Болашаққа бетбұрыс: рухани денсаулықтың әліппесі

0

Сабақтың мақсаты: өзін және өзгелерді сенім мен өзаракөмек форматында қабылдау ептілігін  қалыптастыру. Тұлғаның құндылығының дамуына жағымды бағдар құру.  Физикалық және психикалық жағынан сау өмір сүруге деген ықыласын дамыту.

Әдістері мен формалары. Дәріс- әңгімелесу, талқылау, «даналық сабақтары», видеоматериалды қарау, ойындар және жаттығулар, медитация, өзіндікталдау.

Материалдар: хрестоматия, студент дәптері, аудио және видеоматериалдар, қағаз, маркерлер.

Сабақтың барысы

Сәлемдесі рәсімі. Шаттық шеңбері.

«Шеңбер бойынша қошеметтер»

Нұсқау:  оқытушы әр студентке жақындап оған қарап, алақанымен шапалақ соғады.  Сосын ол студент топтан келесі адамды таңдайды ол екеуі бір студентке барып қол соғады. Үшіншісі төртіншіні с.с. соңғы студентке барлық топ қошемет көрсетеді. 

Бәрінен де күшті адам — өзіне өзі сенетін адам.

Сенека.

Рим философы

Діріс – әңгімелесу.

Оқытушы. «Әдемі болып көрінгенге сене берме. Егер ол туралы білмесең, кейін өкінесің»- деген ағылшынның халық даналығы. Сенім дегеніміз не? Неге біз біреуге сенеміз, біреуге сенбейміз және оған ешнәрсе жасай алмаймыз? Неге бізге біреулер сенеді? Неліктен кейбір адамдар барлығына сенімді болып көрінеді, кейбіреуі олай емес.

Әрбір тұлға, өзінің негізделген сенімі мен илануынан өз таңдауын жасайды.

Сенім неғұрлым фундаменталды құбылыс болып табылады, оның психологиялық мәнісі адамның әлеммен байланысу тәсілін, кеңістіктегі мәдениетті игеру  заңдылықтарын мағыналауға мүмкіндік береді және сонымен қатар «оқшауланған белсенділік» субъектісі  (Э. Фромм) емес, дербес шынайы «өмір субъектісі» болып шығады.

Сену бұл- әлеуметтік-психологиялық жоспарда әлемге және өзіне деген қатынас бағдарының дербес түрінде көрінетін, мәнісі әлемге сену және өзіне сену мөлшеренің арақатынасы болып табылатын сенімнің формасы.

Сенім пайда болуы үшін негізгі жағдай сенім объекті мәнісінің өзекті болуы және оны бағалаудың қауіпсіздігі. Қарым-қатынастың әрбір актісінде сенімнің белгілі бір мөлшері болып отырады, әйтпесе ол қандай да бір мәтіннің хабарламасы болып қалар еді; сондай ақ ол тұлғараралық қарым-қаынастың бастамасы болып табылады, онсыз қарым-қатынас контрсуггестивті, конфронтациялық болар еді.

Тұлғараралық сенімнің қалыптасуындағы әлеуметтік-психологиялық негізгі критерийі болып: қабылдаудың жағымдылығы, децентрацияға қабілеттілік, талқыланатын ақпараттың мәнділігі.

Шынайы бақыттың сыры – сенім күші. Сенім – шынайы бақыттың негізі болып табылады. Сенімсіз баянды бақытқа жету мүмкін емес. Сенім- адамдарға деген сенімділік тудырады, ақыл — ойды тыныштандырады және жаныңды жай таптырып, күдіктен, мазасыздықтан, үрейден арылтады.

  • Барлығымыз да, бақытты болу үшін ғана емес, жай өмір сүру үшін, бір нәрсеге сенуіміз керек. Өмір сүру үшін қаншалықты сенім керек екенін елестетіп көрудің өзі қиын. Тек, үнемі үрей мен мазасыз күй кешпеуіңіз керек. Сенім – негіз. «Өмір- азап, бәрі жалған» деп күрсінесің. Қараптан қарап аптығасың. Тауың шағылатындай, сағың сынатындай, не болды? Жаның «аһ» ұрып, қайғыны шақырып, айналаңның бәріне күдікпен қарап, азаптанасың. Мұншалықты таусылатындай не күн туді екен?

Бар мәселе өзгелерде деп есептейсің. Негізгі түйін — өзіңде жатқанын ұқпайсың. Тек күйіну мен қапаланудан өмір алға баспайды. Тек шаршау мен өкініштен адам армандары орындалмайды. Тек уайымшылдық пен сабырсыздық адамдық мәртебеңді биіктетпейді. Екі қолды жайып бос жатқанға аспаннан алтын жаумайды ғой. Тірліксіз, әрекетсіз өмір — өмәр ме? Бұл өз жолыңды қиындату деген сөз. Бос қарап отыра беру – демалыс емес, адамның соры. «Бүйткен өмірі құрысын» деп босқа налыма. Болмашыға қинала берсең өзіңе деген өзіңнің сенімсіздігіңе жетелейді. «Тірлігім алға баспады» деп түңіле берме. Қайта құштар көңілмен өмірге үңіле түс.

Жақсы мен жаманды білмей тұрып, өмір сүріп те жарытпайсың. Ал өмір сүру үшін өмірге деген құштарлық керек.

Сенің бойыңда өрге ұмтылушылық, өзіңе жігер берер жалын, шыдамдылық пен сабыр болмаса, онда адаммын дегенің далбаса.

Айтшы өзің, өмір тек жақсылықтан, қуаныштан, ізгіліктен тұруы мүмкін емес қой? Ащының дәмен татпасаң, тәттіні қалай білмексің?!

Кездескен кедергіні тағдыр тепкісіне баласақ азаматтық жігерің қайда қалмақ. Болмашы нәрсеге бордай езілудің пайдасы бар ма?

Өмірді сүйе білсең күңгірт, көмескі, күдікті, жасықтығын емес, жарқын да, шуақты жалынды жақтарына көбірек көңіл бөл. Өзіңе өзің дем бер. Алға талпынып, ұмтылыс жаса, қайғыға берілме, жақсылықтан күдер үзбе. Шыдамсыздық танытпа!

Өмір болған соң кедергі кездеспей қоймайды. Кедергіні көрмей, бастан өткермей кемелденуің екіталай. Қиындықсыз қуанышқа да жете алмайсың. Жаманды білмей, жақсыны қалай сезінбексің?! Адам өмір өткелдерінен өткен сайын ғана санасы сәулеленіп, бағыт-бағдары айқындала түседі.

     Ертеңге деген сенім мен үміт, жаныңдағы жалын ғана алға жетелейді. Өздігінен ештеңе келмейді. Батыл бол, қамықпа. Ол үшін әрекет ет. Еңсеңді көтер. Иә, ұсақ-түйек өкпелер мен тағдыр тартқан сынға беріліп, сүрініп жатсақ – қауқарсыз, дәрменсіз, жасық болғанымыз ғой.

Қайғы ойлаған жігіттің

Кең дүниесі тармен тең.

Уайымшыл адамның

Алды тұйық, жармен тең деген екен Шал ақын осындайда.

«Әй, қайдам…» — деген күдікті күрсіністен гөрі, бұлт пердені ашып тастап, жарқырай көрінген жүзің қымбат емес пе? Аспанды ауыр бұлт басып, өн бойың тұнжырағаннан гөрі, жауыны себелеп, артынан күні жарқырап тұрған шағың артық емес пе? Ең негізгі кемшілігіміз: өзімізге және ертеңге деген сенімсіздікте жатқан жоқ па?!

     Сондықтан да биіктікке де, табысқа да жету үшін ұмтылыс, іздену, еңбектену керек. Өзің үшін күресіп, талпынсаң ғана табысқа жетесің. Сонда ғана қайғы мұң сенен қаша түседі.

Сеніміңді серік етіп, шыдамыңды шыңдап, ақылыңды алға ұстай білсең ғана адамсың!

Студенттерге талқалауға берілген сұрақтар:

  • Сіздің әлемге деген сенімділігіңіздің формуласының мәні неде?
  • Сізді қоршаған адамдарға деген сену және сенбеу шекаралары қандай?

Оқытушы. Аңыз «Ағаш астау»

 

Жылы сөз адамның бір-біріне деген сенімін, өмірге деген құштарлығын арттырады.

 

Ертеде қария өмір сүріпті. Көзі көрмей, құлағы нашарлап, аяқ қолы дірілдепті. Ол қолына қасық ұстай алмай және ішіп отырған асын дастарханға төгіп алатын болыпты, кейде ішкен асы аузынан түсіп қалатын болыпты. Баласы мен келіні оған жиіркене қарап біртіндеп тамақ ішкенде оны пештің бұрышына бөлек отырғызып, көне ыдыспен тамақ беріпті. Ол сол жерде оырып дастарханға қарап, көзіне жас алыпты. Бір күні қолы дірілдеп, тамақ құйған ыдысын ұстай алмай қалды. Ол еденге құлап түсіп сынып қалды. Жас келін шалға ұрыса бастады, ол бір ауыз сөз айтпай тек ауыр күрсінді. Сонда оған ағаш табақ алып берді. Енді ол содан ас ішетін болды. Бір күні, әке шешесі үстелде отырғанда, бөлмеге олардың төрт жасар ұлдары қолына ағаштың сынығын ұстап кірді.

  • Оны не істемексің?- деп сұрады әкесі.
  • Ағаш астау деді, -деді бала. Мен өскенде әкем мен анама осы астауға тамақ құйып беремін, осы астаудан тамақ ішетін болады — дейді баласы.

Студенттерге талқалауға берілген сұрақтар:

  • Аңыздың мағынасы неде?
  • Сізге қандай құндылықтар тән және неге?

Оқытушы. Адамның рухани денсаулығы — бұл оның ойлауының және қоршаған ортаға деген қатынасының жүйесі. Ол басқа адамдармен өзарақарым-қатынастарын құруына, жағдайды талдау қабілетіне, түрлі жағдайлардың дамуын болжай алуға және осыған қатысты өзінің мінез-құлқын құра алуына байланысты. Адам жер бетіне жақсы істер мен қылықтар жасау үшін келеді.  Бірақ зұлымдық пен жақсылық арасындағы күрес баяғыдан жалғасып келеді. Өмірге келген адамдардың ішінен кей кезде зұлымдық жолын таңдайындар да табылып жатады. Бірақ керісінше де, сеніммен, махаббатпен және жақсылықпен толтырылған жолды таңдайтын да адамдар бар.  Егер біз планетамызды сенімсіз және жақсылықсыз елестетіп көрсек, онда:  әлемде жек көрушіліктен басқа ешқандай құндылық, сезім қалмас еді; адамдардың жүрегі зұлымдыққа, кекшілдікке және жауыздыққа толы, бір-бірін түсіне алмайды. Мұндай нәрсе ешқашан болмас үшін, адамдарға жақсылық жасауға асығыңыздар!

«Мақтауды қабылдау» жаттығуы

Нұсқау: жұп бойынша жұптарыңыздың бойында сізге не ұнайтынын айтыңыздар. Келесі сөздерден бастаңыз

  • Сенің маған мінезіңнің мына қасиетің ұнайды______________________
  • Маған қарағанда сенің қолыңнан келеді_________________________
  • Мен саған рахметімді айтамын___________________________________

Студенттермен талқылау. Сізді  мақтағанда не сезіндіңіз?

Сізге қандай комплименттер ұнады және неліктен?

Өзін-өзі бағалауды диагностикалыу тесті: «Мен қандай баспалдақтамын?»

Нұсқау: студенттерге  10 баспалдақтың сурет салынған бланк таратылады. «Сіз өзіңізді қазір баспалдақтың қай жерінде тұрмын деп ойлайсың сол жерге суретіңізді салыңыз». Барлығы суретті салып болған соң жүргізуші бұл әдістің кілтін хабарлайды: 1-4 баспалдақтары- өзін-өзі бағалауы төмен, 5-7 баспалдақ – өзін-өзі бағалауы адекватты, 8-10 баспалдақ-өзін-өзі бағалау жоғары.

«Рас па әлде жалған ба?» жаттығуы.

Нұсқау: студенттерге өздеріне қатысы бар үш сөйлемді жазу ұсынылады. Үшеуінің  екеуі рас, біреуі жалған болуы керек. Қатысушылар бір-бірінен кейін   өздерінің сөйлемдерін оқиды, басқалары қайсысы шындыққа келетінін, қайсысы сәйкес келмейтінін табу керек. Айтылған ойлар негізделуі керек. Сөйлем авторларына өзгелердің айтқанын мұқият тыңдап болған соң ойларын айтуға кеңес беру керек. Бұл адамды сыртынан қалай қабылдайтынын түсінуге деген керемет мүмкіндік.

«Уақыт сызбасы» жаттығуы.

Нұсқау: «Қағазға үлкен шеңбер сызыңыз. Бұл сіздің дәстүрлі, күнделікті аптаңыздың әдеттегі уақытыңыз. Осы шеңберде түрлі істерге бөлетін уақыттарыңыздың сегменттерін белгілеңіз. Сіздің уақытыңыздың қандай бөлігі транспортқа, денсаулыққа, теледидарға, телефонмен әңгімелесуге, басқаларға қамқор болуға кетеді? Өз уақытыңыздың шеңберіне қараңыз және осы шеңбердегі қай бөлік сізге көп қуаныш әкеледі және қай бөлігін қысқартар едіңіз?»

«Студенттік кафедегі әңгіме» жаттығуы.

Нұсқау: Студенттер бөлме ішінде еркін қозғалып жүреді. Оқытушы: «Екі адамдық үстел» дейді. Бұл демек, әр студент өзіне жақын тұрғандардан жұп табуы керек. Жұптар бір-бірімен танысып «Мен өз денсаулығыма қалай қараймын?» деген тақырыпты талқылайды. Сосын тағы да: «Төрт адамға арналған үстел» деген бұйрық беріледі, және жұптар қандай да бір жұппен бірігеді. Олар өздерінің есімдерін айтып «Менің өмірдегі басты құндылықтарым» деген тақырыпта әңгімелеседі. Ойынның келесі кезеңі – «Сегіз адамға арналған үстел». Барлық квартеттер бірігеді, бір – бірімен танысып «Қалай бақытты болуға болады?» деген тақырыпты талқылайды.

«Шабадан» жаттығуы.

Нұсқау: бір судент бөлмеден шығып кетеді, қалғандары оған жолға шығуына шабаданға топ  осы  адамдағы жоғары бағалайтын жағымды қасиеттерді салып дайындайды. Бірақ кететін адамға оның жолына кедергі келтіретін жағымсыз қасиеттер бар екенін ескертеді. Оған тізімді оқып береді. Оның оқылғандардың кез келгені сұрақ қоюына болады. Сосын келесі студент шығады және топтағы студенттердің барлығы дерлік шабанданға ие болмайынша процедура қайталанады.

«Мен сүйікті және сау адаммын» тақырыбына коллаж жасау.

Медитация «Меннің айқын бейнесін құру»

Оқытушы. Тура тұрып, көзіңізді жұмыңыз және барлық зейініңізді дене түйсігіне шоғырландырыңыз. Барлық түйсінулер жас ағашқа тән деп елестетіңіз. Өзіңізді осы жас ағашпын деп ойлаңыз. Өмірлік энергия сіздің барлық денеңізді қоректендіретінін сезініңіз. Жандандырушы күш аяғыңыздан еніп, барлық денеңізге өтеді және денеңізді аяғыңыздан басыңызға дейін энергиямен толтырады. Энергия ағзаңыздың әрбір клеткасын балғындық пен сергектікке толтырады.  Ағзаның осы энергияны сараңдықпен жұтып жатқынан сезініңіз. Ағзаңыз жанданып, ұйқыдан оянады. Кеудеңіз көтеріле бастайды. Иықтарыңыз өзінен-өзі жиырылады. Кеудеңізбен толтырып тыныс алғыңыз келеді(терең тыныс алып және еркін дем шығару).  Денеңіз ақырындап және балқи түзеледі. Омыртқаңыз керемет қалыпқа ие болады. Арқаңыз түзеліп, мойныңыз ыңғайлы жағдайға көшеді. Ағаш күнге, жылулыққа, қуанышқа, қаныққан өмірге ұмытылады. Оянудың осы күйін сезініп ойша мынаны қайталаңыз: «Мен-күшті, белсенді, мақсатқа ұмтылғыш адаммын. Мен жаңа, жарқын және қаныққан өмірге дайынмын. Мен қазір және осы жерде, әрбір минутта, секундта өмір сүремін. Мен барлық денеме жандандырушы энергияның қалай таралып жатқанын сезіне аламын. Әрбір сағатта жаңа күштердің құйылғанын сезінемін». Ағза ұйқыдан оянады. Осындай оянудың рахатына бөлен. Терең тыныс алып, сосын тыныс шығарғанда барлық денеңізбен жоғары созылыңыз.  Құшарлана созылыңыз. Тағы да терең тыныс алып, сосын тыныс шығарғанда барлық денеңізбен жоғары тартылыңыз. Сергектік пен жағымды сезімге рахаттаныңыз! Барлық денеңізбен сілкініңіз! Мұны да рахаттана жасаңыз! Көзіңізді ашыңыз! Бір-біріңіздің түрлеріңізге қараңыздар. Сыртқы бейнелеріңізде өзгеріс  бар ма? Жаңа түйсінулер сізге ұнады ма?

Қорытынды. Сабақтың қорытындысы.

Оқытушы.  Адам әрқашан өзін әлемге қатысты етуге ұмытылады, сондықтан да сәйкес келу бұзылған кезде ол таңдау жасайды:  мінез-құлық стратегиясын анықтайтын, әлемге деген сенімін ұлғайту керек немесе өзіне деген сенімін ұлғайту.  Өзіне деген және әлемге деген сенім деңгейлерінің сәйкес болуы — меңгерілген мінез-құлық және іс-әрекет негізі. Қарым-қатынастың кез келген актісінде сенімнің қатысы болады, сенім бұл жағымды тұлғааралық қарым-қатынастың  бастапқы жағдайы.

Луиза Хейдің аффримациясы. «Мен сондаймын: мен үлкен бола аламын, мен толық бола аламын, мен арық бола аламын, мен көңілді бола аламын, мен қайғылы бола аламын, мен осындаймын бұл керемет!»

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ