Ұлттық күрестің даму тарихы.

0

Күрес өнерін қай халық болмасын бұл спорт түрін жан –тәнімен сүйеді. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан –ұрпаққа оны байытып,  жаңғырта біздің бүгінгі күнімізге дейін жеткізіп отыр. Бұл әрине, ең алдымен көңіл қуантатын нәтиже. Иә спорттың халықтық және ұлттық түрлеріне  мұнша қамқорлық жасауның арқасында советтік физкультураның әрі қарай гүлденуіне  игі әсерін тигізді. Өзіміз қырын сырын сөз еткелі отырған қазақтың ұлттық спорттық өнерлерінің ішіндегі шоқтығы биік, ежелден халық арасына кең тараған қазақша күресті алайық.Алдымен тарихқа үңілейік.

      Қазақ халқы революцияға дейін негізінен көшпелі сипат алған.  Яғни елін, жерін сыртқы жаулардан қорғау үшін әрбір қазақтың ұлы жауынгері болуы тиіс еді. Жауынгер күшіті де, айлакер болмаса ол жауынгер емес, мінекей, осы тұрғыдан келіп әрбір қазақтың қара домалақ баласы күреспен айналысатын. Той домалақтар немесе бас қосулар күрессіз өтпейтіні дәстүрге айналған. Жай палуан мен түйе палуан арасындағы күрес өнері шеберлерінің есімдері марапатталып, оларды халық басына көтерді .

      Ұлттық өнерімізді сөз еткенде алдымен ілігетіндерінің бірі қазақша күрес. Ертеден –ақ бұл күш сынасу өнері той -томалақта әрдайм көрнекті орын алып отырды.

      Иә сан ғасырлар бойы айдыны аспасы, тұғырдан түспеген осынау ұлттық өнеріміздің бір –түрі қазақша күрес советтік заманымызда да жойылып кеткен жоқ. Үкіметіміз бен партимыздың әкелік қамқорылығың арқасында қазақша күрес қайта өзгеше бір жаңа серпінмен өркен жая дамып, халықтық өнерге айналды. Спорттың халықтық өнері және ұлттық  түрлері  советтік физкультурамыздың одан әрі дамуына зор ықпал жасайтындығы баршамызға белгілі жайт. Қазақша күрес жөнінде де айтарымыз осы. Ол ертеден ақ қазақ халқының бір жағынан көңіл көңіл көтеретін ұлттық өнері ойыны болса , екінші жағынан жауынгерлерді  алғырлыққа, ептілікке үйретіп, жаумен бетпе –бет шайқасқа алдын –ала осы қазақша күрес арқылы баулыйтын еді. Қазақша күресте тік қалыпта аяқпен қимыл жасай жүріп, қос қолды қарсыласының белінен немесе арнайы жасалған белдеуден, киімнен ұстап жығуға әрекеттер жасалады.

      Техникалық жағынан қазақша күрестің қалыптасқан әр қилы әдіс айлалары өте көп. Бұл көбнесе қазіргі еркін және классикалық күреске ұқсас. Аяқтан қаға іліп –шалып, бастан асыра лақтыру, жамбасқа алу, сондай –ақ шалқая бере кеуде  арқылы лақтырып жіберу сияқты әдістерді ауылда өскен әрбір қазақ баласының білетіні сөзсіз.

      Бұрын қазақша күрестен өткен жарыстар ешқандай салмақ дәрежелеріне қарамай өткізіле беретін. Өзінен  әлде қайда салмақты қарсыласымен күресу, әрине кімге де болса қолайсыз болады. 1938 жылы Алматыда өткізілген қолхозшылардың тұңғыш республикалық спартакиядасының программасына қазақша күресте енгізілді. Осы спартакиядада палуандар  алғаш рет үш салмақ дәрежесі бойынша жеңіл салмақ-65 килограмға дейін орташа салмақ-75 кг. Дейін, ауыр салмақ-75  кг  жоғары күресті. Салмақ дәрежесі бойынша  Семей облысының  өкілдері С. Адасқанов, К.Алтыбасаров және И.Туменов жеңіс тұғырына көтеріліп, чемпион тәжін киді.

      1939 жылы Семей қаласында республика біріншілігі өтті. Палуандар үш салмақ дәрежесі бойынша күресті. Салмақ дәрежелері бойынша жеңіл салмақта Құрбанбаев (алматы облысы) орташа салмақта Досқалиев (Батыс Қазақстан облысы), ауыр салмақта Мусин (Павлодар)  жеңіс тұғырына көтеріліп, чемпион тәжін киді.

      Мұнда республикалық абсолюттік чемпион атағын Батыс Қазақстан өкілі Досқалиев жеңіп алды. 1940 жылғы Қазақ ССР –інің 20 жылдығына орай өткізілген біріншілік 5 (бес) салмақ дәрежесі (аса жеңіл, жеңіл орташа, жартылай ауыр, ауыр салмақтар бойынша өткізілді. Осы жарыстың республикалық біріншілікте салмақ дәрежесі бойынша Байдәулетов, Төлегенов, Макманов, ,Жұмабаев  жеңіс тұғырына көтеріліп чемпион  тәжін киді. 1952 жылы  Ашхабад қаласында Орта Азия республикаларының Қазақстан бойынша өткен кезекті Спартакияданың программасына ұлттық күрестерде енді. Бұл жарыста класикалық күреске неғұрлым Нұрбай Жармағанбетов, Алмас Мұсабеков, Қанат Байшалов, Рахым Оспанов және басқалар ауылда өсіп, онда қазақша күрестің «бапкерлерінен» тәлім алған. Қазақстанда бірінші рет СССР спорт шебері атанған Қабден Байдосов еркін күрестен Орта Азия мен Қазақстан бойынша ең күшті палуан.

      1981 жылы 10-14  шілде күндері Жезқезған қаласында қазақша күрестен ІІІ- бүкіл Қазақстандық жастар ойындарының программасындағы турнир болып өтті. Төрт күнге созылған жарыс ұлттық өнеріміздің бір түрі қазақша күрестен небір дүлдүл палуандарымыздың өсіп келе жатқандығын толық дәлелі болғандай. Әрине бұл жарысқа тек әр жылы республикамызда қазақша күрестен болып жатқан үлкенді –кішілі жарыстарды қоссақ, ұлттық өнеріміздің бұқаралық спорт түрінің біріне айналғанын аңғарғандаймыз. Мұндай ведмство аралық жарыс республикамызда тұіңғыш рет өткізіліп отыр. Бұл жарыстың тағы бір ерекшелігі бұған 1960-1963 жылдардың ралығындағы туған ең үздік жас палуандар ғана қатыса алды. Жарыс қызықты да, табысты өтті.

      Осы ұлттық өнеріміздің дамуына өздерінің зор үлесін қосып жүрген, Қазақстанның әлде неше  дүркін чемпионы Жұмажан Экенов, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушылары, СССР спрот шеберлері Марат Жақитов, Диханбай Биткозов, кезінде талай рет әлемді аузына қаратқан палуан Аманжол Бұғыбаев, СССР біріншілігінің чемпионы, самбодан халықаралық дәрежедегі спортшебері Алмас Мұсабеков,  әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі СССР спорт шебері Қанат Байшолов сияқты белгілі маман, белгілі палуандарымызды көрермендер қатарында бұл жарыста болуы жас палуандар үшін үлкен сыи болды. Иа тағы бір ескертіп кететініміз, бұл жарысқа үздіктердің үздігі, күштілердің күштісі ғана қатысты. Шынында да, алмастың жүзіндей жарық –жарық жас өрендер көпшілікті өнерімен тәнті етті, күрес кілемі үстінде естен кетпес қызықты белдесулерге қарап отырып, қазақша күрестің тағыда алпыс айлалы өнер екендігіне көзіміз жетті. Сонымен  төртінші күні әділ қазылар жеңімпаздарды атады. Командалық есепте «Қайрат» ерікті спорт қоғамы бірінші орынды жеңіп алды. «Қайрат»ерікті спорт қоғамының командасын бұл жарысқа, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушы, СССР спорт  шебері Марат Жакитов пен оның шәкірті СССР біріншілігінің чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алмас Мұсабеков дайындағын болатын. Қалған  жүлделі екі орынды «Еңбек» ерікті спорт қоғамы мен «Буревестник» студенттер қоғамы бөлісті.

      Еңбек ерікті спорт қоғамның командасын бұл жарысқа дзю –до күресінің аға жаттықтырушысы, СССР спорт шебері Бауыржан Жаналин дайындады. «Буревестник» студенттер қоғамының командасын бұл жарысқа Қазақтың политехникалық институтының аға оқытушысы Нығмет Ордабаев физкультура және спорт комитеті Совет Одағының Батыры С.Жақсыгүловтың жүлдесі үшін қазақша күрестен республикалық турнир өткізіп отыруды бекітті. Бұл жарыс Каменка ауданы, Камаенка селосында алғаш рет өтті. 1977 жылы Ұлы Октябрь революциясының 60 жылдығы құрыметіне еліміздің астанасы Москвада әр республиканың күрес түрлерінен палуандар өнер көрсетті. Мұнда біздің республикамыздан Қазақтың физкультура институтының қазақша күрес бөлімінің студенттері Қазақ ССР –нің спорт шеберлері Байжан Абдуллаев пен Дәулет Байжігітов кілемге шықты. Мінекей, осы салтанатта қазақша күрес  көрермендерге қатты ұнады, жоғары бағаланды. 1978 жылы Қызорда қаласында қазақша  күрестен Қазақстан чемпионының біріншілігі өтті. Үш күнге созылған жарыстың қортындысында Қызылорда облысының командасы І-ші орынды жеңіп алды. Екінші, үшінші орынды Алматы қаласы мен Жамбыл облысының командалары бөлісті. 1980 жылы Семей қаласында ҚАЗАҚ ССР- нің кубогы үшін жарыс болып өтті. Жарыс қортындысында Семей облысының командасы бірінші орынды жеңіп алды. Екінші, үшінші орынды Алматы қаласымен Жамбыл облысының командалары бөлісті. Мұнда республиканың абсалюттік чемпионы атағын Семей облысының құрама командасының мүшесі  Казақ ССР-нің спорт шебері Х.Ысқақов жеңіп алды.

      Москвада болып өткен мына бір көңіл аударарлық оқиға көңілден кетпейді. Қазақтың физкультура институтының  3 курс туденті Жақсылық Үшкемпіров қазақ жастары арасында  тұңғыш рет олимпияда чемпионы қазақтың қаршығадай жігітінің класикалық күрестен жарық-жарық еткен қағлез қимылмен, өнерімен ешкімді де бет қаратпай, олимпияда чемпионы болу шынында да зор мерей, айта қаларлықтай қуаныш еді.

      Мұндай жетістікрге жетуіңіздің сыры неде ?- деген журналистердің сауалына Жақсылық көп кідірмей: «Осындай биікке жеткізген айналайын қазақша күреске мың мәрте рақымет» деген болатын.

      Рас-ау, қазақша күрес әрбір қазақтың ұлына жақында етене емеспе? Жоғарыда бұл аталмыш күресіміздің әлемдік аренада берік орын алған самбо мен класикалық күрестен аса айырмашылығы жоқ екенін айттық. Ендеше  қай күрестің түрімен болса да, талай –талай чемпиондық тәжі киіп жатқан қазақ жігіттерінің есімдерін  осы орайда тағы бір атап өткенді жөн көрдік. Өйткені олар Жақсылық тәрізді қаршадайынан айналысып келген қазақша күреске қарыздар екені даусыз.

      Кезінде Француз күресінен талай халықаралық турнирлердің жеңіпазы атанған күш атасы Қажмұхан Мұңайтпасовты кім білмейді?! Еркін күрестен СССР –дің спорт шеберлері Қабден Байдосов, Абілсейт Айханов, Аманкелді Габсаттаров , Аманжол Бұғыбаев, Амантай Иманқұлов, Сайлау Мұхашев сондай –ақ самбодан СССР спорт шеберлері Е.Қалдыбеков, жақын болғандықтан біздің қазақша күрестің ережелері алынды. 1953-1954 жылдары қазақша күрестен өткізілген республикалық жарыстарда бұл ұлттық спорт өнеріміздің техникалық жағынан класикалық күреске жақындай түскеніне куә боламыз. 1955 жылы қазақша күрес бойынша тұңғыш ереже жарыққа шықты. Алғашқы жазбаша түрінде шыққан ереже кітапшаның авторы Мұзафар Рақымкулов.

      1959 жылы СССР халықтарының екінші спартакиядасы кезінде Москвада ұлттық спорттық күрестің  түрлері бойынша жаттығулар мен спортшылардың Бүкіл Одақтық семинары болды. Семинарға одақтық және автономиялық республикалардан 20 өкіл қатысты. Мұнда жарыс ережелері талқыланды. Қортындыда біздің «қазақша күрес» грузиндердің «чида обасы» және молдавиялық «триньта» жоғарғы баға алды. Спартакияданың чемпиондары, Қарағандылықтар Ж.Татиев пен С.Аманжолов осында өз өнерлерін көрсетті. Қай халықта да болсын, ұлдарының денсаулығы мықты, күшті, сұлу, денелі, күш сынасқанда қарсыласын алып жығар әдіс –айласы мол болғанын қалайтынын қалайтыны белгілі. Қай елді алсақта, күресусіз ел жоқ. Әр елде өзіндік ерекшелігі бар күрес дамыған. Республикамызда кең тараған күресімізді мақтан тұта отырып, оның одан әрі дамуына жанашырлар қолдан келген үлесін, көмегін тигізіп келді. Қазақша күрестің өсіп -өркен жая беруіне Қазақтың мемлекеттік физкультура институты көп көмегін көрсетті. 1970 жылы Қазақтың мемлекеттік физкультура институтында алғаш рет қазақша күрес бойынша бөлім ашылды. Осы жылы қазақша күрес ережесі қайта өңделіп, бүгінгі талапқа сай жарық көрді. Ұлттық спортық күресіміз, қазақша күрестің жарыс ережесі қайта  өңдеген қазақтың мемелекеттік  қыздар институтының дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі доцент міндетін атқарушы М.Р.Рақымқұлов, Қазақтың физкультура интитутының күрес кафедрасының меңгерушісі, СССР –дің және Қазақ ССР –нің еңбегін сіңірген жаттықтырушы, доцент міндетін атқарушы П.Ф.Матущак, Қазақтың мемлекеттік физкультура институты күрес кафедрасының аға оқытушысы, СССР спорт шебері, Қазақ ССР-нің еңбегі сіңген жаттықтырушы С.К. Сатыбалдиев, Қазақ ССР-нің күрес педерациясының мүшелері, СССР спорт шеберлері К.Р.Байдосов, А.К.Қазымбетов, А.Р.Габсаттаров, Р.Айханов, М.Сұлтанбаев, Л.Отешевтер.

      Биыл он жеті жыл қатарынан істеп жатқан бұл бөлім талай қазақтың баласының тұсауын кесті, бағын жандырды. Бұл бөлімде екі жылдай оқыған жастарымыз күрестің класикалық, самбо, дзю-до, еркін күрес түрлерін тез арада меңгеріп латынына көзіміз жетті. Яғни бұл қолға алған ісіміздің болашақ чемпиондарды дайындауда ұшан теңіз көмегі тиеді екен.

      Қазір біздің институт түлектері республиканың түкпір –түкпірінде қазақша күрестен сабақ береді. Қазақша күрестен тұңыш рет Қазақ ССР –нің спорт шеберлері атанғандар Есімов, Садықов, Оразбековтер. Ал олардың ізбасарлары жыл сайын көбейіп келеді. 1973 жылы Өзбекістанның астансы Ташкент қаласында ұлттық спорттық күрестердің түрлері бойынша Орта Азия мен Қазақстанның біріншілігі өткізілді. Бұл жарықа қатысқан құрама командасының палуандарыда қатысты. Орта Азия мен Қазақстанның біріншілігінде тұңғыш рет аса жеңіл салмақта Қазастан мемлекеттік фикультура институның І-курс студенттері Қазақ ССР –нің спорт шебері Мейірхан Аманбаев жеңіс тұғырына көтеріліп, чемпион атанды. Жеңіл салмақта ұлтттық күресімізден Қазақстан құрама командасының мүшесі, Қазақ ССР-нің спот шебері Рашид Сапарғалиевта (Семей облысынан) жеңіс тұғырына көтеріліп, чемпион тәжін киді. 1974 жылы Жамбыл облысындағы «Қайрат» ерікті спорт қоғамының бастамасымен Қазақ ССР Министірлер Советінің жанындағы физкультура және спорт комитеті екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған Жазылбек Қуанышбаевтың жүлдесі үшін қазақша күрестен болған републикалық турнир өткізіп отыруды бекітті. Бұл жарыс Мойынқұм ауданы, Фурмнов селосында алғаш рет өтті. 1975 жылы Жамбыл облысындағы Мойынқұм ауданында фурмнов селосында екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың жүлдесі үшін қазақша күрестен болған републикалық турнирге Алматы қаласының палуандар командасы да қатысуға жолдама алды. Алматы қаласының құрама командасы құрамының көбі Қазақтың мемлекеттік физкультура институтының студенттері еді.

      Бұл республикалық турнирде палуандарымыз табыспен оралды. Қазақтың мемлекеттік физкультура институтының студенттері: Мәлік Сүлейменов, Серғали Жақсылықбаев, Бақтияр Жүнісов жеңіс тұғырына көтеріліп чемпион атанды.

      Сонымен қатар, Қазақ ССР –нің спорт шебері (норамысн орындады) деген атаққа ие болды. 1995 жылы Ашхабад қаласында Орта Азия мен Қазақстан біріншілігі өтті. Бұл жарыста Қазақстанның палуандарыда қатысты. Орта Азия мен Қазақстанның біріншілігінде алғаш рет аса жеңіл салмақта Қазақстанның мемлекеттік физкультура институтының ІІІ-курс студенті, Қазақстан құрама командасының мүшесі, ұлттық күресіміздің Қазақ ССР –нің спорт шебері Мейірхан Аманбаев жеңіс тұғырынан екінші рет көтеріліп, чемпиондық атақты жеңіп алды.

      1976 жылы Жезқазған облысы, Жанарқа селосында Қазақша күрестен Қазақ ССР –нің кубогын 12 облыстан келген 100-ден аса палуан сарапқа салды. Нәтижесінде түгелдей студенттерден құралған Алматы қаласының командасы бірінші орынды имденсе, екінші, үшінші орындарды Жезқазған, Алматы облыстарының командалары бөлісті. Бұл жарыста республиканың абсолюттік чемпионы атағын Жамбыл облысының өкілі Қазақ ССР-нің спорт шебері, самбодан СССР спорт шебері Ерген қалдыбеков жеңіп алды. 1977 жылы Қазақ ССР Министірлер Советінің жанындағы  дайындаған болатын. Он салмақ дәрежесі бойынша 48-ден 100-ге дейін чемпиондық тәжді киген жігіттердің есімдерімен таныс болыңыздар: Б.Отарбаев, «Қайрат», Е.Сабитов «Еңбек», С.Верегин, А.Верегин екеуіде «Еңбек» К.Адиябеков «Еңбек», Е.Қалдыбеков «Қайрат», И.Удовиченко, О.Пономеренко, Е.Цукенов «Еңбек», Г.Абуов «Қайрат», бұдан кейін ақ жарыстар жиіледі. Жаңа жарыс, жаңа чемпиондар  осы уақыт ішінде 170-ке жуық палуан Қазақ ССР-нің спорт шебері атағын жеңіп алды. Шындығын айтсақ, қазақша күрестің республикамызда жан –жақты дамуы әлемдік аренадағы басқа күрес түрлері мен қазақ жастарының етене араласуына  жол ашты. Иә, Қазақ ССР –нің спорт шеберлері бұл жолда табысты өнер көрсетуде. Бақтияр Жүнісов, Мейірхан Аманбаев, Ерген Қалдыбек, Дәулет Байжігітов, Хамит Ысқақов және басқалар самбодан, Серғали Жақсылықбаев дзю-додан, Сейдаптал Байбукашев еркін күрестен СССР спорт шеберлері атағын жеңіп алысты.

      Қазақша күрес…. Бұл ұлттық спорт өнеріміздің келешегі зор екенін жоғарыдан толық дәлелдеп айтып шыққан секілдіміз. Сөз соңында айтарымыз қазақша күрестің бүдан да әрі кен тыныспен, соны серпінмен дамуына физкультура ұйымдарын, спорт өнерін сүйетін қалың бұқара, әсіресе ертең осы аталмыш өнеріміздің  маманы ретінде институт бітіретін сенің тигізер үлесін, көмегінің зор екендігінде дау жоқ.

Қазақша күрес- ұлттық спорттық өнеріміздің ішіндегі күрделі түрлерінің бірі болып саналады. Мұнда жан-жақты дайындығы мол, күшті төзімді, қайратты, епті палуан болмай жеңістен –жеңіске жету, табыстан –табысқа жету мүмкүн емес. Кілем үстінде белдескен екі палуанның қайсында жоғарыда айтылған қасиеттерін мол болса, сөз жоқ сонысы жеңіске жетеді. Қазақша күреспен айналысатын палуанның бойында күш қайраты мол болумен қатар, ол өте сезімтал болу керек. Себебі кейбір белдесулер аз уақыттың ішінде, көзді ашып жұмғанша өте шығады. Белдесулер кезінде аданың бойындағы сан қасиеттер сынға түседі. Бірнеше секунтқа, кейде 10 минутқа  созылатын жекпе –жектерде, жаттығу барысында бойға жинаған әдіс –айла, күш, шапшаңдық, бәрі –бәрі сынға түсетін болады. Кейде жеңісті осы қасиеттердің бірі қамтамасыз етсе, екінші бір жолы жетпей жатады. Сондықтанда  палуанның жан –жақты дайындығы туралы әңгіме қозғалғанда оның тактикалық, психологиялық дайындығы және жылдамдық, төзімділік сияқты қасиеттердің бірлесе бас қосуын жиынтығын айтамыз. Міне өмірде осындай жан –жақты дайындықтан өткен палуан ірі –ірі жарыстарда табыстан –табысқа жетіп, жақсы өнер көрсететінімізді байқап жүрміз. Жан –жақты дайындығы жақсы палуандар белдесу кезінде тактикалық айла –тәсілдерді де дер кезінде  қолдана алады.

      Оған өмірімізде кездесіп жүрегн  мына бір мысалды келтірейік. Кілем үстінде (кездесіп жүрегн) белдесу басталғаннан соң үстін –үстін үдемелі шабуыл жасап, өзіне керекті ұпайын жинап алады. Содан соң толық қорғанысқа көшеді. Ол өзінің белдескен бәсекелесінің мықты шабуылын нәтижелі аяқтауына мүмкүндік бермейді. Осындай кезде палуанға күш –жігер, қайрат, төзімділік қажет. Міне осындай жағдайда ғана ол бәсекелесінің мықты қорғанысын бұзып, жіберген есесін қайталап, алға шығып жеңіс тұғырына көтеріледі. Палуан жан-жақты дайындық кілемдергі белдесулер, жарыстар барысында және көптеген жаттығулар жаттығулар арқылы шыңдалады. Арнаулы жаттығулар дегенде біз күш, шапшаңдық сияқты қасиеттерді адам бойында қалыптастыруға, дамытуға, әсерін тигізетін спорт түрлерін айтамыз.

      Ал жас талапкерлерге күшті палуан атану үшін құрыштай күш, жарық еткен шапшаңдық керек.

      Қазақша күрестің жаттығу методикасы.        Осы бір сөз тілге оралғанда палуанның жалпы физикалық дайындығы, шеберлігі еске түседі. Содан барып, ауыр жаттығулар кезінде біз сөз етіп отырған ұлттық спорт түрін меңгеріп, өнерін ұштап жүрген палуанның көңіл күйі, рухани жан дүниесі туралы көптеген ойлар жанғырып. өзінше арналған пікірге шақырады. Біз сөз етеп отырған палуан жай адамдар емес, ол совет адамы. Ол қай жерде болсын, әсіресе оқу жаттығу кезінде өзінің ішкі дүниесінің рухани байлығын арттырып отыру тиіс. Бұл жерде тағыда жаттықтырушының ролін жоққа шығара алмаймыз. Тамаша қасиеттерді шәкірттерінің бойына  құя білетін бірден -бір тұлға сол ғана. Ал, тамаша қасиеттерді  санай бастасақ, олар біршама. Олардың бәрін бойға сіңіру, ол дамдық парызың.

      Сөзден сөз туарды, әрекет  әрекетен жалғасып жатады. Сондай –ақ осыдан келіп, мынадай міндеттердің туындайтынын айта кеткен жөн.

Денсаулықты сақтау.

Қайсарлық, жігерлікті және жалпы физикалық дайындық.

Теориялық білім алу және оны нығайту.

Күрес техникасы мен тактикасын меңгеру.

Жаттығу мен жарыстарға жүйелі түрде қатысу.

  1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
  2.  
  3. Болғамбаев Металбек . Қазақтың ұлттық спорт түрлері – Алматы: Қайнар, 1983ж.-125-
  4. Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі
  5. шұғыл шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Перзидентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы N 2261 Жарлығын жүзеге асыру туралы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 24 қарашадағы N 1593 қаулысын жүзеге асыру және Қазақстанда халықты дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 1994 жыл «Нұрлы бейне».
  6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымындағы N 774 «Қазақстан Республикасы тұрғындарының дене шынықтыру дайындығының Президенттік сынамалары туралы» қаулысы. 1994 жыл «Нұрлы бейне»
  7. Назарбаев      Н.Ә.      Қазақстан     2030:      Қазақстан      Республикасы Президентінің Қазақстан халқына үндеуі. Алматы 1997.
  8. Дене тәрбиесі және спорт арқылы Қазақстан Республикасының халқын сауықтыру бағдарламасы. Алматы 1999.ж «Рауан»
  9. В.А. Пономарчук. О.А. Аяшев ФК и становление личности. Москва,  ФиС  1991
  10. Муратхан Таникеев Мир народного спорта Алматы: Санат 1998ж.
  11. Е.М. Чумаков 100 уроков Самбо Под.ред. С.Е. Табакова: Москва  2000 г«Вышая школа»
  12. Коллектив авторов под общей редакцией Ю. А. Шулики
  13. Борьба греко римская. Растов-на-Дону: Феникс 2004г.
  14. Е. Мухиддинов.Учитель батыров. Спортивная слава РК . Алматы, Рауан 1997г
  15. П.Ф. Матущак 100 уроков вольной борьбы. Алматы: Казахстан 1990г301– 304 стр
  16. Спортивная борьба. Учебн. Пособие для техн. и институтов ФК. Под. Ред. Г.С.Туманяна . Москва; ФиС. 1985 ж
  17. М.Ф. Шабето. Боевое самбо. Современное слово. Минск-2000 г.
  18. Сағындықов Е. Қазақтың ойындары  Алматы  1994 ж, «Қайнар»
  19.     15 Төтанаев Б. Қазақтың ұлттық ойындары  Алматы  1991ж  « Рауан»
  20. Қуаныш Т. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі Алматы «Қазақстан»
  21. Қазақтың ұлттық ойындары Алматы 1978 ж. «Қайнар»

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ