Дүниежүзілік мақта рыногының жағдайы, мемлекеттік реттеу және өндірушілерді қолдау тәжірибесі

0

Дүниежүзілік экономиканың ғаламдасу үдерісінің, Қазақстан Республикасы экономикасының интеграциялануының қарқынды дамуы және ДСҰ мүше болып кіру бағдарламасын жүзеге асыруы әлемдегі мақта рыногының жағдайын, шет ел мемлекеттерінің осы саланы реттеу және қолдау тәжірибесін зерттеу көкейтесті проблема.

            Дүниежүзі бойынша мақта өсірумен 39, ал мақта талшығын бастапқы және терең өңдеумен 80 астам мемлекет айналысады. Мақта талшығының жалпы өндірісі бір жылда 21-26 млн. тоннаны құрайды. Бұл көрсеткіш соңғы екі жылда 5,5 млн. тоннаға артып, мақта өсіру мен өңдеуші кәсіпорындарда жұмыспен қамтылғандары саны 200 млн. адамға жеткен. Дүниежүзі бойынша өндірілетін мақтаның 70 %  астамы алты аумақта: Қытай, АҚШ, Үндістан, Пәкістан, Түркия және Орталық Азияда шоғырланған (1- кесте).

1- кесте

Дүниежүзіндегі негізгі мақта өндіруші мемлекеттер мен аумақтар

туралы мәлімет.

мың тонна (талшық)

Мемлекеттер

Жылдар 2005/06 жылы 2000/03 жылымен салыстыру, %
2002/03 2003/04 2004/05 2005/06
АҚШ 3750 4000 5050 5100 136,0
Қытай 5970 5900 6250 5500 92,1
Үндістан 2200 3000 4050 4050 184,1
Пәкістан 1640 1600 2450 2050 125,0
Орта Азия 1464 1398 1676 1702 116,2
Түркия 910 1200 1180 1000 109,9

Соңғы жылдары мақта талшығын өндіруде едәуір табысқа жеткен мемлекеттер қатарында Қытай, АҚШ, Үндістан және Пәкістан бар. Ең жоғарғы көрсеткішке жеткен Қытай – 6250 мың тонна, АҚШ  пен Үндістан тиісінше 5500 және 4050 мың тоннаға, ТМД елдерінде ең жоғарғы көрсеткіштер 2005-2006 жылдары 1600-1700 мың тоннаға жеткен. Соның ішінде Өзбекстанның үлесі 60 % артық, Оңтүстік Қазақстан облысынының

 8-10 % тең. Сонымен қатар Африка, Австралия, Грекия Сирия, Парагвай және Аргентинада бұл салада алға жылжу бар. Ал, Мексика, Бразилия, Египетте, Перу, Колумбия және Израильде мақта өндірісінің дамуы байқалмайды.

            Соңғы 50 жылда дүние жүзінде мақта өсірілетін егістік көлемі орташа 34,0 млн. гектарды құраған, оның мөлшері 31,9-35,8 млн. гектар аралығында ауытқыған. [1]

            Мақта дақылы егістік жер көлемінің үлесі бойынша басқа ауылшаруашылық дақылдарының арасында 3,8-4,8 % аралығында өзгеріп тұрған. (1 — сызба)

            Дүниежүзіндегі мақта өндіретін елдерде мақтаның егістік көлемі соңғы 2004-2005 жылдары тиісінше 35,7-35,8 млн. гектарға жеткен, бұл ең төменгі  1999 және 2002 жылдармен салыстырғанда тиісінше 12,2 – 18,2 % артық.

Мақта өндірісінің өсімі негізінен АҚШ пен Қытайда едәуір болды. Оған себеп ҚХР бұрынғы әкімшілік — әміршілік  жүйенің орнына келісім-шартпен жұмыс ұйымдастыру жүйесі ендіріліп, осы негізде 50 млн. артық қожалық үй іргесі шаруашылығында еңбек етті. АҚШ-та  мақта өсіруді ұйымдастырудың құқықтық негізі мемлекеттік реттеу мен қолдау арқылы жүргізілді, яғни мақсатты баға белгілеп тауар өндірушілерді қаржылай қызықтырудың тиімді жолдарын қолданды. Осының ықпалымен мақтаның өнімділігі гектарына 10кг/га ға өсіп, орташа өнім 650 кг/га ны құрады. Ал, экономистердің болжамы бойынша 2000-2005жылдары әлем рыногында мақта талшығына сұраныс 22-23,0 млн тоннадан артады.

Мақта өнімдерін көптеген елдер тұтынады. Еуропа және Азия мемлекеттерінің фабрикаларында мақта өнімін пайдалану басым.  Жалпы тоқыма өндірісінде пайдаланылатын талшықтың жартысын мақта өнімдері құрайды. Соңғы кезде Қытай, АҚШ, Үндістан, Пәкістан және Бразилия мақта талшығы өндірумен қатар оны пайдалануда да алда келеді. Бұл мемлекеттер дүниежүзілік мақтаның 58-60%  сатып алады. Әлем бойынша өндірісінде  мақтаны ең көп пайдаланатын мемлекеттер қатарында Ресей мен Жапония да бар, олар мақта өсірумен айналыспайды.

Негізгі мақта өсіруші мемлекеттердегі саясат тауар өндірушілердің мақта өсіруден алатын табысын молайтуға бағытталған. Осы мәселеде АҚШ-тың бағдарламасы назар аударуға тұрарлық. Онда нарықтағы баға интервенция деңгейінен төмендеп кеткен жағдайда, ел үкіметі фермерлерге тікелей төлем жасап, олардың табыс деңгейін көтереді. Ал баға белгіленген мөлшерден төмендеп кетсе үкімет жергілікті тоқыма фабрикаларына және Америка мақтасын экспортқа шығарушыларға төлем жасайды. Осылайша Америка рыногының баға бойынша бәсекелестік қабілетін сақтайды.

      Соңғы кезде, орта талшықты мақта өндірісін қолдау үшін мемлекет тарапынан жылына 1 млрд. доллардан астам қаржы жұмсалған. Сондықтан АҚШ-та мақта өндірісінің көлемі 5100 мың. тоннаға жетті. Осы мақсатқа жету үшін үкімет әр жылы 34 цент/кг мөлшерінде немесе әрбір фунт өндірілген мақта үшін 15 центтен қаржы жұмсаған,  “А” индексінің орташа деңгейі 1 фунт үшін 71 центті құраған, ал сол  мақтаны Еуропаға жеткізу үшін тасымалдау шығындарын алып тастасақ 60 центке дейін төмендейді. Осы бағамен есептеулер жасағанда үкіметтің фермерлерді қолдау үшін бөліп отырған қаржысы барлық табыстың төрттен бірін құраған.[4]

Бұл бағдарлама бойынша АҚШ фермерлері әр жылдың жағдайына қарай, белгілі мөлшерде мақта егістігінің көлемін азайтуға келісім беріп отырады. Осыған сәйкес  егістік көлемі 5-25% аралығында өзгеріп тұрады.

Мақта өндірісі бойынша Еуропа экономикалық Одағына мүше мемлекеттердің саясаты АҚШ-тың саясатына ұқсас. Еуродақта әр маусымда мақта бағасына интервенция жасалады. Ал рыноктағы баға интервенция  бағасынан төмендеген жағдайда өндірушілер, фермерлерге мақта өңдеушілер арқылы субсидия беріледі. Мақта өндірісі болжам мөлшерінен артық болған жылдары субсидия қысқартылады, импортқа рұқсат беріледі және трансферттер дүниежүзілік бағамен жүзеге асырылады.

Еуропа экономикалық Одағыныд 1987-1992 жылдары фермерлерді қолдау үшін жасаған қаржысы 203 млрд. ЭКЮ-ге тең болды. Ал, жалпы өнімнің көлемі 1,6 млн тонна талшыққа жетті, әрбір фунт мақта үшін жұмсалған шығын 0,674 ЭКЮ-ға немесе жылына 89 центке тең. Осы кезеңде “А” индексі 73 цент, яғни  субсидияның көлемі орташа рынок бағасынан 120% артық болған. .[1]

Қытай үкіметі тоқыма өнеркәсібінің талабына сай және ауылдық жердің әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында әр жылға өндірушілерден сатып алынатын мақтаның көлемін белгілейді, сатып алу бағасын бекітеді. Осыған орай жергілікті жерлердегі үкімет уәкілдері ұлттық жоспарды орындау үшін өндірушілермен алдын ала келісім-шарт жасап, мақта егістігінің жер көлемін, керекті болған өндірістік-материалдық ресурстардың түрлерін және мөлшерін, өндірілетін мақта-шикізатының ең төменгі деңгейін және сапасына қарай кепілденген сатып алу бағасын анықтайды. Осыған сәйкес үкімет фермерлерге өндірістік ресурстарды сатады және жеңілдетілген несие береді.  Өндірушілер қызығатын баға белгілейді, өндірістік ресурстарға субсидия және несиелер беріп, қажет болған мақта көлемін өндіру үшін жан-жақты жағдай жасайды. Осы іс-шаралардың ішінде Қытай үкіметі ерекше көңіл бөліп отырған мәселе-мақтаны сатып алу бағасы. Оған мысал, мақтаның 1 кг-ның бағасы 2003-2004 жылдары 14,5-19,5 юаньға дейін көтерілген. Бұл бағаны центпен есептесек 43 тен 84 центке дейін,  яғни екі есеге жуық өскен.[2]

Қытай мемлекеті мақта өсіруде  орталықтанған жоспарлы жүйеден ауылшаруашылық өңірлерде  еркін рынок қатынастарына өтуге ұмтылыс жасауда, бұл әрекеттің өз ерекшеліктері  болғанымен  оның оң әсері бар. Мақта өндірудің көлемін бірқалыпты 5,5-6 млн тонна мөлшерінде ұстап тұруға мүмкіндік тудырып отыр.

Қытай соңғы 30 жылдың ішінде әлемдегі ең басты мақта өндіруші мемлекетке айналып АҚШ-тан озды.

            1980 жылы БСҰ-на енуінен бастап әлем рыногынан жайлап жаңа тауашалар ала бастады. Бәсекелес халықаралық рыноктағы жарыста Қытай кәсіпорындары шыңдалып сыннан өтті. Солай етіп жаһан рыногында Қытайдың өнеркәсібінің маңыздылығы артқан үстіне арта береді.

Қытайда, мақта-ауылшарушылығының ең маңызды дақылы және өнімі, сондай бола тұра мемлекеттік экономикада мақта өнімдерінің импорты орын алады. Ондаған жылдардан бері Қытай Үкіметі мақта өндірісіне қолдау саясатын белсенді алып барады. Сондықтан түрлі табиғи апаттардың болуына қарамастан мақта өнімі тұрақты артуда.

       Егер 1950 жылы Қытай дүниежүзіндегі жалпы өнімнің 15% өндірген болса, бұл көрсеткіш 1980 жылы 25 %дейін артты.(2-кесте)

2-кесте

Мақта өндірісінің Қытайдағы және дүниежүзі елдеріндегі деңгейінің салыстырмалы көрсеткіштері.

                                                                                                         млн. тонна

Жылдар Қытай, млн. тонна Дүниежүзі елдері, млн. тонна Үлес мөлшері, %
1950-1959   1,28   8,96 14,2
1960-1969   1,47   10,96 13,4
1970-1979   2,23  13,08 17,0
1980-1989  3, 4,  16,29 24,6
1990-1999 4,61  18,77 24,5
2000-2003   5,13   20,16 25,47

Негіз: ICAC мәліметтері. .[5]

Қытайда мақта өнімінің әлем деңгейіне  үлес мөлшерінің артуы мақта өндірісінің ұйымдастыру тәсілінің ерекшелігінде, бұл “орталықтан бытыраңқы” жүйе,  орталықсыздандыру өңірлердің топырағы және табиғи ерекшеліктеріне негізделген. Қытайда мақта өндіруші негізгі үш өңір бар: Янцзы, Сары өзендері ойпаттары және Хубэй. Негізгі мақта өндіруші өңірлеріне 10 облыс және автономиялық әкімшіліктері кіреді.

            Өңірлерде ұсақталған фермерлер және жеке кішігірім жанұялық шаруа қожалықтарында мақта өндірісімен айналысады. Қазіргі кезде Қытайда жанұялық шаруа қожалықтарының саны 50 млн-нан артық, олардың әрбірінің жер көлемі орташа 0,1 га тең. Мұндай жағдай егістіктің өнімділігін арттыруға мүмкіндік бермейді. Десекте ауылшаруашылығы құрылымдары, кооперативтер және ғылымның ықпалымен әрбір жанұяның өнімі артып келеді, оның деңгейі 1997 жылдан бастап дүниежүзілік көрсеткішке жақындаған. Бұл көрсеткіш бойынша 3-ші орынға шықты, Австралия, Түркия елдерінен кейінгі орында.

Кейбір мемлекеттің Үкіметтері мақта өсіру саласын басқаруда өндірушілер үшін салыстырмалы түрде бірқалыпты баға белгілейді.  Ал тоқыма фабрикалары үшін талшық сатып алу бағасы  бәсекелестік ортада қалыптасады. Сонымен қатар ішкі тұтыну мөлшерінен артық талшықты дүниежүзілік нарық бағасымен экспортқа шығаруға рұқсат берілген.

Мақта өндірушілерге қолданылып отырған бағаны олар пайдалана алмай отыр, өйткені ол баға еркін нарықтық қатынастағы бағадан төмен. Осындай жағдай Пәкістан, Үндістан және Зимбаба мемлекеттерінде орын алған. Пәкістан өкіметі ішкі рыноктағы бағаға әсер ету мақсатында және мақта талшығының экспортын бақылауға алу үшін екі түрлі баға жүйесін қолданып келеді. Бұл мемлекеттің экономикасында мақта өсіру саласының маңызы зор. Жалпы валюталық табыстың 19%  мақта талшығын экспорт жасаудан түседі. Ал, тоқыма тауарларынан түсетін — 23% тең. Мақта өндірумен 2,5 млн-нан астам фермерлер айналысады, оған қосымша мақтаны баптау, жинау және өңдеу сияқты маусымдық жұмыстарға бір млн. адам қамтылған. Пәкістанда қоғамдық секторда жұмыс жасайтын адамдардың үштен бірі мақта матасын өндіру саласында еңбек етеді. Сондай-ақ жекеменшік секторында, киім-кешек тігу өндірісінде 220 мыңнан  астам жұмыс орны ашылған. .[1]

Пәкістанда мақта өсіру және мақта өнімдерін өңдеуге  маңыз беріп, бұл салаға арнайы қызығушылық танытып отыр. Мақта кешенінде мақта жібін өндірушілер  мен оны экспорт жасаушылар, фермерлер, джиншілер, мақта матасынан тауар өндірушілер және Үкімет өкілдерінің арасында қызу бәсекелестік жүреді. Соңғы жылдары Пәкістан Үкіметі тоқыма өндірісін ұлғайту мақсатында мақта талшығының экспортына шектеу қойып, оны дүниежүзілік бағадан төменгі бағамен сатып алуға рұқсат берді. Осылайша  фермерлерге мақта сату бағасына қолдау көрсетті, мақта экспортерлеріне ішкі рыноктағы ең жоғарғы бағаны, ал экспорттық мақта талшығына ең төменгі бағаны қолданды. Мақтаны экспортқа шығарудың квотасын бекітті, мақта жеткіп берушілерге әртүрлі салықтар белгіленді. Мақта жібі үшін экспорттық салықтан, ал тоқыма өнімдерін импорттаудан қорғау шараларын іске асырды.

Мақта шикізатын өндіруші фермерлер үшін сату  бағасын қолдау жүйесі бар. Бұл жүйе бойынша Үкімет өндірушіні алдын ала қолдау үшін сату бағасын белгілейді. Сол баға маусымның соңына дейін тұрақты болады. Егер фермерлерді қолдау бағасы әлемдік рыноктың бағасынан төмен болса, фермер өндірген мақтасын жеке алушыларға сату құқығына ие. Дегенмен  фермерлерді қолдау бағасы олардың сенімін арттырып, мақта өндіруге деген ынтасын асырды.

Осы мәселелер бойынша мамандардың пікірі  еркін нарықтық қатынасқа өту, мақтаның бағасын мемлекеттік реттеу және қолдау, өндіріске субсидия бөлу, инфрақұрылымдар және маркетинг жүйесін құру, жалпы мақта кешенінің пайдалылық деңгейін  арттырып, ұдайы даму мүмкіндігін туғызады.  Ал мақта кешенінің  тұрлаулы дамуы  одан дайындалатын тауарлар мен бұйымдардың тұтыну көлемін,  халықтың қажеттілігін қанағаттандыру деңгейін  асырады.

Резюме

В статье анализируется современное состояние мирового рынка хлопка, государственного регулирования и опыт поддержки товаропроизводителей.

Summarу

This article are analized modern condition of world market cotton, governmental management and praktice of supporting productmakers.

Әдебиеттер

  1. Reforming Economic Systems in Developing Countries Harvard Studies in International evelopment. 1991. Harvard Institute for International Development.
  2. 2. Cotton. Review of the World situation. 1993. May-June. ICAC.
  3. 3. Cotton World Statistics. 1993. April. Bulletin of the International Cotton Advisory Committee.
  4. 4. The 1990 Farm Act . The 1990 Budget Reconciliation Act. 1990. November. USDA.
  5. ІСАС мәліметтері 1995-2000 ж.ж.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ