«Отбасылық кеңес» Рөлдік ойын

0

Ойынның мақсаты: отбасында икемді болуға, жақындарының қызығушылықтарын ескеруге үйрену. Отбаслық жағдайларда өзін-өзі бара-бар бағалау дағдысын қалыптастыру.

Нұсқау: Студенттер тобы үш «отбасына» бөлінеді. Тапсырма барлығына ортақ ұсынылады. Жеке-дара тапсырма бойынша құрастырылған проблема жөнінде «отбасылық кеңесті» ұйымдастыру. «Отбасылық кеңесте» «отбасының әрбір мүшесі» жасына және даралық ерекшеліктеріне қарамастан дауысқа ие болып, өз пікірін еркін білдіре алады. «Кеңестің» төрағасы «отбасы» талқылайтын негізгі идеяларды, «кеңестің» шешімдерін және шешім қабылданбаған жағдайдағы ықтималды салдарын жазып отырады. «Отбасылық кеңестің» барысын «қоғамдастықтан» екі адам бақылап отырады, алайда «отбасы мүшелері» олар жайында білмейді. Бақылаушылар «кеңестің» барысы мен нәтижелерін анағұрлым толыққанды талқылау үшін қажет. Әрбір үш «отбасының» тапсырмалары төмендегідей.

Бірінші тапсырма: «Күйеуі» — орысшаланған неміс, «әйелі» — орыс, үш бала (17 және 7 жас шамасындағы ұл балалар, 14 жастағы қыз). «Отбасында» оған қоса «енесі», «әйелінің ағасы» (қайын ағасы), «Қайын атасы» бар. «Күйеуі» отбасымен бірақ өзінің тархи отаны Германияға көшкісі келеді. Оның «әйелі» олай болғанын қаламайды. Балалар мен туыстарының ойы әрине бір жерден шықпайды!

Екінші тапсырма: Дәрігерлер «әулеті». «Ата-аналары» қомақты кіріс енгізетін тәжірибелері бар танымал еңбектері сіңген дәрігерлер. Олардың «ұлы» — бозбала,  қалалық медициналық университеттің 5 — курс студенті ата-анасының естерінен тандырарлық күтпеген шешім қабылдайды, яғни университетті тастап, шет аймаққа барып пайдалы іспен айналысуға бел буады.

Үшінші тапсырма:  17 жастағы«қыз бала» аяғынан тұрып келе жатқан кәсіпкер 27 жастағы әзірбайжанға тұрмысқа шыққысы келеді. Оның «ата-анасы» «қыздарының» таңдауын құптамайды, ал оның 15 жастағы «інісі» мен «апайы» «әжесі» «немересінің» шешімін қолдап, ол оның жеке басының мәселесі деп есептейді. Тұрмысқа шыққан соң «қыздары» алғашқы кезде «күйеуімен» бірге өзінің «ата-анасының» үйінде тұрғысы келеді.

Студенттермен талдау: әр «отбасы» өздерінің ортасында «отбасылық кеңестің» қалайша жүргенін, барысын, ақыр соңында қандай шешімнің қабылданғанын талдайды. Бақылаушылар өз ойларын ортаға салады. Барлығы бірігіп, «отбасылық кеңестің» тиімділігін, коммуникативті мінез-құлықтың ерекшеліктерін бағалайды.

Жаттығу «Менің отбасымның дәстүрлері»

Нұсқау: студенттерге өздерінің отбасыларына арнап, жаңадан 5-7 дәстүрді жазуға тапсырма беріледі.

Дәстүрлерді қандай өлшемдерге байланысты таңдағандарын негіздеп, түсіндіру.

Нәтижесі. Сабақты қорытындылау. 

Оқытушы. Отбасынан артық не болуы мүмкін?(А. Сампиева)

Әжетайым қандырып құмарыңды,

Еркелеттің жан ата ұланыңды.

Өздеріңе арнадым бұл әнімді, шіркін,

Қамқорым, шаттығым әжелерім!

Қамқорым, шаттығым аталарым!

Ыстық маған әкетай алақаның,

Апатайым ержетті ау балапаны.

Биік болды ау, өзіңмен ақ отауың шіркін,

Нұрлы өмір сыйлаған, сыйлаған әкелерім!

Нұрлы өмір сыйлаған, сыйлаған аналарым!

Аңқыылдаған ағатай, жеңгелерім,

Әпке, жезде бауырым сендер едің.

Өздіріңді сағынып мен келемін шіркін,

Тілеулес,бауырлас ағайыным!

Тәлеулес, ауылдас ағайыным!

Қоштасу рәсімі. 

«Мен кімге ұқсағым келеді…» фразасын жалғастыру

Нұсқау: бір туысыңды таңдап, неліктен оның еліктеу нысанына   айналғанын түсіндіру.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ