Білім беруді ақпараттандырудың негізгі проблемалары

0

Әрбір елдің технологиялық даму дәрежесі, оның экономикалық дамуы мен халықтың әл ауқатына ғана байланысты емес, сондай-ақ, оның әлемдік деңгейдегі қауымдастықта алатын орын, басқа елдермен экономикалық және саяси интеграциялық мүмкіндігіне, сонымен бірге ұлттық қауіпсіздік проблемаларды шешуге де тікелей байланысты. Сөйтіп, қандай елде болмасын, қазіргі технологияны пайдалану және дамыту дәрежесін материалдық базаны дамытумен ғана анықтауға болмайды, ең бастысы — қоғамның интеллектуальдық деңгейіне, оның жаңа тиімді қолдану, сіңіру, оны жасау, туғызу деңгейіне байланысты анықтай алады. Ең бастысы, мұның барлығы елге білім беруді дамыту деңгейі мен білім беруді ақпараттандыру проблемаларын шешумен де тікелей байланысты. Қазіргі әлемдік елде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияны ұстап отыру және пайдалану, әрбір адамның онымен жұмыс істей білуіне, оқу және жазу демек, әрбір адам үшін қажетті техникалық әдет пен дағды керек. Демек, ақпараттық технологияны дамыту болашақта мамандардың онымен жұмыс істей білуін, қоғамның даму ерекшелігі айқындай түседі.

22 қыркүйекте 1997 жылы №3645 Қазақстан Республикасының Президеті Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен орта білім беру жүйесінің Мемлекеттік ақпараттандыру бағдарламасы бекітілген. Білім беруді ақпараттандырудың мақсаттық тапсырмасы — Қазақстанның -2030 стратегиялық дамуынан туындайды. Сондай — ақ, ол «Білім туралы» заңға да байланысты іске асырылады, сондай -ақ, олар кәсіптік білім берудің жалпы проблемаларын шешуге бағытталға. Демек, олар:

  1. Кәсіптік білім беруді дамытудың жалпы мемлекттік стратегиясын тарату және жасау;
  2. Кәсіптік білім берудің отандық жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялау және оның халықаралық білім беру стандартына сәйкес келуін қамтамассыз ету;
  3. Кәсіптік білім беруді ақпараттандыру проблемаларының ерекше түрлерін шешуді ұйымдастыру;
  4. Кәсіптік білім берудің ақпараттық міндеттерін шешудің комплекс практикалық шараларын жүзеге асыру және анықтай түсу;
  5. Оқушылар мен студенттерді компьютерлік, телекоммуникациялық техниканы, болашақ кәсіптік білім беру ісіне пайдалануға даярлау;
  6. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияны басқару, оқу және тәрбие процесін кең түрде енгізу арқылы, кәсіптік білім беру жүйесін прграммалау.

Енді басты мәселелердің бірі -жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру болып отыр.

«Ақпараттық мәдениет» терминін ғылым әлеміне алғаш енгізген Г.Г.Воробьев болды. Оның ең басты мақсаты — ақпаратты жүйені тиімді жасау және ақпаратты орталықта талдау, ол үшін ақпаратты қарым-қатынасты біліктілікпен жүргізу, осы негізде ақпаратты ұтымды жолын жұртшылыққа, мұғалімдерге түсіндіру еді.

В.Ю. Милиатерева мен И.М. Яглома еңбектерінде «ақпараттық мәдениет — білімдер жиынтығы» — деген анықтама кездеседі. Бұдан кейін, олар ақпаратты әдістемелік негізде оның біліктілікпен  тәжірибеде қолдана отырып маңызды міндеттермен мәселелерді шешуге пайдалану жолдарын белгілеген. Ал,  А.Д. Урсул «Ақпараттық мәдениет» ұғымын толықтыра отырып, маңызын басқаша түсіндірген, ол өндіріс процесін жете меңгеру және ақпаратты пайдалану, адамның бостандығын және ақпараттық құқығын сақтау, оны өмірге, қоғамға енгізу.

В.З. Коган, В.Ю. Милиторев, Ю.А. Шрейдер,  Г.Г. Воробьев, А.А.Урсул, А.П. Суханов, И.М. Яглом еңбектерінде жеке тұлғаның ақпараттық мәдениеті ғана адамның ашық ақпаратты қоғам жағдайына әлеуметтік тез бейімделуін қамтамассыз ете алады деп көрсетті. Ю.А.Шрейдердің дәлелдеуінше ақпаратты мәдениет адамның іс қимылы мен қызметінің тиімділігіне жағдай туғызады және оның критериясы бола алады. Ол ақпаратты мәдениеттің мінез-құлықтылыққа байланыстылығын және шығармашылық мәнін ашты. Зерттеушілер А.П. Ершов, Н.И. Монахов В.А.Каймин, Н.М. Розенберг, С. А. Бешенков, В.В. Бизюк мектептегі ақпаратты курстың негізінде ақпаратты ортаны пайдаланушылардың жеке ерекшелігі болуын сипаттайды және жеке тұлғаның ақпаратты мәдениетінің жоғары сапалы болуын талап етеді. В.А. Каймин жеке тұлғаның ақпаратты мәдениеті, оның компьютерлік сауаттылығы әлдеқайда жоғары екенін дәлелдеп берді. Алайда, ақпараттық мәдениет ЭВМ-ның мәліметтерін өңдеумен және оның құралдарын жаңартумен, есептеу және жаңа ақпарат техникаларын пайдалануды жақсартуға байланысты дамып және көтеріліп отырады. С.Н. Лактионова өзінің кандидаттық диссертациясы арқылы пәнаралық байланыстық ақпаратты мәдениетті жетілдіре түсетіні дәлелдеді. Ол әсіресе мәдениеттің білімге байланысты дамитынын зерттеді. Ол философия, психология, педагогика, информатика пәндерінің ғылыми-ақпараттық және теориялық мәнін ашты. Ол педагогтың «ақпаратты мәдениеті», инабаттылыққа тікелей байланысты туындайтынын айта отырып, «Саясаттану», «Социология», «Мәдениет негіздері», пәндерінің ақпаратты мәдениетін көтерудегі роліне жоғары баға берді.

С.Н. Лактионова ақпаратты мәдениеттің мынандай құрамын белгілеп берді.

  1. Педагогтың ақпаратты мәдениетінің — білімділігі, жауапкершілігі, айнала ортамен тығыз байланыстылығы. Соларға байланысты мәдениеттілік — ұдайы жоғарылап, көтеріліп отырады.
  2. Жекелік — мотивациялық, ақпараттық бағалы мәдениеттілік рухани негізде  жасалған мұраларды, күнделікті айнала ортада болып жатқан мәдениетке байланысты әлеуметтік жаңалықтарды меңгере, игере, үйрене білуі.
  3. Ақапарат мәдениетінің — технологиялық, ғылыми-теориялық негізі. Ол мәдениетттің әрбір ғылымды игеруге байланысты шешілетіндігі. Әсіресе, информатика, техникалық ғылымдарды жеке тұлғаның, мәдениет ақпараттылығымен айналысып жүрген адамдардың меңгеруімен, игеруімен, білім түрінде ала білуімен тікелей байланысты.

Сөйтіп, С.Н. Лактионованың зерттеулері жеке тұлағынң ақпаратты мәдениеттіліг айнала ортаны — сыртқы болып жатқан мәдени механизмді ішкі жандүниесінің сезімталдығы, соған түгелдей берілу арқылы қабылдайтыны арқылы шешілетінін анықтады. Бұл ретте, писхология, педагогика пәндерінің ролін ол жоғары бағалайды. Автордың ақпаратты — мәдениетінің ғылыми теориясымен танысуы — оның моделін жасауға, оны сипаттап жазуға елеулі пайдасын тигізді. Сондай-ақ, оның дәлелдеулері қазіргі ақпараттық мәдениеттің ғылыми- теориясын ашу және пайдалану тәсілдерінің біраз жолдарын ашып берді. Мемлекеттік орындарда ақпаратты басқару және мәдениетті түрде ақпарат тарату тәсілдерін дәлелдеді. Банк, қор, мәдени орталықтар жұмысын ақпараттандырудың мәдениеттілік — негізін оны пайдалану механизмін көрсетіп берді. Жеке тұлғаның ақпараттық мәдениеттілік — негізін оны пайдалану механизмін көрсетіп берді. Жеке тұлғаның ақпараттық мәдениеті, оның женкелік мәдениетімен ақпараттық білімін тікелей байланысты  екенін көп жағдайларда — ақпараттық мәдениет компьютерлік сауаттылыққа, оның ғылыми-теориялық негізіне сәйкес дами түсетінін дәлелдеді.

Жеке тұлғада қалыптастырылатын мазмұнның сипаты мынандай білім жүйесін қамтитын құрал беріліп отыр:

— ашық ақпарат қоғамын бағдарлау,

-ақпараттық бағдарлау,

-ақпараттық технологияны бағдарлау,

-білім беруді компьютерлендіруді бағдарлау.

Ғылыми әдебиеттерді талдау кезінде байқалғанындай, ғалымдар (Воробьев Г.Г., Шрейдер Ю.А., т.б.) жеке тұлға мен ақпараттық ортаның арақатынасында олардың бір-біріне әсеріне ерекше назар аударған. Олардың дәлелдеуінше, ақпаратты ортаны үйлесімді игеру үшін, жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетін сипаттайтын әдеті мен дағдысы және оның бойында соған сай, белгілі мөлшерде білім болуы қажет.

Жеке тұлғаның бағдарлау дегеніміз — бұл үшін жеке тұлға арнаулы білім арқылы қоғамның ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық прогресін, оның маңыз мен ролін, ақпараттық мәнін үйлестіре білуі қажет. Ақпаратты игеру және сақтау біліктілігін арттыру өзінің ақпарат туралы білімін ол туралы жан-жақт, толық мәліметтерді жинастыру, әр түрлі ақпаратты хабарларды жинастыру, өзінің кәсіптік білімін ақпаратты біліктермен ұдайы толықтырып отыруы тиіс және оған деген сұранысы мен қызығушылығын арттыруы шарт.

Бұл процесс білім арқылы орындалады. Демек, білім ақпаратты технологияның негізгі қызметі мен мәнін, оның жүзеген асу принциптері мен құралдарын ұдайы үйлестіріп отырады. Мамандардың  білгірлігімен кәсіптік қызметке ақпаратты технологияны тұтас пайдалану, қоғамдағы басты ақпараттардың жүйесін дер кезінде іске қосу, педагогикалық технологияны пайдалану және жасау, ақпаратты технологияны өзара қатынаста қолдану және оған деген қызығушылықты арттырып отыруда білімнің үлесіне тиеді.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру оның берік жүйесін жасау мына ғалымдар еңбектерінде  үлкен көрініс тапты. Олар: В.И. Журавлева, В.С.Аранский, Э.Л. Бережна, М.А. Миланова, Л.М. Сидон т.б., педагогтарды ақпараттандырумен қамтамассыз етудің арнаулы ерекшеліктері мына ғалымдар еңбектерінде көрініс тапты: Г.Г. Агапова, Л.Я. Белова, В.В. Васильева, Г.В. Иванова, Г.В. Хрыкина, Л.Ю. Малай т.б.

М.С. Мирманова, С.И. Вовкович, Г.Р. Громов, Д.И. Бюлмена, О.Е.Бурого, Д.Ш. Матроса, Э.Л. Шапира еңбектерінде қоғамды ақпараттандырудың жүйесі үшін мен оны басқарудың басты мәселелері зерттелген.

Мұғалімдердің ақпараттандыру мәдениеті — қоғамды ақпараттандыруға, оны компьютеризациялауға, адамдардың биік сұранысы мен кең аумақты космостық талабымен жаңа ұғым — технологиялық түсініктер «Кеңістік». «Уақыт», «Энергия», «Ақпаратты» сияқты терминдерді пайдаланумен тікелей байланысты.

Кез-келген маман және мұғалімнің өзі, өз кезегінде кәсіптік қызметтің қандай түрінде жүрмесін, ол ақпаратты орта екенін ұдайы сезінуі қажет.

Әлемдік ақпаратты кеңістіктегі қазіргі басты проблема — ақпаратты инфраструктураны іске қосу және жетілдіру, бұл игілікті істе болашақ жас өсіпірімдердің ақпаратты ой-өрісін қалыптастырып, жетілдіріп отыратын мұғалімнің ролінің жоғары екенін ұдайы ескеруіміз керек.

Ақпаратты технология әр уақытта бір сатыдан екінші немесе жаңа қоғамға өтетін дәуірде жиі қолданылып келді. Ең бастысы, мұғалім басқалармен салыстырғанда өзінің ақпаратты қызметінде бұрын пайдаланып келген дағдылы технологиямен бірге жаңа, ерекшелігі ұшан-теңіз  техникалық мүмкіндігі бар — ақпаратты технологияның мүмкіндіктерін ұдайы бақылап отыруы қажет.

Мұғалім өте жоғары ақпаратты мәдениетпен өзін қалыптастыра отырып, тағы да жаңа міндеттерді, жаңа технологияны оқып үйренуге өзі де және шәкірттерді де баули алады. Жаңа технология, оның жаңартылған аспаптары мен техникасы мұғалімнің жеке тұлғасын көтере түседі және оны рухани техниканың дәрежесін арттырады.

Ақпаратты технологияның жаңа жүйесіне — ақпаратты жүйені, олардың базасы мен жемісін, бағдарламалық құралдарын т.б. жатқызуға болады. Ақпаратты технологияны  өндіріске енгізу немесе оны одан шығарып, басқа жүйеге қолдану оның атқаратын функцияларын өзгерту — демек оның жаңа жетілдірілген түріне: Электронды кітаптарды, журналдарды, электронды планшеттерді, оптикалық карталарды, оптикалық дискалармен жұмыс, оның құрылысын есептеу, гипетекстер, машинамен аударма жасау, электрондық сөздіктер, цифрлық интерактивті жүйелер т.б. жатады. Қазіргі мұғалім осы жаңа электронды технологияны өзі меңгеріп ғана қоймай, оны оқушыларға, жасөспірімдерге үйретіп, өмір жалғасын тауып отыруы қажеттілік және ғұмыр шарттылығы.

Ақпаратты технологияны қолдану техникалық принциптері мен оның техникалық құралдарын іске қосу, оны басқарып жұмыс істейтін адамға тікелей байланысты. Демек, қазірігі жағдайда ақпаратты технологияның негізін білмейінше, кәсіптік пайдалы да маңызды ақпаратты хабар алу мүмкін еместігін өмір көрсетіп отыр. Білім беру жүйесін ақпараттандыру мен компьютеризациялаудың басты критериясы адамның жеке тұлғаның өзі, оның кәсіптік іс-қимылы, ақпаратты технологияны игеер білу шеберлігі болып есептеледі. Ақпараттандыру — кәсіптік іс-қимылдың, оны реттеудің, жақсартудың, нәтижесін немесе қортындысын программалау, жақсартудың негізгі құралы болып табылады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ