Ақпараттық оқыту технологияларын пайдалану арқылы, студенттердің педагогикалық қарым-қатынас мәдениеттін қалыптастыру

0

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде әлемдік білім кеңістігіне кіру үшін іргелі реформалар жүргізіліп жатыр. Жоғары  білім беру саласының заманауи деңгейде дамуы жоғарғы оқу орындарының түлектерінен ғылыми түсінік пен категорияларға сүйенуді, оқытудың инновациялық технологияларын меңгеруді талап етеді. Мұндағы негізгі мақсат-жаһандану заманында білімнің бүкіл әлемдік кеңістігіне ену. Осыған орай жоғарғы оқу орнындағы білімнің мазмұны да, оған қойылатын талаптары да өзгереді.

Дегенмен оқытушының еңбегі- бұл педагогикалық міндеттердің қолайлы шешімі үшін үнемі ізденушілік, эксперименттік лабаратория, педагогикалық қарым –қаттынастағы мәдениеттілік және қабілеттілік пен шеберлік. “Педагогикалық қарым-қатынас біріккен диалогтық іс-әрекеті арқылы жүзеге асырыла отырып, студенттің жаңа білімді меңгеруі мен оның жетістікке жетуі оқыту процесінде толығымен қаралады. Адамның бүкіл өмірі айналасымен қарым-қатынаста өтеді. Қарым-қатынастың барлық жақтары: қарым-қатынастық тұлғалар арасындағы пікір алмасу, интерактиватік (бір-біріне әсер ету ұжымы) және перцептивтік (бірін-бірі қарым-қатынас арқылы қабылдау және тікелей осы арқылы түсінушілікті қалыптастыру) белгілі бір жүйеліліктің бар болуын талап етеді. Осындай қарым-қатынас ретінде оптика-кинетикалық белгілер жүйесі (бет қимылы, дене қимылы, жылжымалық), паралингвистикалық (дауыс сапасы, оның көлем мөлшері, үні) және экстролингвистикалық (сөзге үзілістің, жөтел, күлкінің т.б. қосылуы) белгілер жүйесі мен ұжымның қатынас процесі кезіндегісімен  уақыты (проксемика) “көздердің түйісуі визуалды қатынас кезіндегі өзіңді-өзін көрсету ұжымдық іс-әрекет кезіндегі т.б. қатынас, социгендік қажеттіліктерді қанағаттандыратын операциялар (еңбектегі, білімдегі лидерлікті, аффилиациядағы т.б), қарым-қатынас техникасы деп атауға болады”-деген.[1]

     В.Красильникованың берген анықтамасына сүйенсек, ақпараттық білім беру ортасы-танымдық іс-әрекеттерді сүйемелдеуді және ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық технологиялар негізінде құрылған оқытуға қажетті педагогикалық шарттар, қазіргі оқыту технологиялары мен бағдарламалық-әдістемелік құралдар жиынын бере алатын және білім алудың материалдық рухани жағдайларын жасай алатын көп аспектілі, толыққанды, әлеуметтік-педагогикалық нақты орта.[2]

     Білім беруді ақпараттандырудың факторы интернетке шығу болып саналады. Сондықтан студенттердің Интернет жүйесінде жұмыс істей білуіне жағдай жасау қажет. Интернет жүйесінде жұмыс істеу болашақ мұғалімдерді әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар етіп, оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер ашатыны хақ. Интернетті пайдалана отырып студенттер өздеріне керекті мәліметтер алу арқылы білімін жетілдіре түседі.

      Ақпараттандырудың негізгі бөлігі қашықтықтан оқыту- оқыту үрдісі білім беру мекемелерінің нақты орналасуына тәуелді болмаған кезде оқытушы мен студент арасында сұқбаттық ақпарат алмасуды ұйымдастыру, оқу материалын  жеткізіп беру, оны өздігінен оқып білу үшін, қолданылатын дәстүрлі және жаңа ақпараттық-қатынастық технологиялардың кең спектрін пайдалануға негізделген оқытудың аралас формасы.

     Қазіргі ақпараттық технологиялардың даму кезеңінде қашықтан оқытудың бірнеше түрлері белгілі. Атап айтқанда, қашықтан оқытудың кейстік технологиясы (баспа материалдары, аудио-видео лекциялар, электронды пошта немесе жай пошта арқылы ақпарат алу); интерактивтік технология-компьютерлік білім беру, электронды оқулықтар мен мультимедиялық құралдар, электронды кітапхана, интернет және компьютерлік бақылаушы жүйелер, яғни электронды пошта арқылы ақпарат алмасу; видеоконференциялар- компьютерлік жүйе және аудио-бейне арналар телекоммуникациясы. Соның ішінде электронды оқулықтардың ерекшелігі –үлгіге сәйкестігі мен жоғары мобильділігі, оқуға үйренуге икемділігі болып табылады. Электронды оқулықтар оқу және зерттеу материалдарын толықтыратын, қосымша қолдануға толық жарайтын қажетті құрал.

     Электронды оқулықтарды мына мақсаттарда пайдалануға болады:

Электрондық анықтама ретінде

Электрондық есеп ретінде;

Иллюстративтік материал ретінде;

Оқулық ретінде.

     Ақпараттандырудың  негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сай қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады.

    Ақпараттандыру сондай-ақ кез-келген қашықтықтағы ақпарат көзіне, оның ішіндегі оқу ақпаратына назар аударуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әлемдік ақпараттық орта жағдайында ақпараттық қоғамдық өнім ретінде белсенді пайдаланумен сипатталады. Бұл студенттерді ақпараттық қоғаммен зиялы қарым-қатынаста оқытып тәрбиелеуге және ақпараттық мәдениет қалыптастыруға жағдай жасайды.

     Осы тұста педагогикалық қарым-қатынастың маңызды ерекшеліктерінің бірі ол оқытудың инновациялық технологияларын пайдалана отырып қоғамдағы мағыналы өлшемді міндетті түрде қолдануға оқытушының студентті бағыттауы.

     Қазіргі білім беру саласында студент оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болып шығуы мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру студенттердің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық, педагогикалық қарым-қатынастағы мәдениеттілік және көптеген басқа да адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, келешекте оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

      Инновациялық технологияларды пайдалана отырып оқыту, білімді тереңдетумен қатар студентті оқу әрекетіне жетелеп, олардың білімге деген құштарлықпен ынтасын оятады. Сөз жоқ, мұндай оқытудың жаңа технологиялары болашақ мұғалімдердің педагогикалық қарым-қатынастағы мәдениетінің дамуына жағдай туғызады.

 

Резюме

      В статье рассматриваются возможности использования информационных технологияий в формировании культуры педагогического общения у студентов вуза.

Әдебиеттер

  1. Қазақстандық өркениет: Адамның әлеуметтенуі мен бейімделуі мәселелері. Алматы.,

    Қазақ университеті, 2005.-297 б.

  1. Красильникова М.С. Научно- методическое пособе для учителей музыки и студентов

    средних и высших учебних заведений.,  Москва., Музыка, 2001г.

  1. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру., Алматы.,

    Типография на ташкентской, 2006ж.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ