Бастауыш сынып оқушыларына тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі мақсаттары

0

Қазіргі заманғы қоғамда адамнан тек политехникалық білімді болуын талап етіп қана қоймай, жоғары деңгейдегі мәдениет, ғылым мен   техниканың түрлі салаларында терең мамандануын ғана емес қоғамда өмір сүріп тіршілік ете білуді талап етеді. Баланың тұлғалық дамуының негізгі параметрлері оның жалпыадамзаттық құндылықтарға бағытталуы, ізгілік, зиялылық, кретивтілік, белсенділілік, жеке басының намыс сезімі, ой-пікірдегі тәуелсіздік болып табылады. Осы қасиеттердің даму деңгейі тұлғаның әлеуметтік қалыптасу мен әлеуметтік біліктілігінің көрсеткіштері деп қарастыру қажет.

Білім беру жүйесінің басты міндеті-жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін қажеттік жағдайлар жасау; баланың тәрбиелену, білім алу және жан-жақты қалыптасу, ана тілін, ұлттық салт-дәстүрді сақтау, ақпараттану, денсаулығын нығайту сияқты құқықтарын іске асыру болып табылады. Осы сияқты қасиеттерді бастауыш сынып оқушыларының бойында қалыптастыру мен дамыту Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің маңызды міндеті ретінде қарастырылады.

Бастауыш білім-үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білік-дағдыларын меңгертумен қатар табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы. Шығармашылық дегеніміз- баланың алдағы өмірінде кездесетін түрлі қиындықта өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Шығармашылықтың негізгі сипаты жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылу деп айтуға толық негіз бар. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттері оқу әрекетінде көрінеді де, даму өнімі оқуға құштарлық, қызығушылық болып табылады. Ол үшін сабақтан тыс жұмыстар, тәрбие сағаттары, үйірмелер, музыка , би, өнер мектептерінің алатын орны өте маңызды.

Тәрбие үдерісін жүргізуде қазіргі таңда мектептерде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері, педагог – ұйымдастырушы, аға тәлімгер, тәлімгер, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, әдіскерлер қызмет етуде. Штат саны көбейген сайын тәрбиесі қиын балаларымызда көбейіп бара жатыр. Олардың сабаққа еш зауқы жоқ, ешнарсеге қызықпайтын, тек компьютерлік ойындармен, теледидардағы атыс-шабыс кинолармен қоректенуі алаңдатпай қоймайды. Тапаншаның шүріппесін еш шімірікпестен баса салатын 9 сынып оқушылары, бірін-бірінің шашын жұлған, тепкілеген қаракөздеріміздің санынының көбеюі бүкіл қоғамның дерті.

Сондықтан баланы бастан деп, соның ішінде бастауыш сыныптарындағы тәрбие жұмыстарының сапасына көңіл бөлуді ұйғардық. Шымкент қаласындағы № 80 мектеп лицейінің 2 «Б» сынып оқушыларыын шығармашылыққа , дүниетанымын кеңейтуге, этика-эстетикаға тәрбиелеуде биылғы оқу жылында көптеген іс-шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз. Сынып жетекшісі Жолдасова Әшіркүл 25 оқушыға білім мен тәрбие беруде. Атап айтсақ, жыл бойында әрбір іс-шара өткізер алдын тесттер, өз ойларын жеткізу, әңгіме, анкеталық сұрақтар беру арқылы ойларын біліп, іс-шара өткізгеннен кейінгі баланың ойының қаншалықты өзгергенін, тәрбие сағаттарының бала санасына қалай әсер еткендігін тағы да жоғарыда аталған зерделеулер арқылы  байқап, балама жасап болашаққа жоспар құру көзделмекші.

Қазақстан Республикасының бірқатар білім беру ұйымдарында нақты әлеуметтік-педагогикалық жағдайларды ескеретін педагогтар мен ата-аналардың, оқушылардың сұраныстарына бағытталған тәрбие беру жүйесі құрылды және ол табысты қызмет көрсетіп келеді. Соның нәтижесінде жеке тұлғаға тәрбиелік ықпал жасаудың диапозоны кеңейді. Алайда, Республика аймақтарында тәрбие беру ісінде шешімі табылмаған көптеген проблемаларда жоқ емес:

  • тұлғаға қоғамдағы әлеуметтік жағдайлардан жаңа талаптар жүйесінің туындауы;
  • тәрбиенің мақсатын және басым бағыттарын белгілеуге мүмкіндік беретін нақты идеологиялық бағдар жеткіліксіздігі;
  • қоғамның әлеуметтік жіктелуі, қоғамның кірістер бойынша күрт қарама-қайшылануы; халықтың кейбір бөлігінің еңбек етпей табылған молшылықты дәріптеуі зияндық, әлеуметтік әділеттікке сенбеушілік сезімдерін тудыруы;
  • оқыту рөлінің жоғары бағаланып және қазақстандық жаңа ұрпақтың қалыптасуындағы тәрбие рөлінің толық бағаланбауы;
  • педагогтардың жалпы адамзаттық және жалпы мемлекеттік құндылықтарға жауапкершілікпен қарауды қалыпқа келтіру әрекеттері үнемі тиімді бермеуі;
  • әлеуметтік институт ретінде отбасының тәрбиелік рөлінің әлсіреуі;
  • адам өмірін аса маңызды құндылық ретінде бағаламау, салауатты өмір салтын қалыптастыру дағдыларының толық қалыптаспауы;
  • бұқаралық ақпараттар құралдарының жеке тұлғаны қалыптастырудағы кері ықпал етуі;
  • тәрбиенің жаңа парадигмасын ғылыми-әдістемелік жағынан жеткіліксіз қамтамасыз етілуі;
  • педагогтардың осы заманғы тәрбие технологияларын жеткіліксіз меңгеруі;
  • балалар мен жастардың қоғамдық ұйымдарының тәрбиелік потенциалы тиімділігінің төмендігі;
  • еңбек тәрбиесі мен кәсіби бағдар беру жүйесінің жоғалуы;
  • балалар мен жастар қызығушылықтары бірлестіктер жүйесінің шектеулілігі (клубтар, үйірмелер, секциялар т.б) және олардың іс-әрекеттерінің жеткіліксіздігі1;

Тәрбие – жеке тұлғаның санасына мінез құлқына, дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал.

Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесімен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым-қатынасын, өмірге көзқарасын және соған сай мінез құлқын қалыптастыру құралы.

Тәрбиелеу-халықтар бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дамыту. (Әл-Фараби)

Жоғарыда көрсетілген проблемаларға сүйеніп, жас ұрпақтың тәрбиесі осы заманғы қоғамды дамытудың және еліміз қауіпсіздігінің негізін мен мемлекеттік саясатын құрайтын басты стратегиялық міндеттер ретінде қаралуы тиіс.

Бүгінгі күні тәрбие мәселесінің жағдайына сай келетін білім алушыларды тәрбиелеудің жаңа тұжырымдамалары, ҚР Заңдары, Стратегиялық жоспарлары жасалынуда.

Ондағы мақсат – жас ұрпақтың тәрбиесіне бірыңғай көзқарас қалыптасрыу, Қазақстан Республикасында  балалар мен жастарға тәрбие беру міндеттерін шешудегі тәрбие үдерістеріне барлық субьектілердің іс-қимылдарын келістіру және сабақтастықты қамтамасыз ету.

Әр баланың жас ерекшелігіне , қабілетіне қарай тәрбие жұмыстарын жүргізу міндеті күтіп тұр. «Білім мен тәрбие негізі – бастауышта»  күйбің тірліктің арқауында жүріп, баларымыздың өміріне балта шауып қоймайық. Ізденіс, шын жанашырлық, мейірімділік секілді қасиеттер – бастауыш сынып мұғалімінің бойынан табылу тиіс қасиет болуы шарт.

Резюме

Главные цели в организации воспитательных работ для начальных классов

                                                         Summary

The principal tasks in organization of primary school educational work

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасы балалар мен жастарға тәрбие берудің тұжырымдамасы1 Алматы 1999 1-5 б
  2. Жалпы педагогика. Тілеуова С. 22-23 б
  3. Ахметов С. «Бастауыш кластарды білім берудің тиімділігін арттыру жолдары». – Алматы: Рауан, 1994 – 84 с

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ