Оқушыларды дамыта оқыту жолдары

0

Бүгінгі күні балаларды ғылым негіздеріне оқытатын, оның жеке бірлік ретінде  қалыптастыратын мекеме — мектеп. Мектепте, яғни білім беру мекемелерінде оқушылар әрі тәрбиеленіп, әрі интеллектуалдық жағынан дамыған, шығармашылық қабілетті, саналы ойлайтын, өзіндік шешім қабылдай алатын азамат болып жетіледі. Осы талапты орындау мақсатында қазіргі кезде оқыту барысында шығармашылық технологиялар мен мұғалім мен  оқушы арасындағы  ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлінуде. Мысалы, «Он екі жылдық білім беру тұжырымдамасының» жобасында: «12 жылдық мектептегі білім беру процесінің моделі түрлі деңгейлі вариативті білім беру мазмұны негізінде және оқытудың  репродуктивтілігі мен шығармашылық технологиялары үйлесімді қабысқан мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы негізінде қалыптастырылуы тиіс»- дей келе, мұғалім қызметінің негізгі мақсаттарының бірі: «оқушының озық дамуын ұйымдастыру үшін толыққанды жағдай жасау (дамудың жақын даму зонасына жету) » екенін атап көрсетеді

Бастауыш мектептегі сауат ашудың әліппе кезеңін оқыту жүйесін жетілдіру сабақтарының құрылымы мен негізгі міндеттері оқу, білімге қатысты мемлекеттік құжаттарда белгіленген мақсаттар көлемінде ұйымдастырылды.

Баланың дамуындағы оқытудың ролін, оқыту процесін тиімді ұйымдастыру арқылы оқушының танымдық қабілеттерін  жан – жақты дамытуға болатыны туралы алғаш пікірді  Л.С. Выготский айтқан. Ғалым: «Педагогика — должна ориентироваться не на вчерашний, а на завтрашний детьского развития» дей келе, оқытуды оқушылардың «жақын даму аймағының» дамуына әсер етуі керек екенін атап көрсетеді.

Л.В.Занков бастауыш сынып оқушыларының заттар мен құбылыстардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын байқай алу, өз ойын еркін жеткізу, өзіндік пікір айту дағдыларын қалыптастыру дамыта оқытудың негізгі мақсаты екенін атап көрсетсе, Д.Б.Эльконин: «… мы нашли к проблеме развивающего обучения в младшем школьном возрасте. Этот ключ — содержание обучения. Если мы хотим, чтобы обучение в начальных классах школы было развивающим, то мы должны позаботиться прежде всего о научности содержания, т.е. о том, чтобы дети усваивали систему научных понятий и способы их получения» деп, оқушылардың сауат ашу кезеңінде жинақтай, қорытындылай, проблеманы үлкендердің көмегінсіз өздігінен шешу әрекеттерін орындай алуға үйрету  екендігін айтады .

Педагог Б.А. Тұрғынбаева: «Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды  психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою  керектігін» — деп көрсетіп, оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы дамитындығын баса айтады. Ғалымның пікірінше, ойлауға  үйрететін сабақтар ғана дамыта оқыту сабақтары деп танылады [1].

Бірқатар ғалымдардың еңбектерінде оқушылардың логикалық ойлауы мен ізденімдік қабілеттерін жетілдіруге арналған көзқарастары Б.А.Тұрғынбаеваның жоғарыда көрсетілген пікірлерімен сәйкес келеді.

Ғалым Н. Құрманова  жаңа оқыту технологияларына тән болатын басты екі ерекшелікті атап көрсетеді. Біріншісі, жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке бірліксын дамытуды басты міндет етіп қояды, әрбір оқушының білім алу мұқажеті мен мүмкіндігіне байланысты өз бетімен білім алу жолын жаңа танымдық әдістер арқылы дағдыландырады, екіншісі, дәстүрлі мектепте қалыптасқандай оқушы білімді мұғалімнен қабылдаушы объект емес, өз бетімен білім ала алатын, өзін-өзі дамытуға мүмкіндігі бар субъект деп қарап, оқу үдерісін соған лайықтап ұйымдастыруға бет алады[2].

Бастауыш мектепте сауат ашудың әліппе кезеңін жетілдіру бұрынғы дәстүрлі оқытуды толықтыратын, дамыта түсетін педагогикалық жүйе. Дамыта оқыту үрдісінде оқушылар сауат ашудың әліппе кезеңінде дайын білімді меңгермей, өз ізденістері арқылы өтілген материалдарды меңгереді. Дәстүрлі оқытуда сауат ашу кезеңінде оқушы жаттанды әрекеттер жасаса, қазіргі кезде  оқушы мұғалімнің көмегінсіз жасырылған  әріптерді табуға, дыбыстарды өзара байланыстыруға, білімді дербес қабілеттері арқылы алуға үйренеді. Бұл оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерінің қалыптасуына игі әсер етіп, баланың сабақта ойлануына, ізденуіне түрткі болады.

   Бастауыш мектепте сауат ашудың әліппе кезеңін жетілдіруде  жаттығулар мен тапсырмалардың проблемалық сипатта, дамыта оқыту негізінде  берілуінің маңызы зор. Тапсырмалардың проблемалық сипатта берілуі оқушыларда «Бұл не?», «Не жасырылып тұр?» сынды танымдық қызығушылықтарын туғызып, оқушылардың білімді өздігінен меңгеруіне іштей талпынысын тудырады. Оқушылар білуге деген қажеттіліктері арқылы проблеманы шешуге ұмтылады, бұл олардың  материалды сапалы меңгеруіне ықпал етеді. Дәстүрлі оқытуда оқушылар сабақтың басым бөлігінде репродуктивті әдіспен жұмыс істесе, дамыта оқытуда  продуктивті әдісті қолданады. Алайда, оқушылардың барлығы проблемалық тапсырмаларды шешуге қабілетті болмайды. Сондықтан сауат ашудың әліппе кезеңінің алғашқы сабақтарында мұғалім тапсырмалардың орындалу жолдарын көрсеткені абзал. Бұл біріншіден, оқушының мұғалімнің басқаруымен тапсырманы орындау дағдысының дұрыс қалыптастырса, екіншіден, бұл оқушының игерген дағдылары мен білімдерін келесі проблемалық сипаттағы тапсырмаларды өздігінен сәтті орындап шығуының кепілі.

          Бірінші сыныпта сауат ашудың әліппе кезеңін жетілдіру сабақтарының дидактикалық негіздеріне: дамыта оқытудың мақсаты мен мәні, мұғалім мен оқушының әрекеті, оқушы мен мұғалімнің өзара ара қатынасы, сабақты ұйымдастыру түрлері, дидактикалық принциптер мен сабақта қолданылатын негізгі әдістер жатқызылды. Еніді осы  сауат ашу жүйесін дамыта оқыту сабақтарының дидактикалық негіздерінің компоненттерінің негізгі ерекшеліктерін  былайша саралауға болады.

         Бірінші сыныпта сауат ашудың әліппе кезеңін жетілдірудің мақсаты – оны дамыта оқыту негізінде жүргізу оқушылардың ізденушілік – зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру, оқушының сабақта белсенділігін арттыру, олардың білімді өздігінен меңгеру дағыларын қалыптастыру, әрбір баланың жеке және дербес ерекшеліктерін ескеру арқылы шығармашылық  және логикалық ойлау   қабілеттерін дамыту[3].

Сауат ашудың әліппе  кезеңінде оқушылардың аталған дағдыларын  дамыту арқылы олардың таным әрекетінін белсендіруге, өзіндік шешім шығаруға, алдарында тұрған проблеманы өздігінен шешуге баулиды. Проблемалық сипаттағы тапсырмаларды орындау барысында оқушылар талдау, жинақтау, қорыту, ізденімдік, шешім шығару, шешімін дұрыстығына көз жеткізу секілді әрекеттер орындайды. Осы арқылы оқушылар продуктивті ойлаудың қарапайым операцияларын меңгереді. Бұл бастауыш мектепте сауат ашу жүйесін дамыта оқытудың мәнін айқындап көрсетеді.

Сауат ашудың әліппе кезеңін  жетілдіру үшін сабақ дамыта оқыту ұстанымы негізінде құрылады. Онда оқушы «субъект» тұрғысында танылады. Мұғалім тарапынан оқушының жеке бірліклық қасиеттері және  мінезі мен темпераменттерінің дербес ерекшеліктерін құрметтеуі, сыйлауы жүзеге асады. Дәстүрлі оқытудың сауат ашу кезеңінде оқушы мұғалімнің ұғындырған, түсіндірген дайын білімін меңгерсе, бұл жүйеде ұстаз баяндау, көрсету, жаттатқызу, қайталату арқылы оқушыға өтілген материалдарды игертеді. Дәстүрлі жүйеде мұғалім мен оқушының арасында «оқушы — объект» формасында қатынас орнайды. Ал, бастауыш мектепте сауат ашудың әліппе кезеңін дамыта оқыту сабақтарында оқушы «оқушы — субъект» тұрғыда әрекеттер жасайды. Дамыта оқыту жүйесінде оқушы білімді игеруде өз бетінше ізденістер, зерттеулер жүргізіп, өтілген материалдарды өздігінен меңгеруге ұмтылады. Мұнда мұғалім бағыттаушы ролінде болып, оқушының ізденімдік, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге арналған тапсырмаларды беруге мүдделі болады.

      Резюме

В статье рассмотрены вопросы развития обучения математике в казахской начальной школе.

Статья предназначена учителям начальных классов, преподавателям вузов, студентам и научным работникам, а также широкому кругу читателей, интересующихся проблемами методики преподавания математики в начальных классах.

Summary

In the article considered issues of the development of mathematics teaching in the Kazakh elementary school.

The article is intended of primary school teachers, for the professors of university, for students and researchers, as well as a wide range of readers interested in the problems of mathematics teaching methods in primary school.

Пайдаланылған  әдебиеттер

  1. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары А.: 2000.- 90 б.
  2. Құрманова Н. Қазақ мектептерінде сөз тіркесі синтаксисін дамыта оқыту технологиясының ғылыми –әдістемелік негіздері. П.ғ.д. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. Алматы, 2004. — 369 б.
  3. Көшімбетова С.А. Оқу — тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттары. П.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. Алматы, 2004.- 154 б.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ