Эвристикалық сұрақтар әдісі

0

Эвристикалық сұрақтар әдісі проблемалық жағдаяттар кезінде қосымша ақпарат алу үшін  немесе шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында алынған білімді реттеу үшін қолданылады. Бұл әдіс көне Римдегі шешендік өнер теориясының негізін қалаушылардың бірі Квинтилианнан басталады. Ол өз шәкірттерінің алдына жеті сұрақты қоюды ұсынған болатын: кім? (субъект), не? (объект), не үшін? (мақсат), қайда? (орын), немен? (құралы), қалай? (әдіс), қашан? (уақыты).   Егер осы  сұрақтарды өз ішінде ретімен біріктіретін болсақ (1-2, 1-3, және т.б. 1-7; 2-1, 2-2 … 2-7- ге дейін деп жалғаса береді), онда  күтпеген тосын да жаңа сұрақтарға тап боламыз.

Белсенді оқыту технологиясының жоғарыда айтылған  әдістерінің өзіндік артықшылықтары бар: оларды дұрыс әрі мақсатты түрде қолдану арқылы   оқытудың дамытушылық  қызметін бірашама арттыруға болады, студенттердің ізденуіне мол мүмкіндік береді, студент пен  оқытушыны жағымды эмоциялық күйге бөлейді.

Дегенмен бұл әдістердің кемшіліктері де жоқ емес: олар көп дайындықты қажет етеді (әсіресе, іскерлік ойындар, миға шабуыл әдісі), оқу процесін ұйымдастырудың дәріс-семинар жүйесіне енгізуге сәйкес келе бермейді; темпераменті баяу студенттер жұмыстың қарқынды ырғағына әрдайым ілесе алмай қалады, меланхоликтер де қысымы көп түсетін  шапшаң жұмыстардан тез шаршайды. Сол себепті де белсенді оқыту технологияларын қолдану оқытушының шеберлігіне де  жоғары талаптар қояды.

Әлеуметтік-психологиялық оқытуда оқу моделі ретінде мұндай жағдайда ғылыми редакцияланған баяндама қолданылады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ