Дау-дамай және тұлға

0

Сабақтың мақсаты: «Дау-дамай» ұғымына сипаттама беру. Тұлға ішілік дау-дамайдың табиғатын қарастыру, тұлғаның дамуындағы жағымды және теріс жақтарын анықтау. Даудан шығу әдістерімен танысу. Дау-дамайды конструктивті шешу іскерлігін қалыптастыру.

Әдістері мен формалары: дәріс-әңгімелесу, талқылау, «даналық сабақтары», бейне материалдарды көру, ойындар мен жаттығулар, медитация, өзін-өзі талдау.

Материалдар: хрестоматия, студент дәптері, аудио-және бейнематериалдар, қағаз, маркерлер.

Сәлемдесу рәсімі. Қуаныш шеңбері.

Жаттығу «Бұл керемет!»

Нұсқау: студенттер шеңбер құрып орналасады.  Қатысушылардың бірі ортаға шығып: «Студенттік өмірдің маған үйреткендері…», деген сөйлемді жалғастырады, ал қалған студенттер әрбір сөзден кейін саусағын жоғары қаратып, қолын алдыға созып, лақтырып: «Бұл керемет!» деп айтады.

 Дәріс-әңгіме

Адам өзін дау-дамайда жеңгенде ғана өмір сүре бастайды

Альберт Эйнштейн

Оқытушы. Адамзаттың бүкіл тарихы бұл – сан ғасырлық соғыстар мен дау-дамайлар тарихы. Дау-дамайлар әрдайым болған әлі болады да, әрі олардың пайдасыз немесе патология деуге болмайды. Олар біздің өміріміздегі қалыпты құбылыс. Сірә, қоғам өзінің даралығы мен еркіндігінен айырылғанда ғана дау-дамайсыз болар. Өткеннің көрнекті ойшылдары дау-дамай адамның ішінде дей келе, адамның өзі даудың тасымалдаушысы деп есептеген. Дау-дамай бұл – қарама-қарсы жақтардың қақтығысы немесе жақтардың өзара әрекеттестігінің барысында туындайтын маңызды қарама-қайшылықтарды шешудің неғұрлым шиеленіскен тәсілі.

Дау-дамай әртүрлі бағыттардың тұрғысында ерттелінеді. Н.В.Гришина психологиялық дау-дамайларды қарастырудың дәстүрлі үш – мотивациялық, ситуациялық және когнитивті түрлерін атап көрсетеді. Н.У.Заиченко дау-дамайлар зерттелінетін негізгі алты: когнитивтік, мотивациялық, аналитикалық, іс-әрекеттік, энергиялық-эмоциялы, ұйымдастырушылық және жүйелі тұрғыларды атап көрсетеді.

Әртүрлі авторлар дау-дамайды түрліше анықтайды әрі әдетте «дау-дамай» ұғымының жалпы анықтамасын қолданады. Мысалы, А.И.Алексеева дау-дамайды адамдардың бір-біріне деген қарама-қарсылықтарының шарттылығымен түсіндіреді. Дау-дамайда адамдардың мақсаттары, қызығушылықтары қақтығысады, сондай-ақ онда оның мүшелерінің шынайы бәсекелестігі көрініс береді. Дау-дамайды үрдіс ретінде де түсінуге болады: ондай жағдайда ол қатынастарды тұрақтандыру құралдарын іздеу жолында әрекеттердің дамуы, табылмаған жол жағдайын  анықтайды. И.П. Андриадидің пікірінше, дай-дамай бұл – «шешімі тұлғаішілік, тұлғааралық және топаралық қатынастардың біртіндеп  дамуы». А.А. Ершов дау-дамайды «тұлғалар қарым-қатынастарының барысында және нәтижесінде қажеттіліктерінің, мотивтерінің, мақсаттарының, бағдарларының, көзқарастарының, мінез-құлықтарының сәйкессіздігінен олардың қақтығысы» ретінде анықтайды.

Дау-дамайларды басқару үшін оның құрылысы мен қызметін анықтап ажыратын алу қажет. Әрине, дау-дамайда ең алдымен дауласқан жақтарды және қарсыласу затын анықтауға болады. Алайда, оның басқа да құраушылары бар.

Конфликтогендер бұл – дау-дамайдың туындауы мен дамуына ықпал ететін сөздер.

Дау-дамай = проблема (қарама-қарсылық) + даулы жағдай + қатысушылары + оқиға.

Мұндағы қатысушы дау-дамайдың барлық фазаларына кіріктірілген субъект болып табылады. Дау-дамайдың пәні  — бұл қарама-қарсы қызығушылықтар қалыптасатын объект болып табылады. Яғни дау-дамайдың пәні бұл – оның бастауы. Дау-дамайдың «кеңістігі» ұғымы дау-дамайдың пәнін қамтиды. Алайда, пән ол – бастау, ал кеңістік — даулы әрекеттердің аумағын құрайтын дүниелердің барлығы. Кеңістіктің элементтері, мысалы, ойын ережелері, мінез-құлық нормаларының себебінен түсінбестік орын алса, олар дау-дамайдың пәні болуы мүмкін.

Даулы жағдаят дау-дамай құрылымының маңызды элементі болып табылады. Кез келген дау-дамай даулы жағдаяттың барысында орын алып, туындап, шешіледі. Даулы жағдаят бірінші кезекте қарама-қарсы екі жақ немесе олардың бірі бұрынғы өзара байланыстың шеңберінде тіршілік ете алмайтын дау-дамайдың негізін құрайтын қарама-қарсылықтың шиеленіскен түрін қамтиды.

Астарлы әңгіме «Екі қасқыр»

Бұрынғы заманда бір қарт немересіне бір өмірлік ақиқаттың сырын ашады:

  • Әр адамда екі қасқырдың күресіне ұқсас күрес жүреді. Қасқырдың бірі зұлымдықты: күншiлдiкті, қызғаншақтықты, өкiнiшті, өзiмшiлдiкті, жалғанды, шамданушылық, мансапты білдіреді. Екінші қасқыр мейірімді: бейбітшілікті, сүйіспеншілікті, үмітті, ақиқатты, мейірімді, адалдықты білдіреді. Атасының сөздері жанын тебіренткен немересі ойланып:
  • Соңындай қай қасқыр жеңеді?-деп сұрайды.

Қарт жымиып:

  • Сен жемдеген қасқыр жеңеді-, деп жауап береді.

Студенттерге талқылауға ұсынылатын сұрақтар:

  • Астарлы әңгіменің мәні неде?
  • Сіздер қарттың пікірімен келісесіздер ме, неге?

Оқытушы. Тұлғаішілік дау-дамайдың адамның ішкі әлемінде орын алатын психологиялық дау-дамайлардың ішіндегі ең күрделісі. Тұлғаішілік дау-дамайға берілмеген адамды елестету мүмкін емес. Сонымен қатар адам ондай дау-дамайларға жиі ұшырап отырады. Конструктивті сипаттағы тұлғаішілік дау-дамайлар тұлға дамуының қажет сәттері болып табылады.  Бірақ деструктивті тұлғаішілік дау-дамайлар стрестерге ұласатын ауыр күйзелістерден, көрінісінің шеткі түрі – суицидке дейін тұлға үшін аса қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан әрбір адам үшін тұлғаішілік дау-дамайлардың негізін, себептері мен шешу тәсілдерін білген маңызды.  Тұлғаішілік дау-дамай бұл — тұлғаның қарама-қарсы бағытталған мотивтерінің (қажеттіліктерінің, қызығушылықтарының, құндылықтарының, мақсаттарының, идеалдарының) қақтығысын білдіретін психикалық әлемінің ішіндегі дау-дамай.

Бейсаналы ішкі қақтығыс тұлғаішілік дау-дамайдың бір түрі болып табылады. Оның негізін бұрында толықтай шешімін таппаған әрі ұмытылмаған даулы жағдаяттар құрайды. Бейсаналы деңгейде біз өткен шағымызда шеше алмаған қиындықтарымыздың жүгін көтеріп, оларды қайтара шешуге әрекеттенгендей бұрынғы даулы жағдаяттарды қайта жаңғыртамыз. Өткен шақтағы шешілмеген жағдаятқа ұқсас жағдайлар бейсаналы ішкі дау-дамайдың қайта жаңғыртылуының себебіне айналуы мүмкін. Адамның өз-өзімен ішкі дауы қалыптасқан қағидаларын қайта ойластыруына мүмкіндік береді. Тұлғаішілік дау-дамайлардың түрлері:

  • қажеттіліктердің қақтығыстары (өзіңнің де жегің келеді басқаға да дәм татқызу қажет);
  • әлеуметтік норма мен қажеттіліктің арасындағы қақтығыс (махаббат
    және норма);
  • әлеуметтік нормалардың қақтығысы.
  • құндылықтар қақтығысы;
  • құндылық пен норманың арасындағы қақтығыс;
  • құндылық пен қадеттіліктің және т.б.арасындағы қақтығыстар.

Даналық сабақтары. Шағын топтармен жұмыс .

  • Құрметтілердің заңы – жақсылық жасап, ұрсыспауда. (Лао-Цзы)
  • Дауласқан екі адамның ақылдысы кінәлірек (Иоганн Вольфганг Гете)
  • Дауласпаған, айыпталмайды (шығыс даналығы).
  • Даулас: ақылдымен келіс, ақымақты алда (Абай)
  • Ойдан шығарылған дауды барынша тұтандырса, ол соғұрлым жылдам сөнеді. (еврей мақалы)
  • Даулар жиі себепсіз болғанымен, салдарсыз болмайды (Конфуций).

Студенттерге талқылауға ұсынылатын сұрақтар:

  • Ойлардың қайсысы сіздерге жақын, неліктен?

Оқытушы. Тұлғаның ішкі және сыртқы қарама-қарсылықтары өзара байланысты болады. Адамның психикасы  сыртқы қарама-қайшылықтарды ішкіге және керісінше көшіруге қабілетті. Сонымен қатар трансферт көбінде адамның еркінен тыс, бейсаналы түрде жүзеге асады. Сыртқы қиындықтарының шешімінен бас тарқан адам ішкі қайшылықтарына бағынышты болады. Сырттай даусыз мінез-құлыққа бейім адамдар жиі өздерінің ішкі қиындықтарына үңіліп, үйреншікті әлеуметтік ортада өзін-өзі жүзеге асыра алмайды (мысалы монах болу таңдауын жасау).  Басқалары керісінше өздерінің ішкі қайшылықтарын жеңіл кешіріп, өмірлерінде біршама табысқа қол жеткізгенімен, әрдайым моральмен татулықта болмай,  жолдарында пайда болған сыртқы қиындықтарды белсенді шеше алады.

Өздерін тағдырларының қожайыны деп есептейтін (интернал) және орын алған жәйттердің себебін сырттан іздеп, ағыспен жүргенді қалайтын (экстерналдар) адамдар да болады. Даулы күйзелістерді өздеріп іздеп тауып, одан наұқты рахат алатын адамдар да кездеседі. Тығырықтан шығар болғамағанда қалыптасқан жағдайға байланысты дау-дамайға жол беретін адамдар да болады. Тепе-теңдігінен айыруы мүмкін нәрселердің барлығын көзіне ілмей, айқын киыншылықтардың өзіне назар аудармауға тырысатын адамдар бар. Мінез-құлықтың бір түрі көбінде тұлғаның өзіне байланысты болса, басқа жағдайда – қалыптасқан жағдайдан туындауы мүмкін. Алайда, мінез-құлықтың барлық түрлері әрдайым тұлға мен ортаның өнімдері болып табылады.

Астарлы әңгіме «Үш зәбір»

Шәкірттерін нақыл сөздерімен, астарлы әңгімелерімен бағыттап, тәлім-тәрбие беріп отыратын бір данагөй болған: Адамдар үш сөзбер зәбір көрсетеді. Олар сені ақымақ, құл не дарынсыз деуі мүмкін. Егер сендер де осындай жағдайға душар болсаңдар, қарапайым бір ақиқатты естеріңнен шығармаңдар: тек ақымақ қана басқаны ақымақ дейді, тек құл ғана өзгеден құлды іздейді, тек дарынсыз адам өзінің түсінбегенін басқаның есалаңдығымен ақтауға тырысады. Сол себепті ешқашан ешкімге ренжімеңдер, әрі өздерің де ақымақ дарынсыз құл ретінде атанбып кетпеулерің үшн ешкімге зәбір көрсетпеңдер.

Студенттерге талқылауға ұсынылатын сұрақтар:

  • Астарлы әңгіменің мәні неде?
  • Егер сіз де данагөй болсаңыз, айналаңыздағыларға қандай өмірлік кеңестерді берер едіңіз?

Жаттығу «Дау-дамайдан қашу»

Мақсаты: студентттерді шиеленіскен даулы жағдайда дұрыс амалды ұстану іскерлігіне үйрету. Конструктивті коммуникативті қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.

Нұсқау: Жұмыс шағын топтармен 4 кезеңде жүргізіледі. Әрбір кезеңнен кейін  студентттер топшалардағы орындарымен, рөлдерімен алмасады.

1 кезең. «Сыртқы келісім»

Қағидасы: серіктесіңнің айтқандарының ішіндегі қайсібір сөздерімен келісу қажет (сырттай).

Мысалы: «Мен де бұл мәселені талқылауымыз керек деп есептеймін», «Бұл мені де сен сияқты толғандырады», «Оның ұнамсыз екендігіне келісемін»

Техниканың артықшылықтары: адамдармен келіскен оларға ұнайды. Серіктесіңіз сіздің достық қатынаста болып, тыңдауға даяр екендігіңізді сезінеді. Осылайша, мәселенің шешімі эмоциялы кезеңнен когнитивті аумаққа алмасады.

2 кезең.  «Иә мен сондаймын, маған өзгеруге кеш»

Қағидасы: сіз серіктесіңізге оның сізге артқан кінәсінің сіздің тұлғаңыздың бір қыры екендігін хабарлайсыз.

Мысалы: «Мен ылғи да кешігіп жүремін, маған өзімді уақыттан тәуелсіз сезінген ұнайды, ол мен одан еркіндікті сезінемін».

Техниканың артықшылықтары: сізге дөрекі соқтығысу кезінде қолданылады, қарсыласыңызды қарусыздандырады.

Техниканың кемшіліктері: қарсыласын тығырыққа тіреп, қатты ашуландырады.

3 кезең.  «Бұзылған пластинка»

Қағидасы: серіктесіңіздің наразылығы мен айыптарына сіз ол өзінің күш-қуатын сарп еткенше бірнеше мәрте кең мағыналы бір сөйлемді қайталай бересіз. Әдетте үш рет қайталаған жеткілікті.

Мысалы: «Бұл енді ешқашан қайталанбайды», «Мен бүгін оны талқылауға дайын емеспін», «Мен ол жайында ойланып көрейін», «Мен сені түсіндім».

Техниканың артықшылықтары: техниканың қолданылуы адамның эмоциялы қорларын үнемдеуіне мүмкіндік береді. Әрі дау-дамай да өршімейді.

4 кезең.  «Шексіз нақтылау»

Қағидасы: сынға жауап ретінде сіз қарсыласыңызға нақтылаушы көп сұрақтарды қоясыз.

Мысалы: «Сіз нақты нені айтып отырсыз?», «Сіз ондай жағдайда маған қандай кеңес бере аласыз?».

Техниканың артықшылықтары: техниканың қолданылуы қарсыласыңның ұстанымын анықтап алуға мүмкіндік береді, эмоциялы қысымды төмендетеді, сынға қалай жауап беруге болатынын ойлануға уақыт береді.

Оқытушы. Бейсаналы ішкі дау-дамайды шешуде ерекше әдіс қажет болуы мүмкін. Ондай дау-дамайдың санаасты орын алатыны қиындық туғызатындықтан, оның себептері дау-дамайдың иесі үшін түсініксіздеу болады. Адамда бейсаналы деңгейде ішкі қысымды төмендетуге біршама  ықпал ететін көптеген  қорғаныс механизмдері болады. Сондай-ақ олар орын алған қиыншылықтарды жеңуге көмектеседі, қиындықтың ықтималды шешімдерін көрсетеді, тынығуға мүмкіндік беріп, келеңсіздіктерден қорғаныс болады, адамның «өзін-өзі сыйлау қабілетін сақтайды». Дегенмен, оның барлығы ақиқаттан белгілі бір дәрежеде бас тарту немесе оның бұрмалануының есебінен орын алады.Ол механизмдердің кейбіреулерін қарастырып көрелік.

Ығыстыру — ұнамсыз ойлардың бейсаналылық аумағына «ығыстырылуы», мотивті ұмытылуы.

Рационализация — өз әрекеттерін жеке басының ар-намысы мен өзін-өзі сыйлауының тұрғысында түсіндіру.

Жекелену — индивид қатысуға мәжбүр болған оқиғалардың ықтималды салдары туралы ойланудан бас тарту (ойлағысы келмеуі).

Проекция — кінәні өзге біреуге арту; тұлғаға тән сезімдер мен импульстерді өзге объектілерге таңу.

Сублимация — психиканың инстинктивті формаларын индивид және қоғам үшін едәуір қолайлы түрлеріне транформациялау арқылы қысымды төмендету.

Адам кейбір өмірлік жағдаяттарды ауыр қабылдауы мүмкін, оны қайсібір оқиғалар немесе айналасындағылардың әрекеттері ашуландыруы мүмкін, ол адамдардың нақты түрін ұнатпауы мүмкін. Ондай дау-дамайлардың себебін ада өзінен іздеуі қажет. Ол үшін сіздің жағымсыз реакцияңызды тудыратын бірнеше жағдаяттарды мұқият талдап, бірнеше сұрақтарға жауап беру қажет:

  • Ол… мені не нәрсе ашуландырады?
  • Ол … неліктен мен дәл осылайша қабылдаймын?
  • Ол …. мен өзімді неліктен олай ұстаймын?
  • Неліктен басқалар ол … басқаша қабылдайды?
  • Ол … мен қаншалықты адекватты қабылдаймын?
  • Менің ашуымның себебі неде?
  • Бұрында менің басымнан ондай жәйт болған ба еді?

Адамның өзін-өзі жақсырақ түсінуіне көмектесуі мүмкін сұрақтардың басқа нұсқаларын қолдануға болады. Егер адам өзінің ішкі дау-дамайларының шынайы көздерін ұғына алса, ол ескі қиындықтарының жүгінен арылып, дағдарыс жағдайларына адекватты жауап бере бастайды. Тұлғаішілік дау-дамайлар және стрестер адамның дене және рухани қуаттарын сарп ету үрдістерін белсендіреді. Оларды қалпына келтіріп, іске қосу үшін, сондай-ақ жоғары қысымды жоюдың йиога, медитация, уатотренинг және т.б.  әрқилы әдістері бар.

Жаттығу «Біз-олар»

Мақсаты: тұлғаішілік дау-дамайларды ұғыну шекараларын кеңейту. Студенттерді тұлғаішілік дау-дамайды бейтараптандыруға үйрету.

Нұсқау: Өміріңіздегі сізді бәрінен де қатты ашуландыратын адамды тауып, оның бойындағы өзгерткіңіз келген сіздің ұнатпайтын үш қасиетін сипаттаңыз. Енді өзіңізге үңіліп, өз-өзіңізден: «Мен өзімді дәл солай ұстағанда не нәрседе оған ұқсаймын?» деп сұраңыз. Көзіңізді жұмып, ойлануыңызға мұрша беріңіз. Кейін өзіңізден өзгерістерге дайынмын ба деп сұраңыз. Сіз өзіңіздің үйреншікті ойларыңыздан, сенімдеріңіз бен әдеттеріңізден  арылғанда ғана, ондай адамдар сізге деген қатынасын өзгертеді немесе мүлде өміріңізден кетеді.

Студенттерге талқылауға ұсынылатын сұрақтар:

  • Жағымсыз бейнені еске алғанда қандай эмоцияны кешірдіңіздер?
  • Айналаңыздарға дау-дамайдағы ішкі бейнені бейтараптандырудың қандай тәсілдерін ұсына аласыз?

Оқытушы. Тұлғаішілік дау-дамайлардың адамға жағымды әрі жақымсыз салдары да болады. Егер дау-дамай шешімін таппаса, ішкі қысым күшее береді. Қысым нақты өлшемнен асқан соң (фрустрацияға деген толеранттылықтың жеке-дара деңгейі), адам психологиялық тұрғыда қажып, адам жанының тепе-теңдігінен айырылады. Ол күйінде адам туындаған проблеманы шеше алмайды. Дау-дамайдың  жағымсыз салдары стрестерге, невроздарға, жоғары мазасыздыққа, жалпы психологиялық жабырқаңқылыққа немесе дау-дамайға ешқандай қатысы жоқ объектілерге бақытталуы мүмкін мқлшерден тыс агрессивтілікке ұласуы мүмкін.

Жағымсыз қорғаныс механизмі – регрессия – агрессияның кері жағы болып табылады. Регрессия проблеманы шешпейді, жағдай сол күйінде сақталынады әрі дау-дамайдың шығар жолын таппаған  барлық энергиясы тұлғаның өзін жоюға бағытталады. Ол жөнінде Зигмунд Фрейд: «Өзіңді жоймас үшін, басқаны және басқаларды жою қажет»,-деп айтқан. Соңғы 20-25 жылдардағы психологияда катарсис – агрессивті импульстерді әртекті эрзац-объектілерге (қарсылас-қуыршақтар, спорт күрестеріне қатысу немесе оны бақылау, компьютердің көмегімен виртуалды ақиқатты құрастыру және т.б.) бағыттау арқылы одан арылу идеясы танымал бола бастады. Жапон елінде қоғамдық орындарында стрестен арылу бөлмелері бар. Онда адам аздаған төлем жасау арқылы оңашаланып, бірнеше арзан ыдыстарды шаға алады.

Осылайша, дау-дамай энергиясының қадағалаусыз сыртқа  шығуы  сияқты, оның жасанды сақталынуы да тұлғаға және оның айналасындағы адамдарға  жағымсыз ықпал етеді. Тұлғаның адекватты эмоциялы реакциясы – конгруэнтілік (эмоциялардың дәлме-дәл сәйкес келуі, олардың ұғынылуы және айқындалуы) – тұлғаішілік дау-дамайдың едәуір тиімді тәсілі болып табылады. «Дау-дамай қаншалықты қалаусыз болса да, — дейді  Пол М. Дизель және Уильям Мак-Кинли Раньян, — ол сыртқа шығарылғанда ғана әсері жойқын болмай, шын мәнінде ұғынылып, кешірілетін эмоциялар адекватты айқындалғанда ғана шешімін табады, — деп есептейді. Дау-дамайдың жағымды әсері төмендегідей:

  • қол жетпеген мақсаттың тартымдылығы арта түседі;
  • кедергінің орын алуы оны жеңуде күш пен құралдардың іске қосылуына ықпал етіп, мотивацияның қуаты өзінің жоғары шегіне жетеді;
  • тұлғаішілік дау-дамай тұлғаның күрделі жағдайларда бейімделуіне және өзін-өзі жүзеге асыруына, ағзаның стреске тұрақтылығының артуына ықпал етеді;
  • жағымды шешімін тапқан дау-дамайлар тұлғаның мінезін шынықтырып, мінез-құлқының табандылығын қалыптастырады.

Сонымен, тұлға мен оның айналасындағы адамдар үшін тұлғаішілік дау-дамайдың жағымды әрі жағымсыз салдары да болуы мүмкін.

Рөлдік ойын «Лифтідегі оқиға».

Мақсаты:Дау-дамай жағдайындағы әртүрлі сезімдер мен күйлердің мінез-құлықтағы көріністерін зерттеу.

Нұсқау: Сегіз студент  сыныптың ортасына орналасады. Қатысушыларға ойынның желісі түсіндіріледі: «Барлығыңыз – бір үйдің тұрғындарысыздар. Бір күні сабаққа бара жатқанда барлығыңыз лифтіде кептеліп қаласыздар. Әркімнің әртүрлі сезімдері байқала бастайды. Қандай сезімнің орын алатындығын – үлестірмені  алғанда білесіздер. Сіздің эмоциялы мінез-құлқыңыз үлестірмеде жазылған күйге сәйкес келуі тиіс. Оны сөзбен атап айтуға болмайды». Студенттердің айналасында, арқалары ішке қаратылып, орыныдықтар қойылады – ол лифтіні бейнелейді. Студенттердер жағдайды 7-10 минут көлемінде баяндап, көрсетеді. Қалған студенттер бақылап отырады.

Сезімдер мен күйлердің атаулары жазылған үлестірмелер:

  • «Қуаныш, шаттық, рахаттану…»;
  • «Қызығушылық, толқу, қозу… »;
  • «Қайғы-қасiрет, бейнет, жабығу, депрессия… »;
  • «Ашу, ыза, наразылық, зығырданы қайнау… »;
  • «Қорқыныш, мазасыздану, қауіптену… »;
  • «Жек көру, тәккапарлану, менсінбеу… »;
  • «Ұялу, өзін-өзі жою, ыңғайсыздану… »;
  • «Таң қалу, таңдану…».

Студенттерге талқылауға ұсынылатын сұрақтар:

  • Эмоциялы күйді қалай жеткізе алдыңыз?
  • Өмірдегі дау-дамайда ол сезімді қалай көрсетемін?

Бақылаушылар кімнің қандай сезімдерді көрсеткендеріне қатысты өз болжамдарымен бөліседі.

Оқытушы. Шамамен бірдей даулы жағдайларда әртүрлі адамдардың өздерін әрқилы көрсететіндерін байқау қиын емес. Әлеуметтік психология адамдардың даулы жағдайлардағы мінез-құлықтарының едәуір кең таралған тқрт түрін көрсетеді: «Бірінші тип – дау-дамайдың дамуына ықпал ететін агрессивті мінез-құлық, екіншісі – ымырашылдыққа бейімділік жайында дәлелдейтін мінез-құлық, үшіншісі бағынуға бейімділікке, яғни шешімді қарама-жақтың қабылдауына байланысты; төртінші тип даудан қашу бейімділігін анықтайды». Шынайы өмірде аталмыш типтер «таза күйінде» кездеспейді, бірақ адамдардың көпшілігін даукес мінез-құлықтың қайсыбір түріне жатқызуға болады.

В.И.Сперанскийдің ойынша дау-жанжалдарға бейім адамдарды: даукес және даулы деп  екі топқа бөліп, қарастыруға болады. Бірінші топқа істердің қазіргі жағдайының, басқару әдістерінің, қиындықтарды шешу тәсілдерінің және т.б. тұрақты қарсыластары. Олар үшін ақиқаттың сара жолынан гөрі, өзгелерден ерекше жеке-дара ұстанымдары артығырақ. Олармен бір ұжымда қызмет ету қиын, алайда ондай мәңгі «негативистер» ақиқатты іздеуге өзгелердің белсенділігін ынталандырады. Екінші топқа даулы адамдар енеді. Ол  шексіз эгоцентризмге ие, өзін-өзі жоғары бағалайтын, нарциссизмге шалдыққан, адамдардың сеніміне кіре алатын адамдар. Алайда олар достық қатынастарды ұзақ мерзімде сақтауға және адал ниетпен еңбектенуге қабілетсіз келеді. Ол адамдар айналасындағылармен өзара әрекеттесіп, эмоциялы қақтығыстардың бастауына айналады.

Жаттығу: «Тегін қол жетімді  20 қуаныш».

Мақсаты: студенттердің жағымды көңіл-күйін қалыптастыру.

Нұсқау: дәптерге қол жетімді жеңіл 20 қуанышты жазып шығу. Студенттер жеке-дара тізімдерін құрастырып болған соң, педагог оларды үш адамнан бірігіп, талдап, дербес тізімдерін толықтыруды ұсынады.

Оқытушы. Әр адам өзінің жанжалдасу қырын басқара алуы тиіс: өзінің қиындықтарын өзге құралдармен шешу мүмкін болмаған жағдайларда ғана қолдану; даулы белсенділігін қажет арнаға, қажет уақытта және адекватты пропорцияда бағыттау; өзінің «мқлшерден тыс» даукестігін тежеп, оны өзінің және айналасындағы адамдардың пайдасына қолдану. Сонымен қатар, дау-дамайға сәйкес орын арнап (драмаламай), даулы жағдайдан нақты пайда алу.

Индивид тап болған жағдайдың адекватты бағалануы тұлғаішілік дау-дамайлардан шығудың негізгі тәсілдерінің бірі болып табылады. Ол индивидтің өзін-өзі бағалауын және орын алған қиындықтар күрделілігінің бағасын қамтиды. Әлеуметтік психологияда рефлексия деген ұғым бар – адамның өзінің жағдайына сыртқы бақылаушының тарапынан көз тастауы, сонымен қатар ол жағдайда өзін және өзінің басқа адамдармен қалай қабылданатынын ұғынуы. Рефлексия адамның ішкі кысымының, күцзелістері мен мазасыздануларының шынайы себептерін анықтауға, қалыптасқан жағдайды дұрыс бағалауға және дау-дамайдан шығудың есті жолын тубыда көмектеседі. Танымал психотерапевт Максуэлл Мольц өзінің «Мен бұл – Мен немесе Қалай бақытты болуға болады» кітабында адамға жеке-дара дай-дамайларын шешуге көмектесуі мүмкін бірқатар пайдалы кеңестерді ұсынады. Ол кеңестердің көбісі өзіндік рефлексия феноменіне негізделеді. Олардың кейбіреулерін қарастырып көрелік:

  • дербес «Менінің» орынды бейнесін қалыптастыру. Өзі жайында барлық шындықты білу. Ақиқатқа тура қарай алу;
  • деректер жайындағы түсініктерге емес, деректердің өзіне жауап беру;
  • адамдардың сіз жайлы не ойлайтынддарына, қалай бағалайтындарына баса назар аударудың ұажеті жоқ;
  • сыртқы қоздырғыштарға тым эмоциялы жауап бермеу, оларға деген реакцияңды біршама тежеу («мен ол жайында тек ертең ойланамын»);
  • өз-өзіңе деген жанашырлық, реніш сезімдерін әдетке айналдырмау;
  • өзіңді және өзгелерді кешіре алу, кешірім сауықтырады;
  • агрессияны қажет арнасына бағыттай алу.

Эмоциялы жүктеменің артықшылығын шығару үшін, адамның қорғаушы клапаны (дене жүктемелері, шығармашылық, жаяу дүру және т.б.) болуы тиіс:

  • «жел диірмендерімен күреспеу». Шынайы орын алған дүниелерге ғана эмоциялы жауап беру;
  • «түймедейден түйедейді етпеу», жағдайды, барлық салдарымен шынайы бағалау;
  • Нақты айқындалған мақсатты діттеп, оған қол жеткізуге тайсалмай ұмтылу. Мүмкіндігінше қол жетімді мақсаттарды көздеу;
  • Батыл да мақсатты әрекет ету, қорғанбай, шабуылдау.

Дау-жанжал кезінде адамның эмоциялары оның ақылға қонымды әрекет етуіне кедергі келтіреді. Қажетсіз әрі ауыр жүктен арылу үшін адам өзінің эмоцияларын басқарып, өзінің реніш, ашу, қорқыныш, жек көру және т.б. сезімдерінің артық мөлшерінен жүйелі «тазартылып» отыруы тиіс. Ол үшін әрқилы амал, тәсілдерді қолдануға болады, мысалы: достардың арасында шер тарқатуға, спроттық ойындарда «жеңілдеуге», оңашада есіруге (өзгелер естімейтіндей), ескі журналдарды жыртуға, матрацты жұдырықтауға және т.б. жасауға болады. Эмоциларының жүгінен арылған адам өзінің қиындықтарын шешу үшін қосымша қоларға ие болады.

Қоштасу рәсімі.

Жаттығу «Әткеншек».

Нұсқау: студенттер қолдарын жанындағы адамның иығына қойып шеңбер құрып орналасады.  Біреуі «Тоқта!» деп айтқанша барлығы ақырын адымдап оңға қарай жылжиды. Ол ойыншы сабақ жайында біршама жағымды пікірін білдіреді. Одан кейін топ кімде-кім «Тоқта!» деп айтып, өзінің топ жайында жағымды пікірін білдіргенше  ақырын адымдап солға қарай жылжиды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ