Толеранттылық өмірдің нормасы ретінде

0

Сабақтың мақсаты: коммуникативті өзара әрекеттестіктегі толеранттылыққа түсінік беру. Қарым-өатынастағы толеранттылық және біліктілік тәсілдері арқылы конструктивті қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.

Әдістері мен формалары: дәріс-әңгімелесу, талқылау, «даналық сабақтары», бейнематериалды көру, ойындар мен жаттығулар,   өзін-өзі талдау.

Материалдар: хрестоматия, студент дәптері, аудио-және бейнематериалдар, қағаз,  маркерлер.

Сабақтың барысы: 

Сәлемдесу рәсімі. Шаттық шеңбері.

Жаттығу «Біз қалай ұқсаспыз»

Мақсаты: студенттердің топтық ауызбіршілігін арттыру.

Нұсқау: студенттер шеңбер құрып орналасады, жүргізуші өзімен шынайы немесе ойдан шығарылған ұқсастықтың негізінде ортаға бір студентті шақырады. Барлық студенттер ортағы шақырылмайынша ойын жалғаса береді.

Дәріс-әңгімелесу.  Өмір заңдарын білу өзге заңдардан артық,

Ал өзін-өзі жетілдіруге тікелей жетелейтін жетекші білім

Ол маңызы бірінші кезектегі білім болып табылады

Спенсер Герберт

Оқытушы. Телефон, телеграф, компьютер және т.б. арқылы жеке ортамыздың шекарасы кеңейіп жатқан біздің қарқынды заманымызда біз достарымызды таңдап, олармен араласып, олардың тағдырына олардың бізге де ықпал еткеніндей әсер етеміз, ұстаз боламыз, яғни өз мойнымызға жауапкершілікті аламыз. Ал Сент-Экзюпери «Біз қолға үйреткендерімізге жауаптымыз» деген екен. Оның рөлін және сол қарым-қатынастағы біз үшін құнды дүниені түсіне білу маңызды.  Өз өмірімізде қабылдаған әрбір шешіміміз таңдауға айналады, демек әлденеден бас тарту болып табылады. Оның құны қандай болуы мүмкін? Адам алдына мақсат қойғанда құндылықтар жайында ұмытпауы тиіс. Адамның өзінің дамуының барысында қоғамдық маңызды құндылықтарды, әлеуметтік нормалар мен бағдарларды меңгеретіні белгілі. Сол әлемге енген әрбір адам бірден сол қоғамның мәдениетімен ұштасады.

В.С.Мухина  «адамзат өзінің дамуында сол адамзатпен жинақталған рухани тәжірибені меңгеру және әлеуметтік ортамен өзара әрекеттестік арқылы тек сол орта жағдайында тұлға деңгейіне дейін біршама көтеріле алады» деп атап көрсетеді. Толеранттылық бұл – өзге қисын мен көзқарастарды, ерекшелену, ұқсамау құқығын мойындауға дайындық. Ол жүйені (тұлға, қоғам) ішінен тұрақтандыратын фактор. Толеранттылық құндылық, бағдар және тұлғалық сапа ретінде қарастырылады.

«Толеранттылық» сөзінің астарында әртүрлі ұлттық мәдениеттердің түсінігіне назар аударарлық.

tolerancia (испанша) – өзінікінен өзге идеяларды немесе көзқарастарды мойындау қабілеті.

tolerance (француша) – өзгелерге өзінікінен басқаша ойлауға немесе әрекет етуге жол берілетін қатынас

tolerance (ағылшынша) – шыдамды болуға даярлық, кішіпейілдік.

kuan rong (қытайша) – басқаларға қайырымды болуға мүмкіндік беру және қайырымдылықты қабылдау.

tasamul’(арабша) – кешірім, кішіпейілдік, жұмсақтық, рақымшылдық, жанашырлық, мейірбандық, шыдамдылық, өзгелерге деген пейіл.

Бағыты бойынша толеранттылықты төмендегіше ажыратуға болады:

— сыртқы толеранттылық (өзгелерге) – тұлғаның өзгелердің дербес пікірін,  мойындауға, даулы жағдайды әртүрлі жақтан қарастыруға, әртүрлі аспектілері мен дәлелдерін ескеруге мүмкіндік беретін қалыптасқан сенім.

— ішкі толерантталық (ішкі тұрақтылық) – даулы жағдайда тепе-теңдікті сақтау, шешім қабылдау, әрекет ету қабілеті.

Енді «Толеранттылық қағидаларының деакларациясы» (1995 жылы 16 қарашада Парижде ЮНЕСКО-ның 185  мүше-мемлекеттері қол қойған) ұсынған «толеранттылық» ұғымының анықтамасын қарастыралық.

Толеранттылық «адам даралығы көріністерінің өзіндік айқындау түрлері мен тәсілдеріміздің, әлеміміздің әралуан  бай мәдениетін сыйлауды, қабылдауды және түсінуді» білдіреді. Оған білімдер, ашық-жарқындылық, қарым-қатынас және ой, ар және сенім еркіндігі ықпал етеді. Толеранттылық бұл – әралуан еркіндік. Бұл тек моральды борыш емес, сонымен қатар ол саяси әрі құқықтық қажеттілік. Толеранттылық бұл – соғыс мәдениетін бейбітшілік мәдениетімен алмастыруға ықпал ететін және бейбітшілікті қол жетімді ететін рақым». Сапалы өмір сүріп, тіршілік ету үшін өзіңе және айналаңдағы әлмге деген өзіңнің қатынасыңды реттей отыра оған үйренген маңызды. Толеранттылық тұлғаның нормаларға, бағаларға және өзін-өзі бағалауға саналы қатынасының арқасында оның күрделі өмірлік жағдайларда  өзін-өзі реттеуіне ықпал етеді. Ол өзге адамның ұстанымына сыйлы қатынасты сақтай отыра, дербес ұстанымын қорғау іскерлігіне байланысты. Сонымен қатар өзгені арандатуға бейім,  реніш тудыратын, ашуландыратын жағдайлар мен адамдардың болатыны белгілі. Толеранттылық қатаң өзара әрекеттестік жағдайын қашуды емес, түзетпелі қарсылықты, өзара әрекеттестіктің қиын жағдайларында эмоцияларыңызды шиеленістірмей, дұрыс арнаға бағыттап, соққыға іштей берілмейтініңізді болжайды.

 Көмекке мұқтаж адамға өз ойын таңбай жәрдемдесу даярлығы, өзгелерге қарағанда өзіне талапшыл болу, айналасындағыларға жауапкершілікті өз мойынына алу, жиі күлімсіреу және жақсы көңіл-күйде болу.

Даналық сабақтары. Шағын топтармен жұмыс.

Студенттермен келесі ойларды талдау:

  • «Өзінің әлсіздігін көпірме сөздермен және игі қағидалармен бүркеуге тырысқан адам, ерксіз күман тудырады» (ДжавахарлалНеру)
  • «Өзің жайлы көп сөз – өзіңді жасырудың құралы да болуы мүмкін» (Фредерик Ницше)
  • «Маған қиындықтың барлық жақтарын қамтуға кедергі келтіретін, әсіресе өмірдің тамыры терең қиындықтары туралы сөз болғанда адамның шектеулілігін көргенде жасқанамын» (Джек  Лондон)
  • «Даудың ең қиыны – өзіңнің пікіріңді дәлелдеумен қатар, ол жайында анық түсініктің болуы» (Андре Моруа)
  • «Біз үшін тыңдалғаннан гөрі, сөйлеген маңыздырақ» (Томас Джефферсон)
  • «Қақпаның не үшін қойылғанын білмей жатып, оны ешқашан бұзбаңдар» (Честертон Гилберт Кийт)

Оқытушы. Көптеген адамдардың өмірдегі ортасы – өзара әрекеттестіктері жалпылама «+» немесе «-» белгілерімен бағалануы мүмкін жақындары (туыстары, қызметтестері). Ол адамдармен жақсы да жағымды қатынастарымыз біздің жай-күйімізді жақсартады, беделімізді арттырады, жайлылықты сезінуге мұрша береді. Адам оларға қуаныш пен пайда әкеліп, өзінің ортасына жағымды ықпал етіп, олардың тарапынан жауапты үйірсектікті, сүйіспеншілікті күтеді. Әлдекімнің  сізге мейірімге толы шынайы сезімдерін сарп етіп, көмегіңіз беп арқау болғаныңызға алғыс айтқаны қандай жақсы. Дәл сол сәтте «Сен жақсысың» деген жауапты сезімге, мойындауға, қабылдауға ұласатын  «Мен жақсымын» деген түйсік орын алады. «Мен жақсымын – Сен жақсысын» моделі әлеммен жайлылық пен тепе-теңдік сезімін қалыптастырып, жұмыс жасай бастайды. Г.Харристің «Мен жақсымын, Сен жақсысын» кітабында өзара әрекеттестіктің: Мен жақсымын – Сен жақсысын, Мен жақсымын – Сен жамансын, Мен жаманмын – Сен жақсысын, Мен жаманмын – Сен жамансын атты  төрт түрі жақсы қарастырылған. Осы модельдердің барлығы адамға дүниеге келу сәтінен бастап беріледі. Адамның өзінің қуатына деген сенімділігін, табыстылығын «Мен жақсымын – Сен жақсысын» моделі  анықтайды.  Бұл барлығы өмірінде өол жеткізуге тырысатын бақыттың өзіндік моделі болып табылады. Аталмыш модель адамға ішкі тепе-теңдікті табыс етіп, әлеммен тепе-теңдікті қалыптастыруына ықпал етеді. Толеранттылық бәрінен де «Мен жақсымын – Сен жақсысын» моделіне сәйкес келеді, бірақ ондай модель қажеттілік, мәжбүрлілік ретінде ұғынылады. Бұл сірә, өзгені шартсыз қабылдау ол үшін әлденені алумен емес, адамның дербес ұстанымымен және басқа адамды құндылық ретінде қабылдауымен жүзеге асырылатын «Сен жақсысың – Сен жақсысың» моделі болар. Сонымен қатар өзгеге ондай қатынасты бірден  қалыптастыру мүмкін емес сияқты, кейде тіптен мүлде қол жетпейтіндей болып көрінеді.

Жаттығу «Ауылға ауыл».

Мақсаты: толерантты өзара әрекеттестік арқылы қарым-қатынаста біліктілікті қалыптастыруға үйрену.

Нұсқау: Студенттердің екі тобы бір-біріне қарама-қарысы қарап тұрып, қарсылас топтағы  студенттердің қайсысына өздерінің жағымсыз эмоциялары мен кіналарын бағыттайтындарын келіседі. Одан кейін студенттердің  бірінші тобы  сөз алып, өздерінің жолдауын кімге арнайтындарын айтады. Екінші топ тыңдап, егер агрессия мен кіналар бағытталған студент дәлелді жауап бере алмаса, топ өздерінің мүшесін агрессивсіз, толерантты қарым-қатынаста қорғайды.

Студенттерге талқылуға ұсынылатын сұрақтар:

  • Сіз қорғану және кіналау жағдайында өзіңізді қалай сезіндіңіз?
  • Қарсыластарыңызбен қарым-қатынаста толеранттылыққа қол жеткізу оңай болды ма?

Астарлы әңгіме «Әртүрлі қиыншылықтар»

Бір қыздың соңынан  өмірінде қиындықтар таусылмайды. Бір қиыншылықты жеңсе болды, алдында басқаасы пайда болатын да тұратын. Алғашында ол оның барлығын батыл жеңіп отыратын, бірақ бір сәтте үмітсіздік орын алады.

Ол данагөйге көмек сұрай келіп, оған өмірдің тым ауыр екендігін, кұш-қуатынын мүлде таусылғандығын айтады. Жауаптың орнына дана бірдей үш кастрөлге су құйып, отқа қояды. Кейін кезекпен ол кастрөлдерге сәбіз, жұмыртқа салып, үшіншісіне кофе себеді. Бірнеше минут өткен соң дана жұмыртқа мен сәбізді алып үшінші кастрөлден тостағанға кофе құяды.

— Қалай ойлайсың, не өзгерді? – деп сұрайды ол қыздан.

— Осыны да түсініксіз деп отырсыз ба? — деп иығын көтереді қыз – жұмыртқа мен сәбіз пісті, ал кофе суда еріп кетті.

— Солайы солай ғой, — дейді дана, — бірақ бұл тек үстіртін көзқарас. Егер орын алған жағдайдың мәніне үңілсек, сәбізді ыстық суға салғанға дейін қатты болғанын байқау қиын емес. Ал қазір нені көріп отырмыз? Ол жұмсақ. Керісінше, тым осал да сұйық жұмыртқа қатты болды. Сыртқы көзге олар сол қалпында сақталынғанымен, ыстық судың ықпалынан өздерінің құрылысын өзгертті. Адамдар да сондай жағдайға душар болады. Күш-қуаты мол адам  жағымсыз жағдайлардың ықпалынан берекесі қашса, керісінше осал да нәзік адам беріктік пен батылдық танытуы мүмкін.

— Ал  мұндағы кофенің қатысы неде? – дейді қыз.

—  Бұл енді ең қызықтысы! Кофе жаңа қырын қабақты ортаға тап болып, еріп, оны өзгертті. Қарапайым қайнаған судың орнына біз тамаша хош иісті сусынды алдық. Ондай адамдар аз да болса да бар, алайда олар жағдайларға байланысты өзгермейді. Олар өздері жағдайды өзгертеді. Олар түскен ортасына жаңалық әкеліп, ғажайып өзгерістерге ұшыратады.

Студенттерге талқылауға ұсынылатын сұрақтар:

  • Астарлы әңгіменің мәні неде?
  • Психикалық және эмоциялы қиындықтарды қалай жеңесіз: жолдары мен тәсілдері?
  • Қарым-қатынастағы кедергілерді жеңудің әдіс-тәсілдеріңіз бар ма?

Жаттығу «Мен адамдардың ортасындамын»

Нұсқау: Топтағы әрбір студент кезекпен мүсіншінің рөлін атқарады. Ол топтың басқа мүшелерінен мүсін жасайды. Бірінші тақырып: «Мен адамдардың ортасында — шынайымын»; екінші тақырып: «Мен адамдардың ортасында — идеалдымын». Символдар түрінде әрбір студент басқалардың арасындағы өзінің азды-көпті ақиқатқа жақындатылған орнын бейнелейді; екінші жағдайда  шын мәнінде қалаған орнын бейнелейді.

Студенттерге талқылауға ұсынылатын сұрақтар:

  • Қандай ұстанымда барынша эмоциялы үйлесімді сезіндіңіз?
  • Кімнің мүсіні сізге бәрінен де артық ұнады, неліктен?

Жаттығу «Толеранттылықтың рецепті» (шағын топтармен жұмыс)

Мақсаты:  Студенттерде қарым-қатынастағы толеранттылық туралы анық түсінік, айналадағы адамдармен тиімді өзара әрекеттестік дағдыларын қалыптастыру.

Нұсқау: шағын топтарда «рецепт» — толерантты адамның бейнесін құру.  Топпен жұмыс жасаған соң, сөз алған адам міндетті түрде 2 факторды бөліп көрсетуі тиіс:

1 фактор – «Толеранттылық ингридиенттері» — адам тұлғасы мінезінің психологиялық қасиеттері.

2 фактор – «Толеранттылықты даярлау тәсілі»- ондай адаммен өзара әрекеттесу әдіс-тәсілдері.

Студенттерге талқылауға ұсынылатын сұрақтар:

  • «Толеранттылық рецепттерінің» қайсысы бәрінен де артық ұнады, неліктен?
  • Толеранттылықтың қуаты мен әлсіз тұсы неде?

Сіз өзіңізді толерантты адам деп айта аласыз ба?

Оқытушы. Әркімнің толеранттығын дамытуға көмектесетін ережелер бар – адамдарға деген  парықсыздық олардың тарапынан да сәйкес қатынасты тудырады. Айналамыздағы адамдардың қатынасы өзімізге байланысты.

— өзгелердің бойынан мін іздемеу;

— өз міндеттеріңді жақсы білгенде, құқықтарын қорғай бастау;

— зорлық-зомбылық, күш жұмсау арқылы өзгені өзіңе бағындыруға болады, алайда ол тек табыстың елесі ғана;

— адамдар бізді сөздерімізге  емес, қылықтарымызға қарайды;

— сынның қарапайым ұрысқа алмасуына жол бермеген әрі сынағаны үшін ешкімді қудаламаған пайдалы  бұл тек қателерден қорғап, беделіңді арттырады.

— орынды қалжың өміріміздің бұлыңғыр тұстарын ажарлы етіп, басқалардың көңілін көтереді;

— адамдарды сыйлаңыз және олардың артықшылықтарын қорламаңыз.

Проективті сурет «Толеранттылық кеңістігі».

Нұсқау: әр студент «Толеранттылық кеңістігі» атты сурет салып, оның түрлі-түсті реңктермен және формалармен толтыруы қажет.

Студенттерге талқылауға ұсынылатын сұрақтар:

  • Сабақты орындау барысында қандай сезімде болдыңыз?
  • Неліктен дәл осы түстер мен формалар сіз үшін артық көрінді?

Нәтижелеу. Сабақтың қорытындысы.

Оқытушы. Адам бүкіл өмір барысында өзінің тұлғасын құрайды, құрауды жалғастырады және қайта құрайды. Оның өмірінің бүкіл тәжірибесі, сондай-ақ болжалды болашақ қоршаған әлем жайлы түсініктің қабылдануын  реттейтін сенімдер мен құндылықтар түрінде бекітіледі. Мінез-құлықтың әралуын түрлерінен құралатын адам  өмірінің траекториясы тұқымқуалаушылық, орта және тұлға атты үш фактордың  үздіксіз қзара әрекеттестігінің нітижесі болып табылады. Дәл сол факторлар адамның қайталанбастығы мен бірегейлігін анықтайды. Адам өмірінің әралаундығын қамтитын тұлғаның өмірлік жолы (мамандық таңдау, мансап, өмірлік дағдарыстарды жеңу, отбасындағы қарым-қатынас) тұлғаның дамуын бейнелейді. Адам өзін жақсы жаққа қарай өзгертуге тырысып, өз-өзімен татулықта тіршілік етуге ұмтылуы тиіс. Жалғыз басты қателік – өзінің өткен шақтағы қателерін өзгертпеу.

Қоштасу рәсімі.

Жаттығу «Достық құшақ». Барлығы бір-біріне бетпе-бет қарап, шеңбер құрып тұрады. Кейін қолдарын бір-бірінің иықтарына қойып, оң қолын көтеріп, оны шеңбердің ортасына қарай созады. Жетекшінің бұйрығы бойынша барлығы ішке қарай адым жасайды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ