Құзіреттілік туралы түсінік

0

Жоспары:

1.Құзырлылық туралы түсінік

  1. Құзырлылықтың негізгі белгілері:

3.Құзырлылық нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің саналық критериі

4.Дәстүрлі білім жүйесіндегі негізгі критерийі

Лекция мақсаты: студенттерге құзырлылық және оның негізгі белгілері туралы түсінік беру

 

Лекция мәтіні (қысқаша):

 

 1.Құзырлылық туралы түсінік.

Құзырлылық деген не? Соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылық (латын тілінде «соmpetens») тікелей аудармасы белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны  қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді  түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді.Құзырлылық маманның «айналымға» түсудегі  қажетті шарты

2.Құзырлылықтың негізгі белгілері:-

тұлға аралық және еңбектегі байланыс мәдениеті;

  • кызметтің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі;
  • қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы;
  • практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті;
  • нақты жағдайларға байланысты кандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі;
  • тиімді шешім қабылдау қабілеті.

Құзырлылық деп —

танымдық,

  • пәндік-практикалық,
  • тұлғалық тәжірибенің күрделі пайымдамасы, синтезі.

3.Құзырлылық нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің саналық критериі:

Ғылыми-педагогикалық еңбектерде кәсіби кұзырлылық дайындық сапасына қойылатын
талап немесе кәсіби теориялық білімдері мен  практикалық біліктілігі,  тәжірибеден өткізілген
кәсіби маңызды сапасы ретінде қарастырылады. Мұндай контекстке қарастыру құзырлылықпен  кәсіби профессионализм ұғымдары арасындағы  айырманы ажыратып қарастыруға мүмкіндік
бермейді. Құзырлылық білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлғаның мінез-құлқын, ең бастысы тұлға
мүмкіндігін бағалаудың критериі мақсатында қарастыру  кұзырлылық маңызын толық аша алады. Олай болса, құзырлылық нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критериі
ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды қамтитын кұндылықтарды есепке алуы қажет.

4.Дәстүрлі білім жүйесіндегі негізгі критерийі:

-Дәстүрлі білім беру жүйесінде қандай да бір нақты қызметке дайындық деңгейін анықтау
үшін «адамның бір нәрсеге дайындығы» негізгі критерий ретінде
қарастырылып, ғылыми түрде бірнеше диссертациялык еңбектер аркылы дәлелденіп келген
болатын. Бұл критерий негізінде «мамандық»  (квалификация) мәні ашылған. Ал бәсекелестік
жағдайында кәсіби қызметке дайындығын ғана тілге тиек ету жеткіліксіз. Сондыктан да,
кездейсоқтықтан, әр түрлі ситуациялардан нәтижелі шешім қабылдау, әрекет жасау қабілетін есеп-
ке алатын уақыттың жеткендігін ескере отырып, құзырлылықты нәтижеге бағдарланған білім беру
жүйесінің сапалық критериі ретінде зерттеу бүгінгі күннің талабы.

-Құзырлылық табиғаты бағдарлы мақсат контекстісінде өзіндік дамуының, кызметтік,тұлғалык тәжірибесін жинактауға бағытталған құзыр ұғымы негізінде ашылады.

— Құзыр- Стив Уиддеттің пайымдауында — кажетті мінез-құлықты бейнелеу қабілеті.

 

Бақылау сұрақтары:

1.Құзырлылық туралы түсінік

  1. Құзырлылықтың негізгі белгілері:

3.Құзырлылық нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің саналық критериі

4.Дәстүрлі білім жүйесіндегі негізгі критерийі

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ