Ауыспалы егіс тізбектерінің топырақ құрылымына және құнарлығына қарқындылық әсері

0

   Мақта дақылы Оңтүстік Қазақстан облысында, әсіресе Мақтаарал өңірінде көп өсіріледі. Мақта өсіп-дамуы үшін жылуды, ылғалды және қоректі заттарды көп қажет етеді.

            Мақта өсірілетін аудандардың топырағы негізінен сұр топырақ болып келеді, оның құнарлығы жоғары болмайтыны, оны өсіргенде ауыспалы егіс пен тыңайтқыштарды  қолдануды талап етеді.

            Ауыспалы егісте жоңышқа мен дәнді-дақылдардың алғы дақыл ретінде маңыздары ерекше, өйткені жоңышқа болған уақыттың ішінде, топырақтың ылғалдық-физикалық қасиеті анағұрлым жақсарып, органикалық заттары көбейеді және де агрегаттық құрамын тұрақталуын қамтамасыз етеді. Жоңышқаның арқасында  топырақ  құрамында  қарашіріндінің, азоттың және де басқа қоректік микроэлементтердің мөлшері едеуір артады. Сонымен қатар суармалы жерлердегі топырақтың тұздану-сорланумен күресуде, жоңышқаның физикалық – химиялық және мелиорациялық қасиетінің маңызы зор.

            Мырзашөл өңірінде мақта кең қалыптасқан, ашық сұр топырақты аймағында, ауыспалы егіс тізбектерінің айналымы ғылыми-тәжірибелік негізінде Мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында жүргізіліп келеді.

            Мақташылықта 9-10 танаптан тұратын ауыспалы егіс тізбектерінде, үш жылдық жоңышқадан кейін 5-6-7 жыл, мақта егістігі топырақтың құнарсыздауына, алқаптарда арамшөптердің көбейіп кетуіне сондай-ақ мақта қозасының солма ауруына да шалдығуына әкеп соқтырады.

            Сондықтан да мақта қозасының ұзақ қолданылатын ауыспалы егіс тізбектері орнына, ғылыми-зерттеу институты алқабында зерттелген қарқынды, қысқа танапты ауыспалы егіс тізбектері ұсынылады. Тәжірибе жүзінде ол:

            -Мақталық бірегей егісі;

            -Үш жыл жоңышқа +жеті жыл мақта (үлес салмағы-70 пайыз);

            -Үш жыл жоңышқа + үш жыл мақта (үлес салмағы-50пайыз)

            -Үш жыл жоңышқа + төрт жыл мақта +бір жыл дәнді дақылдар + екі жыл мақтадан тұратын(үлес салмағы-60 пайыз) ауыспалы егіс тізбектері  5760м2  көлемде (7,2м х 50м =   360мх 4 нұсқа  = 1440м2   х 4 қайталау )   жүргізілді.

Зерттеу барысында, мақтаның бірегей егістері, жоңышқадан кейінгі 2-ші және 6-шы жылдары мен дәнді-дақылдардан кейінгі жылдары топырақтың, агрегаттық және микроагрегаттық құрылымдарының құнарлылыққа, сондай-ақ органикалық тыңайтқыштарға байланысты әсері анықталды, 1-ші кесте.

Кесте 1 — Топырақтың ауыспалы егіс тізбегіне байланысты агрегаттық құрылымы, %

 

Ауыспалы егіс тізбектегі дақылдың егілу жылы

 

Жыртылатын 0-30 см қабаттағы әртүрлі фракциядағы су беріктілік агрегаттық  құрылымы, %
>0,25мм 0,25-0,01мм <0,01
Мақтаның бірегей егісі 21,8 74,6 3,4
Жоңышқадан кейінгі

6-шы жылы мақта (3 :7)

25,5 70,8 3,7
Жоңышқадан кейінгі

2-ші жылы  мақта (3:3)

35,2 61,8 3,2
Дәнді-дақылдардан кейінгі

1-ші жылы мақта (көң-20т/га) (3:4:1:2)

32,4 63,8 3,8

            Тәжірибе барысында топырақтың агрегаттық су беріктілік құрылымы 0,25мм-ден, ірі құрамы, мақтаның бірегей егісінде-21,8%, жоңышқалықтан кейінгі 6-шы мақта егісіндегі -25,5%, дәнді-дақылдардан кейінгі мақталықта-32,4% болды. Ал 0,25мм-0,01мм микроагрегаттық құрылымда, керісінше мақтаның бірегей егісі мен ұзақ қолданылған мақталық топырағында 74,6 % және 70,8%-ға ұлғайғаны айқындалды. Органикалық тыңайтқыштар берілген және  ауыспалы егіс тізбектерінен тұратын нұсқалардағы су беріктілік құрылымының 0,25мм-ден ірі құрамының ұлғаюы, топырақтың өңделу қабатына   қолайлы-жұмсақ  тығыздықтар мөлшерін туғызды.

Қазіргі таңда мақта шаруашылығының ең өзекті мәселелерінің бірі – қарашіріндінің топырақтағы мөлшерін тұрақтандыру және одан әрі арттыру болып саналады.Сондықтан да жоңышқа ауыспалы егістіктерде азоттық қорек жиналатын өзінің ірі және ұсақ тамырлардан тұратын тобын, топырақ қабатына қалдырып отырады. Ашық сұр топырақты жерлерінде органикалық заттардың минералдануы тезірек өтетіні ғылыми тұрғыда анықталып, топырақта органикалық заттардың неғұрлым көп жиналуын қажет ететіні байқалды.

Тәжірибе жүзінде жүргізілген ауыспалы егіс тізбектерінің және  ендірілген органикалық тыңайтқыштардың топырақ қабатына қандай әсерлік құнарлық туғызатын мөлшерін, бірегей егістікпен салыстыра отырып төмендегідей тұжырымға келдік (кесте-2).

Кесте 2 —  Топырақтағы қарашірінді құрамы, (%)

Ауыспалы егіс тізбектегі дақылдың егілу жылы

 

 Топырақ қабаты, см Қарашірінді, %

(вегетация басында

Қарашірінді, %

(вегетация соңында)

Мақтаның бірегей егісі 0-20

20-40

40-60

0,732

0,722

0,459

0,711

0,700

0,400

Жоңышқадан кейінгі 6-шы жылы мақта (3:7) 0-20

20-40

40-60

0,800

0,731

0,495

0,755

0,720

0,490

Жоңышқадан кейінгі 2-жылы  мақта (3:3) 0-20

20-40

40-60

0,890

0,765

0,502

0,852

0,759

0,496

Дәнді-дақылдардан кейінгі 1-ші жылы мақта

(көң-20т/га)

(3:4:1:2)

0-20

20-40

40-60

0,820

0,762

0,493

0,815

0,760

0,400

Екінші кестеде көрсетілгендей, жоңышқадан кейінгі 2-ші жылғы мақта қозасында,көктемгі топырақтың 0-20 см  қабатында қарашірінді құрамы – 0,890 % болса, бұл көрсеткіш күзде 0,852% шамасында болды. Ал дәнді- дақылдардан кейінгі органикалық тыңайтқыштар берілген мақта қозасының бірінші жылында да қарашіріндінің 0-20 см қабатындағы құрамы-0,820%- ға жетті, ал күзде қарашірінді құрамы бір деңгейде, яғни  0,815%  көрсеткіште тұрақталғаны анықталды. Жоңышқадан кейінгі 6-шы жылы егілген мақта қозасының,  көктемгі  бақыланған 0-20 см  топырақ қабатындағы қарашірінді құрамы-0,800% болса, ал күзге қарай  төмендегені байқалды.

                Мақтаның бірегей егіс нұсқасындағы топырақтың 0-20 см қабатындағы қарашірінді құрамы, басқа да ауыспалы егістерімен және органикалық тыңайтқыштардың мөлшері гектарына  20 тонна енгізілген тізбектерімен салыстырғанда, айтарлықтай төмен пайызда болғаны ерекшеленіп отыр. Бұл нұсқадағы қарашірінді   құрамы, көктемгі 0-20 см топырақ қабатында -0,732 % болса, вегатация соңында айтарлықтай 0,711%-ға төмендеп кетті.

                Сондықтан да ауыспалы егіс тізбектеріне  аралық  дәнді-дақылдарды енгізіп, өз тәртімен агромелиоративтік — жерді жақсарту жұмыстарын жүргізу бағыты, топырақтың құрылымын және құнарлылығын неғұрлым тиімді арттыра түсуге, мақта қозасының қарқынды дамуына, сондай-ақ өнімді  барынша артыруға  үлкен оңтайлы әсерін тигізетіні айқындалды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ