Глоссарий Өзін-өзі тану

0
  Түсінік Мазмұны
1 Адаптация (лат. бейімделу) —  әсерлерге немесе өмір жағдайлардың өзгерісіне  тұлғаның, ағзаның бейімделуі.
2 Адекваттылық  шақырылған тітіркендіргішке жауаптардың сәйкес келуі.
3 Агрессивтілік өзінен басқа адамға немесе адамдар тобына физикалық неме психологиялық  нұқсан келтіру мақсатымен  сипатталтын әрекеті немесе мінез-құлық.
4 Актуалдандыру (лат. шынайы,  қазіргі) —  адамның белгілі бір қасиетінің, бейімділігінің, кәсіби жарамдылығының іс-әрекеттік күйге ауысуы.
5 Акцентуация индивидтің қандай да бір психикалық қасиетінің  басқа жағдайда, әлсіз көрінуі.
6 Анкета  ( фр. сұрақтар тізімі ) — көрсетілген ереже бойынша сұралушы толтыратын сауалнама қағазы
7 Апатия (грек. қызықпаушылық) – қоршаған адамдарға, оқиғаларға, құбылыстарға қызығушылықтың болмауы, енжарлық күй.
8 Аффект Сананың тарылуымен немесе өшуімен байланысты қысқа уақытты эмоциялық бастан кешірулер.
9 Ауыру

 

органикалық түйсік, дискомфорт  және ағза тұтастылығына қауіп төнгенде, адекватты емес тітіркендіргіштерге   жауабы ретінде ағзаның қорғаныс реакциясы.
10 Ашу,ыза

 

қандай да бір құбылысқа деген қанағатанбаушылық және оған деген шұғыл   жағымсыз қатынаспен көрінетін эмоция.
11 Абырой тұлғаның ішкі ар намысында және дербестігінде көрінетін моральдық сезім.
12 Адалдық іскер, салмақты және ұйымшыл тұлғаның қасиеті.
13 Алдау бір нәрсе туралы немесе біреу туралы дұрыс емес ойды құру, шатасуға ену, уәденің бұзылуы
14 Адамның қажеттілігі ағзаның күйін жақсартатын мұқтаждық күйі; ағзаның ішкі күйі; бір затқа немесе іске мұқтаж болу;

15

Ар-намыс өзінің мінез-құлқын іштей жақсы және жаман тұрғыдан бағалау, өзінің сезімдерін, сондай-ақ әрееттерін, басқалардың ойларын бағалау  қабілетінде көрінетін тұлғаның рухани бейнесінің қасиеті.
16 Адам дамудың жоғары деңгейінде тұрған тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи іс-әрекет субъектісі.
17 Адамгершілік   басқа адамдарға адамгершілік қатынаста көрінетін тұлғаның моральды-психологиялық қасиеті.
18 Ақыл-ой сезімі танымдық іс-әрекетпен және тұлғаның реттеуші интеллектуалды белсенділігімен байланысты сезім
19 Абырой Қиын жағдайларда абыройлы мінез-құлқында көрінетін тұлғаның әлеуметтік-психологиялық қасиеті.
20 Әңгімелесу тұлғаны, оның мотиверін, сезім, ойларын, ниеттерін, алдында тұрған міндеттерін түсінуін зертеу әдістері.
21 Әуестік адамның бір нәрсеге деген биологиялық немесе рухани қажеттілігінің жеткіліксіз саналанбаған көрінісі немесе ұғынылмауы.
22 Әдептілік, биязылық, сыпайылық адамгершілік намысын сыйлауда, өзарақарым-қатынаста сыпайылықта, басқа адмдардың субъективтік күйін түсінуде көрініс беретін мінез қасиеті.
23 Әдіс көздеген мақсатқа жетудің бірыңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтірілген  қызмет жүйесі.
24  Әуентерапиясы босаңсу және өзін-өзі реттеу мақсатында әуенді қолдануға негізделген эстетотерапия түрі
25 Әдет сананың күшін талап етпейтін қажеттілік болып табылатын мінез-құлық бөлігі.
26 Әлеуметтену

 

қарым-қатынаста, іс-әрекетте жүзеге асатын индивидтің әлеуметтік тәжірибені белсенді қайта жаңғыртудың және меңгерудің нәтижесі
27 Әлеуметтік-психологиялық тренинг (ӘПТ) топтық психологиялық тренинг түрі, қатысым кезінде құзырлылықты дамыту мақсатында қолданылатын топтық психологиялық жұмысты ұйымдастырудың белсенді әдісі.
28 Әлеуметтік рөл тұлғаның әлеуметтік қызметі, оның әлеуметтік мекемелердің қоятын талаптарына, әлеуметтік күтуіне сәйкес келуі, мінез-құлық моделі.
29 Бекзаттылық

 

күрделі жағдайларда өзін сенімді ұстай алуға, жағдайлардың үстінен қарауға және риясыз қылықтар жасауға мүмкіндік беретін тұлғаның моральды-психологиялық қасиеті.
30 Балалық шақ адамның туылғаннан  жеткіншектік жасқа дейінгі кезеңі.
31 Білім адамның танымдық іс-әрекетінің нәтижесі. Адамның белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдарының жиынтығы.
32 Бәсекелестік (лат. қақтығысу) – әлеуметтік-психологиялық мағынада адамдар арасындағы өзарақарым-қатынастың жарысы
33 Батылдық адамға рухын жоғалтпауға және тіпті өмірге қауіп төндіретін жағдайларда өзін сенімді ұстай алуына мүмкіндік беретін тұлға қасиеті.
34 Бақылау объектісі әрекет және қылық болып табылатын психология әдісі.
35 Бейне шынайылықтың адам психикасында тұтастай бейнелену нәтижесінің ерекше формасын белгілеу үшін қолданылады.
36 Білім бағдарламасы барлық білім беру саласындағы белгілі бір бағыт (мамандық) бойынша  жоғары білім деңгейінің мазмұнын анықтайтын құжат немесе құжаттар жиынтығы.
37 Бауырмалдық қоршаған ортаға және жақындарына сезімтал қарым-қатынаста, басқа адамның көңіл-күйін тез әрі дұрыс анықтай алуда, қиын сәттерде көмекке келуге дайын болуда көрінеді.
38 Баға оқушылардың білім, білік, дағдыны меңгеру дәрежесін шартты белгімен — балмен анықтау және көрсету
39 Бастан кешіру мәнді объективті оқиғамен немесе алдыңғы өмірдің эпизодтарын елестетумен шақырылған мағыналанған эмоционалды күй.
40 Бейімділік,борыш адамның іс-әрекетіне мағына, тұтастылық беретін бағыттылығы және өмірлік бейімділігі.
41 Батылдық адамға шешімді уақытымын қабылдауға және оларды тез арада орындауға кірісуге мүмкіндік беретін ерік қасиеті.
42 Біріккен іс-әрекет топпен мақсатқа жету процесі
43 Бақыт қалауына жеткен кезде пайда болатын тұлғаның  ерекше эмоционалды, психикалық күйі
44 Бірегейлік  қайталанбайтын, ерекше, сирек
45 Бағдар қазіргі жағдайда өзекті қажеттілікті жүзеге асыруға дайындық
46 Гуманизм (лат.адамгершілік) — адамның мүмкіншілігінің шексіздігіне, өзін-өзі дамыту қабілетіне деген сенімі мен ерік бостандығына, абыройын қорғау, адамның бақытқа жету жолындағы құқығына деген көзқарастардығ жиынтығы.
47 Денсаулық рухани саулық, тепе-теңдік, өмірлік оқиғалардың мәнін басынан өткізуде субъективті бейнелердің сәйкестігі тән адамның (рухани) күйі.
48 Дайындық              тапсырманы орындауға деген тұлғаның белсенді-әрекеттік күйі, нақты мінез-құлыққа деген бағдар, күшін  жұмылдыру
49 Депрессия (лат, көңілсіздік, басылу) – басылудың, пессимисттің, рухани күштің жаншылуының субъективті күйі
50 Достық Симпатиямен және өзара бауырмашылдықпен сипатталатын тұрақты жеке таңдаулы тұлғааралық қарым-қатынас түрі.
51 Даралық адамның индивид және тұлға ретіндегі өзіндік ерекшелігі
52 Дәріс оқу материалын жүйелі, бірізді, монологты түрде баяндау.
53 Дүниетану қоршаған шынайылыққа деген көзқарастардың, ойлардың, түсінікер жүйесі.
54 Даналық өмір процесінде әлеуметтік тәжірибені жоғары деңгейде меңгерген тұлғаның интеллектуалды және адамгершіліктік сипаттамасы
55 Дағды сананың қатысуынсыз, рационалды, тез әрі дұрыс, физикалық және психикалық энергия шығынынсыз жүзеге асырылатын, автоматтандырылған әрекет.
56 Дәстүр

 

(лат. тасымалдау, баяндау) —   ұрпақтан ұрпаққа берілетін адамдар өмірінің нормалары мен ережесі.
57 Даңқғойлық өркөкіректікте, өізінің мүмкіндіктерін жоғары бағалауда, атаққұмарлықта көрінетін тұлғаның әлеуметтік-психологиялық қасиеті.
58 Денеге-бағыталған психотерапия адамның  денесін  демалу, жанасу, бұлшықет тонусы, қозғалыс көмегімен реттеудің психотерапевтік әдісі.
59 Ерікті әрекеттер қойған мақсатқа жетудегі кедергілерді және қиыншылықтарды жеңуге бағытталған саналы бақыланатын әрекеттер.
60 Ертегі терапиясы

 

метафорлар, ертегілер, аңыздар әсер етудің құралы ретінде болатын, тұлғаның үйлесімділігіне, шығармашылық  потенциалын және ресурстарын ашуға  қабілеттендіру негізгі міндеті болып табылатын практикалық психологияның әдісі
61 Ерекшелік (грек. сый) —  құдайдың берген қабілетін белгілейтін сөз
62 Емтихан (жоо-да)  —  студенттердің білімін тексеру, кәсіби тапсырманы шешуде олардың білімді қолдану  дағдылары мен білімдерін айқындау
63 Жас индивидтің онтогенездегі объективті, тарихи, хронологиялық даму сатыларын тіркеу.
64 Жас дағдарыстары онтогенездің қауырт психологиялық өзгерістерімен сипатталатын, уақыты жөнінен біршама ұзақ емес ерекше кезеңдері.
65 Жан адамның ішкі әлемін, оның санасын және өзіндік санасын белгілеу үшін қолданылатын түсінік.
66 Жалған дұрыс еместі, немесе шынайылыққа сәйкес келмейтін нәрсені адамның саналы түрде қолдауы
67 Жек көрушілік біреуге немесе бір нәрсеге деген ашумен көрінетін  топтың, тұлғаның  психикалық күйі
68 Жиіркенушілік объектімен (заттармен, адамдармен, жағдайлармен және .б.) шақырылатын жағымсыз эмоционалды бастан кешірулер.
69 Жоспарлау алдағы іс-әрекеттің (оның мақсатын, салдарын, күтілетін нәтиженің) бейнесін құрудың когнитивті және интеллектуалды-еріктік процесі.
70 ЖОО дағы  оқу бағдарламасы мақсат, мотив, болашақтарының ортақтығына негізделген  оқу іс-әрекетіне түгелдей қатысу үшін студенттерді біріктіру.
71 Жастық шақ адам өмірінің 15-21 жас аралығы. Жастық шақ кезеңіне әлеуметтену, тұлғалық белсенділік, психикалық процестер ағымының динамикалылығы тән.
72 Жомарттық Басқа адамдармен өзінің материалды және рухани құндылығымен бөлісуге  қабілетті  және дайындықта көрінетін тұлғаның моральды – психологиялық қасиеті.
73 Имаготерапия Негізгі мақсаты- нәтижеге тұлғаны байыту және дамыту арқылы жету. Бұл үшін адамның (жеке немесе топпен жұмыс жасауда) шығармашылық белсенділігі пайдаланылады.
74 Индивид (лат, бөлінбейтін) —  адам, тіршілік иесі, человек,  homo sapiens өкілі, филогенетикалық және онтогенетикалық дамудың өнімі.
75 Инсайт (ағыл. түсіну) — бір нәрсені іштей сезу, ішкі түйсік.
76 Интеллект (лат. түсіну, тану) — кең мағынада адамның ақыл-ой қабілеті, барлық танымдық процестерінің жиынтығы; тар мағынада — ақыл, ойлау.
78 Интуиция шартсыз-рефлекторлы реакциялар негізінде яғни санадан тыс деңгейде  орындалатын әрекет.
79 Интимділік бауырбасу, руханилық, симпатия, бір адамның басқа адамға қатынасындағы жақындықпен көрінетін жеке терең сезім
80 Ислам (мұсылмандық)-  әлемдік діндердің бірі.
81 Иудаизм еврейлер ортасында кеңінен тараолған діндердің бірі.
82 Іскерлік айқындылық және ұйымшылдық, жауапкершілікпен, бастаған ісін ақырына дейін жеткізуде көрінетін тұлғаның әлеуметтік-психологиялық қасиеті.
83 Іскерлік ойын белгілі бір іс-әрекеттің, өзараәрекеттің, қатынастың және өзарақарым-қатынастың  әлеуметтік мазмұнына рөлдік құрулар
84 Іс-әрекет мақсатқа жету құралдарын пайдаланудағы мотивтелінген процесс
85 Кінә моральды және эстетикалық нормалардың бұзылған кезінде пайда болатын эмоция. Кінә субъектінің өзінің қылықтарын, өзін айыптауда, өзіндік бағалаудың төмендеуінде, өкініше көрініс береді.
86 Кәсіп таңдау адам өзі игере алатын және ұзақ уақытта айналыса алатын іс-әрекет саласын  саналы түрде анықтау
87 Кемелдену адамның биологиялық, физиологиялық, интеллектуалды, еріктік, эмоционалды және адамгершіліктік параметрлерінің дамуының жоғары деңгейіне жету.
88 Компетенттілік  маманның кәсіби талаптарға сәйкес келу деңгейінің жеке сипаттамасы.
89 Кешендер адамның өз-өзіне көңілі толмай және қоршаған ортадағы адамдардан жасыруға тырысуымен сипатталатын мінез қасиеттері
90 Комфорт қанағаттану және сабырлық күйі
91 Конгруэнттілік таңдау жағдайларында өзінің шынайы «Менімен» келісімде бола алуы
92 Кеңес беру клиенттің мәселесін зерттеу барысында, кикілжіңді анықтауда, жағдаяттарды игерудің жаңа тәсілдерін іздеу барысында көрінетін психологиялық көмектің бір формасы.  Психолог бұл жерде өзгеру процесін басқармайды көмек берудің бұл түрі кеңес беру деп аталады.
93 Кикілжің

 

түрлі мотивердің, қызығушылықардың және қажеттіліктердің негізінде қарама қарсы көзқарастардың қақтығысуы.
94 Конформдылық

 

адамның  өз төңірегіндегі топтың ықпал-әсеріне берілгіштігі, көпшіліктің бастапқыда өзі қостамайтын ұстанымдарына сәйкес өзінің мінез-құлық ұстанымдарын өзгертуінен көрінеді.
95 Коммуникабелділік басқа адамдармен жолдастық қарым-қатынасқа деген қабілеттіліктен көрінетін  тұлғаның әлеуметтік-психологиялық қасиеті.
96 Креативтілік

 

ойлаудың дәстүрлі жүйесінен бас тарта отырып жаңа идеялар тудыру, мәселелік жағдаятарды тез шеше алу қабілеті.
97 Көңіл-күй индивидтің психикалық өмірінде құптарлық немесе құптамайтын эмоциялық фонда жай немесе әлсіз сапада көрінетін біршама ұзақ, орнықты психикалық күй.
98 Кәсібилік кәсіби іс-әрекетті сәтті орындау үшін қажетті адамның тұлғалық қасиеттерінің жиынтығы.
99 Кәсіби бейімділік кәсіптің нормасы мен талаптарына, кәсіби ортаның нақты жағдайларына  маманның бейімделу процесі.
100 Кәсіби компетенттілік маманның кәсіби талаптарға сәйкес келу деңгейінің жеке сипаттамасы
101 Кәсіби-этикалық нормалар психологтың кәсіби біліктілік деңгейіне қойылатын талаптар, оның өзінің іс-әрекетінде мінез-құлықтың адамгершілік нормаларында жүзеге асуы.
102 Кәсіби ойлау

 

мәселелік міндеттерді шешу үшін осы кәсіби облыста қолданылатын тәсілдермен, мәселелік жағдайларды шешудің әдістерін меңгеруші
103 Кәсіптік өзін-өзі анықтау 

 

кәсіптің талаптарын, нормалары мен құндылықтарын өзінің дайындық деңгейі, тұлғаның жеке қасиеттерімен дербес салыстыру процесі және нәтижесі.
104 Кәсіби қабілетілік басқалардан ерекшелеп тұратын және кәсіби іс-әрекеттің талаптарына жауап беретін адам тұлғасының жеке-психологиялық қасиеті.
105 Кәсіп   қоғамға қажетті іс-әрекеттің тарихи пайда болған формасы, оны орындау үшін адамда білім, дағдыны  және соған қатысты кәсіби маңызды қасиеттердің болуы керек.
106 Кәсіби маңызды қасиеттер

 

адамның еңбек әрекетінің негізгі сипаттамалары бойынша (өнімділік, сенімділік т.б.) жүзеге асуының тиімділігіне әсер ететін қасиеттері.
107 Кәсіби білім

 

адамда кәсіпке қажетті білім, ептіліктерді және  оның таңдаған еңбек саласына деген бейімділігін және қасиетін қалыптастыруға бағытталған мамандарды дайындау жүйесі.
108 Қалау, ниет өзекті қажеттіліктің көрінуі, саналанған эмоционалды күй.
109 Қатыгездік адамгершіліксіз дөрекі жағдайларда, басқа адамдарға жәбірлеуші қатынаста, оларға зиян келтіруде көрінетін тұлғаның моральды психологиялық қасиеті.
110 Қызғаныш басқа адамдарға деген наразылық және теріс ниеттілікте көрінетін тұлғаның әлеуметтік-психологиялық қасиеті.
111 Қозу ағзаның тітіркендіргішке әдеттегіден де белсенді, күштірек жауап беру қасиеті.
112 Қысылу, тұйықтық өзінің қабілеттері мен жетістіктерін дұрыс бағаламау,артық тұйықтықта көрінетін тұлғаның моральды-психологиялық қасиеті.
113 Қызығушылық тануға деген ұмтылысты шақыратын объектіге немесе құбылысқа деген жағымды (танымдық), эмоционалды боялған қатынастың көрінуі
114 Қорқу қауіппен бетпе бет соқтығысқанда немесе ортаның қауырт жағымсыз өзгеруінде өзін-өзі сақтау инстинктінің негізінде пайда болады.
115 Қарым-қатынас субъектінің біріккен іс-әрекет қажеттілігінен туындайын,  өзараәрекеттерінің және өзараәсеретуінің арнайы формасы
116 Қатынас болмыстың және танымның нақты тәсілін белгілеу үшін   Аристотель енгізген термин.
117 Қарым-қатынас мәдениеті қоршаған орта адамдарымен түрлі жағдайларда дұрыс қатынас жасай алу, адамгершілікке тән ережелер мен нормаларды сақтау.
118 Құмарлық адамды жаулап алатын және оны билеп алатын, басымдырақ сезім
119 Қайғы  

(қайғыру, қиналу)

өмірлік маңызды қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігі туралы эмоционалды сигнал және әлеммен, адамдармен байланыс орнатуға деген ниет.
120 Қылық адамгершіліктік бағаға ие болатын, әлеуметтік мәнді әрекет
121 Қанағаттану

 

 

 

 

 

 

адамның ниеттерінің, бағдарының, қажеттіліктерінің іс-әрекеттің салдары мен нәтижесіне, сәйкес келуінің нәтижесінде, әлеуметтік және табиғи ортамен өзараәрекеттесу нәтижесінде пайда болатын эмоционалды боялған психикалық күй
122 Құндылық жоғары адамгершіліктік, әлеуметтік және мәдени мәнге ие, қоғамдық санада бекітілген шынайылықтағы белгілі бір құбылыс.
123 Құндылық бағдарлары   олардың субъективті мәнін өмірдің жағдайында және іс-әрекетте   қабылдауға бейім материалды және рухани деп бөлінетін құндылықтар
124 Қатыгездік эмоционалды күйге, толқу, мазасыздану, бірге мазасыздану,аяушылық қабілеттерінің жойылуын білдіретін тұлғаның моральды-психологиялық  қасиеті
125 Лидер (англ, жетекші) – белгілі бір жағдайда шешім қабылдауда топтың бір мүшесінің артықшылық құқығына қолдау беру.
126 Намыс тұлғаның өзіне және өзгелерге деген құнды қатынасы.
127 НЛБ (нейролингвистикалық бағдарламалау)

 

өзара әрекеттің әдеттенген сызбасын өзгертуге, өмірде сенімділікті меңгеруге, шығармашылық потенциалды белсендендіруге бағытталған психотерапевтік әдіс
128 Немқұрайдылық қоршаған ортаға, басқа адамдарға деген қызығушылықтың болмауымен сипаталатын психикалық күй.
129 Мақсат жеке адамның, адамдар тобының іс-әрекетінің болжанатын нәтижесі
130 Мемлекеттік қорытынды аттестация бітірушілердің дайындығын, олардың дайындықтарының мемлекеттік білім стандарты талапарына сәйкестігін  тексеру және бағалау, бітірушіге мамандық бойынша біліктілікті игеру және оларға диплом беру  туралы сұрақтың шешілуі.
131 Мемлекеттік білім стандарты пәндік білімдік мақсаты мен міндеттерін, бітірушілердің түсініктері мен дағдыларын, білім нәтижелерін тексеру технологиясын белгілейді, білім деңгейін айқындайтын негізгі құжат.
132 Мұрат (греч. елес) — адамның жеке ұмтылыстарының бағыттылығы көрінетін мотивация формасы
133 Махаббат объектіге (адам, Отан, отбасы, қала, шындық, адамгершілік, дін т.б.)деген эмоционалды-құнды қатынас арқылы көрінетін, сезім
134 Медитация (лат, ойлау) – өз ойларына және сезімдеріне, өзінің психикалық күйіне өзіндік әсер ету
135 Менталитет тұлғаның, топтың бағыттылығы мен ойлауының қалыптасуы
136 Миға шабуыл ізденіс жолдарын сынау жүзеге асырылмайтын, ізденіс барысында туындаған барлық болжамдар қамтылатын, өмірде кездесетін қиындықтарды жеңу үшін қолданылатын сол болжамдарға талдау жасалатын пікірталас әдісі.
137 Мотив (лат, қозғалысқа келтіру, итеру) – іс-әрекетті ішкі оятушы, оған тұлғалық мағына беруші
138 Мотивация мақсатқа жетуге оятушы барлық мотивтердің жиынтығы.
139 Мойындамау өзін иегере алмау, ерік қасиетінің жоқтығын көрсететін, басқалардың ойына негізсіз қарсы келу.
140 Маманның кәсіби бағыты кәсіби менталитеттің іс-әрекеттік көрінісі яғни кәсіби іс-әрекеттің түрлі жақтарына деген қатынасының жиынтығы және оның өзіндік бағалауы.
141 Мұғалім профессиограммасы

 

оның тұлғасына, қабілетіне, шеберлігіне және психолого-физикалық мүмкіндігіне қойылатын талаптар тізімі
142 Мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті

 

 

оқушының жеке және жас ерекшеліктерін, сұранысын, қызығушылығын, құмарлығын, рухани әлемін  ескере отырып оған психолого-пеадгогикалық әсер етуде көрінетін үнемі орындалатын іс-әрекет түрі.
143 Мамандану маманның кәсіби қызығушылығын және жоо мүмкіндігін ескере отырып нақты бағытының профильді ажыратылуы.
144 Мазасыздану жағымсыз жағдайды күтудегі адамның басынан өтетін қорқыныш, мазасыздану күйі
145 Мінез (грек. сызық, мөр) – адамның тұрақты қасиеттерінің жиынтығы
146 Мұғалімның оқушыға шоғырлануы оқушының қызығушылығына деген мүдделіктің болуы, ерекше таңдалған психологиялық үндеу, оқушыға «бұрылу» және оның қызығушылығына қызмет ету
147 Моральды сезім (адамгершіліктік) адамның басқа адамдарға, қоғамға, өмір сүру ережесі мен нормаларына деген қатынасының бастан кешірулері
148 «Мен-тұжырымдама»  Индивидтің өзіне-өзі қатынасынан ұрады: а) өзінің даралығы туралы ойы; б) нақты қызығушылықтардың, бейімдліктердің, құндылық бағдарының бірлігі; в) нақты өзіндік бағалау және өзіндік сыйлау
149 «Мен» (ішкі) өзінің бейнесі.  Өзін-өзі қабылдау және өзін-өзі түсіну. Әсерлер мен бастан кешірулерді есте кейінгі қалдыруларға және тануға байланысты.
150 Оқытушы іс-әрекеті оқушыларды оқыту және тәрбиелеумен байланысты міндеттерді орындау процесі
151 Ойын психотерапиясы балаларға және ересектерге ойынды қолдану арқылы әсер етудің психотерапевтік әдісі.
152 Ойын   іс-әрекеттің белгілі бір саласын жасап, шартты жағдаяттардағы іс-әрекет түрі.
153 Оқытушы іс-әрекетінің жеке стилі түрлі міндеттерді шешудің тұрақты, жеке-ерекше тәсілдері мен әдістерінің жүйесі.
154 Ой талқылау нәтижесі. Бейнелік және жалпыланған түрде және өткенге, болашаққа, қазіргі кезге қатысы болуы мүмкін.
155 Оқыту қоғамдық-тарихи тәжірибені мақсатты түрде тасымалдау үдерісі; білім, білу, дағдыны қалыптастыруды ұйымдастыру.
156 Объект субъектігнің танымдық немесе затық-практикалық іс-әрекеті бағытталған  сыртай қарсы тұрған зат немес құбылыс
157 Онтогенез адамның өмірге келгеннен өмірінің соңына дейінгі жеке дамуы
158 Оптимизм-пессимизм (лат.Optimus – ең жақсы және pessimus  – ең нашар). Оптимизм адамның жағымды көзқарастарының жүйесі. Пессимист өмірге және әлемге жағымсыз көзқарастар жүйесіне ие.
159 Оқытушы тәжірибесі оқытушының оқу-тәрбие жұмысында білім, дағды, іскерлік, әдетті игеруі
160 Отбасы ерлі зайыптылар, ата – ана мен бала арасындағы   қатынастарын реттейтін нақты әлеуметтік нормамен, санкциямен, мінез-құлық үлгісімен, құқық және міндеттермен, сипаталатын әлеуметік институт.
161 Оқу іс-әрекеті оқушыда оқуда мақсатқа жетуде мотивтелінген белсенділіктің көрінуі
162 ЖОО дағы  оқу бағдарламасы мақсат, мотив, болашақтарының ортақтығына негізделген  оқу іс-әрекетіне түгелдей қатысу үшін студенттерді біріктіру.
163 Оқу бірлестігі педагог пен оқушы бірігіп отырып проблема және ақыл-ой тапсырмаларын  қойып және шешетін өзараәрекеттесу формасы
164 Оқу бағдарламасы

 

әрбір оқу пәні бойынша меңгерілуге тиісті білімнің, шеберлік пен дағдылардың мазмұны мен көлемін айқындайтын құжат.
165 Оқулық оқу бағдарламалары мен дидактиканың талаптарына, оқыту мақсатына сай нақты оқу пәнінің мазмұны ғылыми негізде, жүйемен баяндалатын кітап.
166 Оқу-әдестемелік бірігу (ОӘБ)

 

ЖОО да маман-психологтарды дайындау мазмұнына жалпы бақылау жасауды жүзеге асыратын ұжымдық мемлекеттік-қоғамдық ұйым
167 Оқу киносы

 

оқу процесінде қолданылатын, арнайы оқытудың құралы ретінде құрылған фильмдер, сондай-ақ ғылыми-атақты, технико-насихаттаушы, хронико-деректі  фильмдер.
168 Оқу жоспары оқу орындарында оқылатын оқу пәндерінің құрамын, оның оқу жылы бойынша өту тәртібі мен бірізділігін, әр оқу пәніне берілетін уақыт мөлшерін және оқу жылының құрылымын белгілейтін құжат.
169 Өзараәрекет өзара байланысты және шартылықты  тудыратын  объектілердің бір-біріне өзараәсер  ету процесі.
170 Өзарақарым-қатынас әлеуметтік топтағы адамдар арасындағы субъективті байланыстар және қарым-қатынастар
171 Өзаратүсіну көзқарастары, бағыттары, қызығушылықтары максималды түрде мағынаға ие болатын жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың, ұжымдардың, ұйымдардың, елдердің арасындағы қарым-қатынас тәсілі.
172 Өмірлік жол тұлғаның жеке даму тарихы
173 Өзін-өзі өзектілеу

 

адамның өзінің тұлғалық мүмкіндіктерін неғұрлым толығырақ көрсетуге және дамытуына ұмтылуы
174 Өзін-өзі сендіру бір нәрсенің жүзеге асуы үшін өзін-өзі психологиялық дайындау (өзіне бағытталған психологиялық бағдар)
175 Өзін-өзі тәрбиелеу тұлғаның өзінде жағымды қасиеттерінің қалыптасуына және жағымсыз қасиеттерін шеттетуге саналы түрде бағытталған жұмысы.
176 Өзін-өзі бақылау қойған мақсатына қатысты нәтижеге жету үшін  адам өзінің мінез-құлқын және іс-әрекетін саналы реттеуінен көрінеді.
177 Өзін-өзі сүю адамның өзін-өзі  бағалауында көрінетін, эмоционалды қатынас
178 Өзін-өзі игеру дұрыс ұйымдастырылмағын жағдайда іс-әрекетін жүзеге асыру қабілеті, ішкі еріктік реттеу.
179 Өзін-өзі ұйымдастыру саналатын ерік және ақыл-ой ерекшеліктерінде, мінез-құлық мотивінде  іске асырылатын табиғи және әлеуметтік  меңгерілген қасиеттердің жиынтығы және іс-әрекет және мінез-құлықтің реттілігімен жүзеге асады.
180 Өзін-өзі бағалау адамның өзіне сындарлы көзқараспен қарап, өз мүмкіндігін өмір талабына сәйкес бағдарлай білуі.
181 Студенттің өзін — өзі бағалауы студенттің өзін, өзінің маман болу мүмкіндігін, басқа студенттер арасында өзінің қасиеттерін бағалау.
182 Өзін-өзі таңдау қоғамдық іс-әрекет процесінде өзінің ішкі мәнін зерттеу, өзін-өзі тану процесі.
183 Өзін-өзі аңғару өзі туралы тұрақты,  индивид өкілінің қайталанбайтын жүйе екендігін жоғары немесе төмен деңгейде ұғынуы. Адамның өзін-өзі аңғару күйі.
184 Өзіне деген эмоционалды-құнды қатынас Өзінің ар намыс сезімінде, өзін-өзі сыйлауда, немесе керісінше, өзін сөгуде, өзінен ұялуда көрінетін  тұлға құрылымының компоненті
185 Пікірталас дұрыс шешімін табу мақсатында қандай-да бір сұрақтарды топтық талқылау.
186 Парыз адам ар ұятының арқасында орындайды және өзіне талап, міндет ретінде сезінеді
187 Педагогикалық эмпатия студенттердің психикалық күйін, эмоция, сезімдерін, бастан кешірулерін оқытушының түсінуі
189 Педагогикалық еңбек өсіп келе жатқан ұрпақты және ересектерге білім беру және оқыту, тәрбиелеу мақсатында мақсатқа бағытталған шығармашылық іс-әрекет
190 Педагогикалық шеберлік   мұғалімнің, жоо оқытушысының, педагогтің кәсіби іс-әрекетінің жоғары деңгейі
191 Педагогикалық қарым-қатынас оқушы тұлғасын қалыптастыруға бағытталған педагогикалық әсер етудің әдістері мен тәсілдерінің жүзеге асуы
192 Психика объективті шындықты  белсенді бейнелейтін мидың жүйелі қасиеті.
193 Психодиагностика ( грек. жан және тануға бейім) —  тұлғаның жеке индивидуалды ерекшелігін айқындау және зерттеу әдістерін  өңдейтін психология ғылымының саласы
194 Психодрама адамның мәнді мәселесімен байланысты 1эмоциялардың аяқ астынан көрінуі үшін қажетті жағдайлар құрылатын рөлдік ойынның бір түріне жататын топтық психотерапия әдісі
195 Психологиялық мәртебе

 

 

субъектінің құқығын, міндетін анықтайтын тұлғарааралық қарым-қатынас жүйесіндегі орны
196 Психотерапия субъектінің өзінің өмірлік проблемаларын шешуде, өмірлік қиындықтарды жеңуде психологиялық көмек көрсету
197 Психожаттығу

 

бастан кешірулерді, эмоционалды күйлерді, мәселелерді қимыл қозғалыс, ым-иашра, пантомимика көмегімен көрсетуді болжайды.
198 Проективті сурет адамның ішкі проблемалары туралы қосымша ақпарат алу негізінде қолданылады, сөзбен жеткізе алмайтын жағдайларды анықтауға және ұғынуға мүмкіндік береді.
199 Рефлексия (лат. бейнелеп көрсету) —  субъектінің психикалық акты мен күйлерді өзінше талдау және тану процесі.
200 Рақымдылық басқа адамның психикалық күйін түсіне алу, адамды сүюдің көрінуінің формасы
201 Сыпайылық   адамдарға деген сый, қарым-қатынастың және өзарақарым-қатынас жасаудың әдеттегі құралына, күнделікті нормасына айналған тұлғаның моральды-психологиялық қасиеті.
202 Сенім

 

адамның ақыл-ойы, күші, ерік, қабілет және эмоционалды компоненттерден тұратын  және адамның шынайылық немес ойдағы құбылыстарға деген қатынасынан көрінетін рухани күй.
203 Сұхбат

 

алдын ала дайындалған сұрақтар көмегімен  әлеуметтік-психологиялық ақпарат алу тәсілі.
204 Студент тұлғасы белгілі бір еңбек іс-әрекеті облысындағы маманның қызметін жоғары біліктілікпен орындауға дайындық үстіндегі жас адамның тұлғасы
205 Студенттің ғылыми іс-әрекеті студенттің тұлғасының өзін-өзі көрсетуінің  формасы, оның өмірлік өзін-өзі бекітуге ұмтылысы; шығармашылық ойлауын, ынталылықты, дербестілікті дамытады, ақпарат ағымын ажыратып оның қажеттесін таңдай алуы.
206  Сезімнің бейнеленуі адам өз сезімдерін өз бастан кешірулерін сөз арқылы немесе  вербальды емес мінез-құлықта көрсетуден құралатын тәсіл.
207 Сана асты сана табалдырығының астынан өтетін психикалық процестер (жақсы таныс туралы ойлар, дағдылар, әдеттер, еріксіз реакциялар т.б.)
208 Студент дамуындағы  тұлғаның кәсібиленуі

 

 

кәсіпке деген терең қызығушылықтың болуы, таңдаған мамандық бойынша білім, дағдының қалыптасуы, жоо болашақ бітіруші тұлғасының жетілуі
209 Студенттің кәсіби дайындығы

 

тұлғалық қасиет және жоо-нын аяқтаған соң іс-әрекетінің тиімділік алғышартының болуы.
210 Студенттің өзін — өзі бағалауы студенттің өзін, өзінің маман болу мүмкіндігін, басқа студенттер арасында өзінің қасиеттерін бағалау.
211 Стандарт

(білімдегі)

білім беру жүйесі секілді күрделі көппрофильді, көп деңгейлі мақсатты үлгінің туралы түсінікті бекітуге шақырылған инеграцияланған пәнаралық категория
212 Стресс күшті әсердің негізінде пайда болатын күй, шиеленіс.
213 Сабақ жалпы білім беретін мектептерде, оқытудың сыныптық-сабақтық жүйесінде оқу сабақтарын ұйымдасырудың негізгі нысаны.
214 Сендіру адамның бағалау қатынасын көрсететін тұлғалық құрылым.
215 Сабақ берудегі мақсаттылық бағдары пән мақсатының қысқаша анықтамасы және оның маманды дайындау жүйесіндегі рөлі.
216 Сезгіш  тон өмірлік маңызды әсерлерді (дәмдік, температуралық т.б.) алып жүретін және оларды сақтауға немесе шеттетуге итермелейтін жағымды немесе жағымсыз бастан кешірулер.
217 Сезім әлеуметтік қажеттіліктердің (махаббат, намыс, жек көрушілік т.б.) қанағаттану кезінде пайда болатын  адамның неғұрлым тұрақты бастан кешірулері
218 Сергектік Адамдарға қамқор болуда, олардың мұқтаждықтарына және сұраныстарына зейін қоюда көрінетін тұлғаның әлеуметтік-психологиялық қасиеті.
219 Субъект

 

адам заттық-тәжірибелік іс-әрекетті алып жүруші ретінде
220 Тұлға белсенділігі өзгелерге және қоршаған ортаға  ынталы әсер ету, оның мінез-құлқының мотиверінен, дүнеиеге деген көзқарасынан, құндылық бағдарынан, мінезі және темпераментіне тәуелді.
221 Тұлғаішілік кикілжің тұлғаның құндылық бағдарының, оның қажеттіліктерінің, қызығушылықтарының, ұмтылыстарының қақтығысуы.
222 Тәрбие жас  ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені тасымалдау іс-әрекеті.
223 Тәкаппарлық басқа адамдарға деген асқақ, менсінбеушілік қатынасында көрінетін моральды-психологиялық қасиет.
224 Топ дамудың  түрлі деңгейінде болатын, тұтастылық, ұйымдастыру жетекшілік стилі бойынша, әлеуметті-психологиялық климаты бойынша ерекшеленетін адамдардың шынайы әлеуметтік қауымдастығы (ұлт, класс, пария, бригада, экипаж).
225 Тұлғаның деградациясы психикалық тепе-теңдіктің, тұрақтылықтың, белсенділіктің  жойылуы және жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі.
226 Тәртіптілік

 

тұлғаның мотивациялық, танымдық, эмоционалды жән басқа компоненттерінен тұратын тұлғаны тұрақты қасиеттері
227 Түзету   психикалық немесе физикалық дамудың жетіспеушілігін, психикалық функциялардың бұзылуын меңгеру, игеру.
228 Тұлға адам әлеуметтік қатынас субъектісі ретінде; қоғамдық қатынасқа енуімен анықталатын біріккен іс-әрекет және қарым- қатынаста қалыптасатын индивидтің жүйелі қасиеті.
229 Тұлғалық өсу кәсіби өзіндік жетілудің қызығушылығы мен қажеттілігінен туындаған субъект іс-әрекетінің жағымды өзгеруі
230 Тұлғалық мәртебе өзарақарым-қатынас құрылымында тұлғаның орналасуы
231 Тұлғааралық кеңістік қарым-қатынас дистанциясы, адамдардың эмоционалды жақындығының субъективті кеңстіктік критерийі
232 Топтық бағалау әдісі біріккен жұмыс бойынша бақыланушыны жақсы білетін, бағалай алатын адамдардың яғни бірнеше эксперттердің  ойларының негізінде  тұлға туралы  неғұрлым толық ақпарат алу.
233 Тұлғаның бағыттылығы тұлғаның мақсаты және мінез-құлық мотивінде, қажеттілігінде, қызығушылығында, мұратында, сенімдерінде, бағдарында көрініс беретін маңызды қасиеттерінің бірі.
234 Табандылық қиыншылықтарға қарамастан  мақсаттың жүзеге асуына бағытталған тұлғаның еріктік қасиеті
235 Торығу рухани күштің төмендеуінің психикалық күйі, болашақ жоқ, өзінің мүмкіндігіне сенбеу, қиын жағдайлардан сәтті шығуға деген үміттің болмауы.
236 Түсіну өткен тәжірибесінде меңгерілген бір нәрсе туралы ақпараттың болуы және осының нәтижесінде оқиғаның, фактінің мәні мен мағынасына, әсерету мазмұнына ие болупроцесі
237 Түсінік нақты заттардың және құбылыстардың бірдей қасиеттерін жалпылаудың нәтижесі, олардың айқын белгілерін көрсететін абстрактілі ойлаудың формасы.
238 Тұлғаның дамуы сандық және сапалық қасиеттердің, көзқарасының, өзіндік сананың, шынайылыққа деген қатынасының өзгеруі, тәжірибенің жинақталуы.
239 Талант қандай да бір іс-әрекеттегі ұлы қабілеттілік және табиғи дарындылық
240 Транспоренттілік халықаралық қарым-қатынаста максималды ашық болу.
241 Траст қоғамды әрбір адам қажетсінетін , сенім
242 Толеранттылық   түрлі ойларға,  адамдарды және оқиғаларды бағалауға деген шымдылықта көрінетін тұлғаның қасиеті.
243 Тестілеу жеке айырмашылықтар көлемін салыстыру үшін белгіленген қысқа, стандартталған, уақыт бойынша шектелген сынақ
244 Тесттер жеке тұлғаның даралық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ білімін, білігі мен дағдысын салыстырмалы шамалармен өлшеуге арналған стандартталған тапсырмалар.
245 Таңырқау олардың тұлға құрылымында пайда болуына және елікіргіштігне байланысты болатын интеллектуалды эмоция немесе сезім.
246 Табыс

 

 

қоршаған ортасының табысты мойындауы, бір нәрсені, біреудің жетістіктерін қоғамдық қолдау.
247 Талаптану деңгейі өзінің мүмкіндіктерін өзіндік бағалаудың негізінде тұлғаның ұмтылуы және іс-әрекеттің нәтижесінде ұжымда нақты орынға ие болу, тапсырманы орындаудың қанағаттандыратын деңгейін анықтау.
248 Тұлға қасиеттері танымдық, эмоционалды, еріктік қасиеттерден  тұратын тұрақты психологиялық құрылым.
249 Тәжірибелік сезім адамның іс-әрекетімен байланысты сезімдер (табыс, қанағаттану, шығармашылық шың)
250 Үрей тәуекелмен, қауіппен байланысты тапсырмаларды орындау алдындағы эмоцианалды күй
251 Үйреншікті таным Адамдардың күнделікті өмір тәжірибелерінде жүзеге асатын қасиеттер және басқа объектілерге қатынасы, тануы
253 Ұялшақтық санадан тыс дұрыс емес психологиялық бағдардың, қорқынышпен берілген және басқа да стресстік факторлардың болуы
254 Ұжым

 

(лат. жинақтау)- біріккен іс-әрекетте дамудың жоғары деңгейіне жеткен, бір мақсатқа бағытталған адамдардың біріккен тобы.
255 Ұлттық мінез ұлттың психикалық қалыптасуының психикалық құрылымы.
2556 Ұят субъектінің өзінің әрекеттерінің, ойларының сыртқы орта күтімдеріне сәйкес келмеуін саналы түрде ұғынуы
257 Шабыт тұлғаның шығармашылық көтерілуінің психикалық күйі.
258 Шығармашылық адамның белсенділігінің және дербестілігінің өнімді формасы
259 Шыдамдылық адамның әлеуметтік-психологиялық қасиеті, ерліктің, ішкі күштің көрсеткіші.
260 Эстетикалық сезім арнайы заттың сапасына деген біздің қатынасымызды сипаттайтын түйсінулеріміздің ерекше бояуы. табиғаттағы, өнерде, өмірде, адамдағы керемет немесе жаманды сезіну.
261 Эгоизм өзін сүюден, өзінің «Меніне» шоғырланған, басқаларға селқос қарауда көрінетін тұлғаның қасиеті.
262 Эйфория объективті жағдайға қатыссыз көтеріңкі көңіл-күйдің болуы, қаннен қаперсіз, ризашылдық күйі.
263 Эксперимент жалпы ғылыми танымның және жеке психологиялық зерттеудің негізгі әдістерінің бірі.
264 Эмоция адамның қажеттілікерінің қанағаттану және қанағаттанбау күйін көрсететін психикалық құбылысардың жиынтығы.
265 Этникалық таптаурындар адам өмірлік тәжірибелеріне ұлтық дәстүрдің, әдет-ғұрыптың, рәсімдердің меңгерілуі және енуі
267 Христиандық әлемдік діндердің бірі (буддизм және исламмен қатар).
268 Фрустрация  (лат. алдау, бұзылу) —  ішкі шиеленістің өсуінәі психикалық күйі, мақсатқа жеудегі сәтсіздікке байланысты  көңіл қалумен көрінетін психикалық күй
269 Фасилитация санасында мәнді бейненің өзектіленуінің салдарынан индивид іс-әрекетінің өнімділігінің немесе жылдамдығының өсуі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ