Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларға ұлттық музыка құралдары арқылы тәрбие беру мәселесі және оларды шешу жолдары

0

Бүкіл әлемде балаларды музыка арқылы тәрбиелеудің ірге тасы фольклор және ұлттық музыка болып табылады. Балаларды  тіршілік көзіне тарту эстетикалық тәрбие ісінің маңызы болып табылады, сонымен бірге азаматшылдықты, творчестволық /шығармашылық/ белсенділікпен өсер ұрпақтың рухани өсуін қалыптастыруға жағдай жасайды.

Біз В.А. Сухомлинскидің: «Балалық шақта жіберіп алған қатенің, жастық шақта, әсіресе жетілген кезінде орны толмайды. Бұл ереже баланың рухани өмірінің барлық саласына, әсіресе эстетикалық тәрбиесіне қатысты» деген өсиетін есте сақтауға тиістіміз [1].

Біздің балаларымыздың бойында В.А.Сухомлинский суреттеген дәуірмен салыстырғанда көптеген өзгерістер бар. Қазіргі таңда мектепке ой — өрісі дамыған белшілі бір дәрежеде хабардарлықпен сауаттылыққа ие балалар келіп түседі және олардың өздерінің балалық өмірінің шегінен тыс құбылыстар мен қоғамдық өмір оқиғаларынан да хабары бар.

Алайда, радио және теледидардың қарқынды дамуы себебінен балаларға берілетін музыкалық дәстүр мен талғам «тазалығы» туралы айту қиын. Педагогтың мақсаты өмірлік тәжірибеден шектелген балаларымыздың бойында музыкалық тәрбиенің тиімді жүйесі мен музыкалық фольклорлық материалды қабылдау қабілетін дамыту болып табылады.

Қазақ музыкалық мәдениеті өзінің көп ғасырлы дамуында тұрмыстың ауызша түрлерімен шектелгені белгілі. Солай болғанның өзінде, қазақ мәдениетінің ішінен жеке, халық фольклорлық музыкасы мен ауызша дәстүрдің биік кәсіби музыкалық қабаты айқын көрінді. Соңғыларына қазақ ақындарының өнері мен аспаптық халық музыкасының күй, шертпе түріндегі профессионализмі жатады.

Бізді қызықтыратын мәселе тұрғысынан қарағанда, аса тиімдісі қазақ балалар фольклорына балаларды дәстүрлі музыкалық мәдениетке баулу механизмі ретінде көзқарас таныту қажет деп есептейміз. Бұл ғасырлар бойы мәдениет тарапынан жасалып келген механизм. Музыка өнерінің сол немесе басқа түрлерін қабылдаудың алғы шарттары осы балалық шақта қалыптасатыны анық.

Алайда, балалар фольклорының тәрбиелік ролі қазақстан музыка

зерттеуші – фольклоршылардың жұмыстарында жеткіліксіз зерттелген.

Бүгінгі өсер ұрпақтың ата – аналарының өздері қазақ бесік жырларын біле бермейді.

Мұндай жағдайда балалар фольклоры туралы не айтуға болады? «Ұлттық дәстүрге» бай деп есептелетін Шымкент қаласында жас  балалары бар 100 қазақ аналарынан алынған сұрақ респоненттердің 70% өз балаларына ойын — әндерді, күй – шертпелерді, эпос – дастандарды қоспағанның өзінде, қазақ бесік жырларын айтпайтынын, балаларына домбырамен ән салып бермейтінін көрсетті.

Әйелдердің жартысы балаларына «Баюшки — баю», «Жил – был у бабушки серенький козлик» және т.б. сияқты ұлттық жадқа кереғар өзге ұлттың бесік жырларын айтып отырған.

Әрине бұл ән — жырлардың жаман ештеңесі жоқ, бірақ халық әндері мен музыкалық талғамды қабылдауды және өз халқына деген сүйіспеншілікті «бала уату», «бесік — жыры», «тұсау кесер», «жұмбақ саусақ», «қой мен ешкім өсе бер» және т.б.  сияқты таза халық әндерінсіз дамыту мүмкін бе?

Мемлекеттік маңызы бар бұл мәселені мектептен тыс білім беру кезеңінде /отбасыда, бала бақшада/, одан соң музыкалық — этнографиялық үйірмелерде, клубтарда, факультативтерде, жастар сарайында және т.б. іске асыру.

Балалардың музыкалық қабылдауын тәрбиелеудің екінші маңызды кезеңі қазақ композиторларының /сазгерлерінің/ аспаптық музыкаға жазған шығармашылығына тарту болып табылады. Біздің 2012 жылдың желтоқсан айындағы зерттеулеріміз ҚР барлық радиостансаларының хабарламалары /хабарлауы/ орыс тілінде жүргізілетіндігін көрсетті. Қазақ тіліндегі хабарламалардың үлесі 20-30 % құрайды, ал халық әндері мен аспаптық музыкалық шығармалар бір айдың ішінде өте аз берілген.

Үшіншіден, Қазақстанда арнайы балалар композиторы /сазгері/ жоқ десек те болады. Қазақ композиторлары /сазгерлері/ репертуарының елеулі бөлімі рухпен және  халық дәстүрлерінде жазылған халық әндерінің өңдеуінен құралуы тиіс. Негізінде, балалардың музыкалық қабілеті халық әндері материалдарында дамып, қалыптасады. Бұл жерде ең маңыздысы балалар шығармаларының саны емес, балалардың музыкалық ойлау қағидаларына саналы ұғыммен сүйенуі болып табылады. Осы музыкалық ой – сананың көмегімен балаларды ұлттық мәдениетке тартуға болады.

Музыканы толыққанды қабылдаудың өте маңызды шарты мәнер /мәнерлеп айту/  құралдарының күрделі арсеналдарын дұрыс талқылай (түсіне) білу деп есептейміз. Оның көмегімен адамның сана – сезімінде музыкалық образ /бейне/ пайда болады.

Халық музыкасы балаларды эстетикалық тәрбиелеудегі өзінің зор қызметін баланың /ол музыканың болашақ тыңдаушысы/ музыканы қабылдау кезіндегі тек эмоциялық емес, сонымен қатар бағалауды тану кезінде, егер музыканы түсініп, сезінсе ғана  көрсете алады.

Музыканы тыңдау өзінде қарама қарсы және сол уақытта бірін – бірі толықтырушы сәттерді, яғни эмоция мен рационалдықты үйлестіретін күрделі құрал болып табылады.

Балалардың музыкаға деген жарқын эмоциялық ықыластығында олардың музыканы тыңдау процесі кезіндегі рационалды ой – санамен үйлескен түрлі бояулы және көлемді музыкалық мәнер құралдарын қабылдауға деген бейімділігі көрініс тапқан.

Музыкалық материал туралы баланы ойланып – толғануға үйрету үшін, біз музыкалық материалды салыстыру дағдылығын игеруді білдіретін дидактикалық қағиданы /принципті/ қолдандық [2].

Педагогикалық процестерді зерттеу кезінде объективтілікті талап ету зерттеудің ерекшелігін көрсетеді, бұл оқушылардың оқу қызметінен үзілмеуі тиіс.

Балаларды музыкаға қызықтыру әдістерін табуды көздей отырып, берілген нәтижелері зерттеудің негізгі бөлігін құрайтын көпжылдық, полистадиялық тәжірибе дайындап, жүргіздік.

Музыкалық қабылдау  жүйесінің педагогикасы келесі элементтермен берілген: қабылдау, шығармашылық, атқару, музыканы талдау. Негізгі міндет бастауыш мектеп оқушыларының бойында музыкалық қызметтің барлық түрімен сезімділікпен қатынасуды өндіру жолымен музыкалық тәрбиелеу активтендірушісі /белсендірушісі/ болып табылады. Балаларды музыкалық «байқау» қасиетіне  /бақылауға/ үйрету, олардың музыкалық талғамын, ұлттық аспаптық музыканың жоғары – көркем үлгілерін орындау кезінде олардың жақсы музыкаға деген  тәрбиелеу қажеттілігін алға тартады.

Біздің әдістемеміз халық музыкасын тыңдау және қабылдау процесінің активтендірушілігіне сүйенеді.

Абстракттықтың (үйлесімдер туралы ұғым, метро — ырғақты ұйым) бейнелі (музыка туралы әңгіме, ойдағы бейнелер тартылады), көрнекі – бейнелі, көрнекі — әрекетті (дирижерды ойнау) элементтері және айтылудың музыкалық құралдарының ерекшеліктерін ұғыну музыкаға деген өзіндік қызығушылықты келесі схема бойынша ынталандыруды оятуға қабілетті:

  1. Әңгіме – ақпарат – тыңдау — Әңгіме – талқылау — тыңдау
  2. Композитор және оның шығармашылығы (сазгер) туралы әңгімелеу

     Музыканың эмоциялық қабылдауын анықтау

     Музыкалық – мәнерлілік құралдарын талдау

     Бейнелік /кейіп/ ассоциациясы мен жан көңіл – күйіне назар салу /тігу/.

Осы ережені ескере отырып, берілген мақсатқа жету үшін музыканы тыңдау барысында жұмыстың келесі формалары қолданылды:

  1. Туындының көңіл – күйін анықтау.
  2. Композитор /сазгер/ туындының көңіл – күйі мен мазмұнын қандай музыкалық – мәнерлі құралдармен бергенін анықтау.
  3. Мелодия /күй/ бөлісі. Оның дамуы. Кульминация /шарықтау/.

Мелодия /күй/ бағыты. Мелодия /күй/ бағыты мен кейбір сөздерді интонациялау (мелодияның орындалуы мен мәнеріне назар салу). Мелодияны ауызша сипаттау.

  1. Ырғақты жіктеу. Ырғақтың дамуы, оның өзгеруін белгілеу. Ырғақтың күрделенуін ажырату. Ырғақты – дауыспен, шапалақпен, қағумен орындау. Ырғақты ауызша сипаттау.
  2. Тембрдің ауызша сипаттау. Дыбыстарды олардың тембрлік сипаты бойынша салыстыру.
  3. Аккомпанемент бөлу /бөлісі/, оның сипатын ауызша анықтау.
  4. Берілген музыкалық пьесаға тән мелодиялық айналымдарды тыңдауға салу (мысалы: терция, ұлғайтылған секунда, квинта және т.б.). Оларды дауыспен бөлу, олардың мәнерлілігін сезіну.
  5. Динамикалық нюанстан пайда болған өзгерулерді ауызша сипаттау.

Келтірілген жұмыс формаларын ажыратылымдық принцип негізінде іске асыру, бастауыш мектеп жасындағы балалардың ұлттық аспаптық музыка арқылы музыкалық талғам тазалығын қалыптастыруда  біршама септігін тигізер еді.

Резюме

В статье затронуты проблемы восприятия народной национальной музыки в младшем школьном возрасте и предложены пути их решения. В работе дана педагогическая система музыкального восприятия и выработка у детей осознанного отношения ко всем видами музыкальной деятельности.

Summary

            This article consideres the problems of the recognition of the popular instrumental music in junior schools. The pedagogical system of the musical recognition and the children’s aftitude to all types of the musical activities are given in this article.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Сухомлинский В.А. Повлышская средняя школа//изобр.произв. в 5-ти томах –Киев: Рад.школа, 1980г. Т.4 –С 7-410.
  2. Боренбайм Л.А. Вопросы фортепианной педагогики и исполнительства –Л.:Музыка, 1969г. -285с.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ