Тоғызқұмалақ ойыны – зияткерлік ойыны

0

Тоғызқұмалақ ойыны қашан пайда болды? Тарихқа көз жүгіртсек,осыдан төрт мың жыл бұрын пайда болған екен. Ал кейбір ғалымдардың айтуы бойынша онан ертеректе де ел ермегі болған.

Иә, ол адамның ой өрісін кеңейтуде таптырмас нәрсе. Бір қарағанда жәй ойын секілді көрінгенмен, ақыл-ойды байытар тұсы көп. Адам жанын тыныштырар ойын.

Қазіргі кезде тек Қазақстан емес өзге де шетел азаматтары бұл ойын түрін халықаралық деңгейде ойнайды.Тіпті үлкен шеңберде осы тоғызқұмалақтан додалы сайыс та өткізіледі. Бұл толағайда біздің ойыншылар алдына жан салмайды. Оның сыры азаматтарымыз бос уақытын саламатты өмір салтымен ұштастыра алуында.

Бір жағынан елді әділ билеп отырған парасатты елбасы стратегиясының мықтылығынан жыл сайынғы жолдау ел игілігіне жарар кемелді бағытқа бастайды. Соның бірі биыл ғана жолданған “Нұрлы жол” бағдарламасы болашаққа бастар жол болып отыр.

Әрбірі ұшқан құс қанатындай ширақ батыл әрі көсем шешім. “Біздің білім беруді, денсаулық сақтауды,ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламаларымыз жалғаса береді.” Бұл сөз жолдаудан алынды. Спорт мәселесіне бейжай қарамайтын елбасы бұл салаға көптен көңіл бөліп жатыр.

Бүгінде спорт жағынан әлемге жақсы танылған елміз. Дүбірлі додалардың жеңісін қанжыгамызға мықтап байлағанбыз. Әлемдік чемпиондар да біздің азаматтар. Бұл дегеніміз спорттың өз биігіне жеткен белгісі. Мың — бірден, оннан, жүзден құралады.
Ел мықтылары да солай әр аумақтан шыға танылады. Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері қазақ спортшыларының бір шоғыры десек болады. Мұнда спорттың әр түрімен шұғылданатын жастарды кездестіресіз, бірі бірінен асады.

Тоғызқұмалақ ойынынан сынға түсіп жүрген студенттер көп. Факультет аралық жарыстан, қалалық, онан соң мемлекеттік, халықаралық деңгейге шығып жүргендер бар. Олардың жаттықтырушылары биікке талмас қанат даярлаудың үлкен мектебі. Жаттықтырушы Молдахметова Айнур Шахаровна – спорт шебері, дене тәрбиесі және спорт кафедрасының аға оқытушысы. Ұлттық ойын биігі Ұлттық университетте.

Нұржамал Байзакова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы

Гаухар Орманова,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биология және биотехнология факультеті, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының аға оқытушысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ