Салт – дәстүрлерді жас ұрпақ тәрбиесінде пайдаланудың кейбір мәселелері

0

Еліміздің болашағы болар, тәуелсіз мемлекеттің ұлттық болмысын сақтай алатын ұрпақты тәрбиелеу бүгінгі күннің негізгі мақсаты. Ал ол үшін болашақ ұрпақтың тұлғалық болмысын қалыптастырып, оның  рухани – мәдениетін дамыту басты мәселе. Бұл  жөнінде  Қазақстан  Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев Республикадағы білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезіндегі сөйлеген сөзінде былай  деген  болатын: «Білім беру ісін реформалаудың стратегиялық міндеттерінің бірі – шығармашылық тұрғыдан ойлай білетін жеке тұлғаны мәдениетті, рухани биік деңгейде тәрбиелеу болып отырғанына баса назар аударып, жалпы білім беретін орта мектепте білім берумен қатар адалдық, адамдық, ізгілік, отанын сүйе білу сияқты асқақ»  сезімдерге тәрбиелеу қажеттілігі өзекті мәселе деді.Бұл мәселеге халық тағылымы салт – дәстүрдің қосар үлесі өте көп.

Қоғамдық өзгерістер ұлттық психологияны, әдет – ғұрып салт – дәстүрді оқу – тәрбие үрдісінде пайдаланудың обьективті қажеттілігін туғызып отыр.

            Сонымен қатар елбасы Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстан — 2030» Жолдауында «Ұрпақ тәрбиесінде» дана болады, оның саулығына бітіміне және дүниеге көзқарасына қамқорлық жасайды. Ол бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманда нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Ол күллі әлемге әрі сыйлы, өз елінің патриоды болады деп атап көрсеткен. Бұл міндеттер Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында», «білім беру жүйесінің азаматтықпен, елжандылық, мемлекеттік рәміздерді сүйіспеншілікпен құрметтеуге, халықтың салт – дәстүрін қастерлеуге, әлемді және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқымен республиканың басқа ұлттарының әдет – ғұрыптарымен салт – дәстүрін зерделеуге» деп айрықша атап көрсетеді.

         Қазақта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген дана сөз бар. Сондықтан жеткіншек ұрпақтың өз халқының рухани  қазынасымен оның ұлттық тәрбиесімен әдет – ғұрып, салт – дәстүрмен тереңірек танысу қажеттігі бірініші орынға қойылып отыр. Өйткені өз халқының, әрі бүкіл адамзаттың өткенін білу, рухани  мұраларымен  сусындау   адамның жеке тұлғалық болмысын қалыптастырып, оны рухани    тұрғыдан кемелдендіретін  бірден — бір қажетті көрсеткіш болып табылады.

      Халықтың салт – сана, әдет – ғұрпы қай заманда болмасын ерекше тәрбие құралы болып келді. Бұл  жөнінде көптеген  ғұламалар пікірлерін білдіріп  кеткен.  Мәселен, Қазақ халқының салт – дәстүрі арқылы ұлтжанды,  рухани – мәдени толысқан ұрпақ тәрбиелеудегі маңызын  М.Жұмабаев атап  көрсетсе, дана  бабамыз  Бұқар  жыраудан  қалған  «Тәлім  ал,  тәлімді алсаң  тәлімгерің  ұлтының  салт  —  дәстүрімен,  ұлтының   қарапайымыдылығымен, мейірімділігімен  тәлім  берсін»- деп    айтып  өткен.

Бүгінгі күні қазақ халқының ұлттық мәдениетін қайта өркендету жағдайында жас ұрпақты ұлттық дәстүрмен тәрбиелеудің  қажеттілігі  туды.

Өйткені  халықтық салт – дәстүрдің ішінде бүкіл халықтың мінез – құлқы, болмысы, дүниетанымы,  мәдениеті, тілі мен діні,   өмір  сүру жолы, психологиясы топтасып жатыр. Бұл  құндылықтар қазіргі қоғамның күрделі өзгерісі кезеңінде жас ұрпақты әлемдік деңгейде оқытып, біліммен қамтамасыз ете отырып, тәрбиесін ұлттық етуде  ерекше тәрбие құралы болып саналмақ. Ұлттық тәрбие тек ұлттың салт – дәстүрі арқылы ғана берілмек.       Бұл орайда еліміздің көптеген педагог ғалымдары құнды еңбектер жазып, оны іс – жүзіне асыруды мақсат етіп келеді.

            Қазіргі  күні  мектепте оқу – тәрбие процесінде салт – дәстүрді пайдаланудың маңызы  ең алдымен  оның  халықтың тәрбие саласындағы тәжірибесімен амал жолдарымен, педагогикалық мүмкіндіктерімен етене таныстыратындығында,  екіншіден  жеке тұлға бойында қасиеттер жауапкершілік, инабаттылық, белсенділік, іскерлік сияқты қасиеттерді қалыптастрады.

Ал  енді  баланың бойына рухани азық болып,  жанына  нұр   құятын  қажетті   фактор — халықтың салт – дәстүрі.  Салт – дәстүрдің тәрбиелік мәнін ашу,  оны  жас  ұрпақ   тәрбиесінде пайдалану   бүгінгі   күнгі   уақыт талабынан  туындап  отырған мәселе.   Дегенмен  «Дәстүрдің  озығы  бар,  тозығы  бар»   деп  дана халқымыз   айтып кеткендей, көшпелі   өмір   тұрмысы жағдайында  ата  — бабаларымыз   дүниеге  әкеліп,   өз   қажетіне  орай  пайдаланып  өткен  салт —  дәстүрлердің   бәрін  бірдей   бүгінгі   күні  сол   қалпында  пайдаланамыз  деу  қате  болар еді.

      Мектепте  халықтық педагогиканы пайдалануды сабақтарда, сыныптан тыс жұмыстарда ұлтық салт- дәстүрлер жайында  әңгіме айтумен, үйретумен ғана шектесек, тақырыптық ертеңгілік, кеш, ойындарды қуалап кетсек, мұнымыз өзімізді де, балаларды да алдау болады. Ол үшін мектептің барлық оқу- тәрбие  жүйесін толығымен ұлттық негізде құрсақ, онда  рухани  —  мәдени  деңгейі  жоғары,  ұлттық мұрларымызды   шын  мәшнінде қастерелй  білетін  жа  ұрпақты  тәрбиелеген  болар  едік.

     Баланы оқыту мен тәрбиелеуде еуропалық үлгіге көзсіз еліктеген оқу жүйесінің кезеңі өтіп барады. Өйткені, әр егемен елдің басқа  ешбір елге ұқсамайтын өз ерекшелігі, өз  дүниетанымы, өзіндік тарихы, ұлттық сипаты бар. Ұлт бойындағы сипат сол ұлт өкілінің өзіндік тарихы қасиеті арқылы байқалады.  Ұлттың  өзіне тән қасиетінің сақталуы оның санасына байланысты. Сана мен сезімнің әсер етуі бір мезгілде жүзеге асырылуы тиіс.

    Қазақ халқы ғасырлар бойы  өз ерекшелігі бар  тәлім – тәрбие құралдары – халықтық педагогиканы   дүниеге әкеліп, қалыптастырды, осы мол мұраны қазіргі оқу – тәрбие процесіне  енгізу заман талабы.  Мектептердегі барлық  оқу – тәрбие процесіне  халықтық педагогика элементтерін енгізу  үшін  педагог мамандарды  ЖОО  халықтық педагогика жайлы біліммен сусындату  да   өте  маңызды. Сондай  —  ақ,  білімнің қайнар көзі оқулықта десек, осы оқулықтарды  ұлттық ерекшеліктерімізді ескере отырып қайта жазу    керек  дер  едік.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2030» Стратегиялық бағдарламасы.
  2. Табылдиев Ә. «Қазақ этнопедагогикасы» Алматы 2001ж.
  3. Қазақстан Республикасының білім беру заңы.
  4. Жұмабаев М. Педагогика Алматы, 1992ж.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ