Өзін-өзі танудың баспалдақтары

0

Сабақтың мақсаты: Суденттерге  өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту процестерінің тұлғаның  өзін-өзі жүзеге асыруы үшін қажетті шарт екендігі туралы түсініктерін кеңейту. Студенттерді шығармашылық тұрғыда өзін-өзі жүзеге асыруға деген ізденістерін белсендендіру. Оқуға деген мотивациясын және осы жас кезеңіндегі суденттік кезге деген қызығушылығын  көтеру.

Әдістері мен формалары: дәріс- әңгімелесу, талқылау, «даналық сабақтары», слайдтар қарау, ойын және жаттығулар, медитация, өзін-өзі талдау.

Материалдар: хрестоматия, студент дәптері, аудио-және видеоматераилдар, қағаз, маркерлер, доп. 

Сабақ барысы

Сәлемдесу рәсімі:

«Сезімдер есімі» жатығуы

Нұсқау: Студенттерге өзінің тобының студенттерінің есімдерін, сол адамның бейнесімен байланысты сезімдерді атау керек.

Өзіңді өзің танығаның- парсаттылықтың белгісі.

Ойға түстім, толғандым,

Өз мінімді қолға алдым.

Мінезіме көз салдым,

Тексеруге ойландым. 

                                   Абай 

Өзін білмеу және білгісі келмеу –сауатсыздық. Адамдарды білгің келмеу–жауапсыздық. 

Дәріс-әңгімелесу.

Оқытушы. «Әрбір адам жер бетіне өсіп өну және даму үшін келеді.  Адамның өзін-өзі тануы-бұл адам өміріндегі маңызды мағыналардың бірі, мәңгілік құндылық сұрағына жауап іздеу және өзінің мақсаттары мен тілектерін жүзеге асыру. Өзіндік даму- алға қозғалу, өзінің өмірлік арнасына  қарсы жүру. Бұл бақытпен сәттілікті қамтамасыз ететін рухани-адамгершіліктік қасиеттерді жетілдіру және дамыту». Қазіргі заманда жоғары рухани және адамгершіліктік қағидаға ие тұлғаны, төмендегіше сипаттауға болады:

  • Рухани-адамгершілік қасиеттерге ие адам тұлғалық тәуелсіздіктің жоғары деңгейіне ие: қоршаған ортасына тәуелсіз, қоғамдық ойдан, сенімнен тәуелсіз. Оның эмоционалды, интеллектуалды және рухани өмірі неғұрлым маңызды болып табылатын махаббат, түсіну, кеңпейілділік, сенім, риясыздық, адалдық сияқты заттарға шоғырланған.
  • Рухани-адамгершілік қасиеттерге ие адам өз-өзіне сенімділіктің, өзіне сенудің, өзінің құнддылықтарының және идеалдарының жоғарғы деңгейіне ие.
  • Рухани-адамгершілік қасиеттерге ие адам өзінің эмоциясын ұстай алуға және бақылауға қабілетті.
  • Рухани-адамгершілік қасиеттерге ие адам өмірден өзіне не керек екенін жақсы түсінеді, нақыт қойылған мақсатқа ие, мақсатқа жетуде жоғары табандылыққа ие.
  • Рухани-адамгершілікке ие адам әлемге лайланбаған көзқараспен қарайды және оған ақылмен және рухани теңдікпен қарайды. « Өзін-өзі тану» сабағында әрқайсысыңыз тұлғаның өзіндік дамуынан өзін-өзі жетілдіруіне дейінгі жолда қызықты әрі шығармашылық жолдан өтуге тура келеді.

Оқытушы. (Интерактивті тақтада слайдпен жұмыс) Виктор Франкл айтып кеткен «Адам өмірінің мағынасы қандай » деген сұраққа жауап беру үшін психологиялық білімге  жүгінейік. Ол канцлагерьде көп  жылдар отырғанда осы тақырып ойландырған. Тіпті осындай қатал жағдайда да  ол текке өмір сүріп жатпағанын ұғынды. Ол өз еңбектерінде келесідей өмірдің мағыналарын бөліп көрсетеді:

1 слайд. Еңбектің мағынасы. В.Франкл шығарма құндылығына  үлкен мән береді, оның жүзеге асу барысында өзінің өмірін мағынамен толтырады. Ең бастысы, өзіңіздің жеке даралығыңызды көрсетуге мүмкіндік беретін іс таба білу керек және оларды жағымды эмоциямен орындау.

2 слайд. Махаббат мағынасы. Махаббат – адамға көп қуаныш әкелуші, екі адамның бір-біріне ризалық, өмірге көзқарас ұқсастығы, ортақ мақсат жолында бірлесіп күш-жігер жұмсауға, қажет болса, құрбандыққа бару қабілеттілігі сияқты сипаттардан құралып, адамның ең асыл қасиеттерін жарқырата көрсетуге себепші болатын жасампаз, киелі сезім. Бірақ бұған қарап, махаббат тек, рахатттан, қуныштан, нұр жайнаған әсемдіктен, жеңістен, т.б. кілең жанға жағымды да жайлы нәрселерден тұрады екен деп ойлауға болмайды. К.Д.Ушинский айтқандай: «Онда да азап-рахат, қуаныш-қайғы, қорқақтық-батылдық, ыза мен өшпенділік сияқты сезімдер шарпысып жатады. Оның қайғысы мен қуанышының алабөтен болатыны сондықтан».

Махаббат – таңғажайып кереметтерді дүниеге әкелуші. Адамзаттың көркемдік тарихын мәдениет пен махаббат тарихы деуге де болады. Тұңғыш суретшінің қолына қылқаллам ұстатып, жартасқа бейне салдыртқан, тұңғыш ақынға шабыт сыйлап, өлең жаздыртқан осы махаббат екені даусыз. Ең ұлы көркем туындыларын авторлар махаббат сезімінің әсерімен шығарғаны тарихтан аян. Тамаша композитор М.И.Глинка(1804 – 1857) өзінің әйгілі «Руслан мен Людмила»болғаны соншалық  операсын Екатерина Кернге деген махаббатының әсерімен туған. Жазушы С.Цвейг «бір кештік кемеңгер» деп атаған Руже де Лиль деген жас капитанның бір сұлуға қатты ғашық болғаны соншалық – бір түнде (1792 жылғы сәуірдің 25 – інен 26–сына қараған түні) зор рухани серпіліс үстінде Рейн армиясына арналған марштың өлеңі мен әуенін жазып тастаған. Ол баршаға ғаламға мәлім, әлі күнге дейін айтылып келе жатқан «Марсельеза» болатын. Тек, ақын, жазушы, суретші ғана емес, әдетте, ондай сезімдермен көп байланыстырыла берммейтін екі аяқты, жұмыр басты пенделер де, соның ішінде жаратылыстанушы ғалымдар да әйелге деген сүйіспеншілік сезімінің тікелей әсерімен жаңалықтар ашқан фактілер аз емес. Мысалы, атақты ғалым  Сеченов «Ми рефлекстері» деген ұлы еңбегін қалыңдығы– Мария Александрова деген қызға ғашық болып жүрген кезінде жазыпты. Әлемнің ең үлкен ақындарының бірі – И.Гете 74 жасында «Мариенбад элегиясы» аталатын ғажайып ғашықтық жыр–арнаулар топтамасын тудырған. Мұндай мысалдарды ұлы суретшілер мен олардың ең үздік туындыларына қатысты да келтіре беруге болады.Әрине, барлық адамның сүйіспеншілігі шығармашылығынан көрініс тауып отырмайды. Бірақ шынайы махаббат сезімі бойын кернеген адам бақытты, жігерлі, құдіретті. Өйткені құс ұшуға жаралғғаны сияқты, адам сүюге жаралған. Олай болса, ең ұлы арманына ұмтылған немесе оған қолы жеткен бақытты болмай, кім бақытты болмақ?! Махаббат өз бойына адамгершіліккті, адалдықты, ақ пеейілді, тазалықты, имандылықты, инабаттыллықты, парасаттылықты, мейірімділікті, ізгілікті, ерлікті тоғыстырған. Сол себепті оны өмірдің мәңгілік жаңғыртып, жаңартушысы деудің қисыны бар.

Махаббаттың жауы- аярлық; махаббатпен бақай есеп, материалдық, т.б. пайда іздеу отаса алмайды. «Адам комедиясының» авторы О.Бальзак: «Сүю адамның барлық ізгі қасиеттеррінің басын қосады», — деп тегін айтпаған.    Махаббат- бұл өмірдегі ең керемт нәрсе. Өмір мағыналырының негізгілерінің бірі. Махаббат үшін өмір сүруге болады, бірақ егер сіз осы уақытқа дейін өз жартыңызды таба алмай жүрсеңіз өкінуге болмайды. Немесе махаббат дегеніміз- өмірдің толыққандығын сезінудің жалғыз мүмкіндігі.  В.Франкл махаббатқа деген 3 бағдарды бөліп көрсетті.

Сексуалды бағдар ең қарапайымы. Ол физикалық түйсінумен байланысты. Ғашық болу, яғни эротикалық бағдар психикалық қабатқа бағытталған. Ал рухани қабатқа бағытталған махаббат, бұл бағдар шынайы махаббатты береді.

3-слайд. Зардап шегу мағынасы. В.Франклдың айтуынша өмірдің мағынасын тек махаббат пен еңбектен ғана емес сондай-ақ зардап шегуден де тұрады. Олардан қашу мүмкін емес. Ең бастысы — осы құндылықтарды өзектілендіру, оларға мағына беріп және оны өзгерте алмайтындығымен келісу.

Өзін -өзі тану — бұл жеке тұлғалық ерекшеліктерді зерттеу. Біз өзіміз туралы білім, өзіміздің мүмкіндіктерімізді және олардың шегі туралы, қоғамдағы мәніміз туралы білім алуға ұмтылуымыз өзін-өзі тану деп аталады. Өзіне қанағаттану деңгейі өзіндік бағалауға әсер етеді және өзін-өзі дамытуға итермелейді. Өзін-өзі танудың маңызды көрсеткіші тұлғаның өзіндік бақылауын анықтайтын  рефлексия болып есептеледі. Өзін-өзі тану процесі көбісінесе  жеке құндылықтарды дамытуға, еңбексүйгіштікке, ерік және мотивацияға байланысты болып келеді.  Тұлғалық мотивация өзін-өзі тану процесін шығу нүкетесіне айналдырады, қажетті мақсатқа жету үшін өзін өзгерту деген сөз.

 Өзін-өзі танудың үш жолы бар:

  1. Әлеуметтік бағытталған. Өзін қоршаған ортамен салыстыра отырып талдау, әлеуметтік ортада өз орнын іздеу, өзінің әлеуметтік мәнді рөліне және нақты мәртебеге ие болу. Осы жолдар арқылы тұлғаның өзін-өзі тануы көптеген өнер шығармаларында тіпті кинофильмдерде зерттеледі.
  2. Мәнге бағыттылған. Ішкі деп аталатын өзін-өзі бақылау жолы. Адам жанының мәнін тану барысында ішкіге сыртқыны қарама қарсы қоятын Сократық әдіс.  Шынайылықты  бұрмалаудан, өзін-өзі анықтаудан бас тартатын және тіпті физикалық болмысын қабылдамаумен жүретін болғандықтан бұл жол қарапайым емес, сондай-ақ қауіпті.
  3. Тұтастылық. Өзін-өзі тану процесінде барлық тіршілік иелерінің түрлеріне жетуді қосады және мүмкіндік шекараларын шексіз кеңейтуді болжайды. Жоққа шығарудан қашатын — керісінше, болмыстың және өзінің көріну барысындағы қарама-қайшылықтарды қабылдайтын үйлесімді әдіс. Мағынаны жасаудың, тұлғаның үйлесімділігіндегі неғұрлым бейбіт жолды таңдау болып табылады. Өзін-өзі танудағы әрбір таңдалған жол өзінің ерекшеліктерімен бағаланады. Біріншісі әлемге бейімделуге бағытталған, екіншісі-өзі игеруге, үшіншісі- болмыстың көптеген формасында өзін көре алуды болжайды. Алғашқы екеуі өзінде және өзінен тыс жерлерде тірек іздеу болса, үшіншісі- өзгеруді, болмыстың тұрақсыздығын қабылдайды.

Пікірталас үшін студенттерге сұрақтар:

Өзін-өзі тануда қандай жол сізге неғұрлым жақын?

Өмірдің осы кезеңінде сіз қандай құндылықтарды таңдайсыз?

Қоршаған ортаның және адамзат тәжірибесі әрқшан қажет деп ойлайсыз ба?

«Менің қабілетім» жатығуы

Нұсқау: Әрбір адамда өзінің  таланты, ерекшелігі, бір нәрсеге деген қабілеті бар. Бұл адам пешенесіне жазылған, бірге өмірге өмірлік міндетті ісімен туылады. Осы берілген миссия, міндетті ісіміз жақындарымызбен және қоршаған ортамен қарым-қатынас орнатудың маңызды және  бізді бақытты ететін шарт болып табылады.

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

Менің ерекшелігім –бұл (кез-келген істі оңай жасай аламын )

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________мен оңай жасай алатын 3 ісім 

Осы істер несімен  ұнайды? ____________________________________________________________________________________________________________________________________ 

Қазіргі кезде мен өз ерекшелігімді қайда және қалай пайдаланамын?________________________________________________________________________________________________________________________

Өмірге деген менің қызығушылығым неде?_________________________________________________

«Ешкім білмейді» жаттығуы

Нұсқау: біз қазір мына допты бір-бірімізге лақтырыамыз, доп кімнің қолында болса сол адам мына сөйлемді аяқтайды «Сіздердің ешқайсыңыз мен (немесе менде)…. білмейсіздер»  өте мұқият болыңыздар және  әрбір студент ойынға қатысуын қадағалаңыз.

«Жағымды шешім» жаттығуы

Нұсқау: Қағаздың сол жағына өмірдің тап қазіргі кезеңінде кездескен қиыншылығыңызды жазыңыз. Оң жағына — осы қиыншылықтарды жағымды түрде шешудің жолдарын талдауларыңызды жазыңыз, яғни алынған сабақтар, тәжіибелер.

  Қиындықтар, дағдарыстар Жағымды талдау
1    
2    
3    
4    
5    

 

«Сілкіну» жаттығу-релаксация (1 мин)

Нсұқау: мен сіздерге жағымсыз сезімдерден қалай тез арылып, тез өзіңізді қалыпқа келтірудің жеңіл жолын көрсеткім келеді. Өмірлік сәттілік жолындағы ең күрделі кедергі біздің сәтсіздігіміз бен жеңілістеріміз туралы естеліктер.  Студенттер өзіндегі жағымсыз, керек емес, кедергі келтіретін жа ғдайларды, эмоцияларды қалай сілкіп тастап жатқандарын елестете алады. Сіздердің әрқайсысыңыз су болып қалған күшіктің үстін сілкіп жатқанын көрген боларсыздар. Ол арқасын және басын сондай күшпен сілкілейді, үстінің суы жан жағына шашырайды. Сіздер де солай жасауларыңызға болады. Айналаңызда бос жер болатындай кең тұрыңыз.  Енді қолыңызды, иығыңызды сілкій бастаңыз.  Осы жерде сіздің бойыңыздағы – жаман сезімдер, қиын жағдайлар және өзіңіз туралы жаман ойлар сізден, күшіктің үстінен шашыраған су секілді жан-жаққа ұшып жатыр. Сосын аяғыңызды сілкіңізді.  Егер де осыны жасау барысында сіз қандай да бір дыбыстар шығарып отырсыңызыдар  пайдалырақ болар еді. Сіз өзіңізден жағымсыз эмоционалды жүктің  түскенін елестетіңіз, сіз жаңа туылған баладай  сергек және көңілді бола бастайсыз.

Даналық сабақтары. Шағын топтарда жұмыс.

Нұсқау: Келесі айтылымдарды студенттермен талқылаңыздар:

  • Өмір біз ойлағандай қарапайым емес. Ол одан да оңай. (Сократ)
  • Табандылық пен бірбеткейліктің айырмашылығы, біріншісі күшті қалауға ие, ал екіншісі керісінше қаламауға ие болуымен ерекшеленеді. (Генри Уорд Бичер)
  • Жүректе қалау болса, ақыл арманды сақтайды. (Франсуа Рене де Шатобриан)
  • Егер сізге некерек екенін білсеңіз және оның тез орындалуын тілесеңіз, сіз осыған жетудің тәсілін табасыз. (Джин Рон)
  • Жер бетіндегі сенің міндетің аяқталғанын тексеру оңай: егер сен тіршілік етсең-ол жалғасын табады. (Ричард Бах).

 

Оқытушы. Өз жүрек үніңді тыңдай біл! Өзіңмен сырлас! Парасаттылық өзіңді тыңдаудан басталады. Әрбір пенде өз өмірін, өз әлемін құрайды.

 

Ойлы адам оза береді, ойсыз адам тоза береді.

(Қазақ мақалы )

 

Біз өз әлемімізді өзіміздің ойлау жүйемізбен, сезім, эмоцияларымызбен, іс әрекеттерімізбен, мінез қылықтарымызбен өзіміз жасаймыз. Барлық өмірдегі кездесіп жататын проблемаларымыздың шешілуі өзімізге. өз тағдырымыздың жауапкершілігін өзіңізге жүктеңіз. Мұны түсінудің өзін өзі тануда маңызы зор.

Өз өміріңнің жауапкершілігін өзіңе жүктеу – айналаңдағы адамдарды кінәлаудан, өсектеуден, сынаудан, көре алмаушылық және т.с.с. жағымсыз қасиеттерден арылу, жаныңды тазалау, емделу деген сөз.

Өзін — өзі тану – адамдардың өзін, өзінің әлеуетті қасиеттерін, тұлғалық интеллектілі ерекшеліктерін, мінез бітістерін, басқа адамдармен қатынастарын тану үрдісі.

Адам өмірінің рухани-адамгершілікті қағидаларының дамуының маңызды шарттары:

Өзін бақытты ету үшін, ең бірінші өз өміріне деген  жауапкершілікті мойнына алу керек.

— Ары қарай өзгеруді қалау керек. Біздің қалауымыз — бұл бізді алға итермелейтін күш-жігеріміз.

— Өзіңе сену де маңызыды болып табылады. Сенім — сіздің көмекшіңіз, сіздің шабытыңыз. Сенім- студенттің тұлғалық өсуінің маңызды жағдайы.

— Соңғысы – бұл сіздің белсенділігіңіз. Әрекетсіз және тәртіпсіздіктен қажетті нәтижеге жетпейсіз.

«Шеңбер қуаты» медитация

«Шеңбер қуаты» — бұл студенттер өздерін күшті сезінгілері келгенде кез-келген кезде қолдана алатын  визуализацияның қарапайым формасы, қойылған  мақсат сәтті орындалуы үшін жинақталып және саналарын шоғырландыру керек.

Нұсқау: ыңғайланып отырып, көзіңізді жұмыңыз. Үш рет терең тыныс алыңыз. Өзіңді сахнада тұрмын деп ойлаңыз. Төбеңнен прожектор жұмсақ әрі жылы жарығын төгіп тұр. Сен алтын жарықтың құшағында басыңнан аяғына дейін шомылып  тұрсың. Осы жылы алтын жарықты өзіңе дем алу арқылы жұта аласың, сол кезде осы жарықтың күші мен жылуы денеңнің барлық бөлігіне,  қолыңның саусағының ұшынан, аяғыңның саусағының ұшына дейін енеді. Сен өзіңді қуатты және бақытты, ең бақылампаз және сабырлы сезінетін жерде өз күштеріңнің шеңберінде тұрсың. Сен өзіңнің қуат шеңберінде өзіңде жаңа күштердің құйылғанын және өзіңіздегі сенімділікті сезінгіңіз келген кезде елестете аласыз. Сені қоршап тұрған алтын жарық картинасын көре аласың және бұл жарық сені жаңа күштермен толтырып, қыздырады. Енді ақырындап көзіңізді ашыңыз.

Қорытынды. Сабақтың қорытындысы.

Оқытушы. Мақсаты және айналысатын ісі бар адам рухани бай тұлға болып табылады. Егер сіз ұмтылатын мақсат, армандарыңыз болса шынымен де үлкен күшке ие боласыз. Алдыңыздағы тұрған мақсатты ұғына отрып, әрбір бос уақытыңызды соған арнайсыз. Осылайша рухани тірек қалыптасады. Егер өмірімізде арманымыз және оған жету жолы болса, онда біз күш -жігерге және тұлғалық тұрақтылыққа ие боламыз. Студенттік даму кезеңінде сіздерде рухани-адамгершілік мүмкіндіктер бар, соларға сеніп, өзіңнің мақсаттарыңа қарай жүру керек.

Қоштасу рәсімі. Қарсы тұрған адамға жақындап бүгінгі күнге жақсы және жылы үш тілек айтыңыз.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ