Иммануил Кант «Таза ақыл –ойдың жалпы міндеті»

0

Классикалық неміс философиясының негізін қалаушы әрі көрнекті өкілі И. Кант – философия тарихындағы ерекше тұлға. Өмірінің басында жаратылыстану мәселелерін зерттеумен айналысқан ұлы ойшыл 46 жасында профессорлық диссертациясын жазғаннан кейін Ньютондық метофизикалық материализмнен субъективті иделизм позициясына бет бұрады. Міне, осы  770 жылдан бастап,кеңістік пен уақытты енді априорлы, яғни тәжірибеге дейінгі таным формалары деп келетін қағида Кант үшін оның философиясы үшін ең маңызды болып саналады.

Кант өзінің философиясын «сыншыл» деп бағалай келе, міне пікір жазғалы отырған, атақты «Таза ақыл-ой сыны» атты еңбегін жазады. Бұл жерде «сын» ұғымы нені береді? Бір қызығы бұл сұраққа философтың өзі былайша түсініктеме береді: бұған дейін философтар ақыл-ойдың көмегімен әлемді зерттесе де, олар сол таным құралының өзін зерттемеген болды.

Сондықтан Кант өзіне дейінгі философияны қатып-семіп қалған ілім деп кінәпайды. Сондықтан Канттың «Сыны» — ол тексеру, яғни ақыл-ой мүмкіндігін зерттеуге алғашқы маңызды қадам.

Осылайша Кант «Таза ақыл-ой» мәселесіне қатысты төмендегі міндеттерді қояды. Бірінші міндет –таным теориясы пәні, екінші –этика, ал үшіншісі-эстетика пәні. Кант ерекше тоқтаған «біздің ақыл-ойды қолданудың түпкілікті мақсаты» төмендегі сұрақтар төңірегінде жүйеленуі тиіс еді: «Мен не біле аламын? Мен не істеуім қажет? Мен не нәрсеге сене аламын?».

Осы сұрақтарға негізгі жауаптарды И. Кант өзінің «Таза ақыл-ойға сын»еңбегінде береді. Бұл еңбек 7 ірі бөлімнен тұрады. Аталмыш еңбектің 6-бөлімі «Таза ақыл-ойдың жалпы міндеті» деп аталады. Енді осыбөлімнің мазмұнына тереңдеп, талқылап көрелік.

«Кез-келген еңбекті дұрыс әрі нақты анықталған міндет жеңілдетеді»  деп басталатын терең философиялық мәтін Канттың позициясын анық ашып береді. Қалайда таза ақыл-ойдың шынайы міндеті келесі сұраққа тіреледі: априорлы синтетикалық  пайымдаулар қалайша мүмкін болмақ?

«Аналитикалық және синтетикалық пайымдаулардың айырмашылығы туралы ешкім ойламаған, сондықтан метофизика осыған дейін қайшылыққа толы әрі дәлелсіз, нақты емес жағдайда келді. Метофизикалық мықтылығын анықтайтын да осы  міндет шешу»дей келе И. Кант метофизикаға, Энгльс айтқандай, жеңіс соққысын ілген болып шықты. Бұл  мәселені шешуге талпыныс жасаған. Жаңа заман философтарының бірі – Давид Юм априорлықты мойындамаған еді.

Жоғарыда қойылған міндетті шешу  ақыл-ойды  таза қолдану мүмкіндігін тудырумен қоса, заттар туралы апрорлық теориялық білімді негіздейтін барлық ғылымдардың дамуына да көмектесер еді. (Мәселен, мынадай сұрақтарға жауап беруге: Таза математика мүмкін бе?)

Математика және жаратылыстану ғылымдары ақиқатында бар болғандықтан, олар былайша сұрақ қояды, олар қалай мүмкін бола алады? Бірақ олардың өмір сүруі, олардың болуының мүмкіндігін дәлелдейді.  Ал, метофизика жөнінде өте қатаң айып айтылады. Неге? Метофизиканың мүмкіндігіне  кез-келген күмән білдіре алады,  себебі ол бұған дейін нашар дамып келді, метофизика ұсынған қағидалардың ешбірі, тіпті қойылған негізгі міндеттерінің өзі, оларды бар деп тануға жарамсыз. И. Канттың мұндай ащы сынымен толық келісуге де болады.

 Бірақ жаңа замандық метофизикалық материализмнің философия ғылымына қосқан құнды ештемесі жоқ дегенге де көзсіз сенуге болмайды.  Бұндай пікірге келуімізге  И. Канттың келесі тұжырымдамасы себеп болады: «… Метофизика ғылым ретінде болмаса да, адамның табиғи бейімділігі [metaphysica naturalis] түрінде өмір сүреді.

Негізінде, адамзаттық ақыл-ой ешбір тәжірибелі серде жауап бере алмайтын сұрақтардың адамның өз талабынан тууына алып келеді.

Сондықтан барлық  адамдарда олардың ақыл-ойы спекуляцияға дейін кеңейген кезде, шындығында да әр уақытта қандайда болсын метофизиканың бар болатыны анық». (   ;114). Міне, сондықтан да И. Кант ашық түрде «метофизика табиғи бейімділік түрінде мүмкін бе?» , т.с.с. жалпы адамзаттық   ақыл-ойдың жеке өзіндік талап тілектерден оянатын сұрақтарға жауап беруге талпынатынын білдірдетін қағиданы тұжырымдайды.

Бұрынғы жаратылыстанулық сұрақтарға жауап беруге  талпыныстарда, мәселен әлемнің бастамасы бар ма? әлем мәнгі өмір сүреме? т.б.   сұрақтарға қайшылықты, бірін-бірі терістейтін көзкарастармен ілімдердің болғаны рас деген Канттық позиция өте дұрыс. Сондықтан метофизика табиғи  бейімділікке ғана емес, таза  ақыл-ойдың қабылетінен де (өйткені таза  ақыл-ойдың өзіненде қандайда бір метофизика тууы мүмкін) толық сүйенуге болмайды.

Бұл жерде,  Кант тұжырымдағандай, ол заттарды білетін немесе білмейтіндігімізді, және осы заттарды зерттейтін  ақыл-ойдың   қабылеттілігі мен қабылетсіздігіне, таза  ақыл-ой  мүмкінділігіне нақты, қатаң   шекараларды қоюға көз жеткізуге мүмкіндік табу кажет. Жоғарғы қойылған жалпы міндеттен туындаған сұрақтардың  (жаңағы айтылған мәселелердің) соңғысын толық түрде төмендегідей беруге болады: ғылым ретінде метофизика қалай мүмкін (бар)?

Осылайша,  ақыл-ой сыны түбінде ғылымға әкеледі. Керісінше, сынсыз догматты  ақыл-ойды қолдану ештемемен дәлелденбеген тұжырымдарға әкеледі. Түбінде бұл үрдіс, скептицизмге бағыттайды. ( Бұл жерде, Канттың Юмның скептицизмін ашық терістеп, рационалдық интуицияға негізделген рационалистік догматизмді) нақты фундаминті жоқ, себебі рационалдық интуиция тек жалған меңгеру ғана болып табылады.

Бұл ерекше ғылым (Кант ол ғылымды таза  ақыл-ой сыны деп атаған) үлкен көлемді бола қоймады, себебі  бұл ғылым  ақыл-ой объектісімен айланыспайды. Әрине  ақыл-ой объектісі кең, көлемді, шексіз екені белгілі. Бұл ғылым   ақыл-ойдың өзін зерттейді. Бұл жерде зерттеу объектісі  заттардың табиғатынан  емес,   ақыл-ой табиғатынан туындайтын жаңа міндеттер.

Рационализ мен эмперизмді синтездеуге талпынған философ таным үрдісіндегі субъектің белсенділігін мойындайды.

Бұл бөлімде, метофизиканы догматтық құрудың ешбір жетістікке әкелмегенін Кант осылай дәйектейді. Метофизикалық пайымдаулардың құрамында аналитикалық бірденелер болғанымен, олар тек бөлшектенген ұғымдар біздің танымымызда кеңейтуге жарамсыз, себебі олар тек  бұл ұғымдарда не бар соны ғана көрсетеді.

 Канттың түйіндеуінше, кез-келген таным субектпен сипатталады, яғни барлық таным үрдісі  оның ұйымдастырған тәжірибесінен басталады.

Объект туралы тәжірибелік білімді біз сезімдік әсерлерді ұғымдық өңдеу нәтижесінде аламыз. Канттың пайымдауынша, математика мен жаратылыстану негізделген ғылымдар, ал олардың  ұғымдары …. жалпымәнді әрі қажетті сипат алады. Осылайша, біз себептілік категорияларының көмегімен жалпымәнді  және қажетті формалар негізінде сезімдік қабылдау формасындағы  әр түрлі құбылыстарды объектен бөліп  қарастыра отырып, жүйелеп белгілі бір тәртіпке келтіреміз.

Тәжірибе негізінде Кант  ұғымдар мен категориялардың априорлы және апостериорлы қалыптасуын ажыратады.

Канттың априоризмнің  мәні, таным субъектісінің анықталған оған дейін қалыптасқан таным формаларына  ие болуында. Бірақ бұл априоризм [a priori]  туа біткен идеялар бара бар емес;  априоризм адамның өзіне дейінгі қалыптасып дамыған мәдениетпен қатынасында меңгерген формалары. Танымға кіріскен адам, өзіне дейін болған танымдылық формалар қолданады.

Бұл таным үрдісі заңдылығының  Кант ашқан бір қыры ғана  таным үдірісінде  метофизикалық сұрақтар үнемі туындап отырады, ал бірақ бұл сұрақтарға біз толық жауап бере алмаймыз деп тұжырымдауы Кантқа философия нені зерттеу керек екендігі туралы мәселені көреруіне ықпал жасады.

«Таза  ақыл-ойға сын» еңбегінің «таза  ақыл-ойға сын деп аталатын ерекше ғылым идеясы мен бөлу» деп аталатын 7- бөлімін Кант төмендегідей тұжырымдармен бастайды: «Жоғарыда айтылғандардан ерекше ғылым туралы идея туындайды. Бұл ғылымды таза  ақыл-ой сыны деп айтуға болады.

Ақыл-ой – бізге априорлы білім қағидаларын беретін қабылет. Сондықтан таза деп шартсыз априорлы білімге негізделген   ақыл-ойды айтамыз….». ( ;122). Канттың пікірінше  ақыл-ойдың  күші – оның синтетикалық қабылетінде. Бірақ бұл қабылет толық емес, әрі шектеулі. Ол тәжірибемен шектеулі.

Сондықтан пайымдау тәжірибенің шекарасынан шыға алмайды. Және де Канттың пайымдауы өз шекарасын білмейді әрі білгісіде келмейді. Бұл қызықты пікірді көпшілік философтар ұстанады.

Танымның ең жоғарғы формасы – ақыл – ойды Кант әрекетшіл деп бағалағанмен,  ақыл-ойдың  іс-әрекеттері жетістікке жете бермейді деп әділ бағалайды.  Таза теориялық ақыл түптеп келгенде өзінің жеңілісін мойындау керек, себебі, «өзіндік зат» (вещи в себе)   ақыл-ойға таныла бермейді ….

Өзінің зерттеуіндегі жетістіктеріне қарамастан таным мәселесінде И.Кант метофизик болып қала бермек (бірақ «Таза  ақыл-ойдың жалпы міндеті» деген бөлімде кіріспеде Канттың метофизиканы қатты сынағанын айта кеткен болатынбыз).

Қорта келсек, Кант  ақыл-ойдың қарама-қайшылығын (ол шексіз)  ақыл-ойдың әлсіздігі, қабылетсіздігі деп ұқты.  Ақыл-ой «өзіндік зат» мәнділігін аша алмайды, оған ене де алмайды.

Сондықтан «Таза  ақыл-ой сыны» еңбегінде Кант философияны «өзіндік заттар» туралы емес, таным шекарасы туралы ғылым деп қарастырды.  Жоғары құндылықтар құдай, жан және еркіндік.

Осылайша, Кант адамның танымдық әрекеті формаларын, жалпыға тән шарттарды негіздеу философияның мақсаты деп санады.

Әдебиеттер:

И.Кант. Критика чистого разума // Сочинения в 6 т. М., 1964. Т.3. 105-122.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ