Интербелсенді әдістерді математиканы оқыту әдістемесі пәнінде қолдану жолдары

0

Әрбір сабақ  мұғалімнен үлкен қажырлы еңбекті, ізденісті, шеберлікті, шығармашылықты қажет етеді. Әйтпесе оқытуда қажетті нәтижеге жету мүмкін емес болар. Сонымен бірге тартымды сабақтың, ондағы оқушыларға берілген сапалы білімнің кепілі – оқытудың тиімді тәсілдерін қолдануында да дер едім. Қазіргі уақытта өздерімізге белгілі сабақтарымызды пайдаланып жүрген жаңа технологиялардың бірі  — сын тұрғысынан ойлау. Бұдан бірнеше жыл бұрын, оқу үрдісіне енгізілгеніне көп болмаса да, қандай пәнде болмасын, соның ішінде математика пәнінде де СТО-ның тиімділігін байқау қиын емес. Атап айтар болсақ:

  • Оқушылардың өздігінен жан-жақты білім алуына жағдай жасалады.
  • Сабақ кезеңінде уақытты ұтымды пайдалану. Оқушылардың өзара пікір алысуына мүмкіндік.
  • Мұғалім мен оның оқушылары арасындағы ізгілік қарым қатынастар орнауы және т.б.

СТО-ға құрылған бір сабақтан мысал келтірейік. Бұл сабақтың бір ерекшелігі мен осы сабақтан кейін мұғалім үшін БҮҮ картасын құрдым. Әдетте біз бұны балалардан талап етеміз. Сонымен сабақ туралы.

Сабақтың тақырыбы: Натурал сандарды қосу және азайту.

Мақсаты:                      Натурал сандар туралы түсінікті жүйелеу.

Қосу (азайту) амалдары заңдарын есептер шығарғанда қолдана білу.

Сабақтың міндеттері:   Оқушылардың натурал сандарды жазу және оқу іскерлігін бағалау, жетілдіру.

Оқушылардың қосу және азайту амалдарын қолданып есептеу қабілеттерін дамыту.

         Сынып оқушыларының сыныпта отыру және жұмыс жасау тәртібі төмендегідей болды.

            Бұл сабақта оқушылар топпен жұмыс жасады. Әр оқушының жеке номері болды. (№1, №2, №3, №4). Яғни, әр оқушы өзіне берілген тапсырманы бірінші жеке орындайды, кейін топпен бірлесіп тексеріп және де үшінші қадам өзі  шығарған және топпен пікірлесіп талқылаған есептерін басқа оқушыларға түсіндіріп жеткізуге мүмкіндік алады[1]. Бұның өзі сабақта оқушылардың бір тапсырмамен шектеліп қалмауына мүмкіндік берсе, мұғалім үшін өтіліп отырған материалды толық қамтуға мүмкіндік береді.

Оқушыларға берілген тапсырмалар төмендегідей:

№ 1 оқушы.

  1. Мына сандарды қандай топтарға бөлуге болады:

500, 9, 700, 100, 45, 0, 3, 90, 200, 77, 300, 6, 22, 2.

  1. 6345 санын разрядты қосылғыштардың қосындысына жікте
  2. Амалды орында: (247-189)*(69+127)
  3. Дүкенде барлығы 17000 теңгелік мата бар. Одан 2890 теңгеге мата сатылды, 1м матаның бағасы 85 теңге. Дүкенде неше метр мата қалды[2]?

№ 2 оқушы.

  1. Өрнек құр және оның мәнін тап:

370 пен 320-ның 150 мен 90-ның айырмасын қос.

  1. Мына сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеп жаз: 812; 1950.
  2. Теңдеуді шеш: 879-х=442
  3. Санжардың апасы әр қайсысы 5 килограмнан 105 кг табан балық әкелді. Ол неше балық әкелді?

№ 3 оқушы.

1.Сандарды цифрлармен жаз: алты жүз жетпіс тоғыз; алты жүз жетпіс; алты жүз;

  1. Есепте: (600-364):(22-18)
  2. Өрнек құр және оның мәнін тап: 589 бен а-ның айырмасынан 265-ті азайт, мұндағы а= 324; 0.
  3. Бір стакан құмшекер 200г тартады, ал бір стақан бидай ұны одан 40г жеңіл. 640г бидай ұны неше стақан болады?

№ 4 оқушы.

1.Сандарды жаз: тоғыз жүзд. алты онд. жеті бірліктен құралатын; тоғыз жүзд. алты онд.нөл бірліктен құралатын.

  1. Теңдеуді шеш: Х+397= 100-603
  2. Есепте: (299+465):(903-899)
  3. Қоймада 86 қап қант бар еді. Түске дейін дүкендерге 16 қап, ал түстен кейін 28 қап қант жөнелтілді. Қоймада неше қап қант қалды[3]?

Бұндай топтастыру нәтижесінде оқушы біріншіден, өзінің тапсырмасын жеке дара тиянақты орындауға тырысады. Екіншіден, басқа топ мүшелерінің есептерінің мәтінімен танысып, оларды да бірігіп шығаруға  ынталанады. Үшіншіден оқушылар өзара өздерінің шығарған есептерін сараптап, тексеруге мүмкіндік алады. Сабақтан кейінгі талдау кезеңінде өзіме мынандай сұрақтар қойдым:

  • Сабақта берілген есептердің мазмұны қандай болды (қиын, жеңіл)?
  • Берілген есептердің мөлшері.
  • Әрбір топқа немесе жеке оқушыға дайындыққа берілген уақыт жеткілікті болды ма?
  • Кейбір жекеленген оқушылар неге өз дәрежесінде тапсырманы орындай алмады?

Бұндағы мақсат: мұғалім өзі үшін осы сабақта оқушылардың жіберген қателіктерін жүйелеу, қандай тақырыптар бойынша келесі сабақта қайталау жұмыстарын жүргізу керек екендігін айқындау. Осы тақырып бойынша оқушылардың міндетті білім деңгейін анықтайтын тапсырмаларды анықтап, өз бетімен жұмыстың мәтінін құру. Сонымен сабақтың қорытындысы бойынша «Мұғалімге арналған БҮҮ» пайда болды[4].

Б Ү Ү
Натурал сандар туралы түсінікті жүйеле.

Қосу амалының заңдарын есептер шығарғанда  қолдана біл.

1. Разрядтық қосылғыштарға жікте: 65, 356, 1295, 7050.

2. Қосындыны тап: 0+а;

В+0.

3. Салыстыр: 60406 және 6298; 938091 және 938113.

4. Өрнектің мәнін есепте: 6792+(456+728)

1. Көп таңбалы натурал сандарды жазуға және оқуға.

2. Қосындыны табу кезінде оқушылар қосу заңдарын қолдана отырып, қолайлы тәсілмен есептеуге керек екенін ескермейді, тек рет кезек бойынша қоса береді.

3. Санды разрядтық қосылғыштарға жіктеуге берілген тапсырмаларды орындауға мән беру керек.

Алу амалының ережелерін қолдану, практикалық есептер шығару. 1.Айырманы тап: 350609-9536.

2. Бірінші кесіндінің ұзындығы 15 см, екіншісінің ұзындығы 7см. Бірінші кесінді екінші кесіндіден қанша см ұзын?

3. Амалды орындап, дұрыстығын қосу азайту амалдары арқылы тексер: 9793769-876983.

4. Мотоциклші 30км/сағат жылдамдықпен  жүргенде 150км жолға қанша уақыт жұмсайды? 50км/сағат жылдамдықпен жүрсе ше?

1. Айырманы қосу және азайту арқылы тексеру  оқушыларға көп түсінік қажет етеді.

2. Мәселе есепті шығарғанда есептің қысқаша шартын жаза білуі, негізгісін бөле алуы.

Теңдеуді шешу.

Теңдеуді құру арқылы мәселе есептерді шығару.

Теңдеуді шеш:

1)    45-х=68-59

2)    190-х=70

3)    627(у-9)=57

4)Ойлаған санды 3-ке көбейтіп, көбейтіндіден 6-ны азайт та, нәтижені 2-ге бөл. Сонда 15 шықты. Ойлаған санды теңдеу құру арқылы тап?

1. Оқушылардың жіберетін қателіктері: қосу, азайту, бөлу, көбейту компоненттерін жетік білмейді.

2. Есеп шарты бойынша белгісізді айнымалы арқылы белгілеу, теңдеу құру.

Бұл «Мұғалімге арналған БҮҮ» мұғалім үшін түгел сынып оқушыларына тақырып бойынша баға беруге  мүмкіндік береді. Егер де келесі сабақта пайдалануға мүмкіндік болмаса, онда бұл «МАБҮҮ» — ні тақырып бойынша қорытынды сабаққа пайдалануға болады.

         Осындай әдіс бойынша жұмыс жасау мұғалімге оқыту процесін жоғары дәрережеде жүргізуге  және оқыту мазмұнын арттыруға көмектеседі деп сенемін.

Резюме

            В статье  рассматриваются эффективные пути исползование стратегии  RWCT влияющие на взаймоотношения и на обмен мнений а так же на всестороннее образование учащихся.

Summary

            In this artikle discusses the effective ways to use the strategy. RWCT influencing relationships and to exchange views as well as the comprehensive education of students

Падаланылған әдебиеттер

1.Ө.Ш. Төлегенов, Математиканың бастауыш курсының теориялық негіздері – Астана 2007 ж.

2.Оспанов Т.Қ., Математика  Оқу құралы-А.-2000ж.

3.Оспанов Т.К., Құрманалина Ш.Х., Математиканы оқыту әдістемесі — Алматы 1998ж.

4.Әбілқасымова А.Е. , Көбесов А.К. Математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы – Алматы 1998 ж.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ