Өмір кемесі

0

Сабақтың мақсаты: «мақсаткерлік» ұғымын қарастыру; өмірдегі өзінің жеке мақсатын түсіну, мақсат қоя білу, өзіндік жеке құндылықтар иерархиясын, өзінің болашағының жағымды бейнесін жоспарлау икемділігін дамыту.

Әдістері мен формалары: дәріс-әңгімелесу, талқылау, арт-терапия, тестілеу, слайдтарды көрсету, ағыз әңгімелер оқу, «даналық сабақтары».

Материалдар: хрестоматия, әдістемелердің  ықпал етуші матриалдары, тыныш мелодиялық жазба, А4 форматы ақ қағаз, қарандаштар, маркерлер, қаламсаптар, бояулар.

Сабақтың барысы: 

Сәлемдесу рәсімі.

Оқытушы. Бүгін біздің соңғы сабағымыз. Бүгінгі сабаққа барлығыңыз қош келіпсіздер. Мен сіздермен осындай қызықты «Өзін -өзі тану» курсын оқып –үйренуде бірге  болғаымызға өте қуаныштымын. Сіздерге өздеріңіздің қалауларыңыз бойынша сәлемдесуді ұсынамын.

 Студенттер шеңбер құрып отырады. Әрқайсысы соңғы сабақта кезекпен өздерінің тілектерін айтады.

Оқытушы. Бүгін бізде соңғы сабақ болғанымен, өміріміздің барлығы алда. Біздің әрқайсымыз нақты «өзін- өзі танудың» және шындықты, жасампаздық, қайырымдылықты табу бағытында «өмір кемесіне» отырып, еркін жүзетін боламыз.

Біздің бағытымыз – «өзін өзі тану» бағыты –жаңа күштермен, жаңа серпіліспен, жаңа әсерлермен енетін болашағымызға жаңа көзқарас, өміріміздің жаңа бастауы.

Әрине, бүгінгі сабағымыз да алдыңғы сабақтар сияқты құрылған. Бірақ бұл сабақ -ерекше… Біз өзін өзі тану процесіне ене отырып бүгін де бұл сабақтан ең қызықты және пайдалы мәліметтерді алуға тырысамыз.

Дәріс-әңгімелесу. 

Әрбір жаңа  күніңді өзіңді табуға, жан дүниеңді байытуға арнағын.

Өмірдің мәнін біле алмағандар өзінің де кім екенін білмей өтеді.

Өмірді тану – ғылым, өзіңді білу — өнер.

Куба жазушысы

 Адам өзінің ішкі дүниесінің шынайы күресінің арқасында жетіледі.

Мақсатқа жету үшін өзгені емес, өзіңді жеңе білуің керек!

Өзінен үйренбеген – ештеңені де үйрене алмайды. Адам өзіне ден қоймай абыройын арттыра алмайды. Күнделікті өмір ағысымен қалай болса, солай кете беруге болмайды. Иә, әрине өмір ырғағын, күн сайынғы өмір тәртібін бұзбаған . Тізгін өз қолыңда болуы шарт.

Кез  келген адам, бала ма, ересек пе алғашында саналы, кейіннен мәніне бармай — ақ бір нәрсеге қол жеткізуге тырысамыз. Кішкентай сәби ойыншықты алғысы келіп оған ұмтылады, Қандай жолмен болса да, оны алуға тырысып, қол жеткізеді.

Ақылды адам өзінің алдына  мақсаты  қоймай, ондағы жетістікке жету жолдарын пайымдамайынша өмір сүрмейді және іс әрекет жасамайды. Мақсатсыз өмір —  өміріңді бос өткізгенмен бірдей. Ал өтіп кеткен өмір қайта айналып келмейді. Өзінің алдына мақссат қоя отырып, оған жету үшін қаншама іс әрекет жасайсын, уақытыңның қалай өткенін білмей де қаласың, сенің қайғыруға, уайыдауға, өзгені жамандап, өсектеуге уақытың болмайды.

Адамның алдына қойған мақсатының маңызы өткен уақытпен өлшенбейді. Себебі, сен өмір бойы ұсақ түйекті ғана орындап, шын мәніндегі адам үшін маңызды нәрселерден құр қаласың.

Менің ойымша, әрбір адамның ең алғашқы алдына мақсат қоюы мамандық таңдаудадан басталатын сияқты. Өмірде кім боламын?,  мына өмірде өзімді қандай арнаймын? деген сұрақтар өзін-өзі саналы ұғынған адамды мазалары сөзсіз.

Сіздер өз таңдауларыңызды жасадыңыздар,  бұл таңдау «педагог» мамандығы. Ал енді біз сіздермен педагогикалық іс әрекеттегі ең маңызды қасиет  — мақсатерлік туралы әңгімелесеміз.

Мақсаткерлік – алға қойған мақсатына қайткен күнде де орындап шығудан, бастаған істі  ол, оқу ісі болсын, ғылыми ізденісте, сабақ беру, өнер саласында, адамның өмірі үшін күресте және т.с.с. өте көп,  нәтижелі етіп орындаудан көрінеді. Бұл ұстанған бағытына, бет алысына, танымы мен сеніміне қалтықсыз сене білетін адамдарда жиі кезедеседі. Мақсатқа ұмтылушылық – алған беттен қайтпайтын күшті ерік–жігері бар кісінің сапасы. Адамның мақсатқа қмтылушылық қуаты, үміт–арманы, алға қарай ілгерілеу талабы неғұрлым тартымды, әрі биік болса, оның қабілет, талабы да жоғары болады. Адам жолындағы бөгетті жоя алатын, қиындықтан қорықпайтын болу керек. Адам мақсатына жетуде көре алмайтынға дархан мінезіңді, зұлымға қайырымдылығыңды, сараңға жомарттығыңды мойындат. Жаманды жақсылықпен  жеңген дұрыс.Жамандыққа жамандықпен жауап берсең, арада мәңгілік өшпенділік қалады.Бұрынғылар айтқан сөз бар емес пе? Дүниеде бір–бірінен алыс неше жол бар?

Үш жол: жас пен кәрінің, жақсы мен жаманның, аспан мен жердің. Соның ішінде жақсы мен жамманның жолы дегеніміз, жақсының мақсаты: адамгершіліктен, ізгіліктен, қайырымдылықтан, яғни адамдық асыл қасиеттерден тұрады, жаманның мақсаты: қызғаншақтықтан, көре алмаушылықтан, екі жүзділіктен … құралады. Сондықтан да, алдарыңызға қойған мақсатыңызға жетуде сіздер тек жақсылық жолын таңдасаңыздар мерейлеріңіз үстем болып, оның жемісін жейсіздер. Қытай ойшылы   Конфуций: «Адам өзі жүріп келе жатқан жолын ұлы ете алады. Ал жол адамды ұлы ете алмайды» – дейді. «Өз мақсатыңа жетуде солқылдақтық таныту, бастапқы ойын өзгерту сияқты нәрсе кез келген адамға тән құбылыс. Дүние жолы – тар соқпақ, тайғақ кешу, қауіпті жол. Өте алмайтын жолыңнан бір адым кері шегінудің еш оқасы жоқ. Өтетін жол болса алдымен басқадан бұрын өзің өтіп алғаның жөн» – дейді екен қытайлықтар. Өмір- бұлақ. Тереңдей түссең дария, мухитқа айнала береді. Өмірді түсінген сайын адамдықтың тіршілігі таусылмайды. Қайта өмірге деген құштарлығың арта түседі. Өзіңді тану арқылы адамдар әлеміне жол тартасың. Кемелдену де, биіктеу де бәрі-бәрі өзіңе байланысты. Өзіндік ой саңа   қадам жасайсың. Бұл ғаламның бағасын білуге құштарланасың.Ішкі дүниеңмен сырласу арқылы өзіңді қоршаған әлемді тани түсесің. Жадыңа жақсылықты, ізгілікті жинай берсең алдыңа қойған мақсаттарыңа сүрінбей жетесің. Алар асуларың биік болмақ. Сонда ғана жеңіл сезінесің. Сонда ғана адам екеніңді түсінесің!

Мақсатың айқын болмай еш нәтижеге жете алмайсың. «Мақсатсыз өмір сүрген адам неткен бейшара», – демеп пе еді  И.Тургенев.

Талқылау. Сұрақтар:

  • Сіз алдыңызға қалай мақсат қоясыз?
  • Барлық уақытта өз қалауыңызға жетесіз бе?
  • Сіз үшін мамандықта мақсатқа ұмтылыушылық қаншалықты маңызды?

Оқытушы. Мен қазір сіздерге екі аңыз әңгіме айтып берейін (оқытушының таңдауы бойынша біреуін де алуға болады).

Мақсатқа ұмтылушылық туралы аңыз

Әлемде Дрона атты ұлы садақ атушы болыпты. Садақ оғымен дәл тигізуден тең келер ешкім болмапты. Ол осы өнерге көптеген шәкірттерді баулып, үйретіпті. Бірде ол ағашқа мишенді іліп, шәкірттерінен не көріп тұрғандарын сұрайды. Біреуі былай деп жауап береді:

  • Мен ағаш пен ондағы мишенді көріп тұрмын . Екіншісі:
  • Ағаш діңгегін, жапырақтарды, аспандағы күнді, құстарды көріп тұрмын депті.Содан соң, Дрона өзінің ең мықты шәкірті Арджуннан сұрайды:
  • Ал сен не көріп тұрсың?
  • Мен мишеннен басқа еш нәрсе көріп тұрған жоқпын деп жауап беріпті Арджун.

Дрона қалған шәкірттеріне қарап, тек осындай адам ғана мақсатына жете алады, –  деген  екен.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Аңыздың мәні неде?
  • Неге ол соңғы шәкіртін бөліп көрсетті?

Тілек күші туралы аңыз әңгіме

Шәкірті ұстазынан мен қашан даналыққа жетемін деген сұрақты үнемі қойып, ұстазының мазасын ала береді екен.

 Ұстазы оны: ниет тілегің болса болғаны деп сендіріпті.

Бірде, олар өзеннің жағалауымен кетіп бара жатқанда шәкірті осы әңгімені қайтадан қозғапты, сонда ұстазы шәкіртін суға итеріп жіберіп, бірнеше уақытқа дейін сонда ұстапты. Қандай да бір уақыт өткен соң жасөспірімді босатады, ол демін алған соң, ұстазы сұрапты:

-Судың астында бәрінен де саған не қажет болды?

— Ауа! Бәрінен де бұрын ауа қажет болды!

— Мүмкін саған байлық, махаббат, билік қажет болған шығар?

— Жоқ ұстазым! Сол сәтте маған тек ауа қажет болды!

— Даналық та осы сияқты, жаңағы су астында бір жұтым ауаға ұмтылғаныңдай даналыққа жетуге ұмтылатын болсаң,  сен сөзсіз даналықты танисың!

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Аңыз әңгіменің мәні неде?
  • Аңыз іңгімеден нені үйренуге болады?

«Төрт сфера» жаттығуы

Бастапқыда педагог студенттерге төмендегідей сұрақтарды қояды

  • Егер сіздердің қолдарыңыздан бәрі келетін болса не істер едіңіз?
  • Сіз не туралы армандайсыз алдыңғы бес аптадағы, бес айдағы, бес жылдағы тілегіңіз, қалауыңыз бен мақсаттарыңыз қандай?

Өздерінің энергиясын өмірдің түрлі сфераларына бағыттау адамдарға тән нәрсе. Солардың ішіндегі негізгі төртеуін: тән, іс әрекет, қарым-қатынас және қиялды бөліп көрсетіңіздер. Осы энергиялар өз араларында бірдей тепе-теңдікте таралатын болса жақсы болар еді.

Тапсырма. Жақсылап ойланыыңыздар, содан соң өздеріңіздің энергияларыңыз бен уақытыңызды қалай пайдаланатындарыңызды  жазыңыздар?

  • Физикалық аспект бойынша: өзіңіздің физикалық денсаулығыңыз үшін не істейсіз?
  • Өзіңіздің жұмысыңыз, айналысатын іс әрекеттеріңіз, карьераңыз үшін сіз не істейсіз?
  • Отбасы, достарыңыз, оқып жатқан жоғары оқу орныңыз үшін ше?
  • Шығармашылығыңыз, болашағыңыз үшін ше?
  • Қалаңыз, ауылыңыз, мемлекет, адамзат үшін, мысалы, әлемге қол жеткізу үшін сіз не істейсіз?

Студенттер тапсырманы орындайды. Кейін жазғандарын дауыстап оқып береді. Педагог студенттермен бірге тапсырманы, оның өздерінің жеке құндылықтар иерархиясын, өздерінің мақсаттары мен ұмтылыстарын дұрыс түсінуге қалай көмектесетінін талқылайды.

Оқытушы (слайдтарды көрсету).

  • слайд

Мақсатқа ұмтылушылық – тұлғаның  қандай да бір әс ірекетте нәтижеге жетуде көрінетін саналы, белсенді бағыты. Мұндай адам өзіне не қажет екенін, қайда бара жатқанын және не үшін күресетінін нақты біледі, жақсы түсінеді.

Мақсаткерлік – анық мақсатқа бағытталған, нақты бір нәрсеге қол жеткізу. 

  • слайд Түсіндірме сөздік бойынша

Мақсаткерлік – мақсатты анықтауға көмектесетін, рухани күш беретін, кездескен тосқауылдарға қарамастан, мақсатқа жетуге көмектесетін ақылдың анықтығы.

Мақсаткерлік – адамның қиын жағдайларға қарамастан өз дегенінен бас тартпайтын сенімділігі.

Мақсаткерлік – барлық уақытта, басқа әрекет процестеріне көңіл бөлместен,  өзіне не керек екенін үнемі ақылда ұстай алу икемділігі.

Мақсаткерлік – бұл қазіргі іскерлік әлемінде адамға дұрыс бағыт беріп отыратын  компас.

3 –слайд – Мақсатқа ұмтылушылықтың артықшылықтары

Мақсаткерлік –мақсатқа қозғалыс векторын береді.

Мақсаткерлік – кедергілерді жеңуге  мүмкіндік береді.

Мақсаткерлік – істерімізде жетістікке жеткізеді.

Мақсаткерлік – әрбір ісәрекетімізді түсінуде қуаныш сыйлайды.

Оқытушы. Өзіңе сенім, өзіңе құрметпен қарау – мақсатқа ұмтылушылықта жетістікке жетуде  жақсы көмектеседі. Мақсаткерлік біздің болашағымызбен және біздің қиялымыздағы шынайы елестермен тығыз байланысты.

Арт – терапияны пайдалана отырып «Әлем бейнесі» проективті әдістемесін жүргізу

Жүргізу шаралары. Жеке ерекшеліктерін зерттеу мақсатында «әлем бейнесі», «әлем суреті» салуда төмендегідей нұсқаулар беріледі:

«Әлемнің бейнесін, суретін сіздер қалай елестетесіздер, солай салыңыздар».

Талдау. Бейнелердің ерекшеліктеріне байланысты бес негізгі суреттің түрі бөлінеді.

1.Әлемнің бейнесі планетарлы бейнеленсе – жер шарының, басқа да Күн системасындағы  планеталар – мектепте алынған, меңгерілген жалпы қабылданған нормативті білімдер түрінде әлемнің когнитивті бейнесі. Шындықтан алыс дегенді білдіреді.

  1. Әлемді пейзажды бейнелесе, қаланың немесе ауылдың өмірі, адамдар, жануарлар, ағаштар, гүлдер және т.б. осындай өзін қоршаған көріністердің пейзажды бейнеленуі. Мұнда адамның когнитивті ойлауға ие, тұлғаның ерекшелігін білдіреді.
  2. Өзін қоршаған заттар — өзінің айналасындағы, үйіндегі, шын мәнінде сол кезде болып жатқан ойына келген жағдайлар. Адам түйсігінен өтетін, күтілмеген бейнелер – шам, жанып тұрған шырағдан. Кинестетикалық қабылдауының дамығандығын (әлемді түйсіну арқылы «көрінеді»)  білдіреді.
  3. Бірдеңеге байланысты немесе метофрикалық әлемнің бейнеленуі қандай да бір күрделі, түсініксіз елестетулері түрінде берілген мәнін, мазмұнын түсіну, ұғыну қиын бейнелер. Әртістік қабілетін, креативтілігін білдіреді.
  4. Лаконизмділігімен ерекшеленетін, символ, белгі, абстратылы түрде қандай да абстрактылы құрылымдар түрінде берілген, схемалы, абстрактылы бейнелер. Жағымды ойлау, фактілерген сүйене отырып, себептерді ақылмен ойластыра алушылық ерекшелігін білдіреді.

Осыдан, олардың планетарлық құрылым туралы немесе қандай да әсерлі бейнелерді жеке  түйсіну, сезінулері немесе әлемді өзінің қалауы бойынша көру және т.б. туралы білімдері әлемнің бейнесін түрлі бейнелеулеріне негіз болатынын айту керек.

«Даналық сабақтары»

Оқытушы мақсаткерлік, мақсатқа ұмтылушылық  турала айтылған, жазылған қанатты сөздерді оқиды.

Мақсатың болмаса – жолыңды тұман шалғаны,  талабың болмаса – тауды да көре алмайсың!

Талпынып қанат қақпаса,
Қиыннан қисын таппаса,

Талап мінсіз бе.

Саққұлақ шешен. 

Бар ізгілік, қабілет, білім- талаптан туады.

Студенттер берілген мақсатқа ұмтылушылық туралы айтылған даналық сөздерді қалай түсінетінін  жөнінде пікірлерін айтады.

Оқытушы. Адамның өзіне мақсатқа ұмтылушылығын дамытуға және бекітуге көмектесетін ережелер бар.

  1. Аз болса да, күнделікті жұмыс істеңіз, сіздің адамгершілігіңіз «жүректің әдетіне» айналсын.
  2. Абсолютті кемелділікке жетуге ұмтылмаңыз.
  3. Ешуақытта берілмеңіз: есіңізде болсын, ең ұлы адамдардың да үнемі жолы бола бермеген.

4.Өзіңіздің ішкі түйсігіңізге сеніңіз.

  1. Мақтанудан сақтан. Қол жеткен табысыңды «осы менің биігім» деп ойлама. Бұл әлі үлкен ісімнің бастауы деп ойла.
  2. Өміріңе оң жаңалық негізуге құмар бол.
  3. Алдағы күндеріңе арналған бағдарламаң болуы керек. Онсыз биіктерге жету мүмкін емес!
  4. Атқарған жұмысыңыздың нәтижесін дұрыс бағалап, рахатын сезіне біл. Әрқашан мақсатыңа жетуде оптимист бол, жарқылдап күл.

Сабақтың соңы. Сабақты талқылау.

Студенттерге сұрақ:

  • Сабақ соңындағы көңіл-күйлеріңіз, әсерлеріңіз қандай?
  • Өздеріңіз үшін бүгінгі сабақтан маңызды не алдыңыздар?
  • Қандай қорытынды жасадыңыздар?
  • Сіз өзіңізге қандай жаңа нәрсе алдыңыз? 

«Өмір кемесі» жаттығуы

Барлығы бір-бірінің оң жақта және сол жақта  тұрған көршісінің белінен ұстап өте жақын шеңбер құрып тұрады. Бұл өте тығыз шеңбер «өмір кемесі». Ол жай, қалықтап өмір ағысымен жүзуге аттанады. Осындай кемеде орын алған жылы және сенімді атмосферада жүзіп жүріп, педагог студенттерге он бес сабақты өткізу барысындағы бірге жүзу нәтижесі жайында әңгімелесуді ұсынады.

Қоштасу рәсімі.

Барлығы орындыққа шеңбер құра отырады.

«Ізгі тілек» жаттығуы

Әрбір студент бір бет қағазға өздерінің тілектерін жазады, оны бүктеп, ортаға тастайды. Барлығы тілектерін жазып болғаннан кейін,  олар ортаға тастаған неше түрлі тілектерді тамашалап қарайды,  содан соң, әрқайсысы бір тілекті таңдап алады. Осылайша, барлық топ студенттері бір – біріне арналған тілектерімен алмасады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ