Қазақстандағы магистранттардың кәсіби маман ретінде дамуының қажетті сапалары

0

Қазіргі таңда Қазақстан бүкіл әлемдік білім кеңестігіне ену табалдырығында. Өмір ағымына қарай білім беру жүйесінің моделі күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Сондықтан заман талабына сай жаңа мазмұнда білім беруді ұйымдастыру Қазақстандағы көп сатылы білім беру жүйесімен байланысты. Магистратура және докторантура (PhD)  үздіксіз білім беру жүйесінің жоғары деңгейіне жататын  жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім болып табылады. Магистратура жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімнің  бірінші сатысы болып табылады, онда кадрларды даярлау екі бағытта жүзеге асырылады[1, 124 –б.].

Ондағы өзекті мәселе әлемдік білім кеңестігіне шығудағы Қазақстанның жаңа ұлттық білім моделін қалыптастырудың тиімді жолын анықтауында. Сол Отандық білім жүйесінде кәсіби мамандарды даярлауда магистратураның рөлі зор болып келеді.

Магистратураның міндеттері:

— жоғары кәсіби білімді және іс-тәжірибесінде бағыт алған, ЖОО мен ғылыми ұйымдарда таңдаған ғылыми мамандығы бойынша ғылыми-зерттеушілік қызметті ұйымдастырып және жүргізе алатын маманды дайындау;

— өз қызметінің үрдісінде қазіргі педагогикалық және ақпараттық технологияны меңгеруді қамтамасыз ететін мамандығына сәйкес негізгі пәндер бойынша терең де тұрақты білім беру;

— өзіндік оқу, ғылыми-зерттеушілік қызметінің біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру.

— магистранттардың өзін-өзі жетілдіру мен өзін жүзеге асыру қабілеттерін дамуына ықпал ету.

Осы деңгейдің мақсаты – білім мен ғылымның кірігуі негізінде қоғам, экономика, өндіріс, білім, ғылымды жетілдіру мәселелерін шешуге, алдыңғы қатарлы технологияларды әзірлеуге қабілетті жана формациядағы ғылыми, ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындаудың тиімді жүйесін құру болып табылады.

Сол мақсаттарға сай, әрбір магистратураға түсетін тұлғаның кәсіби мәнді сапаларын дамыту болып келеді.

Кәсіби мәнді сапаларды жалпылап кесте құрдық (Кесте 1).Н.В. Кузьмина бойынша, субъектілік факторлар құрылымы: табиғаттылық типін, қабілеттер деңгейі мен құзырлықты қамтиды, оларға арнайы-педагогикалық, әдістемелік, әлеуметтік-психологиялық, диференциалды-психологиялық, аутопсихологиялық құзырлық жатады.

Кесте 1. Магистранттардың жалпы қасиеттері

 

Арнайы

Объективтік  (ғылыми дайындығы)
Субъективті (жекеталант)
Тұлғалық (адамгершілік — еріктік қасиеттер)

 

Осы факторлық құрылымның үш негізгі құрастырушысы айқын: тұлғалық, даралық және кәсіби-педагогикалық. А.К. Маркова бойынша, субъектілік қасиеттер құрылымы келесі сипаттама блоктарымен көрсетілуі мүмкін (Кесте 2)[2, 65 –б.].

Кесте 2. Субъектілік қасиеттер құрылымы

 

Объективтік сипаттамалар

Кәсіби, психологиялық,  педагогикалық   білімдер
Кәсіби іскерліктер
 

Субъективтік сипаттамалар

 

Кәсіби психологиялық позициялар,  ұстанымдар
Тұлғалық     ерекшеліктер

Н.В. Кузьмина, А.К. Маркованың еңбектерінен және көптеген психолог ғалымдардың жұмыстарын талдап, біз келесі кәсіби-мәнді сапаларды бөліп шығардық — интеллектуалды, тұлғалық, мінез-құлықтық. Соның ішінде интеллектуалды қасиеттерге келесі сипаттамалар жатады: білуге құмарлық, білімділік, ойлылық, аңғарғыштық, қисындылық, “интеллект коэфициенті”, мағыналылық, негізділік, дәлелділік, талдай білу, ұқсастықтарды таба білу қабілеті, дәлелдемелердің әр түрлі нысандарын пайдалану, іске берілгендік. Осы жеке қасиеттерді бір психологиялық процестер арқылы модел жасап анықтама бердік. Және осы кестеде Қазақстандағы Магистратура жүйесінде осы қасиеттердің жүзеге асыратын бағдарламалары келтірілген(Кесте 3).

Білімді қабылдау:

  • Қажетті білімді өз бетімен алып, оларды пайдалана білу, теория мен практиканы ұштастыру;
  • дербес сыни ойлау, моделдер жасақтау қабілеттілігі, оқиғаларды талдай білу, алдын ала болжауды білу;
  • белгілі бір проблеманы шешу үшін қажетті фактілерді жинай білу, оларды талдай білу, проблеманы шешу жолдарын ұсыну, шешімнің ұқсас немесе баламалы нұсқаларына қажетті қорытулар, салыстырулар жасау, статистикалық заңдылықтарды белгілеу, дәлелді тұжырымдар жасау, алынған тұжырымдарды жаңа проблемаларды табуға және шешуге жұмсау.

Зерттеушілік қасиеттер

  • Экспериментке бейім, гипотеза құра білу, зерттейтін объектке нақты қызығушылық;
  • Оқиғаны объективті тұрғыдан қабылдау және ойын ашық айту, білмеген нәрсені анықтай білу;
  • Зерттеу процесінде мақсатқа жету үшін объектінің байланыстарын білу, соған байланысты проблемаларды іздеп табу; кез келген объектілер мен құбылыстардың мәнін білудің жалпы тәсілін меңгеру, әр түрлі ғылыми көру;

Интеллектуалды қасиеттер қоғамда тұлғалық қасиеттерге ұласады:

Тұлғалық қасиеттер:

  • Әлеуметтік ортада коммуникабельді, адамдармен араласуға икемді болу, қоғамдағы түрлі мәселелерді шешуді білу;
  • Өзін-өзін дамыту қасиеттері [3, 211 – б.].

Іскер қасиеттері:

  • белгілі бір істің мақсатын сезіну және түсіндіру, онда өзін қалай көрсетуді білу;
  • жоспармен жұмыс жасау, уақытты қадағалау және нақтылық;
  • өз жасаған ісіне сыни көзқарас және бағалай білу;
  • әр түрлі сын-пікірге шыдамды болу және сол ескертулерден нәтиже шығару;
  • топта жұмыс жасай білу, басқа мамандармен тәжірибе алмасу;

Сонымен, қазіргі магистранттарды кәсіби-мәнді қасиеттерін  дамытудың стратегиялық бағыттары айқын: ол – тұлғаны білімнің әр түрлі саласындағы мақсатты іс — әрекетке тартудың негізінде оның интеллектуалдық және адамгершілік тұрғысынан дамуы.

Креативтікқасиеттер:

  • іске қызығушылық, іс нәтижесіне шын қуану, әр түрлі әдістерді қарастыру, мәселе шешудегі вариативтілік;
  • іске деген батылдық, тәуекелділік.

Мінез-құлық қасиеттері:

  • кәсіби міндеттерді орындау барысында адамгершілік қасиеттерді көрсете білу –тапсырыскерлердің, әріптестердің талаптарын орындай білу; патриоттық тәрбие маңызы.
  • істі орындауға деген шыдамдылық көрсету;
  • кез келген жағдайда әділболу.
  • мұқияттылық.

Кесте 3. Қазақстандағы магистранттардың кәсіби мәнді сапаларын дамыту

Интеллектуалды Тұлғалық
Сапалары Жүзеге асыратын процестер Сапалары Жүзеге асыратын процестер
Білімді меңгеру кесте бойынша сабақтар;

реферат жазу;

тәжірибе жасау.

Зерттеушілік қасиеттер СӨЖ-ді орындау;

ғылыми-конференцияларға қатысу;

эксперименталды зертеушілік жұмыс;

магистерлік диссертацияны жазу.

Сыни ойлау, болжау жасақтау проблемдік дәріс. Коммуникабельді, ортаға бейімделу Кәсіби тәжірибе;

Конференцияларға қатысу;

Ғылыми іс-сапарға бару.

Проблеманы шешу үшін фактілерді жинақтау кәсіби тәжірибе;

магистерлік диссертацияны орындау;

ғылыми конференцияларға қатысу.

Іскер қасиеттері Жеке жұмыс жоспарын толтыру;

Ғылыми-зерттеу жұмыс бойынша есеп беру жартыжылдық сайын есеп беру;

Эксперименталды-зерттеушілік жұмыстың жоспарын жасақтау.

Тәжірибе бойынша портфолио жинақтау.

  Креативтік қасиеттер Магистерлік диссертацияны орындау;

Магистранттардың әр түрлі сайыстарға қатысуы

көңілді және тапқыштар клубы, пікірталастар т.б.

 

Мінез-құлық қасиеттері осы процестердің бәрінде дамытылады, себебі оқу процесінің өзі – тәрбие процесі. Әр дәрістің тәрбиелік функциясы жүзеге асады. Кестеден көптеген бағдарлама магистратурада зерттеушілік және іскер қасиеттерді дамытуға мол мүмкіндіктерді беретінін көріп тұрмыз. Магистранттар қасиеттерінің аталған топтары оларды кеңейтуге және нақтылауға ашық болып табылады[4, 78 – б.].

Кәсіби мәнді сапалар түгелдей бірқатарды дамуы үшін, магистратура түлегі – рухани бай, бәскеге қабілетті тұлға болып өсуі үшін оқу-тәрбие процесін жан-жақтан дамыту қажет. Бұл түбегейлі бағдарламаны өзгерту емес, элективті пәндер тобын көбейту және магистранттарды әр түрлі университет, қала, облыс, республика көлеміндегі іс-шараларға белсенді қатыстыру. Соның ішінде элективті пәндер тек арнайы пәнге қатысты ғана емес, қолданбалы пән болғаны жақсы. Мысалы, «Сыни тұрғысынан ойлау әдістері», «Ғылыми процестерді моделдеу», «Ақпаратпен жұмыс жасау». Қазіргі таңда болашақ маман – бұл кез келген жағдайға бейімделетін, кез келген мәселенің шешімін табатын жан-жақты коммуникабелді тұлға [5, 53 – б.].

Резюме

Необходимые качества развития магистранта в качестве специалиста

            В статье сделан анализ профессионально-значимых качеств магистрантов в Казахстане. Профессионально значимые качества разделены на три группы – интеллектуальные, личностные и свойства характера, а также даны определения по каждому качеству. Соответствие этих качеств и программы магистратуры представлено в таблице. В результате анализа выявлено, что большие возможности представляются для  развития исследовательских и деловых качеств магистранта. Сделаны некоторые предложения по улучшению развития профессионально-значимых качеств магистрантов.

                                                        Summary

The required qualities of the development of master student as a specialist

There are the analysis of professional and meaningful qualities of master students in Kazakhstan. The professional and meaningful qualities consist of intellectual, personality and character and was done  each definitions. The conformity between these qualities and the master program was done in the table. There is a significant development of researching and business qualities by the table and as a result of our research. There are some proposals to an increase in development of the professional and meaningful qualities of master students.

Қолданылған әдебиеттер

  1. Государственный общеобязательный стандарт образования Республики Казахстан. Послевузовское образование. Магистратура. Основные положения. ГОСО РК 04.033 – 2011
  2. Устемиров К. Шаметов Н.Р. Васильев И.Б. Профессиональная педагогика. Алматы 2005.- 432 с.
  3. Государственные стандарты 12-летнего среднего образования (первая ступень). – Астана: РНПЦ проблем 12-летнего образования, 2004 г.- 45 с.
  4. Зимняя И.А. Педагогикалық психология:/ Орыс тілінен аударған М.А. Құсаинова. М.: Логос; Алматы: ТST-company, 2005. – 368 б.
  5. Митина Л.М. Учитель как личность и профессионал.-М., 1994

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ