Түрлі дәрежедегі сортаң топырақты жерлерге, ең тиімді соршаю мөлшерлері және мерзімдері

0

Ауыспалы егістіктің бұзылуы, мелиоративті жұмыстардың нашар жүргізілуіне байланысты, мақта қозасын егетін Қазақстанның Оңтүстік облысында мақта  өнімділігі кейінгі жылдары күрт төмендеп кетті.

Тұзды суларды жер бетінен 2,5-3,0 м төменде ұстап, топырақтың сортаңдануына жол бермей тұратын, аймақтағы 884 тік дренаждардың жұмыс істемеуіне байланысты, жер асты сулары 1990 жылғы 299,8 см көрсеткіштен, 2006 жылы 193,4 см  көрсеткішке  дейін, яғни 106,4 см көтерілген.

Жер асты суларының көтерілуі топырақтың екінші тұздануына және өнімділіктің төмендеуіне соқтырып отыр .Біздің мамандардың есебі бойынша сортаңдаған жерлердің көлемі 110 мың гектардан асқан.

Зерттеулер көрсеткендей, әлсіз сортаңданған жерлер өнімділікті 20-30%-ға, ал күшті сортаңдаған жерлер 80-90 %-ға дейін төмендетуі  мүмкін.

         Тез еритін, физиологиялық өте зиянды NaCl, MgCl, Mg SO4  тұздардың,

өсімдіктің тамыр жаятын және жер жыртылатын қабаттарында, мерзімдік  өте зиянды тұздар жиналып, күзге қарай бұл тұздардың көрсеткіші еселеп көбейеді.

Өсімдіктің өсіп өну кезеңінде бұл тұздар бір шаршы метрде 7-10 кг дейін жиналып, гектарына 70-100 тоннаға дейін жетеді. Ондаған тонна тұздар жер асты сулары және топырақ қабаттарынан жоғарғы қабаттарға көтеріліп, өсімдіктің тамырларын күйретіп, мақта қозасының өнімділігін күрт төмендетіп жібереді.

       Бұл тұздармен күресу үшін әр түрлі агромелиоративті шаралар қолданылады, соның бірі соршаю.

       Топырақтағы  өте зиянды  тұздардың көлемі 0,3 %-ға, ал хлор-ион тұзы 0,01%-ға төмендегенде ғана соршаю шаралары сапалы өтті деп есептеуге болады.

       Мақта егілетін аймақтарда өте тиімді соршаю мөлшерлері мен мерзімдерін анықтау үшін ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілген болатын.

       Бұл зерттеулердің мақсаты әр түрлі дәрежеде сортаңданған топырақтарға өте тиімді соршаю үшін суару мөлшерлерін және мерзімдерін анықтау еді.

        Зерттеулер Мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының  зерттеу алқабында мақта қозасының алқаптық және вегетациялық тәжірибе әдісі бойынша (акад. А.И.Имамалиев СоюзНИХИ, 1981) үш түрлі сортаңдаған ( әлсіз, орташа және күшті) топырақтарда, 6 түрлі соршаю мөлшерінде (1500, 2000, 2500, 3000, 3500, 4000 м3/га) 3 нұсқада, 30 гектар алқапта жүргізілді. Тәжірибе жүргізу барысында соршаю мөлшерлерін анықтау үшін біз ең көп қолданылатын формуланың бірі А.Е. Нерозин (1957ж.) формуласын қолдандық.

S
K

       M=(P — m)+           — A + n

            М – соршаю  мөлшерлері, м3 /га;

            Р – топырақтың ылғал сиымдылығы, м3 /га;

            m – соршаю алдындағы топырақ ылғалдылығы, м3 /га;

            S – хлор-ион тұзының мөлшері, кг/га;

            К – судың соршаю дәрежесінің коэффицинті, 1 м3 судың, кг/га;

            А – соршаюдан мақта қозасын еккенге дейінгі мерзімдегі жауын – шашын мөлшері, м3 /га;

            n – сол мерзімдегі буланған судың мөлшері, м3 /га;

 Топырақтың әртүрлі қабаттарындағы, әртүрлі тұздану мөлшерлерінде жүргізілген бұл зерттеулердің нәтижесі төмендегі кестеде келтірілген.

Соршаюға дейін және соршаюдан кейін топырақтағы тұздардың мөлшерлері.

 

Топырақ

Жер қабаты, см Тұздардың мөлшері ( % есебімен, құрғақ  топырақ салмағынан)
Соршаюға дейін Соршаюдан кейін Тұздардың шайылуы, % Соршаюға дейін Соршаюдан кейін Тұздардың шайылуы, %
Хлор-ион Тұз-дық қал-дық Хлор-ион Тұз-дық қал-дық Хлор-ион Тұз-дық қал-дық Хлор-ион Тұз-дық қал-дық Хлор-ион Тұз-дық қал-дық Хлор-ион Тұз-дық қал-дық
Әлсіз сортаңдаған   Суару мөлшері

1500 м3/га

Суару мөлшері

2000 м3/га

0-60 0,024 0,556 0,011 0,461 54,2 17,1 0,019 0,494 0,005 0,340 73,7 31,2
60-100 0,024 0,486 0,020 0,446 16,7 8,3 0,020 0,440 0,013 0,423 35,0 3,9
Орта сортаңдаған   Суару мөлшері

2500 м3/га

Суару мөлшері

3000 м3/га

0-60 0,052 0,980 0,017 0,461 67,3 53,0 0,041 0,923 0,005 0,284 87,8 69,2
 

60-100

 

 

0,048

 

0,722 0,037 0,516 22,9 28,5 0,036 0,839 0,007 0,225 80,6 73,2
Күшті  сортаңдаған   Суару мөлшері

3500 м3/га

Суару мөлшері

4000 м3/га

0-60 0,083 0,972 0,017 0,480 79,5 50,6 0,082 1,604 0,010 0,646 87,8 59,7
60-100 0,084 0,766 0,038 0,581 54,8 24,2 0,090 1,707 0,020 0,856 77,8 49,9

Әлсіз сортаңданған топыраққа 1500 м3/га  мөлшерінде соршаю жүргізілгенде, топырақтың  0 – 60 см. қабатында хлор-ион 54,2%-ға, тұздық қалдық 17,1%-ға, ал 60-100 см. қабатында хлор-ион 16,7%-ға, тұздық қалдық 8,3%-ға шайылғанын көреміз. Бұл көрсеткіштен байқағанымыздай топырақтың жоғарғы негізгі (тамыр жаятын) қабатында, төменгі (60-100см) қабатқа қарағанда, тұздардың жақсы шайылғанын байқаймыз. Осы топыраққа суару 2000м3/га мөлшерінде жүргізілгенде бірінші нұсқаға қарағанда, екінші нұсқада топырақтың 0-60 см.  қабатында хлор-ион 73,7%-ға, тұздық қалдық 31,2%-ға, 60-100см қабатында хлор-ион 31%-ға және тұздық қалдық 3,9%-ға  көп шайылғанын байқаймыз.

        Орташа сортаңданған топырақтарға соршаю мөлшері 2500 м3/га-ға  қарағанда 3000м3/га суару мөлшері торыпақтың 0-60 см қабатында хлор-ион 87,8%-ға, тұздық қалдық 69,2%-ға, ал 60-100 см. топырақ қабатында  хлор-ион 80,6%-ға, тұздық қалдық  73,2%-ға шайылғанын көреміз.

         Күшті сортаңданған жерлерге соршаю шараларын 2 бөліп жүргізгенде ғана, өте жақсы нәтиже береді деп есептейміз. Себебі 3500 м3/га  мөлшерін екіге бөліп суғарғанымызда топырақ қабатының 0-60 см-де  хлор-ион 79,5%-ға, тұздық қалдық 50,6%-ға, ал  60-100 см қабатында хлор-ион 54,8%-ға, тұздық қалдық 24,2%-ға төмендегенін байқаймыз. Ал  бұл мөлшерді 4000м3/га жеткізгенде топырақтың  екі  қабатында да тұздардың жақсы шайылғанын байқаймыз  (0-60 см. хлор-ион 87,8%, тұздық қалдық 59,7%, ал 60-100 см. қабатта 77,8%, 49,9%-ға).

Жүргізілген тәжрибені сараптай отырып, жер асты сулары 1,5-2 м жатқан әлсіз сортаңданған жерлерге соршаю мөлшері 2000м3/га тиімді теп есептейміз. Төменде әр түрлі мөлшерде сортаңданған жер асты сулары 1,5-2 м деңгейде жатқан жерлерге ең тиімді соршаю мөлшері келтірілген.

  1. Әлсіз сортаңданған топыраққа – 2000м3/га
  2. Орташа сортаңданған топыраққа – 2500м3/га-3000м3/га
  3. Күшті сортаңданған топыраққа – 4000м3/га

        Ескеретіні, 3000м3/га мөлшердегі соршаю бір рет, ал одан жоғары мөлшердегілер екі рет бөліп суарылғанда тиімді болады деп есептейміз.

       Ал енді соршаюдың мерзіміне келетін болсақ, көптеген ғалымдар ең тиімді соршаю мерзімдері күзгі, қысқы кезеңдер екенін және бұл кезеңдерде  жер асты сулары тереңде жататынын айтады (Киселева, 1973; Спицын, Шуравилин, 1975; Беспалов; 1977; Үмбетаев И., 2000). Олар ауыр топырақты жерлерде соршаю жұмыстары ерте, қараша айының аяғында, желтоқсан айының басында жүргізілгені дұрыс деп есептейді.

       Ал орташа топырақтарға соршаю үшін қаңтар айының басы, желтоқсан айының аяғы, жеңіл топырақты жерлерде қаңтар айы ең тиімді мерзім болып табылады.

            Біздер судың кеш келуіне байланысты соршаю жұмыстарын ақпан айының екінші он күндігінде жүргіздік. Бұрынғы зертеулермен салыстырғанда қысқы соршаю көктемгі соршаюға қарағанда 10-15%-ға тиімді екені дәлелденді.

       Қысқы соршаюды топырақтың тұздану дәрежесіне қарамай, өте көп мөлшерде жүргізуге болмайды.

Қорыта келгенде соршаю жұмыстарын ғылыми тұрғыдан дәлелгенден мөлшерде және мерзімде жүргізгенде ғана кепілді мол өнім алуға және топырақтың сортаңдануына жол бермеуге болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ