Бала-бақшада бала денсаулығын нығайтудың маңызы

0

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев биылғы жылғы Жолдауында  «Салауатты  өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін,  ынтымақты жауапкершілік қағидаты, міне осылар  денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұмысындағы, мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс »-екенін атап көрсеткен.

Балалардың денсаулығын нығайтуда, спортқа әуестендіріп,күн тәртібі ережелерін сақтай білуге, жаңа инновациялық жолдар арқылы шынықтыру,                                                                                                                                                  салауаттылыққа  тәрбиелеу мектепке дейінгі мекеменің негізгі мақсаты.

Жан-жақты  физикалық жетілген және денсаулығы жақсы баланы өсіріп тәрбиелеу әрбір ата-ана мен балабақшаның міндеті.

Организимді шынықтыру бала денсаулығын күшейтудің ең негізгі жолы. Шынықтыру дене тәрбиесінің маңызды бөлігі, ол табиғи факторлардың үйлестірілген әсерлеріне жүйелі түрдегі  жаттығулар  арқылы орындалады.

Шыныққан бала аз ауырады, тәбеті мен ұйқысы жақсы,бітімі үйлесімді,әрі сымбатты  келеді және ауа-райының  кез келген жағдайында жеткілікті дәрежеде  серуендей алады.

Шынықтыру шаралары жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.Үзу немесе тоқтату салдарынан организмді шынықтыру барысында қалыптасқан бейімделу реакциялары жойылады.Сондықтан да,шынықтырудың жүйелілігі,яғни шынықтыру әрекеттері күнделікті кез келген мезгілде жүргізілуі тиіс.

Денсаулық табиғаттың берген құнды байлығы,оны бастапқы  күйде сақтау ол адамның жеке салауатты өмір сүруіне байланысты  екенін есте сақтай отырып, шынықтыру жұмыстары жергілікті жердің климаттық жағдайларына сай жүргізілуі  керек. Баланың  дене құрылысын шынықтырушы  іс- шаралар балаға  ұнап ,  жақсы эмоция тудыруы  мүмкін.

Балабақша педагогтары Кичко М.Е., Берикова Н., Логинова О.В  жасөспірімдердің денсаулығын  инновациялық жолдар арқылы нығайтуда  «Балабақшаға денсаулық үшін !» бағдарламасын өңдеп,іске асырды.Бағдарламада алға қойған мақсат.денені жан-жақты дамыту, дене құрылысын  шынықтыру, іскерліктерін қалыптастыру,денсаулық сақтайтын техналогияларды жүзеге асыру.

Жаңа инновациялық техналогиялар бойынша балалар Порфирий Ивановтың  төмендегідей әдістерін күнделікті шынықтыру шараларында пайдаланылды.

-Балаларға жалаң аяқ тұзды суға салынған алаша бойымен жүріп өту.

-Жалаңаяқ жүру

-Қабырғалы тақтай үстімен және қиыршық тастар үстімен жүріп өту.

-Ашық су қоймаларында шомылдыру.

-Денені ылғалды сүлгімен  ысқылап сүрту.

Біздің педагогтар бағдарламада

-«Хатка-йоги

-Шығыс жаттығуы Ци-Гун»

-«Тыныс алу жаттығуы»

-«Кинезиолог»

-«Артикуляция»

-«Фитбол» жаттығулары балаларға тиімді жолдар арқылы ұйымдастырылды.Сондай-ақ қаламыздағы  «Дельфин» атты жаздық бассейініне  шынықтыру саяхаты ұйымдастырылады.

Педагогтардың  кешенді жұмыс бағдарламасының құрылымына енетін қосымша материалдар баланың дене бітіміне,денсаулығына әсер етіп жан-жақты дамытып,баланы еңбексүйгіштікке,ептілікке  тәрбелейтіні сөзсіз.

«Дені  сау болса –дәулет сол» демекші балдырған балаларымыздың дендері сау,дене бұлшық еттері қалыптасқан,батыл болып өсуіне ата-аналармен  бірлесе отырып жұмыс жүргізілсе баланың қызығушылығы артады. Осы бағытта балабақша Елбасымыздың  айтқандай  «Шынықсаң шымыр боласың» насихат сөзіне сүйене отырып:

 -Эстафеталық ойындар

 -Әр түрлі кеңестер

 -Практикалық тәжиірбе

 -Дамытушы жаттығулар

 -Психожаттығулар тиімді және жоғары деңгейде  өтеді.

Балабақшада емдік – сауықтыру жұмыстары   әртүрлі шаралар арқылы өткізіледі:

 -фитотерапия

-кислород коктейлдер

-нүкте массажы

-табиғи факторлармен шынықтыру.

Жылдың барлық мезгілдерінде балалардың денсаулығына рацианалды тамақтануына ерекше көңіл болінуде. Балабақшада баланың денсаулығын нығайтуға барлық жағдай жасалынған, материалдық техникалық базасы жоғары деңгейде. Табаны күректей алты жыл бойы балабақша Сара Алпысқызы Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» курсын енгізу бойынша эксперементтік алаңда жұмыс жүргізді.  Республикалық, облыстық курс тыңдаушыларына бірнеше рет Порфирий  Ивановтың сауықтыру жүйесі туралы қызығушылық танытқан «Лугандық қарияның » ашық өсиетін оқып «Өз денсаулығыңды өзің түзеп үйреніп,өзіңмен-өзің толық түсінікте болуы  мүмкін бе?»деп ойлаған .Ивановтың өсиет іліміндегі жер бетіндегі әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыруды қажет  ететін, тек қана жақсы іс-шаралар жасауы керек. Осы курсты  жүргізу мақсатында ең алғаш су  құйыудан бастап, жүрегін өзін қоршаған адамдарға деген сүйіспеншілік әуеніне аударуға, жанның тазарып,тәннің жасарып,бұрын мазалайтын сырқаттардың одан сырт бере бастағанын сезіне білуіне байланысты ашық ұйымдастыру іс-әрекеті  жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сауықтыру жұмыстарының  жүйелі жүргізілуінің нәтижесінде  өткен оқу жылымен салыстырылғанда  биылғы  жылы  баланың  физикалық және функциялық дамуы жоғары, саматикалық тұмау ауру көрсеткіштері төмен   жұпалы және ішек аурулары мүлдем жоқ болған. Балақай, сенің бүкіл халыққа пайда келтірсем деген ынтаң зор. Ол үшін деніңнің сау болуыңа ден қой. Саған шын жүректен өтініш етемін, өз денсаулығыңды бекемдеу үшін менің  бірнеше ақыл кеңесімді тыңда деп Иванов  өз өсиетінде айтып өткен.

1.Өзіңді жақсы сезіну үшін күніне екі рет табиғи салқын суға түс. Көл, өзен,ванна болсын,тіптен себезгі қабылдау немесе су құйыну болсын,қалай да ретіне қарай суға түсе бер. Бұл сенің қағидаң. Ыстық суға шомылған соң суық су құйын.

2.Суға түсерде немесе суға түскен соң,егер мүмкін болса,табиғат аясынга шық,жалаң аяғыңмен жер бас,қыс кезінде тым болмаса 1-2 минут қар басып тұр. Аузыңмен бірнеше рет тыныс ал, сонаң соң іштей өзіңе және барша жұртқа денсаулық тіле.

3.Өзіңді қоршаған табиғатқа бауыр бас. Төңірегіңе түкірінбе және ештеңені тікіріп тастамайтын бол. Денсаулығыңа зияны тиер.

Мен барша жұртқа өтініш  етемін, жалынып-жалбарынам  еңсеңді тікте де табиғаттан өз орныңды тап.Табиғат ешкімге меншіктелмейді және ол ешқандай ақшаға да сатылмайды, алайда өзің жеңіл болу үшін,табиғаттағы ісің мен еңбегіңде қайырым мол болсын.Саған бақыт,жақсылық денсаулық тілеймін  деп өз өсиетін айтып өткен.

Саған жақсы болу үшін күніне екі рет табиғи салқын суға түс. Көл,өзен,ванна болсын,тіптен себезгі қабылдау немесе су құйыну болсын, қалайда ретіне қарай суға түсе бер.Бұл сенің қағидаң. Ыстық суға шомылған соң суық су құйын.Ұстаз өз өсиетінде «Суық судан қорықпаңыз» суық су дегеніміз шипалы да, табиғи да,қуатты ғой. Ол тәніңе жылу дарытады, мұның өзі тонмен тұмшаланған кезде болатын жылу емес, табиғи қалыптағы жылу» — ұстаз дұрыс айтқан. Суға түсерде немесе суға түскен соң, егер мүмкін болса, табиғат аясына шық, жалаң аяғыңмен жер бас, қыс кезінде тым болмаса 1-2 минут қар басып тұр. Аузыңмен бірнеше рет тыныс ал, сонаң соң іштей өзіңе және барша жұртқа денсаулық тіле. «Суық су организимді оятады, ауа ауруды қозғайды ал жер ауруды қабылдап алады» — дейді ұстаз.

Байқап отырғанымыздай, бүгінгі таңда педагогтар мен тәрбиешілерде тәрбиенің тәсілдері мен әдістері,сондай-ақ бүкіл тәрбие бағдарламаларын саралауың, оған белгілі бір жаңалықтар енгізудің мүмкіндіктері мол. Қазақстанда білім жүйесінің түрі ұлттық, мазмұны интернационалдық жаңа үлгісі жасалып, өмірде қолдануда. Жаңа талғам-талаптарды ескере отырып, бала тәрбиесінің бүкіл көп қыртысты жүйесі жасақталуда.Түпкі мақсат-адамның

Күтілетін нәтиже.

Ертеде шығыс ғұламаларына 10 жылдығын ойлаған тал өсіреді, 100 жылдығын ойлаған бала өсіреді  деп ертеде шығыс ғұламалары айтқандай, осындай  жұмыстардың жүйелі жүргізілуінің барысында жасөспірімдердің денсаулығы жан-жақты дамыған, салауатты өмірді насихаттаушы,ән ұранымызды шырқатып, көк байрақты желбірететін салауатты өмір салтына лайық,талабы мен жүрегінде  оты бар  балалардың үмітіне дәнекер  болып жатсақ қана,егеменді еліміздің ертеңі болар жас ұрпақ тәрбиелей аламыз  дегендей осындай жұмыстардың жүйелі жүргізілуінің барысында ғана біз баланың денсаулығы жан-жақты дамыған, салауатты өмірді насихаттаушы, «Нұрын,сырын көруге,көкірегінде болсын көз»дегендей талабы мен жүрегінде оты бар балалардың үмітіне дәнекер болып жатсақ қана Егеменді еліміздің ертеңі болар жас ұрпақ  тәрбиелей аламыз.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ