Тауарөндірушілерге субсидия белгілеудің теориялық-практикалық мәселелері

0

Мақта кешенінің бәсекелестікке қабілеттілігін және еңбек өнімділігін арттыруда тауарөндірушілердің протекциясының есептеулері және субсидия мөлшерін белгілеу өзекті мәселе.

Зерттеу суармалы жерлер жағдайында, мақта кешеніне байланысты орындалған, мұнда «салыстырмалы артықшылықтар» әдіснамасы қолданылған. Алынған тұжырымдар мен нәтижелерді практикада қолдану үшін өкілетті және жергілікті ауылшаруашылығын басқару органдарына ұсынылған.

Аграрлық сектордағы рыноктық экономикалық қатынастар және оның механизмдері берілген ресурстар мен жергілікті жағдайда өндіріс деңгейін ұлғайтуға, ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға ынталандыруы қажет. Бұл қатынастарда кәсіпкерлер жеке бизнесті ұйымдастыру және дамыту арқылы жалпы экономиканы алға жылжытады, оларды қызықтыратын басты фактор – бағаның маңыздылығы арта түседі.

Бірақ барлық рыноктар жетілдірілген емес, дұрыс бәсекелестікте қарым-қатынас жасайтын рынокпен нақты қалыптасқан рыноктық ортаның арасындағы айырмашылық ойын ережелеріне өзекті өзгерістер мен қосымшалар ендіруді қажет етеді.

Мақта және мақта өнімдері рыноктарында баға әлемдегі мақта өндіруші елдердегі жалпы өндіріс (ұсыныс) және жалпы тұтыну (сұраныс) көлемдеріне сәйкес қалыптасады. Бұл жалпы экономикалық көрсеткіш 24-26млн. тонна талшыққа тең, ал әлемдік баға индекстері Ливерпуль (Ұлыбритания) тауар биржасындағы сауда-саттық нәтижесінде белгіленеді. Жергілікті тауарөндірушілер – экспортқа шығарушылар үшін баға белгілеуді көлік тасымалдау, кедендік баж төлемін және комиссиялық (сақтандыру, делдалдар) шығындарын шегеру жолымен жүзеге асырады. Осыған байланысты тауарөндірушілер өз өнімін өткізуге, ресурстар сатып алуға қолайлы балама рынок табуға ұмтылыс жасайды, ол халықаралық немесе ішкі рынок болуы мүмкін.

Сауда-саттыққа шығарылатын өнімнің балама құны – бұл экспорттық немесе импорттық баға, яғни конвертация жасалған ұлттық валютадағы (белгілі айырбас бағамындағы) баға. Экспорт жағдайында шекаралық баға сол экспорт бекетіндегі жергілікті бағаға тең болады, яғни ФОБ бағасы. Ал импорт жағдайында шекаралық баға ұлттық шекарадағы жергілікті бағаға тең, оның құрылымына көлік-тасымалдау, сақтандыру құндары ендіріледі, бұл СИФ бағасы.

Өндірісте пайдаланылатын ресурстардың балама құнының мәні ішкі көлеңкелі бағаларда көрсетіледі және олардың құндылығы өндірістегі маңыздылығымен және үлесімен, балама пайдалану деңгейімен айқындалады. Егер оларды балама пайдалану мүмкіндігі болмаса оның көлеңкелі бағасы нөлге тең болады. Егер берілген өндірістік ресурстың үлесі мен маңыздылығы ағымдағы пайдаланумен салыстырғанда балама пайдалануда жоғары болса, онда көлеңкелі баға оң мәнге ие және ағымдағы бағадан жоғары болады.

Ішкі және шекаралық бағаларды салыстыру үшін протекция коэффициенті ендіріледі. Осындай баға қатынастары ішкі бағаның жергілікті тауарөндірушілерді сыртқы рыноктардың тікелей үдерісінен, әсерінен қорғау, яғни ішкі өндіріс пен тұтынуға қызығушылық деңгейлерін көрсетеді. Бұл қызығушылықтар оң және теріс болулары мүмкін. Соларға қарап ресурстарды қайсы секторда, қайсы бағытта пайдаланса ең жоғары тиімділік алынатындығын анықтап, қорытындылар мен ұсыныстар жасауға болады. Осыған орай мынадай тұжырым жасауға болады:

  • бағалар арақатынасынан салыстырмалы протекцияға;
  • протекциядан салыстырмалы ынталандырушыларға;
  • салыстырмалы ынталандырушылардан ресурстарды пайдалануға.

         Бізді бірінші кезекте қызықтыратын фактор – бұл баға, себебі ресуртарды бөлу бойынша шешім қабылдауда оның маңыздылығы зор.

         Протекция коэффициенттері – қорытындылар мен ұсыныстарды кең түрдегі сандық мәнде сипаттауы мүмкін, олар негізінен болжамды және болашаққа сенімді мазмұнға ие.

         Оларға жататындар:

  • номинальды протекция коэффициенттері (НПК), олар тек ресурстар және дайын өнім бағаларына қолданылады;
  • тиімді протекция және тиімді субсидия коэффициенттері (ТПК және ТСК), бұлар рынокта сатылған өнімнің көлеміне қосымша ретінде өндіріс ресурстарын субсидиялауды және жанама салықтарды есепке алады.

Ынталандырудың құрылымын талдау жолымен саланың және ауылшаруашылық дақылдың салыстырмалы артықшылығы айқындалып, олардың бәсекелестіктегі қабілеттілігін және өнімге сұранысты арттыру жолдары қарастырылады. Табиғи және жергілікті ресурстарды бағалау коэффициенттері салыстырмалы бағалаудың кезеңінде пайдаланылады. Бірақ бұл коэффициенттер сұраныстың көлемін есепке алмайды, яғни өндірілген өнім толығымен тұтынуға толығымен кетеді ме деген сұраққа жауап табады.

Белгілі тауардың НПК – бұл ішкі бағаның шекаралық бағаға қатынасы, яғни:

НПК = Ішкі баға/Шекаралық баға*айырбас бағамы

НПК мына төмендегі сандық өлшемдерді сипаттайды:

  • егер НПК>1, онда жергілікті өндірушілер жоғарғы интервенциялық бағаға ие болады, ал тұтынушылар үшін мұндай жағдай теріс интервенция болады,олар жоғары бағада төлем жасайды. Мұндай жағдайда жақтардың қызығушылық ынталары тоғыспайды.
  • егер НПК<1 болса, онда протекцияның кері құрылымы күшіне еніп, оның мәні теріс болады. Тауарөндіруші қызығушылығын жоғалтады, ал тұтынушылар үшін қолайлы жағдай туындайды.
  • егер НПК = 0, онда протекция құрылымы бейтарап болады. Тауарөндірушілер де, тұтынушылар да жергілікті бағаны пайдаланады, яғни оның мәні шекаралық бағаға тең болады.

Осылайша НПК көрсеткіші дақылдар арасында, жылдар бойынша қызығушылық құрылымын жалпылама көрсететін индикаторы рөлін атқарады. Индустриальды елдерде тауарға және оны өндіретін еліне қарап НПК мәні 1,2-2,0 аралығында ауытқиды, ал дамушы елдерде бұл көрсеткіш 0,5-1,0 тең.

ТПК — өндірістің құрылымына қызығушылық ықпалды анықтайды. Егер НПК өндіріс-тұтынушы тізбегінің кез-келген деңгейінде пайдалануға болатын болса, ТПК өндірістің агроөндіріс, өңдеу және маркетинг деңгейлеріне қатынасы бар. Мұндай схеманы мақта кешенінде толығымен қолдануға болады: шитті мақта өндірісі (агроқұрылымдар: ш(ф)қ, кооператив, серіктестік және т.б.) ауылшаруашылығы кәсіпорындарына, ал талшық өндірісі немесе қайта өңдеу өндірісі мақта тазалау кәсіпорындарына және дайын өнім маркетингі делдалдарға, тауарөндірушілерге және өңдеушілерге тиісті.

Дайын өнім ТПК дегеніміз – ішкі бағадағы қосылған құнның шекаралық бағадағы қосылған құнға қатынасы.

ТПК = Ішкі бағадағы қосылған құнның мөлшері/шекаралық бағадағы қосылған құн мөлшері

ТПК дайын өнім бағасын пайдаланумен бірге материалды-өндірістік ресурстар шығындарын есепке алады, сондықтан тауар протекциясын толық бағалауға болады.

Таза ТПК = Ішкі бағада дайын өнім бірлігінің бағасы*дайын өнім бірлігіне ресурстар шығыны / шекаралық бағада дайын өнім бірлігінің бағасы* дайын өнім бірлігіне ресурстар шығыны

Бұл анықтамада қосылған құн тікелей өндірістік үдерісте қосылған құнға жатады және оның мәні өндірістік-материалдық ресурстардың құнынан артық болып қалыптасады. Қосылған құн бастапқы кезеңдегі факторлардың қайтарымын көрсетеді, яғни өндірістік-материалдық ресурстар мен қызметтердің тиімділігін. ТПК сандық мәні НПК сандық мәндеріне ұқсас, яғни:

  • егер таза ТПК <0 болса, онда ішкі бағадағы қосылған құн теріс мәнге ие болады немесе шекаралық бағадағы қосылған құнның мәні теріс болып қалыптасады.

Мұндай жағдайда тауарөндірушілер кәсіпкерлік ортада қалмайды, оларға үкіметтік субсидия бөлу қажеттілігі туындайды. Ал екінші жағдайда, елдің ішіндегі өндірістен экономика шетелдік валютаны жоғалтады, себебі ресурстар шығындарының құны дайын өнім құнынан артып кетеді.

            Үкімет тарапынан тауарөндірушілерге субсидия бөлу жолымен бағалауға түзетулер ендіру, олардың кәсіпкерлік ортада қалуына және өндірістің өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осылай етіп егер ТПК мәні белгілі уақыт мерзімінде бірден артық болса, онда өнімді сатудан алынған табыс көлемі жоғары болады. Егер бірден кем болса қиын жағдай қалыптасып, өндірістің тиімділігінің төмендеуінен экономикада шетелдік валютаны жоғалтуларға алып келеді. Егер номиналды протекция және тиімді протекция коэффициенттерін қосып қарастырсақ, олар дайын өнімнің жалпы жиынтық құнының және қосылған құнының қарастырылып өткерген сектордағы маңыздылығын көрсетеді.

            Тиімді субсидия коэффициенті (ТСК) – бұл ТПК-нің мәнін одан әрі ақпараттық толықтыру үшін қолданылады, ол қосымшалар өндірістік ресурстарға, яғни жерге (суармалы жерді қосқанда) және капиталға, қолданыстағы салықтар мен субсидияларды есепке алу арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, бәсекелес дақылға нақты алатын болсақ, суармалы егістіктегі мақтаға мемлекеттік органдар мақта-тоқыма кластерінің шикізат базасын нығайту мақсатында жер салығына және басқа салықтарға жеңілдік беруі мүмкін. Сонымен қатар субсидия бөледі (кесте — 1)

Кесте – 1 ОҚО ауыл шаруашылығында басым бағыттар бойынша субсидия   мөлшері

 

К/с

 

 

Ауыл шаруашылығы басым дақылдарының атауы

                     

 

1 га бөлінген мемлекеттік субсидия мөлшері, теңге

 

1

 

2

 

 

3

4

5

6

7

 

8

9

10

 

11

12

13

 

14

15

16

Дәнді дақылдар (базалық субсидиялар нормасы)

 

Аймақтық ғылыми негізделген агротехнологияларды сақтай отырып өсірілген дәнді дақылдар

Дәнді жүгері

Күріш

Майлы дақылдар

Қант қызылшасы

Өнеркәсіп үлгіде тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген қант қызылшасы

Картоп

Көкөніс және бақша өнімдері

Өнеркәсіп үлгіде тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген көкөніс-бақша дақылдары

Жеміс жидектер

Мақта

Өнеркәсіп үлгіде тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген мақта

Жүзім

Жем-шөптік дақылдар

Қорғалған топырақтағы көкөністер

400

 

 

 

800

2800

15500

3400

42000

 

50000

12000

12000

 

24000

2500

12000

 

24000

2500

800

1300000

Екінші мысал, суармалы жерлерде үкімет ағын суға субсидия бөліп жеткізіп беру қызметтерінің төлемін азайтады.

Кесте – 2 Тауарөндірушілерге ағын суды жеткізіп беру үшін қызмет құнына бөлінген субсидия мөлшері (20.06.2011)

 

Қала, аудан

 

Су пайдалану шектеулері көлемі, мың т/м

 

Субсидия мөлшері, мың теңге

 

Қазығұрт

Мақтаарал

Ордабасы

Отырар

Сарыағаш

Шардара

Түркістан

 

120000

924000

218000

176000

441000

845000

382000

 

3000

184000

2500

3598

10000

74130

20000

Барлығы 9106000 297228

Жоғарыдағы кесте – 2 келтірілген мәліметтерді экономикалық талдаулар және есептеулер 1га егістікке бөлінетін субсидияның табиғи топырақ жағдайына және суару жүйесінің құрылымына байланысты екендігін көрсетеді. Оның мөлшері 1га ауылшаруашылық егістікке 55-138 теңге аралығында ауытқиды.

Кесте – 3  1га суармалы егістікке бөлінетін субсидияның талдауы мен есептеулері

 

Қала, аудан

 

1га суару нормасы, т/м

 

1000 т/м бөлінетін субсидия, теңге

 

1га келетін субсидия, теңге

 

Қазығұрт

Мақтаарал

Ордабасы

Отырар

Сарыағаш

Шардара

Түркістан

 

4000

6000

5500

5500

6000

6000

4500

 

25

20

10

20

23

88

50

 

100,0

120,0

55,0

110,0

138,0

528,0

125,0

«Оңтүстіксушар» (2008-2010жж) мәліметтері бойынша автор есептеген

Жалпы алғанда ТПК көрсеткішіне өндірістік-материалдарға бөлінген таза субсидия мөлшерінде түзету ендіріледі

ТСК = Ішкі бағадағы қосылған құн + ресурстарға таза субсидия / шекаралық бағада қосылған құн

Жер мен капиталға бөлінетін таза субсидия есептеулерінің үш әдісі ұсынылады:

  • талдау және салыстыру үшін қандай басқа балама топтағы тауарөндірушілер көрсеткіштері пайдаланылады;
  • сол балама топтың төлейтін немесе алатын салықтары мен субсидияларын бағалау. Бұл бағалау салыстыру және шешім қабылдау үшін норма болуы қажет.
  • екі топтың таза субсидияларын салыстыру.

Жоғарыдағыларды талдау қорытындысы бойынша біздің ұсынысымыз: ТСК есептеулерін ауылшаруашылық дақылдарының 1га есептеу қолайлы, 1 тонна өнімге есептеуден ыңғайлы болатындығын ескеріп қолданысқа ендіру. Сонымен қатар 1га ауылшаруашылық дақылдарының орташа өнімділігін пайдаланып басқа өлшемдермен есептеп шығаруға да болады. ТСК-тін есептеудің аналитикалық құндылығы – бұл негізгі өндірістік және табиғи ресурстарға субсидияның сандық мөлшерін қосылған құнмен салыстыру арқылы бағалау мүмкіндігін береді.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ