Г.В. Архангельскийдің еңбектеріндегі қазақ тілі фонетикасына қатысты мәселелер

0

Г.В. Архангелскийдің “Грамматика  казахского языка” (Қазақ тілі грамматикасы) атты еңбегі Ташкент қаласында 1927 жылы жарық көрді. Еңбекте фонетика, морфология (сөз тудырушы жұрнақтар, сөз түрлендіруші жұрнақтар, сын есім, сан есім, есімдік, етістік) және синтаксис мәселелері қамтылған.Фонетика саласында мынадай мәселелер қарастырылған (Г.В.Архангельский. Грамматика казахского языка.Ташкен, 1927. 7-б.):

  1. Әріптер және емле ережесі негіздері (буквы и основы правописания).
  2. Дыбыстардың жіктелуі (классификация звуков).
  3. Үндестік заңы (закон созвучия).
  4. Дыбыстардың алмасуы (изменение звуков).
  5. Дыбыстардың түсіп қалуы (выпадение звуков).
  6. Екпін (ударение).

Г.В. Архангелскийдің аталған еңбегінде қазақ алфавиті және

орфографиясы жайлы мәселелер араб графикасы негізінде төмендегіше берілген. (Ескерту: араб графикасы компьтерде болмағандықтан ол орынды жұлдызшамен белгіледік.)

  • Қазақ алфабиті 24 әріптен (араб графикасы негізінде) құралған,

оңнан солға қарай жазылады;

  • 8 — әріп: *(а),  *(д),  *(р),  *(з),  *(е),  * (о), * (ұ),  * (у) жазуда оң

жағымен байланысып, сол жағымен байланыспайды;

  • Сөз ортасында келген әріптердің жазылғанда соңғы жағы үзіледі;
  • * (а) мен  * (л) әріптері тіркескендегі жазылу үлгісі ( * , мысалы,

 *** — “город”);

  • сөйлеу тілінде сөз буыны * (д), * (б),  * (ғ),  * (г) дыбыстарына

аяқталмайды;

  • * (ң), * (л),  * (р),  * (у),  * (й) дыбыстары сөз басында кездеспейді;
  • * (е), * (г),  және  * (к) – тек жіңішке айтылатын сөздерде

жазылады;

  • * (ғ) және  * (қ) – тек жуан айтылатын сөздерде қолданылады.
  1. Қазақ тілі дыбыстарын үш топқа бөліп көрсеткен.(Г. В.

Архангельский. Грамматика казахского языка.Ташкен, 1927. 7-б.):

  • дауыстылар – * (а), * (о), * (ұ), * (е),   * (ы);
  • жарты дауыстылар – * (у),  * (й), * (р),  *(л);
  • дауыссыздар – * (б),  * (п), * (т), * (с), * (ш), * (к), * (қ), * (г), * (ң), * (м), * (н), * (д), *(ғ), *(ж), *(з).

Дауысты дыбыстардың құрамындағы  * (е) дыбысы жіңішке, ал қалған

дыбыстары жуан, бұлардан басқа қазақ тілінде төрт жіңішке дыбыс бар екендігі, жазуда жіңішке дыбысталатын сөздердің алдына  “ * ” – дәйекші қолданылатындығы (мысалы,  *** – әл – “сила”, **** түн –  “ночь”) жайлы айтылған.

  • Ауыздың ашылу түріне қарап дауыстыларды мынадай 4 топқа

бөледі .(Г.В.Архангельский. Грамматика казахского языка.Ташкен,1927.9-б.):

            ашық –  * (а),  * (о);

            жарты ашық –  *  (ә),  * (ө);

            қысаң –  * (ы),  * (і),  * (ұ),  * (ү);

            жарты қысаң –  * (е).

  • қ және ғ  дауыссыз  дыбыстарын жасалу орны және дауыстың

қатысына қарай бөліп, төмендегі схема бойынша көрсетті.

Тіл арты (заднеязычные)
…………………(глубокие)
Қатаң (глухой)                                             Ұяң (звонкий)

 

* (қ)                                                                    * (ғ)
  • ң дыбысынан басқа қалған дауыссыз дыбыстарды орыс тіліне

теңдес деп көрсетеді (Г. В.Архангельский. Грамматика казахского языка.Ташкен, 1927. 9-б.).

            Г.В. Ахангельский  түбір (основа)  және оған  қосылатын қосымшалар    туралы   да тоқталған. Еңбекте қосымша “приставка”  терминімен берілген, ал қазақтың төл сөзінде “алды жағынан қосылатын қосымша” істетілмейді, ондай атама жоқ.Солай екен, бұл термин қазақ тіліне тура келмейді.

            Ғалым сингармонизм мәселелеріне де тоқталған, онда мынадай мәселелер сөз болады:

  • Қазақ тіліндегі түбір сөзге қосымшалар қосылғанда (басқа

тілдерден енген кейбір сөздерден тыс) дауысты және дауыссыз дыбыстар сингармонизм заңына бойсынады, егер сөзде бір жіңішке дыбыс болса, онда барша дыбыстар жіңішке дыбысталуы қажет.Соның үшін сөзде жуан және жіңішке дыбыстар қатар келуі кездеспейді;

  • Сингармонизм заңы бузылмауы үшін жуан және жіңішке

дыбыстардан құралған күрделі сөздер сызықша (тире) арқылы ажыратылады;

  • Сингармонизм қазақ тілінде ерекше орын иелейді, содықтан

қосымшалардағы дыбыстардың өзгеруі бөліміне үлкен көңіл бөлу қажет –  деген  мәселелер сөз болған.

            Қорыта айтқанда, Г.В.Архангельскийдің қазақ тілі фонетикасы мәселелері бойынша жүргізген зерттемелері үлкен тарихи мәнге ие, бұл еңбек қазақ тілінің дыбыс жүйесін үйренуде оның дамуы мен қалыптасу тарихын көрсетіп береді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Архангельский Г. В. Грамматика казахского языка.Ташкен, 1927. 2.Мәжітаева Ш. 1920-30 жылдардағы қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.Қарағанды, 1994.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ