12-жылдық мектепте химия бағытында білім берудің өлшемі

0

Жоспары:

1.Жаратылыстану ғылымдар арасында химияның ролі

  1. Химия сабақтарын пәнаралық байланыста жүргізу
  2. 12- жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында тұлға құзырлылығын қалыптастыруда мұғалімнің қызметі

Лекция мақсаты: студенттерге 12-жылдық мектепте химия бағытында білім берудің өлшемі жайлы түсіндіру

Лекция мәтіні (қысқаша):

1.Жаратылыстану ғылымдар арасында химияның ролі.

Қазіргі уақыт талабы  мұғалімнен әр түрлі әдісті, ізденісті, жаңа идеяларды жан – жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, оны күнделікті іс – әрекетінде жүйелі түрде қалыптастыруды қажет етеді.

Сонымен бірге, оқушылардың белсенділігін, жеке – дара жұмыс істеуін ынталандыру, жеке көзқарастарының қалыптасуын, дамуын, оқу еңбегінің нәтижесі тиімді болуын талап етеді. Яғни, әр оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып, оның табиғи қабілеттерін анықтау,өздік танымдық іс – әрекетіне    бағыттау, оның субьектілік қызметін жетілдіру, соған негіздеп оқыту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осы мәселені өтеуден тақырыптың өзектілігі туындайды. Бүгінгі күндегі Қазақстанда бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңестігіне кіру мақсатында білімнің жаңа жүйесі құрылуын ескерсек, көтеріліп отырған мәселенің өзектілігі нақтылана түспек. Сондықтан оқу – тәрбие үрдісіндегі негізгі мақсат – білімнің сапасы мен тиімділігін қалыптастыра отырып, әрбір жеке тұлғаның білім стандартын меңгеруіне, есте сақтау дағдыларының қалыптасуына, өз бетімен жетілуіне, дамуына үлкен жауапкершілігімен қарау.

Қазіргі күні мектептер екі бағытта жұмыс жасайды: қоғамдық – гуманитарлық, жаратылыстану – математикалық. Химия пәні жаратылыстану пәндеріне енеді.

«Жаратылыстану» білім беру саласының мақсаты:

— адам мен қоршаған әлемнің біртұтастығы туралы түсінікті қалыптастыру болып табылады.

«Жаратылыстану» білімі беру саласының пәндерін оқыту келесі мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған:

— физиканың, астрономияның,химияның, географияның негізін құрайтын табиғаттың фундаменталдық заңдарының мәнін игеруі;

— қоршаған әлемді танудың жаратылыстану – ғылыми әдістерін игерту;

— нақты жағдайларда жаратылыстану-ғылыми білімдерін, әдістерін және іс – әрекетін экологиялық талаптар мен нормаларға сәйкес ұйымдастыру тәжірибесін қолдану қабілетін қалыптастыру.

Бүгінде осы пәндерге терең мән берілуде. Сондықтан біздерге ойлануға тура келеді, үнемі ізденіс үстінде болуымыз қажет.

  1. Химия сабақтарын пәнаралық байланыста жүргізу.

Қазіргі таңда білім беру жүйесі барлық пәндерді өзара байланыстыра, кіріктіре, сабақтастыра отырып оқыту арқылы білім беріп, оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке үйрету, жекебас дербестігін дамыту, бойларына жауапкершілік, орнықтылық қалыптастыру мәселелерін шешу мақсатын көздеп отыр. Пәнаралық байланыста экологиялық білім беруді ұйымдастыру, жеке пәндер мазмұнының, мәтіннің бір-бірімен өзара жымдасуын қамтамасыз ететіндей белгілі бір жүйелілікті керек етеді.

Жоғары сыныптарда оқушының ойлау қабілетін жетілдіретін өз көзқарастарын дұрыс қалыптастырып дәлелдей алатын сабақ түрлерін көбірек өткізу тиімді. Олар конференция, семинар, реферат жазып қорғау, дебат, т.б. Оқушының дүниетанымын кеңейтіп, сабақта алған теориялық білімдерін пайдалана білуге дағдыландыру мақсатында төменгі, орта буындарда іскерлік ойындар өткізудің, ойын элементтерін пайдаланудың маңызы зор. Мысалы, бір тақырып бірнеше пәнде кездесуі пәнаралық байланыстың дамуына және оқушының тәжірибелік іскерлігін қалыптастырып дамытуға мүмкіндік береді.

Химиядан пәнаралық байланыста экологиялық білім беру үшін материалдарды сұрыптағанда, қоршаған ортадағы болып жатқан әр түрлі құбылыстарды жалпы және жеке заңдар мен ережелер негізінде түсіндіруден бастаса, оқушыларда қоршаған орта жүйесіндегі түрлі үдерістерге танымдық көзқарасы жетіліп, ол жалпы білімнен мамандықтарына қатысты кәсіби білімге ұласа алады.

Жаратылыстану пәндерін пәнаралық байланыс арқылы оқытудың тиімділігін арттыруда мына мәселелер даралап алынып қарастырылады:

— пәнаралық байланыс негізінде берілетін экологиялық білімнің қажеттілігін дәлелдеу;

— экологиялық білім беруде химияның немесе биологияның жаратылыстану пәндерімен байланысында нені оқыту керек;

            — пәндер арасындағы өзара байланыс қандай бағытта жүзеге асады және қандай тақырыптарды өзара байланыстыруға болады; пәнаралық байланысты қандай формада және қандай әдіспен оқыту керек;

— пәнаралық байланыс негізінде экологиялық білім берудің нәтижесі қандай болмақ.

  1. 12- жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында тұлға құзырлылығын қалыптастыруда мұғалімнің қызметі.

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында тұлға құзырлылығын қалыптастыруға тиісті құзыреттіліктерді жүзеге асыруда оқушының жеке даралық ерекшеліктеріне айрықша мән бере отырып, білімді баланың еркін игеруін жүзеге асыру мұғалімдерден тиімді әдіс-тәсілдерді жетілдіре отырып, тың әдістемелік негіздерді қалыптастыруды қажет етеді. Бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлға тәрбиелеу ізденіске толы шығармашылық жұмыстардың нәтижесінде ғана мүмкін екендігі де белгілі.

Сондықтан да оқушының әр түрлі өмірлік жағдайлардан мектепте алған білімін, білігі мен икем, дағдыларын тиімді қолдана отырып, сәтімен шыға білуіне жағдай жасау сабақ үрдісінде де, сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстар арқылы да тиімді ұйымдастыра білу 12 жылдық білім беру табалдырығын аттағалы тұрған мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді. 12 жылдық білім беру тыңнан, таза жерден басталғалы отырған жоқ. Мәселе нені не үшін және қандай мақсатпен , қалай оқытатынымызда.

Мұғалім мақсаты бүгінгі заман талабы, білімді, білікті, өздігінен тығырықтан шығар жол таба білетін іскер адам тәрбиелеуді қажет етіп отырғандықтан, мектеп қабырғасында жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау.

Мұғалімнің ғана қолынан келетін нәрсе-ол балалардың өз пәніне деген қызығушылығын өшіріп алмай, ары қарай жалғастыруы. Яғни, ойлау қабілетінің ерекшеліктерін дамыту, таным белсенділіктерін арттыру, қызығушылығын дамыту, барлық оқушыларға берілетін тапсырмалардан ерекше, күрделі тапсырмаларды беру, көбірек ойландыру, танымдық, логикалық ойындар беру арқылы қызығушылықтарын үстемдеу, проблемалық сұрақтармен мәселелерді шешуді, өз бетімен жұмыс істеуді үйрету, зерттеуге баулу қажет.

Осыған байланысты баланы зерттеу әрекетіне дайындау, оның зерттеушілік ізденіс білігі мен дағдыларын қалыптастыру қазіргі білім беру ісінің маңызды міндеті болып есептеледі.

Бүгінгі баланың әлемде болашағына дұрыс таңдау жасай алатын, ұтымды шешім қабылдай алатын, сондай-ақ өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделе білетін қабілетіне байланысты өмір сүру тәртібі күтіп тұр. Баланың айналаны өз бетімен танып-білуге деген табиғи ұмтылысы негізінде құрылған оқытудағы зерттеу тәсілін пайдалану кіші жастағы оқушымен жұмыста ерекше орын алады.

Шығармашылық қабілетті дамытудың құралдары мен түрлі жолдарының арасында оқушының өзіндік зерттеу тәжірибесі тиімді болып табылады.

Бақылау сұрақтары:

1.Жаратылыстану ғылымдар арасында химияның ролі

  1. Химия сабақтарын пәнаралық байланыста жүргізу
  2. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында тұлға құзырлылығын қалыптастыруда мұғалімнің қызметі

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ