Қазақстан – Ресей: Ұлы көрші, берік достық

0

Қазақстанның тәуелсiз өркендеу жылдары оның басқа мемлекеттермен сыртқы байланыстарының жаңа мағынада және мазмұнда орнығуымен, дамуымен сипатталады. Мемлекетiмiз аз ғана тарихи мерзiм iшiнде көп ғасырлық тарихын жаңғыртуы, қазiргi дүниедегi өз орнын анықтауы, ұлттық айқындаманы белгiлеуi, iшкi және сыртқы саясатындағы басым бағыттарды айқындауы үстiнде.

Қазақстан – халықаралық қауымдастық толық мойындаған тәуелсiз мемлекет. Елiмiз ең алдымен жақын көршiлермен – Орталық Азияның жаңа тәуелсiз мемлекеттерiмен, бұрынғы Кеңес Одағының басқа республикаларымен және Ресеймен мемлекет аралық қатынастардың толыққанды жүйесiн жасап, дамытуы аса маңызды iстердiң бiрi болмақ.

Бұл туралы республикамыздың тұңғыш Президентi: “бiз барлық көршiлерiмiзбен орныққан өзара ынтымақтастық пен адал әрiптестiктi қастерлеймiз және оны алдағы уақытта да еселей беретiн боламыз. Бүгiн де әр мемлекеттiң қауiпсiздiгi бүкiләлемдiк жа¿андық қауiпсiздiктiң сақталуына тiкелей байланысты” [1].

Тәуелсiздiктi алған кезден бастап-ақ қазақстан Республикасы Ресеймен тату көршiлiк қатынастарды орнату қажеттiгi туралы қорытындыға келдi. Бұл жаңа тарихи жағдайларда екi мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынастың үлгiсiн жасау туралы едi. Яғни, қазақстанның сыртқы саяси стратегиясында Ресеймен ынтымақтастыққа бiрiншi дәрежелi назар аударылады [2].

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев көрсеткендей: “Ресей бiздiң басты стратегиялық әрiптесiмiз, онымен “айрықша қатынаста” болу қазақстанды өркендетудiң аса маңызды күнделiктi мiндеттерi мен алдағы мiндеттерiн неғұрлым ойдағыдай шешуге мүмкiндiк бередi”  [3].

қазақстан мен Ресейдiң қарым-қатынасына тарихи зерттеу жүргiзетiн болсақ, ол сонау ХVI-ХVII ғасырларда басталады. ХVII ғасырмен ХVIII ғасырдың 80-шi жылдарына дейiн сол кездегi қазақ хандығының астанасы – Түркiстан қаласы көптеген елдердiң елшiлiгiн қабылдаған. 1694 жылы Тәуке ханның Ресей патшасы елшiсiн қабылдауы қазақ хандығының дипломатиялық iс-әрекеттерiн толық көрсетедi. 1771 жылы Абылай хан тұсында екi ел арасындағы достық және одақтастық тұрғысынан келiсiмдер бекiтiлген. Бiрақта сол кездегi уақыт және жағдайларға байланысты, қазақ хандығының билiк үшiн болған тынышсыздығының әсерi қазақстан территориясының Ресей империясына кiруiнiң, яғни ХVIII ғасырдың соңғы он жылындағы мен ХIХ ғасырдың басында соңғы толқыны болды.

Қазақ хандары Керей мен Жәнiбектен бастап Кенесарыға дейiн ХVIII-ХIХ ғасырлары қазақтардың ұлт-азаттық көтерiлiс басшылары Ресей патшалығымен тең дәрежедегi достық қатынастағы қазақ мемлекетiн құру мақсатында күрескен едi. Кейiннен патшалық билiктiң құлауы, қазақстанның егемендiгiнiң бастамасы болуына мүмкiндiктер туғызды, нәтижесiнде 1920 жылы РСФСР құрамында қазақ АССР құрылды. Ал 1936 жылы қазақ КСРО-i болып қайта құрылды.

1944 жылы 13 сәуiрде қазақ КСР-iнiң сыртқы iстер ұлттық комиссариаты, 1946 жылы қазақ КСР-iнiң сыртқы iстер министрлiгi болып қайта құрылған болатын, бiрақ сол уақыттағы алып КСРО империясының сыртқы iстер министрлiгi өзектi және басым мәселелердi өздерi атқаратын. Сондықтан да қазақ КСР-ның сыртқы саясаты көптеген мәселелер бойынша шектелген едi. қорыта айтқанда, қазақстанның толық қанды сыртқы саясаты әрине КСРО-ның ыдырауынан кейiн 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсiздiк алғаннан кейiн айқындалды.

ХХ ғасырдың аяғында әлем тарихындағы аса iрi оқиға Кеңес Одағы өмiр сүруiн тоқтатты. Сол уақытта одақтас мемлекеттер өздерiнiң жай-күйiн анықтауда бiраз қиыншылықтарға кездесiп, оны шешу жолдарын iздестiрдi.

Сонымен, 1990 жылы 25 қазанда қазақстан Жоғарғы кеңесi қазақ КСР-ның мемлекеттiк егемендiгi жайында Декларациясын қабылдады. Ресей Федерациясы қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiн 1991 жылы 17 желтоқсанда мойындады. ±зақ уақыт Ресей отары болған қазақстан үшiн мұның зор маңызы бар едi. Жалпы қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi үшiн 15 жыл тарихи уақыт тұрғысынан өте қысқа екендiгi сөзсiз. Бүгiнде қазақстан әлемге негiздi және ашық сыртқы саясаты бар мемлекет ретiнде танылды.

Соның iшiнде алып көршiмiз Ресеймен қарым-қатынастың өзгеше маңызы бар екенiн ерекше айтуымыз керек. қазақстан мен үлкен көршi Ресейдiң өзара қарым-қатынастарының жағдайлары жыл сайын жақсарып келедi. Елбасымыз оның 1992 жылы 16 мамырда “қазақстанның егемендi мемлекет ретiнде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы” атты еңбегiнде: “Ресеймен қарым-қатынаста болу арқылы бiз онымен қажеттi жағдайда өзара қауiпсiздiк туралы келiсiп, ұзақ мерзiмге шарт жасауға тырысуымыз керек, мұнда Ресейдiң де бұл мәселеге мүдделi екенiн ескеруiмiз тиiс екендiгi, сондай-ақ, республикаға елiмiздiң егемендiгi мен аумақтық тұтастығын қорғайтын жауынгерлердi дайындықтан өткiзетiн қаруланған армияның қажеттiлiгi” баса айтылды.

Ендi қазақстан мен Ресей өкiлдерi арасындағы тәуелсiздiк жылдарындағы кездесулер мен келiсiмдер хронологиясына көңiл аударайық.

Отандық және шетелдiк тарихнамада қазақстан – Ресей қарым-қатынастарын кезеңдерге бөлу мәселесiне қатысты бiрнеше көзқарастар бар. Мұны осы үлкен елде елшi болып қызмет атқарған Т. А. Мансұров көрсеткендей қазақстан мен Ресей екi жақты ынтымақтасу кезеңiн былай жiктеуге болады:

  1. Мемлекетаралық қатынастардың құқықтық негiздерiн қалыптастыру (1991 жылғы тамыз – 1992 жылғы мамыр);
  2. Саяси, экономикалық және әскери салаларда екi жақты ынтымақтастықтың негiзгi бағыттары мен нысандарын белгiлеу (1992 жылғы мамыр – 1994 жылдың соңы);
  3. ТМД шеңберiндегi интеграциялық процестер арнасында екi жақты ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету (1995 жылдан бастап осы уақытқа дейiн).

1991 жылдың тамыз айындағы қазақстан мен Ресей Президенттерiнiң кездесуiнде бiрнеше құжаттарға қол қойылды. Олардың бастысы – екi мемлекеттегi көптеген мәселелердi шешетiн, экономикалық кеңiстiк жөнiндегi келiсiм едi [4].

Ресей Федерациясы мен қазақстан 1992 жылы 25 мамырда “Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы” шартқа, 1994 жылы 28 наурызда “Кiрiгу мен экономикалық ынтымақтастықты одан әрi тереңдету туралы” бiрлескен Декларацияға, 1995 жылы 20 қаңтарда “қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейтiп, тереңдету туралы” бiрлескен Декларацияға, 1998 жылы “қазақстан Ресеймен мәңгiлiк достық пен одақтастық туралы” Декларацияға қол қойды. Оларда мемлекеттiк егемендiктi және аумақтық тұтастықты өзара сыйлау, күш қолданбау, мәселелердi бейбiт шешу, теңдiк және бiр-бiрiнiң iшкi iстерiне қол сұқпау, адам құқығын жүзеге асыру принциптерiн басшылыққа алатындарын жариялады.

1999 жылы қыркүйек айында Мәскеуде қазақстан мен Ресей делегациясының екi ел арасындағы шекараны делимитациялау мәселесiне арналған бiрiншi кеңесi болып өттi. қазақстан Республикасы өз тәуелсiздiгiне қол жеткiзгеннен кейiн, өз территориясын, көршi елдермен шектесетiн мемлекеттiк шекарасын анықтай бастады. Көршiлес мемлекеттермен шектесетiн ортақ шекарамыздың ең ұзыны Ресей Федерациясымен жалғасатын Солтүстiк бағыттағы ортақ шекара. Екi ел арасындағы созылып жатқан шекара сызығының ұзындығы шамамен 7591 шақырымды құрайды [5].

Яғни, қазақстанның сыртқы саяси стратегиясында Ресеймен ынтымақтастығына бiрiншi орын берiледi. Олардың ынтымақтастығын дамытуға жол ашатын бiрнеше факторлар бар. Бұл ортақ тарих, екi елдi жалғап жатқан әлемдегi ұзын шекара, халықтардың ғасырлар бойғы рухани-мәдени байланыстары, сондықтан тату көршiлiк пен тең құқықтық ынтымақтастықтан басқа қандай да бiр өзге саясат екi мемлекеттiң түбiрлi мүдделерiне қайша келедi.

Осы тұрғыда Ресей Федерациясының Президентi В. Путиннiң 2000 жылы 9-10 қазанда болған қазақстан Республикасына ресми сапары екi мемлекеттiң тату көршiлiк және стратегиялық әрiптестiгi бағытының сабақтастығын, сондай-ақ екi жақты ынтымақтастықтың нақты проблемаларын шешуде iлгерi жүрудiң өзектiлiгiн ашып көрсеттi.

Сауда – экономикалық, отын – энергетикалық, мәдени-гуманитарлық, көлiк – коммуналдық, әскери-техникалық және ғарыштық салалардағы өзара ынтымақтастықты нығайту келiссөздердiң негiзгi тақырыбына айналды.

2003 жылы Ресейде қазақстан жылының жариялануы және 2004 жылы қазақстанда Ресей жылының өткiзiлуi екi мемлекеттiң интеграциялық дамуына елеулi әсер еттi.

Сонымен, қазiргi таңда Мәскеу Астананың стратегиялық әрiптесi. Бiрiншi мұнай өнiмдерiн басты тұтынушы ел ретiнде қазақстан мен Ресейдiң қазақ мұнайын Ресей территориясы арқылы әлемдiк нарықтағы экспорттау саласындағы ынтымақтастығы да нәтижелi болуда. Екiншiден сауда, коммуникация, көлiк және қауiпсiздiк салаларында Ресей қазақстандағы iшкi тұрақтылыққа бiрден-бiр әсер ете алатын ел.

Сонымен, Тәуелсiз қазақстан республикасы саясатының мақсаты – екi ел үшiн де дәстүрлi, өзара тиiмдi сауда, экономикалық, саяси және мәдени байланыстарды үзбей, өзiнiң шынайы мемлекеттiк тәуелсiздiгi мен егемендiгiн, бұрынғы империкалық орталықпен тең құқылы қарым-қатынас қамтамасыз етуге кепiлдiк беретiн күштер мен қарым-қатынас тепе-теңдiгiн қалыптастыру; сонымен қатар, Ресейдiң қазақстанға деген мүдделерi де өте жоғары;

Экономикалық көлiк және қатынас жүйелерiнiң тығыз байланысып кетуi;

Ресейдiң металлургиялық және химия өнеркәсiбiне қажет көптеген шикiзат түрлерiнiң қазақстаннан алынуы;

қазақстандағы Ресейдiң әскери өнеркәсiп объектiлерiнiң болуы;

қазақстанның геосаяси жағдайы (қытай және Орталық Азия мемлекеттерiмен шекаралас орналасуы);

қазақстанда орыс ұлтының көп тұруы.

қазақстан – Ресей қарым-қатынасы олардың мүдделерiнiң толық сәйкес келетiнiн айқындайтын: “қазақстан Ресейсiз iлгерiлей алмайды, бiрақ Ресейдiң де қазақстансыз iлгерiлеуi қиын” деген қарапайым тұжырымнан көрiнедi [6].

Жоғары деңгейдегi басшылардың кездесулерiнен және байланыстарынан қуат алған, жан-жақты дипломатиялық жұмыстарының нәтижесiнде қазақстан мен Ресей өзара тиiмдi ынтымақтастықтың бұрын-соңды болмаған әлеуетiн құрды және мәңгiлiк достастықпен байланысқан стратегиялық әрiптестiкке қадам басуда.

қазақстан мен Ресей президенттерi бекiткен бiрлескен iс-қимыл жоспары арасында жүзеге асырылуға тиiс жұмыстардың ауқымы өте кең.

Саяси салада – жоғары деңгейдегi үнқатысуды нығайту, парламенттер, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар арасындағы байланыста дамыту;

Экономикалық салада — қазақстан мен Ресей арасында 2007 жылдан кейiнгi кезеңге арналған экономикалық ынтымақтастық қол қоюға дайындық, 2008 жылға жоспарланған қазақстан – Ресей iскер топтарының форумын өткiзу, мемлекеттiк органдар тарапынан Еуразия Даму банкiне қолдау көрсету. 2007-2008 жылдарға арналған iс-қимыл жоспарында сондай-ақ отын-энергетика, көлiк, шекаралас өңiрдiң ынтымақтастығы, төтенше жағдайлар салдарын жою мақсатында бiрлесе әрекет ету, тағы да басқа мәселелер бар. Жоспарда бұдан бөлек екi елдiң әскери және әскери-техникалық ынтымақтастығын тереңдетуге бағытталған бiрқатар жайлар қозғалған.

Бұл, соңында, жан-жақты даму мен ресейлiк және қазақстандық азаматтарының өмiрлерiнiң жақсаруы, игiлiгi жолында жүзеге аспақ. Осы орайда терең тарихымызбен тамырлас көршiмiзбен тату да еркiн ынтымақтастықта болу, мемлекетiмiзге қалайда оң және тиiмдi әсерiн айқындатпақ. Яғни қазақстан мен Ресей мәңгiлiк татулық, өзара көмек, көпқырлы байланыс, жоғарғы деңгейлi қарым-қатынас және де мықты ынтымақтастыққа жол бастай бермек, әрi жалғаса бередi деген нық сенiмдемiз.

Әдебиеттер:

[1] Назарбаев Н.Ә. қазақстанның егемендi мемлекет ретiнде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. Мына кiтапта: “Тәуелсiздiгiмiздiң бес жылы”. Алматы: “Өнер”, 1996, 103-132 беттер (640).

[2] Мансұров Т. А. қазақстан және Ресей: егемендену, кiрiгу, стратегиялық әрiптестiк. Алматы. 1999 ж. 5-17 б;

[3] Назарбаев Н.Ә. “ªасырлар тоғысында”. Алматы: Өнер, 1996 ж. 260-275 б;

[4] Султанов К. “Реформы в Казахстане и Китае. Особенности. Сходства. Различия. Успехи. Проблемы, поиски, решения”. Алматы ОФ. “Бис” 2001. 209-210 беттер;

[5] Берiк шекара – iрге бүтiндiгiнiң басты кепiлi “Егемен қазақстан” газетi, – 22 қаңтар, 2005 ж.

[6] Тоқаев К. К. Дипломатия РК. Астана: Елорда 2001 ж. 71 б;

[7] “Егемен қазақстан” газетiнiң тiгiндiсi, 2007 жыл.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ