Кәсібилік – педагогтың өзін-өзі тануының және өзін-өзін дамытуының нәтижесі

0

Сабақтың мақсаты: «өзін-өзі тану» ұғымын педагогтың өзін-өзі кәсіби дамытуының негізі, педагогикалық іс-әрекет табыстылығының негізгі жағдайларын зерттеу; «кәсіби біліктілік» кәсіби қарым-қатынас, кәсіби белсенділік, кәсіби қабілеттер, білімдер мен іскерліктер ұғымдарын меңгеру ренітде қрастыру.

Әдістері мен формалары: дәріс-әңгімелесу, талқылау, рөлдік ойын, тестілеу, слайдттарды көрсету, ертегі тыңдау (ертегі терапиясының тәсілдері).

Материалдар: хрестоматия, әдістеменің стимулды материалы, ертегі тыңдауға арналған тыныш әуеннің аудио жазбасы.                                                                                  

Өнер де, даналық та, егер оны үйренбесе, қолға түспейді.

Демокрит.

Нағыз тәрбие ережелерден емес, жаттығулардан тұрады.

Жан Жак Руссо.

Сабақтың барысы: 

Сәлемдесу рәсімі.

Оқытушы. Бүгін біз бір-бірімізді сіздерді педагогтардың қалай қарсы алғандарын қалайтындарыңа қарай сәлемдесеміз.

Әрбір студент топпен педагогтың өзінің тәрбиеленушілерін қарсы алудың ең жақсы деп есептейтін сөзімен сәлемдеседі. Ол жақсы таныс сәлемдесу рәсімдері де болуы мүмкін. Жаттығудың басты шарты – жұмысқа жағымды эмоциялы бағыт-бағдар беруде.        

Дәріс-әңгімелесу.

Оқытушы. Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту проблемаларының талқылануы, жеке-дара дамуының әрқилы кезеңдерінде тұлғаға психологиялық-педагогикалық қолдаудың көрсетілуі жөніндегі жұмыстардың басым көпшілігі педагогикалық ұжымға және нақты педагогқа жұктеледі.

Өзін-өзі жүйелі түрде танып, дамытып отыратын, өзін-өзі белсенді тәрбиелеп отыратын ұстаз ғана өзгелерге тиімді көмек көрсетіп, өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетіне ықпал ететін ахуалды қалыптастыра алады. Олай болмаған жағдайда оның  балаларды өзін-өзі дамытуға ынталандыру іс-әрекеті  оның дербес тәжірибесімен бекітілмей тек баяндаушы сипатта болады.

Дағдылы жұмыс күндері мұғалімнің тұлғалық-кәсіби өсуі және өзін-өзі жетілдіруі- педагогикалық мамандықты айтпағанда, кез-келген мамандықтың міндетті шарты болып табылады.  Мұндағы белсенділіктің  кез келген жаңылысы, төмендеуі педагогикалық үдерістің мүшелерінен бірден байқалады, педагогикалық еңбектің нәтижелеріне кері ықпал етеді.

Педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі тануының талдамасына көшу үшін оның тұлғалық ерекшеліктеріне және кәсіби біліктілігіне, іс-әрекетіні ерекшеліктеріне аз да болса тоқталып өту қажет.

Педагог келесі ақпаратты қамтитын слайдтарды көрсетеді.

Қазіргі таңда ғылымда педагог тұлғасының, оның іс-әрекеті мен қарым-қатынасының құрылымындағы компоненттерді ажыратудың әртекті тұрғылары, оның кәсіби біліктілігінің ерекшеліктері мен қайталанбастығы туралы әрқилы көзқарастар қалыптасқан. Ол көзқарастарды келтіруге және талдауға мүмкіндігіміз болмағандықтан, тәрбиешілердің, ұстаздардың, оқытушылардың едәуір маңызды қасиеттері мен күйлерін, олардың іс-әрекеті мен мінез-құлықтарын сипаттап өтуге тырысамыз. Педагог тұлғасының құрылымындағы маңызды компоненттерді келесі жағдайлар анықтайды:

1 слайд

  • Кәсіби-педагогикалық бағыттылық;
  • Кәсіби белсенділік;
  • Кәсіби білімдері мен іскерліктері;
  • Кәсіби педагогикалық қабілеттері, есі, ойлауы және қиялы;
  • Өзін-өзі кәсіби ұғынуы.

Кейбір ұғымдарға қысқаша сипаттама берелік:

2 слайд – Тұлғаның кәсіби-педагогикалық бағыттылығы әдетте балаларға, іс-әрекетке, өзіне қатынасы жетекші мәнге ие болатын қатынастардың тобы ретінде анықталады. Қатынастардың негізгі үш түрін құрылымдай келе, кәсіби-педагогикалық бағыттылықтың сегіз түрін алуға болады, алайда оңтайлысы ретінде үш компонент: балаларға қатынасы, заттарға қатынасы және өзіне қатынасы айқындалған типті анықтаған жөн.

3 слайд – Кәсіби белсенділік оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тұрақты іздестіруде, туындаған міндеттерді ерекше үлгіде шешуіскерлігінде, әкімшілікпен, қызметтестерімен, ата-аналармен, оқушылармен қатынастарын жетілдіру қабілетінде, өзінің жұмысын талдауда, өзін-өзі тәрбиелеудің барлық құралдары мен тәсілдерін қолдана отырып, өзін-өзі дамытумен айналысуда анықталатын педагогтың нормативтердің шеңберінен шығу, өзінің іс-әрекетінің аумағын тұрақты түрде кеңейтіп отыру ұмтылысымен сипатталады.

4 слайд – Кәсіби білімдері мен іскерліктері кәсіби даярлықтың негізін құрайды. Білімдер мен іскерліктерге ие болмаған педагог өзінің қызметін мүлде атқара алмас еді. Кәсіби білімдер әртекті келеді: ол – өзінің  пәнін жақсы білу, педагогика, психология, әдістемелер саласындағы, өзге адамдармен қатынастарды орнату аумағындағы білімдері, өзінің кәсіби мұмкіндіктеріне қанық болуы.

5 слайд – Педагогикалық қабілеттері әр педагогтың, алайда әр дәрежеде ие болған тұлғалық әлеуетін сипаттайды. Дәл педагогикалық қабілеттер және педагогтың оларды өзінде анықтауы педагог болудың сәйкес кәсіби ниетін, педагогикалық іс-әрекетпен айналысу бейімдігін, педагогикалық еңбектің тиімділігін анықтайды.

Талқылау. Талқылау сұрақтары:·        Оқытушының өзін-өзі дамытуы не үшін қажет?·        Оқытушының  өзін-өзі дамыту үдерісі не нәрсеге бағыттплуы тиіс?

Рөлдік ойын «Оңтайлы қарым-қатынас»

Ойынның мақсаты: болашақ ұстаздың коммуникативті құралдарының аумағын кеңейту, педагогикалық қарым-қатынастың тиімді жеке-дара стилін іздеу.

Ойын үш кезеңде жүргізіледі.

Бірінші кезеңде оқытушы топтағы  екі студентке  мұғалім мен оқушы-жасөспірімнің немесе жоғары сынып оқушысының арасындағы өзара әрекеттестіктен алынған әдеттегі жағдайлардың бірін ойнап көруді ұсынады. Қалғандары бақылап отырады. Келесі жағдайларды ойнап көруге болады:

  • «Оқушы сабақты болдырмай, мұғалім оны әңгімелесуге шақырды»;
  • «Оқушы мектепте шылым шекті»;
  • «Жоғары сыныптағы оқушының үлгерімі күрт төмендеді» ж»не т.б.

Таңдалынған жағдай ұсынылған коммуникативті ұстанымдарға сәйкес ойнатылады: «мұғалім» ресми бағалаушы үлгіні жүзеге асырушы қатал тұлға ретінде болса, ал «оқушы» мұғалімнің ақылын үнсіз тыңдап, ақталады.

Ары қарай талқылау орын алады: ондай әңгімелесуден «оқушы» қандай әсер алды, қандай сезімде болды, «мұғалім» өзін қалай сезінді, аталмыш көрініс топтың қандай эмоциялары мен ойларын тудырды.

Жағдайларды ойнайтын студенттер мінез-құлықтың стереотипті үлгілерін ұстанады. Педагог бойкүйез оқушыны жазалау үшін әділдікпен қолданылатын  ықпалдың қатал да бұйрықшыл шараларының оқушының енжарлығын, кей жағдайларда ашуын тудыратынын  түсіндіреді.Топ студенттері жасөспірімдермен қарым-қатынаста қолданылатын бұйрықшыл құралдардың жалпы алғанда аса тиімді болмайтындығын түсінеді.

Екінші кезеңде мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының сол жағдаяты қайта ойнатылады, алайды «әртістері» мен ұсынылған коммуникативті ұстанымдар ауыстырылады. Мұғалімнің рөлін атқарған студент өтіну мәнеріне көшу үсынылса (мысалы, қымбат жоғары санаттағы мектепте мұғалім миллионердің баласын үгіттеуге мәжбүр), жоғары сынып оқушысы өзін тым тәкаппар ұстап, қиқарланады. Ойынның екінші кезеңінен алынған нәтижелердің  топтық талқылануы мұғалімнің оқушыға тәуелді болу жағдайларының қандай себептерден туындайтындығын талдауға және оларды қалай жеңуге, болдырмауға болатынына арналады.

Үшінші кезеңде сол жағдайдың үлгісінде, бірақ педагогикалық басқарылатын ұстанымды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін «мұғалімнің» (студенттің) оқушымен психологиялық толыққанды қарым-қатынасын реттеуге көмектесетін құралдар мен тәсілдерді топтық ізденіс ұймдастырылады.

Қарастырылатын сұрақтар:

  • мұғалім оқушымен әңгімені қалай бастауы керек,
  • қалай отыру керек, қандай сөздерді айтып, қай кезде бастау қажет,
  • әңгімелесу қандай ахуалда болып, қандай бағытта жүргізілуі тиіс және т.б..

Әдістеме «Толеранттылықты анықтау тесті  (шыдамдылық            Әдістеме жүргізілген соң, мұғалім педагог мамандығында оның тұлғасының маңызды қасиеті толеранттық екендігін айтады. Аталмыш қасиетті балаларды оқыту мен тәрбиелеудің жеткілікті дәрежеде жоғары деңгейінде ие болу қажет.  Аталмыш мәселені студенттермен талқылап, оларға бірқатар сұрақтарды қоюға болады: ·        Олар оны қалай түсінеді? Неліктен? ·        Оны дамыту үшін не қажет? (хрестоматияны қарау).                        Оқытушыларға арналған ертегі 

КЕЛІСІМ 

Ертегілер елінде, ағысы жылдам әрі әдемі өзеннің жағалауында бір сарай болыпты. Ежелгі дәуірлердің өзінде-ақ ол елдің өкілдері сарайға барлық дана кітаптарды жинап, бөлмелерін кішкентай тұрғындардың өзіне де ыңғайлы болатындай етіп, ойластырған. Сол сарайда ең шынайы ертегілер Мектебі болыпты. Онда елдің кішкентай тұрғындары өмірдің заңдарын біле бастайтын, көне білімдердің мәнін түсіне бастайтын, өздерін қабілеттерін танитын. Мектепте көптеген мұғалімдер ауысады. Бір күні ол мектепке Маугли, Көр тышқан және Инелік сабақ беруге келеді.

Сіздерге олардың әртүрлі ертегілердің кейіпкерлері болғандықтан, бірге болып, тіптен мектепте сабақ беруі мүмкін емес болып көрінуі мүмкін. Дегенмен, бұл ертегі ғой, ал ертегіде барлығыда мүмкін. Сеніңіздер, тыңдағандарыңыздың барлығы да дәл солай болған.

Маугли оқушыларымен көп ойнайды. Ол өзі оқытып, өзін оқытуға да мүмкіндік беретін. Оған барлығы да қызыты болып көрінетін, ол сабақтарын ешқашан біртекті ғып өткізбейтін. Ол үлкен сауыққой әрі қиялшыл болатын.

Көртышқанға Мауглидің сабақты жүргізу әдістемесі ұнамайтын. Өйткені Көртышқанның өзі өте ақылды болып, мұғалімдердің көптеген өкілдері сияқты «дұрыс» оқыта алатын. Көртышқан жарық пен жаңа идеяларды ұнатпайтын. Оның сабағында оқушылар көптеген жаңа білімдерді меңгеретін, оалайда ол білімдер тым көп болатын. Сол себепті олардың басы оны игере алмайтын.

Инелік болса өте ерекше мұғалім болар, сірә. Оның оқыту бөлмесінде алтынмен жалатылған жақтаудағы  үлкен айна тұратын. Сабақты жүргізгенде Инелік ол айнаға қарайлай беретін. Оған өзінің талғампаз мүсіні, қанаттарының құбылмалы реңкі сондай ұнайтын. Ал оның үлкен көздері ше!.. Әрине, олар керемет болатын. Инелік сабақты жүргізгенде  өзіне-өзі қатты ұнайтын.

Бір күні Инелік: Болды, жетер! Маған ақылсыз оқушылар мен олардың маңғаз ата-аналары мені жалықтырды. Менің қанаттарым бар емес пе, одан да менің аспанда қалықтап ұшқаным жақсы емес пе… дейтін уақыт келді. Инелік соны жария еткен соң, өзінің құбылмалы қанаттарын самғап, ұшып кетеді.  

Сол күннен бастап, мектептегі сарайдың тыныштығы мен үйреншікті ырғағы бұзылады. Көр тышқан бажылдақ, ал Маугли мазасыз болып кетеді. Кейде Көртышқан Мауглидің жеткілікті дәрежеде оқытпағандығын айтып қоймайды. Ал Маугли болса Көртышқанды жалықтырып жіберетін, қызықсыз деп деп есептейтін. Инелік ойына келген кезде үшып келетін, кейде бірін келесі бірде екіншісіне жақтасатын.

Иә, мектептегі сарайды ыңғайсыз жағдай орын алады. Алайда оның арасы тым ұзаққа созылғандықтан, үйреншікті жәйтқа айналғандығы қызық еді.

Бір күні мектептегі сарайға Балу Аю келеді. Ол мейірімді де көңілді болатын, көптеген оқиғаларды білетін және ерекше білімдерге ие еді. Оның сарайға келуі кездейсоқтық емес еді. Оның қоржынында бай да қанық өмір бар болатын, ол өзінің білімдерін оқушылармен және ұстаздармен бөліскісі келетін, олардың өмірін қызықты да әртекті қылғысы келетін, олардың ертегілер әлемінде қандай қызықты дүниелердің болып жатқандығын айтып бергісі келетін, оларды бір-біріне шыдамды, мейірімді болуға үйреткісі келетін.

 Балудың келгенін әркім әрқилы қабылдайды. Оқушылар  қызығушылықпен қарайлайтын. Көртышқан миығынан кұлетін, Инелік қылымсып, қанаттарын жаятын, ал Маугли болса Балумен бірден достасады. Әрине дейтін шығарсыздар сіздер, өйткені олар бір ертегіден ғой! Иә, олар бір ертегінің кейіпкерлері ғана емес, сонымен қатар пікірлес болатын. Өмірдің қазаны қыж-қыж қайнайды, өйткені оқушылар да оны ұнатады.

Бір күні Балу үлкен Кеңес шақырады.                                       

«Менің достарым – дейді ол. – Мен мұнда келе жатқанымда мұнда әртүрлі керемет ұстаздарды көретін шығармын деп ойлап келген болатынмын. Өйткені сіздер жақсылыққа үйретуден басқа, ерекше қабілетке иесіңдер. Инелік ұша алады, Көр тышқан жер астында жүреді, ал Маугли оның үстінде шебер жүре алады Сіздердің осы қабілеттіліктеріңізді біріктірсе, зор қуатқа айналар еді.

Сіздер ойлап көріңіздерші: біз жердің астындағы, үстіндегі және ауадағыны танып, айтып бере аламыз».

«Онда тұрған не бар! – дейді түңіліп, Көртышқан мен Инелік. Ал Маугли қызығушылықпен үндемейді.

«Несі бар дегендеріңіз қалай?!» Жарыққа тартылған ағаштардың тамырларын қамқорлыққа алған жер сияқты, Көр тышқан да біздің алдымыздағы даналардың білімін сақтап келе жатқан жоқ па. Көртышқан сақтап қана келе жатқан жоқ, ол оны оқушыларына анық та қанық жеткізеді емес пе. Әрбір жаңаны ауаның алмастырғанындай Инелік те әр жерде ұшып жүріп, бізге көптеген жаңалықтарды алып келеді, сіздердің жұмыстарыңызды жақсы етіп көрсетіп, біздің ертегілер елімізден жырақтағы жерлерде де оларды қызығушылықпен жеткізіп жүрген жоқ па.  Ал барлық жаңалық пен бұрыннан белгіліні қолдана алатын ол – Маугли, өйткені ол өзгермелі ертегілер әлемінде шебер ыңғайланады ғой».

Көр тышқан, Инелік және Маугли бір-біріне қарап, жымияды. Олардың күлімсіреуі қараңғыланған ақшамда сарайдың бөлмелерін жарыққа бөлейді. Дәл сол кезде Көр тышқан бірінші рет көзін жұмбайды.

«Бәрекелді Балу, мен сен бізді түұсінбей,сынар ма деп ойлап едім! Ал сен біздің бұрыннан ұмыт болғанымызды көре алдың…»

Сол кезден бастап, Көр тышқан, Инелік және Маугли жиі-жиі Үлкен Кеңестерге жиналатын болды. Олар бір-бірімен өздерінің бақылауларымен, идеяларымен және білімдерімен бөлісіп тұрады. Олардың әрқайсысы өзін пайдалы да қажет деп есептейтін болды.

Ал мектеп сарайы жарқырап, таңғажайып тартымды қуатқа ие болады: ол өзіне барлық жақсыны, шығармашылық пен ашық-жарқынды тарта бастайды, өйткені онда Келісім орнаған еді». 

Талқылау.

  • Неліктен мектепте тыныштық пен ырғақ бұзылған еді?
  • Ол ертегідегі Балу кім?
  • Мектептегі мұғалімдерге ол қалайша көмектесе алды?
  • Олардың келісімінің мәні неде?

Қорытынды. Сабақты талқылау.

Қоштасу рәсімі.

Жаттығу «Сыйлық»

Студенттер шеңбер құрып орналасады. Оқытушы: «Қазір біз бір-бірімізге сыйлық жасаймыз. Жетекшіден бастап, барлығымыз кезек-кезекпен пантомима құралдарымен әлдебір затты бейнелеп (балмұздақ, гүл, кірпі, тышқан және т.б.), оны өзінің оң жағындағы көршісіне табыс етеді». Барлығы әртүрлі сыйлықтарды алған соң, бір-біріне ризашылықтарын білдіріп, қоштасады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ