Сақтандыру нарығының қазіргі жағдайы

0

Нарықтық эканомикаға өту жағдайында тауар өндірушінің мүліктік қызығушылығын қорғау тек қана сақтандырудың көмегімен мүмкін болады.Себебі нарықтық эканомика  үшін  сақтандыру  тәуекелдігігінің неғұлым жоғарғы деңгейі тән. Сондықтан сақтандыру болатын шығынды немесе зиянды қалпына келтірудің тиімді  әдісі болып табылады.Соңғы түскен мәліметтерге сүйенетін болсақ жалпы сақтандырудың қазіргі жағдайы бұрынғыға қарағанда жақсарды деуге болады. Біздің елімізде соңғы жылдары сақтандыру жақсы дамып келе жатыр.

Сақтандыру сыйақылары.

 

Сақтандыру сыйақыларының түсімі

01.09.2006 ж. 01.09.2007 ж 01.09.2006 жылмен салыстырғандағы өзгеріс
Сомасы Үлесі % Cомасы Үлесі %
Барлығы, оның ішінде 76121,4 100,0 101472,8 100,0 33,3
Міндетті сақтандыру 10751,2 14,1 13617,5 13,4 26,7
Ерікті жеке сақтандыру 7584,4 10,0 11155,6 11,0 47,1
Ерікті мүлікті сақтандыру 57785,8 75,9 76699 75,6 32,7

Сақтандыру сыйақыларының  еңбек міндеттемелерін 8 ай ішінде сақтандыруды орындауда келісім-шарт бойынша ұйымдармен қабылданған сақтандыру сыйақыларының жиынтық көлемі. 37,6% (5122,7 млн теңге)  Сақтандыру сыйақыларының түсімі 2007 жылғы меншіккерлердің азаматтық құқықтық жауапкершілік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйақыларының түсімі 101472,8 млн теңгені құрады, ол 2006 жылда жиналған соммадан 33,3 % көп мөлшерде.Кестені қарастырған кезде міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйақыларының мөлшері  өткен жылдың аналогтік көрсеткішін 26,7 %-ға көбейді. Ерікті жеке сақтандыру бойынша 47,1%-ға, ал ерікті мүліктік сақтандыру бойынша 32,7%-ға өскен.

2007 жылдың 1 қыркүйегіндегі сақтандыру сыйақыларының сақтандыру кластарына байланысты құрылымы бойынша мыналарды атап көрсетуге болады:

— міндетті сақтандыруда – 42,0 % (5723,4 млн теңге) көлік жұмысшыларының денсаулығына және өмірге қауіп төндіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық құқықтық міндеттемелерін сақтандыру бойынша, 6,9%(944,9 млн теңге) – үшінші тұлғаға қауіп төндіру қаупі бар объект иелерінің азаматтық құқықтық міндеттерін сақтандыру бойынша;

— ерікті жеке сақтандыруда 43,2%(4819,3 млн теңге) сақтандыру сыйақыларының түсуі мүлікті сақтандыруға, басқа да қаржылық шығындарды сақтандыруға – 27,3% (20978,1 млн теңге), мүлікті сақтандыруға ( автомобиль, ауа, теміржол, су транспорты және жүктерді сақтандырудан басқа)  — 18,7%(14320,0 млн теңге, азаматтық құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша ( автомобиль, ауа және су транспорты иелерінің азаматтық құқықтық жауапкершілігінен басқа ) .

Сақтандыру салалары бойынша жинақталған сақтандыру сыйақыларның көлемі келесідей түрде берілген.

Өмірді сақтандыру саласы. 2007 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша өмірді сақтандыру саласы бойынша сақтандыру сыйақыларының мөлшері 3206,2 млн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың аналогтік мерзіміне қарағанда 42,7 % көп. Өмірді сақтандыру саласы бойынша сақтандыру сыйақыларының бөлігі есеп беру мерзімінде  2006 жылдың 1 қыркүйегінде3,0%  қарсы 3,2% құрады.

Жалпы сақтандыру саласы. Жалпы сақтандыру саласы бойынша 2007 жылы 8 ай ішінде жиналған сақтандыру сыйақысының көлемі 98266,6 млн теңгені, яғни 2006 жылға қарағанда 33,3%-ға көп мөлшерді құрады.

Қайта сақтандырылуға берілген сақтандыру сыйақыларының  көлемі 42595,5 млн теңгені құрады, ол немесе жиынтық сақтандыру сыйақыларының  көлем інің мөлшеріне қарағанда  42,0%-ды құрайды. Сонда резидент еместерге қайта сақтандыруға жиынтық сақтандыру сыйақыларының  көлеміне қарағанда 29,6% берілген.

Қайта сақтандыру.

Жалпы сақтандыру ұйымдарының шешімімен келісілген сақтандыру сыйақыларының  соммасы 13545,0 млн теңгені құрайды. Резидент еместерден қайта сақтандыруда келісілген сақтандыру сыйақыларының соммасы 2505,8 млн теңгені құрады.

Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйақыларынң жалпы соммасы негізгі бөлігін мүлікті сақтандыру бойынша – 93,6 %, ерікті жеке сақтандыру бойынша – 2,0%, міндетті сақтандыру бойынша – 4,4 % құрады.

Сақтандыру төлемдерінің жалпы көлемі 2007 жылы 8 ай ішінде келтірілген көрсеткішке сай 26878,82 млн теңгені құрады. Ол өткен жылға қарағанда 3,7 есе өскен. Соған, қарамастан қайта сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің бөлігі қайта сақтандыру ұйымдарына қарағанда 14,2 %(3825,7 млн теңге) құрады.

Берілген сақтандыру төлемдерін қарастырған кезде 2007 жылдың 1 қыркүйегіндегі көрсеткіштерге сәйкес мынаны көрсетуіміз керек:

  • міндетті сақтандыруда – транспорт құралдарының иелерінің азаматтық құқықтық сақтандыру міндеті бойынша төлемдер 59,1% (2081,2 млн теңге) , еңбек міндеттемелерін орындау кезінде жұмысшының өміріне және денсаулығына қауіп төндіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандыру юойынша – 32,3%(1138,2 млн теңге), өсіру шаруашылығы бойынша сақтандыру-7,5%(264,6 млн теңге) болды.
  • Ерікті жеке сақтандыруда – ауырған жағдайда сақтандыру төлемінің мөлшері 72,8% (1812,2 млн теңге), апатты жағдайда сақтандыру 13,1%(326,9 млн теңге) құрады.
  • Ерікті мүлікті сақтандыруда – 89,0% (18579,7 млн теңге) сақтандыру төлемі басқа да қаржылық шығындарды сақтандыруға, 5,5% (1156,1 млн теңге) автомобиль көлігін сақтандыруда, 3,0% (624,4 млн теңге) жүктерді сақтандыруда жұмсалған.

2007 жылы 8 ай ішінде келтірілген сақтандыру төлемдерінің жалпы соммасының ішінде сақтандыру төлемінің ең көп мөлшері қаржылық шығындарға  төлемдердің жиынтық соммасына қарағанда – 69,1% келеді.

2007 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының  сақтандыру нарығыннда 41 ұйым (соның ішінде 6 —  өмірді сақтандыру бойынша, 10 —  Қазақстан Республикасының резиденттері емес қатысушыларының қатысуымен), 14 сақтандыру брокерлері және 39 актуарилер лицензияландыру қызметін атқарған.

2007 жылдың тамыз айында Агенттік атынан «” Cinco Group Central Asia” Сақтандыру брокері» ТОО сақтандыру брокерініңи қызметін жүзеге асыру құқығылицензиясы шығарылды.Есепті мезгілде 33 сақтандыру ұйымы «Сақтандыру төлемдерінің кепілдік қоры» АҚ-ның мүшесі болды.

Капитал. 2007 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдайға байланысты ұйымның меншікті капиталын сақтандырудың жиынтық мөлшері 107720,3 млн теңгені құраған.

Активтер. 2007 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдайға байланысты  ұйымның активтерінің жиынтық мөлшері 179333,4 млн теңгені құрады бұл көрсеткіш 2006 жылдың 1 қыркүйегіндегі көрсеткіштен 61,3% көп болды, соның ішінде:

Сақтандыру нарығының концентрациясы.

Қарастырыған мезгілде сақтандыру сыйақылары және сақтандыру төлемдері бойынша сақтандыру нарығының концентрациясының деңгейінің өсуі байқалады. 5 ірі сақтандыру компаниясына 54,0% жиынтық сақтандыру сыйақылыры және 77,9% сақтандыру төлемдері келеді. Сақтандыру нарығындағы жиынтық активтердің мөлшері 5 ірі сақтандыру компанияларында 71613,2 млн теңгені құрады.Ол өткен жылға қарағанда 49,6% көп. Сақтандыру келісім шарттары бойынша келісілген міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін сақтандыру ұйымдарының көмегімен құрылған сақтандыру  резервтерінің мөлшерінің көлемі есепті мерзімде (қайта сақтандыру) және қайта сақтандырғанда 62670,8 млн теңгені құрады. Ол 2006 жылдың 1 қыркүйегіндегі құрылған резервтерге қарағыанда 52,4% көп. Есепті мерзімдегі қайта сақтандырушының сақтандыру резервтеріндегі бөлігі 31086,4 млн теңгені құрады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. 2006-07 жж.Республикалық және жергілікті мерзімдік басылымдар
  2. Маянлаева Г.И. «Теория и практика страхового дела» — Алматы 2005 г.
  3. Маянлаева Г.И. «Организация страхового дела в РК» — Алматы, 2000 г.
  4. Жуйриков К.К., Назарчук, Жуйриков Р. «Страхование: теория, практика, зарубежный опыт» — Алматы, 2001 г.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ