіргі ұлттық білім берудің әдістемелік негіздерін жасауға болатыны сөзсіз. Онсыз мектептер мен білім беру мекемелеріндегі ұлттық идеяны көздейтін тұжырымдаманы қамтамасыз ету мүмкін емес.

Сонымен қатар, мектепті 12-жылдық білім беру жүйесіне көшіруге байланысты мұғалімдерді де дайындау қажет. Мұғалімді дайындау мәселесі, оның тұлғалық сапалары, кәсіптік кемелденуі, педагогикалық такт, әдеп туралы көптеген ғалымдар ғылыми негізде жүйелі түрде зерттеді. Соңғы жылдары басты ескерер нәрсе мұғалім жұмысындағы шығармашылық мәселесіне ауыса келе, құзыреттілік қабілеттерді дамыту мәселелері жөнінде зерттеулер жүргізіліп, педагогикалық этика, педагогикалық такт, педагогикалық шеберлік мәселелерін жетілдіруге қатысты көптеген ұсыныстар берілді. Сонымен бірге, педагогикалық -психологиялық іс-әрекет жайында: эстетикалық сапалар, адамгершілік негіздері, құқықтық мәселелері, зерттеушілік, интелектуалдық дамуы, рухани мәдениеті, әдістемелік негізі, жалпы білімділігі, кәсіби педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті, т.б. ерекшеліктері бар.

Мұғалімге мүмкіндігінше болуы керек деген салаларға оның дауысы, сыртқы келбеті, айналадағылармен қарым-қатынасы, оқушыны өзіне тарта білуі, ойдың ұшқырлығы, тіл байлығы, сөз саптау шеберлігі мен шешендігі, көтеріңкі көңілдің болуы шарт.

12-жылдық білім беру жүйесіне көшу — әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін заман талабынан туындаған мәселе. Мектеп бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық өмірдегі өзгерістерге икемделе отырып, ондағы өз орнын анықтауын тың мазмұнды жаңа мектеп қана қамтамасыз ететінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.

12-жылдық білім беруге біртіндеп көшуді жүзеге асыру — оның кажеттілігі мен тиімділігін әр педагогтың, ата-ананың саналы түрде түсінуін, қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуын қамтитын процесс.

2.12-жылдық білім беру жүйесі оқушыны бейіндеп оқыту.

12-жылдық білім беру жүйесі оқушыны бейіндеп оқыту арқылы өзіндік талабын қанағаттандыруды, оның жеке тұлға ретінде дербес қалыптасуына игі ықпал етуді мақсат етеді. Ол мынадай міндеттерді жүзеге асыруды көздейді: оқушыларға бейінді окытудың белгілі бір бағытын тандауына мүмкіндік туғызу; окушылардың әлеуметтік және жеке кәсіби жағынан өзін-өзі анықтауына, өзгермелі қоршаған ортаға бейімделе білуіне септігін тигізетін өзіндік білім алуын ұйымдастыру. Нәтижесінде оқушының болашақ мамандығына саналы тандау жасауына жағдай туады, өзіндік іс-әрекетін бағалай білуге дағдыландыратын түпкілікті кұзыреттерге қол жеткізіледі, сөйтіп оқушылардың одан әрі білім алуын жалғастыруына игі ықпал етеді.

  1. 12-жылдық орта білім берудің құрылымдық-мазмұндық моделі.

12-жылдық жалпы орта білім берудің құрылымдық — мазмұндық моделі мынадай ұстанымдарды басшылыққа алады: атап айтсақ, жеке тұлғаның жас кезендерінің ескерілуі: күтілетін нәтижелердің оқушы жетістіктеріне бағытталуы. Мұнда оқытудың сабақтастығы мен әрбір оқыту сатысы басты назарда болуы керек.

12-жылдық білім беру жүйесіндегі басты артықшылық — баланың тек кана білім алып қана қоймай, бейімі мен икемділігіне, таңдайтын мамандығына қарай алғашқы кәсіби бағдар алып шығуы, яғни, 11-12-сыныптардағы білім мазмұны оқушының жоғары оқу орнының алғашқы курстарында алатын білім мазмұнымен кіріктіріледі. Оқушы мен оқытушы арасындағы өзара түсіністік пен ықпалдастыққа негізделген оқыту барысы оқушының ойлау жүйесінің дамуына, кұндылық бағдарының айқындалуына, қарым-қатынас жасай білу дағдысының қалыптасуына игі ықпал етеді. Нәтижесінде оқушының қоршаған ортасына деген қатынасын өзгертетін, танымдық қабілетінің деңгейін көрсететін, ойлау дәрежесінің терендігін

байқататын,   ақпаратты   қабылдап,   талдап,   өзіндік   тұжырым   жасай   алатын   түпкілікті құзыреттерге қол жеткізеді.

Бұл процесс 12-жылдық білім беру жүйесінде білім мазмұнын түбегейлі жаңартумен қатар, оқьпудың тың әдістемесін дүниеге әкелетін, құнды идеялардан туындайтын жаңа оқьпу технологияларын енгізуді талап етеді.

4.12-жылдық мектепте білім берудің мазмұндық жағын  жаңартудың   аса  маңызды бағыттары.

12-жылдық білім берудің әдістемелік негіздеріне орай, мектепте білім берудің мазмұндық жағын жаңартудың аса маңызды бағыттары мыналар болып табылады:

  • мектепте білім берудің мазмұнын қазіргі қоғам қызметінің серпінді кұрылымымен сәйкес келтіру;
  • оқушыларды өз бетінше білім алуға және оны пркатикада қолдануға, оқытудың әр түрлі саласында өз мүмкіндіктерін тануға және жақсы қасиеттерін ашуға тәрбиелеу;
  • әрбір жас кезеңіндегі негізгі психикалық жаңа кұрылымдарды қалыптастыру төңірегіндегі оқу үрдісін жолға қою;
  • оқушыларды танымның ғылыми тәсілдеріне мақсатты және жүйелі түрде тарту, негізгі мотивациялық үрдістерді айқындайтын оқу ахуалдарын кеңінен қолдану.

Қазіргі мектептің білім мазмұнын ізгілендіру мен даралауға айқын бет бұру мынадай міндеттерді жүктейді:

  • оқушының жеке тұлға ретінде мақсатты, тұрақты және дәйекті дамуына жағдай жасау;
  • оқушылардың белгілі бір білімді тандауы мен меңгеруін, олардың оқу үрдісі кезінде тандау мүмкіндіктері мен кұқықтарын қамтамасыз ету;
  • оқу-тәрбие үрдісінде ынтымақтастық ізгі қатынастырын орнықтыру;
  • білім мазмұнын барынша ізгілендіруді қамтамасыз ету;
  • білім мазмұнының инварианттық және вариативтік компоненттерінің арасындағы гуманитарлық және жаратылыстану — ғылыми білімдердің диалекгикалық бірлігін қамтамасыз ету.

12-жылдық білім беру жүйесіндегі жаңалық — мектеп шәкіртінің тұлғасын әлеуметтендіру. Біртіндеп оқушының бойында қалыптасатын әлеуметтендіруді әрбір пән өз үлесін қосу арқылы іске асыратын болады.

Нәтижеге бағдарланған оқытудың әрекетті — кұзыреттілік негіздерінің қатарында 12-жылдық орта білім берудің көздеген мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес Стандарт негізінде мынадай білім беру нәтижелері айқындалған:

  • білім алушыларды әлеуметтендіру — бағдарлану және кұндылықтар жүйелері түріндегі тұлғалық нәтижелер;
  • метапәндік нәтижелер — оқу-тәрбие барысының шеңберіндегі және нақты өмір жағдайларындағы мәселелерді шешу кезінде қолданылатын іс-әрекеттің әмбебап тәсілдері ретінде қалыптастырылған түйінді құзыреттіліктер:
  • пәнді оқыту нәтижелері — игерілген білім, білік, дағды және білім беру салалары бойынша пәндік құзыреттіліктер.

Әрбір пәндерді игеру нәтижесінде мектеп пәнінің жететін нәтижелерінің ең маңыздысы түптеп келгенде пәндік құзыреттіліктер болып саналады. Олар алған білімнің тікелей өмірмен байланыстырып, білімін терендетуге, кездескен жағдаяттарды шешуге жол ашады. Сондықтан әрбір ұстаз өзінің шәкірттеріне үйрететін білімінің ең жауаптысы да, ең кажеттісі де пәндік құзыреттіліктер екенін еске ұстап соған жетуге талаптануы тиіс. Егер 12-жылдық білім беруді «Нәтижеге бағдарланған оқыту жүйесі» деп атасақ, ол білім стандарттарының талаптарына сай күні бұрын айқындалған оқушының бойында қалыптасатын пәндік кұзыреттіліктер жүйесі

болып саналады.

Болашақ 12- жылдық мектепте оқытудың жаңа моделінің алдына қойып отырған басты

міндеттер:

  • жалпы орта білім берудің кұрылымы мен мазмұнын оқушылардың жас ерекшеліктеріне әрі белгілі бір білім деңгейіне және мүмкіндіктеріне сәйкес келтіру;
  • оқу-тәрбие барысының көмегімен оқушыларды жаппай әлеуметтендіруді қамтамасыз ету:
  • мектеп бітіретін түлектердің    жеткен    деңгейін,    олардың    жеке    қасиеттерін

құзыреттіліктер түрінде болжау.                                             .. .

Тұлғаға бағдарланған оқытуды жүзеге асыру ғылыми білімдермен қоса, танымдық әдіс-тәсілдер қамтылған білім мазмұнын әзірлеуді талап етіп, оны терең зерттеуді, қажет етеді. Ең

интегративті формалары; оқу процесіндегі бірлескен шығармашылық әдістері т.б. мысал бола

алады.

Қазіргі кезде елімізде жоғарғы оқу орны қызметін ғылыммен және өнеркәсіппен интеграциясы проблемасын қарастыра отырып ұйымдастыру жағына көп көңіл бөлінуде. Бұл нақты үрдіс тұлғаға «қызмет» ету үшін өндірістің, ғылымның, білім беру, басқарудың барлық құралдарын біріктіру, интеграциялау талап етіледі. Жоғары оқу орны ішілік кооперация және интеграция мәселелері де өз шешімін табуды қажет етеді. Сонымен қатар, жоғары оқу орнының ғылыми мекемелермен интеграциясының ерекшеліктері, «оқу-ғылыми-өндірістік» кешендердің жіктемесі, «білім беру-ғылым-өндіріс» жүйесін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық және технологиялық-әдіснамалық негіздері өңделуі қажет.

Білім көлемінің ұлғаюы мен білімнің күрделіленуі және оны жеткізудің дәстүрлі әдістері арасындағы қарама-қайшылықты көрсетеді. Бұл қарама-қайшылықты шешу құралы ретінде «оқытудың ерекше әдістерін» — проблемалық, программалық оқыту, суггестология, бейінді оқыту жүйелері яғни оқу пәндері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін кұралдар сапасының логикасы, аналогия ұсынылады.

Құзыреттілік тұрғыдан білім берудегі интеграциялық үрдістерді технологиялық қамтамасыз етудің мәселесін арнайы қарастыруды қажет етеді. Мамандар даярлаудағы интеграция өз кезеңінде оқу процесіндегі әдістер, формалар мен құралдардың белгілі-бір өзгерісіне алып келетіндігін көрсетеді. Бұл өзгерістердің мәні оқыту мен тәрбиенің бір-бірімен нашар байланысқан формалары мен әдістерінен мамандардың білім мен әрекетінің синтезі мен әмбебаптылығы міндеттеріне сәйкес келетін кең көлемдегі өзара байланысты кешеніне көшу одан әрі олардың органикалық жүйеге интеграциялануы деп есептейміз.

Сонымен, құзыреттілік тұрғыдан маман даярлауда олардың білімін интеграциялаудың барынша тиімді құралы — интерактивтік оқыту. Интерактивтік оқытуды қолдану лекция және практикалық сабақтар құрылымын мәнді өзгерте отырып, олардың аралығында жаңа формалардың тууына мүмкіндік береді. Оның мысалына іскерлік ойындарды жатқызуға болады. Іскерлік ойындар өндірістік ситуацияларды имитациялайды және оқытушы мен студенттерден бір жағынан білімнің әртүрлі аймақтарының синтезін талап етсе, ал екіншіден мамандардың ұжымдық әрекетін моделдейді. Қорыта айтқанда, құзыреттілік тұрғыдан білім берудегі интеграциялық үрдістер оқу сабақтарының барлық формаларын «теориялық проблема — практикада жүзеге асыру» циклын меңгеру үшін біртұтас жүйеге келтіреді.

Бақылау сұрақтары:

1.12-жылдық оқытудың әдістемелік негізі.

2.12-жылдық білім беру жүйесі оқушыны бейіндеп оқыту.

3.12-жылдық мектепте білім берудің мазмұндық жағын жаңартудың аса маңызды бағыттары

4.12-жылдық орта білім берудің құрылымдық-мазмұндық моделі.

 

 

 

 

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ